Факультетінің деканы


апта №25 дәріс сабақ. Тақырыбы



бет9/10
Дата13.12.2016
өлшемі1,51 Mb.
#3682
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

13 апта

25 дәріс сабақ. Тақырыбы: Әдеби шығармаларды, көркем мәтінді автор ізімін талдау жолдары.

Бұл талдауда мұғалім көркем шығарма сюжеті, эпизодтары, автордың негізгі ойы, мазмұн мен форма жүйесін сақтай отырып, талдауға ерекше назар аударады. Мұғалім оқушыларын кейіпкер іс-әрекеті арқылы міздемесі жасатуға, оқиғалар арқылы шығарманың негізгі проблемаларын аңдатуға алып келуі керек. Мектепте әдебиеттәі оқытудың күре тамыры көркем мәтінді оқу мен талдау жұмыстары болып табылады. Көркем мітінді оқыту, оны талдауға баулу - әдебиет мұғалімінің де ең негізгі қызмет мақсаты. Көркем мітінді талдау оны оқусыз жүзеге аспайды. Оқу әр оқушының өз еңбегіне, оны қабылдай білу, түсіне білуіне, яғни әр баланың қабілеті, дарыны, ой-өрісіне байланысты жүреді. Әдебиет мұғалімінің әдебиетті оқыту әдісінің ең қайнар бұлағы осы көркем туындыны оқуға деген оқушы ынтасы, қызығушылығын арттыру, әрі оқырман тәрбиелеу болып табылады. Оның ең тиімді жолы – үнемі бала пікірін, ойын тыңдау, онымен есептесіп отыру, жаңа өтілетін тақырыпты сол сабақ үстінде ғана хабарласып, таныстыру емес, алдын-ала жүйелі сабақтар, тапсырмалар бере отырып, оқыту болып табылады. Бұл жұмым төменгі сыныптан, яғни Ү сыныптан басталып, жүйелі жүріп отыруы керек. Автор ізімен талдау, оның негізгің мақсаттары. Бұл талдауда мұғалім көркем шығарма сюжеті, эпизодтары, автордың негізгі ойы, мазмұн мен форма жүйесін сақтай отырып, тадауға ерекше назар аударады. Бірақ талдаудың бұл түрін түсіндірмелі оқуға айналдырып жіберуге болмайды. Мұғалім оқушыларын кейіпкер іс-әрекеті арқылы мінездеме жасатуға, оқиғалар арқылы шығарманың негізгі проблемаларын аңдатуға алып келуі керек.

26 дәріс сабақ. Тақырыбы: Қазақ әдебиетін оқытуда дидактикалық ұстанымдар.

Оқыту ұстанымдары (принциптері): Оқытудың ғылыми ұстанымы. Оқытудың жүйелілік ұстанымы. Оқытуда материалды дұрыс орналастыру ұстанымы. Оқытудың алдын-ала болжау ұстанымы. Оқытудың саналылық ұстанымы. Оқытудың берік ұстанымы. Оқытудың теорияны практикамен байланыстыру ұстанымы. Оқытудың көрнекілік ұстанымы. Жеке оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру ұстанымы. Оқытудың ізгілендіру ұстанымы. Оқытудың тиімді ұстанымы. Оқытудың ғылыми ұстанымы – оқушыларға әдеби-ғылыми білім берудің тиімді жолдарын үйрететін оқытудың дидактикалық заңдылықтары. Ғылыми ұстанымға: мәтінге эстетикалық талдау жасау; шығарманың сюжеттік – композициялық негізін талдау; көркем әдебиеттегі тарихи ұстанымның ғылыми ұстанымымен байланысы; әдеби-ғылыми стиль, әдебиеттегі ұлттық ұғымдарды қалыптастыру; Оқытудың жүйелілік ұстанымы – Сабақ өзінің логикасы мен оқу материалын жүйелі меңгертуімен құнды. Ойлауға қойылатын негізгі талаптардың бірі – ойлаудың жүйелі дәйекті болуы. Екінші – ойлаудың ақиқаттығы, шындығы. Үшінші – кез келген ойлаудың бір ізді жүйемен тұжырымды болуы. Сабақ логикасы әдебиет пәнінің бәріне ортақ заңдары мен формаларын зерттейтін ғылым. Оқытуда материалды дұрыс орналастыру ұстанымы. Әдебиет пәні мектептегі негізгі эстетикалық пән. Әдеби эстетикалық талғампаздықпен шығарманы таңдап алу - әдебиет оқулығының басты шарты. Көркем шығармаларды іріктеу барысында мына талаптар негізге алынады: әдеби шығармалардың туған дәуірі мен қазіргі кезең үшін де мәнділігі; оқушылардың жасына, дүниетанымына үйлесімділігі, шығармалар мазмұны саясат пен эканомика тұтқынынан арылған, жоғары құрылымы. Оқытудың алдын-ала болжау ұстанымының мақсаты – сабақ беруде әдістердің ең маңызды әдістерді материалға байланыстырып, оқушының білімін тереңдетіп, әдекбиетке құшатрлығын оятып, оларға сапалы білім беру жолын табу.
14 апта
27 дәріс сабақ. Тақырыбы: Көркем шығармаларды тереңдетіп оқыту.

Әдеби-тарихи өлкетану деректерін тереңдетіп оқытудың психологиялық негіздері. Көркем шығармаларды тереңдетіп оқытуда әдеби-тарихи өлкетану дерек-мағлұматтарын сабақта пайдалану арқылы оқушыға терең де жан-жақты пәнаралық байланысты білімді меңгерту-әдебиет пәнін оқытуда ерекше маңызы бар процесс. Оның үш түрлі арнасы бар. Біріншісі-педагогикалық процесс. Көркем шығарма арқылы оқушыға берілетін тәрбие. Екіншісі - әдебиет әдіснамасы. Әдебиетті оқыту әдістерінің негізгі принциптері. Үшіншісі-психология жетістіктері. Жаңаша оқыту процесінде оқушылардың қабылдау психологиясы. Оқушылардың деректерді жүйелі меңгеруі оқу процесіндегі түрлі әдістерді дұрыс пайдалана білуіне байланысты. Деректерді оқушыларға меңгертуде әдебиет пәнінің өзіндік ерекшелігін ескеріп, өлкетану-мағлұматтарын оқыту әдістерін психология ғылымдарының жетістіктері мен принциптеріне негіздеп іздестіру қажет. Әдеби-тарихи өлкетану дерек мағлұматтарын оқытудың мақсаты.

28 дәріс сабақ. Тақырыбы: Көркем шығармаларды тереңдетіп оқыту.
Тереңдетіп оқыту әдістері. Оқу материалының жоғары теориялық деңгейі – абстракциялы ойлауға бейімі бар балалардың дамуына тереңдетіп оқыту қоллайлы. Тереңдетіп оқыту үшін әр шәкірттің жеке оқу ерекшеліктері туралы дәл анализі керек. Оқушының тақырыпты меңгеру сапасына күн сайын бақылау жүргізіледі. Бақылаудың барлық міндеттері мен мүмкіндіктерін іске асыру – дәстүрлі сабақта жүйеленіп, барлық оқушы жаңа сабақты қабылдай алатындай жоспарда меңгеріледі. Жаңа тақырыпты бір сабақта түсініп, практикамен байланыстырып, жаңа сабақ бекітіледі. Қазақ әдебиетін оқытудың басты проблемасы – Ү-ІХ, Х-ХІ сынып арасындағы сабақтастықты (әдістер жүйесі), шешеді. Жеке (индукциялық) оқыту, ойлау әдістерінен жалпы (дедукциялық) ой қорытындысын қорытуға, практикалық әдістерді шығармашылыққа құрып, нәтижесінде терең білім алады. Терең білім алу ақыл-ой еңбегімен, өзіндік жұмыс істеудің дағдыларына байланысты қалыптасады. Бірінші – кітаппен жұмыс істеу: жаңа тақырыптың теориясын екшеп алу; кітапта берілген мысалдарға сәйкес мысалдар тауып, өз еңбегін тиімді ұйымдастыру. Екінші – шығармашылықө жұмысқа дағдыландыру. Мұғалімдер сабақ үрдісінде оқушыны субъект роліне қойып, олардың өзімен бірге қатар жұмыс істеуін талап етіп, бірте-бірте оқушының өзі басқаратын дәрежеге жеткізеді.

15 апта

29 дәріс сабақ. Тақырыбы: Тіл дамыту – шығармашылық жұмыс.

Тіл дамыту жұмыстарының негіздері: тіл дамыту жұмысы оқушының әдебиеттен, қоршаған ортадан алған әсері негізінде жүргізіледі. Неше түрлі тақырыпта жазылған туынды, шытырман оқиға, кейіпкер әрекеттері шәкіртке әсер етеді. Сол әсер ойлануға әкеліп, ой қозғап, бейнелі сөз тілге оралады. Бұл адамның психикасында өтетеін үрдіс. Мұғалім әрбір оқушыға жаңадан танылған бейнелі сөздің мән-мағынасын ашып, толық меңгертуге жол, әдіс іздейді; тіл мәдениеті бір күнде жасалмайды. Оқыту үрдісін де жүйелілікті, дағдыландыруды қажет етеді. Ауызекі сөйлеу тілі,әдеби тіл бар. Олардың қағидаларын теориялық жағынан білу бір басқа да іс жүзінде орындау қиыншылығы бар. Осы қайшылықты жойып теорияны өмірде, күнделікті оқыту үрдісінде дағдыландырса, оқушының тіл мәдениеті артып шығармашылық жұмысты еркін орындайды. Ол оқушының теориялық білімі мен дағдысына тәуелді. Тіл мәдениеті – жүйелі сөйлеу, жаза біліп, терең мазмұнда ой-толғап, көркем туындыға терең талдау жасай алу.

30 дәріс сабақ. Тақырыбы: Тіл дамыту – шығармашылық жұмыс.


Тіл дағдылары – ауызша, жазбаша қалыптасады. Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру тіл дамыту жұмысында ерекше маңызы бар. Әдеби тілде сөйлей алмаған бала, әдеби тілде жаза алмайды. Жаза білмеген балада жүйе, тұжырым, дәлелі жоқ, ойы шашырап жатады. Ауызша да, жазбаша да қатар дамыса, тілдік жаттығуларды жүйелі жүргізгенде ғана мақсатқа жетеді. Ауызша тіл дамыту – тыңдай білуге, әңгімелей, мазмұндай алуға байланысты. Сабақ үрдісінде екеуін қатар жүргізген жөн. Әдеби тіл – сөз байлығы, сөздің суреттеме, көркемдегіш құралдары, сөздің грамматикасы, лексикасы. Әдеби тілде дұрыс сөйлеп жаза білудің негізі – тілдің лексикасында, фонетикасында, грамматикасында, орфоэфиялық құралдарын терең меңгеруге байланысты. Тілдегі сөздердің қыр-сыры мол. Ғылыми тіл - әдеби тіл қолданысында, тіл дамыту жұмыстарында ғылыми тілді пайдаланады. Тіл дамытудағы грамматиканың рөлі. Оқушылардың сөйлеу тілі мен жазу тілін дамыту. Мәтінді тіл дамыту. Көрнекілік тіл; композициялық тіл; фрозологиялық тіл, сөздік тіл жұмыстары негізінде тіл дамыту жұмыстары жүргізіледі.

6. ПРАКТИКАЛЫҚ, СЕМИНАРЛЫҚ, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СТУДИЯЛЫҚ САБАҚТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
1..Тәжірибелік сабақтың басты мақсаты студенттердің теориялық білімдерін тереңдетіп бекіту және тәжірибе жүзінде қолдана білуді қалыптастыру.
1.1 Ұйымдастыру талаптары:

- Тәжірибелік сабақтың оқу пәнінің жоспарына сәйкестілігі.

