13 апта №25 дәріс сабақ. Тақырыбы: Әдеби шығармаларды, көркем мәтінді автор ізімін талдау жолдары.
Бұл талдауда мұғалім көркем шығарма сюжеті, эпизодтары, автордың негізгі ойы, мазмұн мен форма жүйесін сақтай отырып, талдауға ерекше назар аударады. Мұғалім оқушыларын кейіпкер іс-әрекеті арқылы міздемесі жасатуға, оқиғалар арқылы шығарманың негізгі проблемаларын аңдатуға алып келуі керек. Мектепте әдебиеттәі оқытудың күре тамыры көркем мәтінді оқу мен талдау жұмыстары болып табылады. Көркем мітінді оқыту, оны талдауға баулу - әдебиет мұғалімінің де ең негізгі қызмет мақсаты. Көркем мітінді талдау оны оқусыз жүзеге аспайды. Оқу әр оқушының өз еңбегіне, оны қабылдай білу, түсіне білуіне, яғни әр баланың қабілеті, дарыны, ой-өрісіне байланысты жүреді. Әдебиет мұғалімінің әдебиетті оқыту әдісінің ең қайнар бұлағы осы көркем туындыны оқуға деген оқушы ынтасы, қызығушылығын арттыру, әрі оқырман тәрбиелеу болып табылады. Оның ең тиімді жолы – үнемі бала пікірін, ойын тыңдау, онымен есептесіп отыру, жаңа өтілетін тақырыпты сол сабақ үстінде ғана хабарласып, таныстыру емес, алдын-ала жүйелі сабақтар, тапсырмалар бере отырып, оқыту болып табылады. Бұл жұмым төменгі сыныптан, яғни Ү сыныптан басталып, жүйелі жүріп отыруы керек. Автор ізімен талдау, оның негізгің мақсаттары. Бұл талдауда мұғалім көркем шығарма сюжеті, эпизодтары, автордың негізгі ойы, мазмұн мен форма жүйесін сақтай отырып, тадауға ерекше назар аударады. Бірақ талдаудың бұл түрін түсіндірмелі оқуға айналдырып жіберуге болмайды. Мұғалім оқушыларын кейіпкер іс-әрекеті арқылы мінездеме жасатуға, оқиғалар арқылы шығарманың негізгі проблемаларын аңдатуға алып келуі керек.
№26 дәріс сабақ. Тақырыбы:Қазақ әдебиетін оқытуда дидактикалық ұстанымдар.
Оқыту ұстанымдары (принциптері): Оқытудың ғылыми ұстанымы. Оқытудың жүйелілік ұстанымы. Оқытуда материалды дұрыс орналастыру ұстанымы. Оқытудың алдын-ала болжау ұстанымы. Оқытудың саналылық ұстанымы. Оқытудың берік ұстанымы. Оқытудың теорияны практикамен байланыстыру ұстанымы. Оқытудың көрнекілік ұстанымы. Жеке оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру ұстанымы. Оқытудың ізгілендіру ұстанымы. Оқытудың тиімді ұстанымы. Оқытудың ғылыми ұстанымы – оқушыларға әдеби-ғылыми білім берудің тиімді жолдарын үйрететін оқытудың дидактикалық заңдылықтары. Ғылыми ұстанымға: мәтінге эстетикалық талдау жасау; шығарманың сюжеттік – композициялық негізін талдау; көркем әдебиеттегі тарихи ұстанымның ғылыми ұстанымымен байланысы; әдеби-ғылыми стиль, әдебиеттегі ұлттық ұғымдарды қалыптастыру; Оқытудың жүйелілік ұстанымы – Сабақ өзінің логикасы мен оқу материалын жүйелі меңгертуімен құнды. Ойлауға қойылатын негізгі талаптардың бірі – ойлаудың жүйелі дәйекті болуы. Екінші – ойлаудың ақиқаттығы, шындығы. Үшінші – кез келген ойлаудың бір ізді жүйемен тұжырымды болуы. Сабақ логикасы әдебиет пәнінің бәріне ортақ заңдары мен формаларын зерттейтін ғылым. Оқытуда материалды дұрыс орналастыру ұстанымы. Әдебиет пәні мектептегі негізгі эстетикалық пән. Әдеби эстетикалық талғампаздықпен шығарманы таңдап алу - әдебиет оқулығының басты шарты. Көркем шығармаларды іріктеу барысында мына талаптар негізге алынады: әдеби шығармалардың туған дәуірі мен қазіргі кезең үшін де мәнділігі; оқушылардың жасына, дүниетанымына үйлесімділігі, шығармалар мазмұны саясат пен эканомика тұтқынынан арылған, жоғары құрылымы. Оқытудың алдын-ала болжау ұстанымының мақсаты – сабақ беруде әдістердің ең маңызды әдістерді материалға байланыстырып, оқушының білімін тереңдетіп, әдекбиетке құшатрлығын оятып, оларға сапалы білім беру жолын табу.