Эмприкалық әдістер Бақылаудың психологияда екі негізгі түрі болады: өзін-өзі бақылау немесе интроспекция және сыртқы, немесе объективтік бақылау. Дәстүрлі интроспекциялық психология өзін-өзі бақылауды психологиядағы жалғыз немесе негізгі әдіс деп есептеді. Бұл психиканы өз-өзіне тұйықталған ішкі әлемге айналдыратын жалпы принціптің зерттеу әдістерінде қолданылуымен байланысты болды.
Өзін-өзі бақылау арқылы өз психикасын тану, қалай да болмасын сыртқы әрекеттің бақылауы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен, өзін-өзі бақылауды психологиялық танымның негізгі немесе жалғыз әдісіне айналдыру орынсыз болып табылады. Психологиядағы бақылаудың объективтік әдістер арқылы жүгізілген жөн.
Объективтік бақылау. Бақылау әдісінің қолданылуы ішкі мен сыртқының, объективтілік пен субъективтіліктің бірлігінен басталуы қажет. Бұл психологиядағы барлық объективтік әдістерінің ішіндегі ең қарапайымы және кең қолданылатыны. Бақылау ғылыми әдіс болуы үшін жалпы негізгі шарттардың орындалуы тиіс.
Бірінші негізгі талап – нақты мақсаттың болуы: нақты мақсат бақылаушыны басқару керек. Мақсатқа байланысты, үлгі арқылы көрсетілген, бақылау жобасы болуы тиіс. Бақылаудың жобалануы және жүйеленуі, оны ғылыми әдіс ретінде сипаттайды.
Бақылау айғақтарды тіркеумен ғана шектелмей, қайта бақылаулар арқылы жорамалдарды қалыптастырантындықтан, ғылыми танымдық әдіс болып табылады.
Объективтік бақылау әдісінің басты ерекшелігі: психикалық үрдістерді табиғи жағдайдайларда зерттеуге мүмкіндік береді. Бірақ бұл әдіс зерттеудің басқа әдістерімен толықтырылуы керек. Бақылау тәртібіне төмендегідей талаптар қойылады:
мақсат пен міндетті анықтау;
объектіні және жағжайды таңдау;
зерттелетін объектіге барынша аз әсер ететін және қажетті ақпаратты жинауды қамтамасыз ететін бақылау әдісін таңдау;
бақыланатын объектіні тіркеу әдісін таңдау;
алынған ақпаратты өңдеу және нәтижелеу.
Бақылау әдісінің негізгі кемшіліктері:бақылаушының көзқарасы, мақсаты психологиялық күйі, тұлғалық ерекшеліктері бақылау ңәтижесінде ықпал етуі мүмкін; мәліметтерді қорытындылау қиындық тудырады; бақылау көп уақытты қажет етеді.