- Тәжірибелік сабақтардың дәріс, лабораториялық жұмыстар, курстық жобалар және т.б. байланысын білдіретін құжаттардың болуы.

- Тәжірибелік сабақтардың қазіргі әдіс-тәсілдерді және техникалық құралдарды қолдана отырып өткізу.

- Тәжірибелік сабақтарға қажетті ғылыми әдебиеттерді жинақтау.

- Тәжірибелік сабақтар бойынша студенттердің білімдерін бағалауды ұйымдастыру.


1.2. Тәжірибелік сабақтардың мазмұнына қойылатын талаптар:

- Тәжірибелік сабақ мазмұнының оқу бағдарламасына, талаптарға сай болуы.

- Пәннің басқа оқу сабақтарымен байланысын қамтамасыз ету.

- Сабақтарда студенттердің өздерінің білімдерін қолдана білуін дамыту.

- Тапсырмаларды орындаудың оңай тәсілдерін қарастыру.
1.3. Әдістемелік талаптар:

- Дәріс және басқа сабақ түрімен логикалық байланысты қамтамасыз ету.

- Сұрақтарды талқылау және дұрыс жауапты табу.

- Студенттердің жеке жұмыстарын жүргізуде басшылық ету.



6. Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары.
1 практикалық сабақ . Тақырып : Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы.

Практикалық сабақ мазмұны: Қазақтың ағартушы – демократтарының халық санасын оятуға қосқан тарихи үлесі. Шоқан, Абай, Шәкәрім, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, С.Торайғыров, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев т.б. 1917-1927 жылдары әдебиет пәнінің кеңестік идеологияны орнықтырушы қоғамтану құралы ретінде оқытылуы; 1928-1938 ж. әдебиеттің тарихи-әдебиеттік курс ретінде оқытылу себептері; 1931-1932 жылдардағы БКП (б) орталық комитетінің әдеби білім жетілдіру, арнайы бағдарламалар, оқулықтар арқылы оқу тиімділігін арттыру жөніндегі қаулыларының маңызы. 1939-1958, 1985-1990 жылдар. Білім беру жүйесіндегі реформалар, бұлардың әдеби білім беру ісін жетілдіруге тигізген ықпалы. 1990-2000 жылдардағы еліміздегі жалпы және орта білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер «Әдеби білім тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандарты; (Алматы 1998).

2 практикалық сабақ. Тақырыбы: Әдеби базалық білім аймағы.



Практикалық сабақ мазмұны: Оқу аймағына кіретін әдеби материалдардың мазмұны. Көркем шығарманы оқып-үйренуде оның идеялық-көркемдік ерекшілігіне баса назар аударылатындығы. Әдеби білім аймағына енгізілетін шығармашылықтар көлемі мен түрі. Пәнаралық байланыс. Оның әдеби білім беру процесіндегі ролі. Жоғарғы сыныптардағы (Х-ХІ) тарихи-әдебиеттік курстың базалық білім курсымен (Ү-ІХ) тығыз сабақстастығы. Базалық білім курсынан тарихи-әдебиеттік курсқа өту процесінде әдеби білім көлемінің бірте-бірте ұлғая, күрделене түсетіндігі.

3 практикалық сабақ. Тақырыбы: Әдебиетті оқытуда базалық білім курсы мен тарихи-әдеби курсты жоспарлау әдістері.



Практикалық сабақ мазмұны: Әдебиет оқулықтары мен оқу құралдары. Олардың педагогикалық психология, оқыту әдістемесі ғылымдарының соңғы жетістіктеріне сай жетілдіріп, толықтырылып отыратыны. Оқулыққа енгізілген шығармалардың оқушының жас ерекшелігіне, оқырмандық қызығушылығына сәйкестендірілуінің маңызы. Оқулықтың мазмұны мен ғылыми аппараты.

4 практикалық сабақ. Тақырыбы: Көркем шығарманы оқыту.



Практикалық сабақ мазмұны: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің негізгі бағыт-бағдарын, мазмұнын айқындайтын ресми құжат, «Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы» (РБК, 1997, Аламты) «Тұжырымдамада» бүгінгі өмір талабына сай, педагогикалық ғылымдағы жетістіктерге негізделген әдебиет пәнінің мақсат міндеті. Көркем туындыны талдаудың педагогикалық принциптері. Талдаудың түрлері. Көркем мәтінді толық тұтас алып талдау, образ бойынша талдау өзіндік ерекшелігі, проблемалық талдау әдебиеттің қоғамдық-әлеуметтік мәнін ашу, көркем ойлауға бағытталған бейнелік-образдың табиғатын түсіндіру. Салыстырмалы талдау.

5 практикалық сабақ. Тақырыбы: Лириканы оқыту



Дәріс мазмұны: Лириканы оқыту әдістемесі шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына, эстетикалық- көркемдік қуатына сай белгіленетіні; Мәнерлеп оқытудың лириканы оқып-үйренудегі қызметі. Лириканың табиғаты, сипаты, түрлері.

6 практикалық сабақ. Тақырыбы: Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері



Дәріс мазмұны: Әдебиет теориясынан берілетін ұғымдар; көркем шығарманы танытудың құралы, жазушының сөз қолданыс шеберлігін айқындайтын, әдеби-теориялық ұғымдарды меңгерудің әдіс-тәсілдері. Әдебиет теориясын оқытуға қатысты еңбектерге шолу;

7 практикалық сабақ. Тақырыбы: Мұхтар Әуезов. «Біржан сал Абай ауылында» («Абай жолы» романынан үзінді) (3 сағат, 6-сынып)



Практикалық сабақ мазмұны: Ерекше сый-қонақ күткен ауыл. Көкшетаудан келген Біржан әнінің зор құдіреті, сырлы сезім сиқыры. Абайдың ән қадірін, ән қасиетін ардақтап, Біржанды қадірлі қонақ етіп, өнер сүйер жастарды жинап, үлгі-өнеге көрсетуі, желекті жас келін Әйгерімнің ән салуына еркіндік беруі, өзі сол ортада болып, басшылық етуі. Өнер мен ескілік салт-сана арасындағы бітіспес күрес. Әдебиет теориясы. Типтік образ туралы. Қосымша оқуға: «Жетім әңгімесі».

8 практикалық сабақ. Тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы шығармашылығын оқыту.



Практикалық сабақ мазмұны: 5-сынып, «Соғыс», «Қызғыш құс», (2 сағат), 7-сынып, Махамбет Өтемісұлы «Тарланым». (1 сағат). 8-сынып, «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн», «Мен құстан туған құмаймын», «Бұл дүниенің жүзінде» (2сағат). 9-сынып, 3сағат. 10-сынып, 3-сағат. Махамбет Өтемісұлының өмірі, өмір сүрген дәуірі. Халықтың арман тілегін жоқтауы. Шығармаларының тақырыптары, негізгі идеялық сарындары. Әдебиет теориясы: Өлең туралы мәліметті кеңейту.

9 практикалық сабақ. Тақырыбы: Әдебиет сабағы негізгі міндеттер



Практикалық сабақ мазмұны: Сабаққа қойылатын талаптар. Сабақ талдау мәселелері; а) дидактикалық талдау; ә) психологиялық талдау; б) тәрбиелік талдау сабақтың тәрбиелік әсерін зерттеу мақсаттында жүргізілетіні;

10 практикалық сабақ. Тақырыбы: Абай Құнанбайұлы шығармашылығын оқыту



Практикалық сабақ мазмұны: 5-сынып, Абай. «Қыс», «Ғылым таппай мақтан ба»(2 сағат); 6-сынып, «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ», «Құлақтан кріп бойды алар», «Әсемпаз болма әр неге», «Отыз бірінші қара сөз» (3 сағат); 7-сынып, «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Жиырма тоғызыншы қара сөз» (4-сағат); 8-сынып, (4сағат); 9-сынып, 5сағат; 10 сынып, (10 сағат); 11-сынып;

11 практикалық сабақ. Тақырыбы: Күнтізбелік (календарлық) – тақырыптық жоспар түзілісі.



Дәріс мазмұны: Күнтізбелік (календарлық) – тақырыптық жоспар. Сабақ кестесіне сай тақырыптың өтілетін күні, уақының көрсетілетіні, көрнекілік, техникалық құралдар түрі аталатыны.

12 практикалық сабақ. Тақырыбы: Әдебиет сабағында оқу-тәрбие жұмысын үйлестіре жүргізу



Практикалық сабақ мазмұны: Сабақ мақсатын және онда жүзеге асатын, шешілетін басты-басты мәселелерді ғылыми түрде нақты жоспарлау – мұғалімдер жұмысындағы, оқу процесіндегі ең негізгі, ең күрделі процесс екені белгілі. Сабақ мақсатын кешенді жоспарлау, ең алдымен, өтілгелі отырған оқу материалының мазмұны, тақырып ерекшелігі, солардың негізгі түйінді дәлелінен туындайды. Тақырып мазмұны, сонда қамтылатын негізгі ұғымдар.

13 практикалық сабақ. Тақырыбы: Поэмаларды оқыту.



Дәріс мазмұны: Батырлар жырын оқыту. «Қобыланды батыр» жырының тарихилығы. Лиро-эпостық поэмаларды оқыту. Психологиялық поэманы оқыту. Сюжетсіз поэманы оқыту. Романтикалық поэманы оқыту. Пәлсапалық лирикалық поэманы оқыту. Поэзиялық шығармалардың тілін талдау.

14 практикалық сабақ. Тақырыбы: Көркем шығармаларды модульді оқыту.



Дәріс мазмұны: Модульді оқыту әдісі. Кіріспе. Прозалық шығармаларды оқыту. Прозалық модульді оқыту-педагогика ғылымының бір саласы. Прозалық шығармалардың тақырыбы мен идеясын, композициясын таныту модулі. Проза, поэзияны талдау моделі. Көркем шығармалардың тілін таныту модулі.

15 практикалық сабақ. Тақырыбы: Сабақ үлгілері мен түрлері.



Дәріс мазмұны: Сабақ түрлері. Өтілетін тақырыптың ерекшелігі. Сынып оқушыларының құрамы, жас ерекшелігі, сабақ мақсаты. Қазіргі сабақтардың тиімді түрлері. Дәріс сабақ. Семинар сабақ. Пәнаралық байланысты оқытуға негізделген үштік сабақтары.



  1. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар.




    1. Дәріс сабақтарына әдістемелік нұсқау:

Дәріс беруші дәрісті бағдарламаға сәйкес тақырыпта оқиды. Содан соң осы дәріс

барысында пайдаланған әдебиеттер тізімін студенттерге міндетті түрде беру керек. Сабақтың аяқталуына 5 минут уақыт қалғанда, студенттер сол дәріс бойынша өз сұрақтарын қойып, тиісті жауап алу қажет.



    1. Семинар сабақтарға әдістемелік нұсқау:

Семинар сабақ сұрақ-жауап, мазмұндау, түсіндіру, талдау, баяндау түрінде өтеді.


    1. ОСӨЖ сабақтарына әдістемелік нұсқау:

Бұл сабақтың түрі көбіне көп ауызша түрде, салыстыру, сыни тұрғыдан талдау

түрінде өтеді.





  1. Типтік есептеу, графикалық жұмыс, лабораторлық жұмыс, курстық

проект (жұмыс) орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар.

Бұл тарау жоспарланбаған




  1. Студенттердің өзіндік жұмысына арналған материалдар: үйге берілген

тапсырмалардың мәтіні, әр бір тақырып бойынша өзін-өзі тексеру материалдары, реферат т.б. ұй жұмыстары бойынша тапсырмалар, әдебиет тізімі және арналған уақыт көлемі.


1апта

1 СӨЖ мазмұны: Әдебиет пәнінің тарихпен байланысы.

2 СӨЖ мазмұны: Абайдың халық санасын оятуға қосқан тарихи үлесі.

3 СӨЖ мазмұны: Ұлттық мектеп тұжырымдамасы.



2 апта

4 СӨЖ мазмұны: Қазақ әдебиеті пәні бойынша сыныптың күнтізбелік жоспар жасау;

5 СӨЖ мазмұны: С.Сейфуллин «Көкшетау» поэмасы бойынша сабақ жоспары;

6 ОЖСӨЖ мазмұны: Қазақ әдебиеті пәні бойынша сабақты түрлендіріп өткізудегі модульдік технология

6СӨЖ мазмұны: Ғ.Мүсірепов сөз зергері тақырыбында сабақ жоспары.

3 апта


7 ОЖСӨЖ мазмұны: Әдеби ертегілер мен халық ертегілерінің айырмашылықтары

7 СӨЖ. мазмұны: І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасы бойынша «Баспасөз конференция» сабағын өткізудің әдістемесі.

8 ОЖСӨЖ мазмұны: Абай өлеңдеріндегі сезім, ой даналық тұтастығы.

8 СӨЖ мазмұны: Ақын жазушыларға арналған «Әдебиет лотосы», «Кім көп біледі», «»Алыптар әңгіме жанрында» т.б. әдеби ойындар құрастыру.



9 ОЖСӨЖ мазмұны: Қазіргі ақындар шығармашылығы бойынша оқырмандар конференциясын ұйымдастыру.

9 СӨЖ мазмұны: «Жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді» тақырыпта мәнерлеп оқу жарысы. (поэмалардан үзінді жаттау)

4 апта

10 ОЖСӨЗ мазмұны: Жоғары сынып (10-11) оқулықтарындағы берілген туынды

10 СӨЖ мазмұны: Базалық білім мазмұны (5-9 сыныптар)

11 ОЖСӨЗ мазмұны: Тұрмыс салт жырлары, олардың түрлері, ерекшелігі. Жан-жануарға және наурызға байланысты жырлар. (5 сынып, 5 сағат)

11 СӨЖ мазмұны: Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әдебиеті, мәдениеті тарихындағы ірі еңбек.

12 СОЖӨЗ мазмұны: Ертегілер: «Ер төстік», «Керқұла атты Кендебай», «Қырық өтірік», «Аяз би», «Сырттандар». (15 сағат, 5 сынып).

12 СӨЖ мазмұны: Әдеби теориялық ұғымдарды меңгертудің жолдары.

5 апта

13 ОЖСӨЖ мазмұны: Әдеби ертегілер. Ә.Тәжібаев. «Толағай» (ерлік туралы аңыз) (2 сағат, 5-сынып)

13 СӨЖ мазмұны: Көркем шығарманы жанрлық ерекшелігіне байланысты оқыту.

14 ОЖСӨЖ мазмұны: Пән аралық байланыс

14 СӨЖ мазмұны: М.Жұмабаев. «Балалық шақ», «Қысқа жолда», «Сағындым» (2 сағат, 5 - сынып)

15 ОЖСӨЖ мазмұны: 5-сыныптағы әлем әдебиеті үлгілерінен

15 СӨЖ мазмұны:.Көркем мәтінмен жұмыс істеу кезеңдері;

6 апта

16 ОЖСӨЖ мазмұны: Көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылықты ояту, жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастырудың жолдары.

16 СӨЖ мазмұны: Д.Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас» (1 сағат, 6-сынып)

17 ОЖСӨЖ мазмұны: Қосымша әдебиеттер мен ғылыми сын зерттеу еңбектерімен жұмыс.

17 СӨЖ мазмұны: Сабақ моделі: (дәстүрлі емес сабақтар)

18 ОЖСӨЖ мазмұны: Пубилицистикалық шығарманы талдау мен бағалаудың әдіс-тәсілдер;

18 СӨЖ мазмұны: Сүйінбай Аронұлы. «Жақсы мен жман адамның қасиеттері» (1 сағат, 6-сынып)
7 апта

19 ОЖСӨЖ мазмұны: Жазу жұмыстарының түрлері, сипаты.

19 СӨЖ мазмұны: Көркем мәтінмен жұмыс түрлері.

№20 ОЖСӨЖ мазмұны: Әдеби-теориялық ұғымдар жүйесі.

20 СӨЖ мазмұны: Көрнекіліктерді тиімді пайдаланудың жолдары, олардың түрлері;

21 ОЖСӨЖ мазмұны: Сабаққа қойылатын талаптар.

21 СӨЖ мазмұны: Пікір сайыстарын өткізудің жолдары.

8 апта

22 ОЖСӨЖ мазмұны: Аударма туындыларды оқыту мәселесі;

22 СӨЖ мазмұны: Айтыс сабақтары, шешендікке тәрбиелеудің жолдары;

23 ОЖСӨЖ мазмұны: Әдеби монтаж, инсценировка құрастыру;

23 СӨЖ мазмұны: Кәсіби мамандыққа қызығушылықты туғызу жолдары;

24 ОЖСӨЖ мазмұны: Жаңа білімді меңгерудегі ізденіс кезеңі

24 СӨЖ мазмұны: Зерттеу іздендіруге байланысты тапсырма түрлері

9 апта

25 ОЖСӨЖ мазмұны: Поэзиялық шығармаларды оқытудың педагогикалық және әдістемелік принциптері;

25 СӨЖ мазмұны: Драмалық шығармаларды оқытудың өзіндік ерекшеліктері;

26 ОЖСӨЖ мазмұны: Жазба жұмыстарының түрлері

26 СӨЖ мазмұны: Проблемалық және ізденімді-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру мәселелері;

27 ОЖСӨЖ мазмұны: Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын тану (поэтикалық талдау);

27 СӨЖ мазмұны: Әдеби-теориялық ұғымдарды меңгерту көркем мітінмен толық бірлікте алынатыны;

10 апта

28 ОЖСӨЖ мазмұны: Әдеби білімнің жүйелілігі мен үзіліссіздігі, ғылымилығы; білімді ізгілендіру, оқу-тәрбие ісін демократияландыру;

28 СӨЖ мазмұны: Технология талаптары және қазіргі сабақ.

29 ОЖСӨЖ мазмұны: Қазақ әдебитін оқыту әдістемесінің оқу-әдістемелік кешенін дайындау;

29 СӨЖ мазмұны: Республикалық ғылыми-педагогикалық әдістемелік басылымдардың ролі;

30 ОЖСӨЖ мазмұны: Абай аудармалары

30 СӨЖ мазмұны: Абайдың суреткерлік шеберлігі

11апта

31 ОЖСӨЖ мазмұны: Қазақ әдебиетінің оқытылу тарихы

31 СӨЖ мазмұны: Әдебиет пәнінің таихпен байланысы

32 ОЖСӨЖ мазмұны: Орыс әдіскерлерінің әдебиетті оқыту жөніндегі ой-пікірлері

32 СӨЖ мазмұны: Сабақ жүргізу әдістері

33 ОЖСӨЖ мазмұны: Ү-ҮІІ сыныптардағы әдебиет пәні материалдары

33 СӨЖ мазмұны: М.Жұмабаевтың педагогикалық еңбектері

12апта

34 ОЖСӨЖ мазмұны: Педагогикалық технология талаптары және бүгінгі сабақ түрлері

34 СӨЖ мазмұны: Әдебиетті оқытудағы сұрау-тапсырмалардың іздендіргіш, ойландырғыш, проблематикалық ролі.

35 ОЖСӨЖ мазмұны: Әңгімелерді талдау барысындағы танымдық, іздендіруші тапсырмалар

35 СӨЖ мазмұны: Карточкалар үлгісі

36 ОЖСӨЖ мазмұны: Абайдың саяси лирикасы

36 СӨЖ мазмұны: Сабақ үлгілері



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет