Факультеті: Жаратылыстану Мамандығы: Химия-биология Орындаған 1507-22 тобының студенті: Кадырбек Алуа Қабылдаған



бет3/9
Дата28.09.2023
өлшемі62,96 Kb.
#182951
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Кадырбек Алуа 1507-22 Психология (1)

Әскери психологиясы — әскери әрекеттер кезендегі адамның мінез-құлқын, басшылар мен олардың қарамағындағылар арасындағы қатынастардың психологиялық жақтарын, әскери азаматтардың отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру, психологиялық насихаттың және кері насихаттың тәсілдерін және т.б. мәселелерді зерттейді.
Спорт психологиясы – спортшылардың іс-әрекетіндегі психоло-гиялық ерекшеліктерін қарастырады. Спорт жетекшілері мен бағы-нушылардың өзара қарым қатынасын, оларды даялаудың жағдайын, құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш-қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің психологиялық факторларын зерттейді. Әрбір ел мен халықтың спорт өнеріндегі ерекшеліктерін де ескере отырып, оларды жаттықтыру міндеттері анықталады.
Психология тармақтарын жіктеудің негізі ретінде дамудың психологиялық аспектілерін алуға болады. Бұл жағдайда даму приципі пайдаланылады. Енді психология салаларының келесі түрін қарастырамыз.
Даму психологиясы — әр адамның жасына байланысты психикалық заңдылықтарын, ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін және әр түрлі психикалық үрдістердің онтогенезін зерттейді. Бұл сала келесі реттегі тармақтардан құралады: балалар психологиясы, ересек адам психологиясы және геронтопсихология. Осы сала оқыту мен іргелі мәселелерін зерттеп, оқыту ісіндегі адамның ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын түрлі әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді қарастырады.
Арнайы психология – бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына шалдыққандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады.
Арнайы психологияның мына тармақтары, атап айтқанда: олиго-френопсихология – ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология – саңырау не керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология – нашар көретіндер мен соқырлардың психологиялық дамуын зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет