Факультет: Мейіргер ісі Пәні: Мектеп және мектепке дейінгі мекемелерде мейірбике қызметін ұйымдастыру Курс


Медбикенің лауазымдық міндеттері туралы жалпы түсінік



бет2/6
Дата22.05.2020
өлшемі1,86 Mb.
#70593
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мектеп және МДМ- де мейіргер ісі. 2 ПЗ. Сансызбаева А.У.

Медбикенің лауазымдық міндеттері туралы жалпы түсінік

Мейірбике өзінің лауазымдық қызметтерін орындау барысында


  • мектепке дейінгі мекеме жарғысын;
  • еңбек шартын;
  • мекеме директорының бұйрықтары мен өкімдерін;
  • лауазымдық нұсқаулықты;
  • жұмыстың орындалатын тараулары бойынша ресми құжаттарды;
  • еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғану ережелері мен нормаларын басшылыққа алады.

Мектепке дейінгі мекеме медбикесі мынадай лауазымдық міндеттерді орындайды:
  • қызметкерлердің міндетті алдын ала (жұмысқа қабылданар кезде) және мерзімді (еңбек қызметі кезеңінде) медициналық тексеруден (қаралу) өтуіне жауап береді;
  • медициналық мекемеден алған мәліметтер негізінде мерзімді медициналық тексеруге жататын адамдардың тізімін жасайды;
  • саламатты өмір салтын, дұрыс тамақтануға балаларды баулу;
  • оқу кабинеттерінің, тұрғын және басқа да үй-жайлардың, сондай-ақ ас блогінің қауіпсіздік нормалары мен ережелеріне сәйкес санитариялық-гигиеналық жағдайына ағымдағы бақылау жасайды;
  • жарақаттанудың алдын алу және жұмыскерлердің, оқушылардың ауруларын азайту бойынша профилактикалық жұмыс жүргізеді;
  • медициналық қызмет көрсету мен сауықтыру жұмысын жақсарту бойынша мемлекеттік мекемелермен бірлесіп шаралар қабылдайды;
  • эпидемиялық көрсеткіштер бойынша профилактикалық егудің сақталуын қамтамасыз етеді;
  • дәрі-дәрмектің, медициналық құрал-жабдықтың уақтылы алынуы мен сақталуын қамтамасыз етеді;
  • медициналық кабинеттің реттілігін бақылайды, асептика мен антисептика ережелерінің сақталуын, құралдардың өз біліктілігі шегінде өңделуін қамтамасыз етеді;
  • қажетті есептік-есептемелік құжаттама жүргізеді;
  • техникалық персоналдың жұмысын қадағалайды; мектеп директоры бекіткен кесте бойынша жұмыс істейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет