15 апта
№29 дәріс сабақ. Тақырыбы: Тіл дамыту – шығармашылық жұмыс.
Тіл дамыту жұмыстарының негіздері: тіл дамыту жұмысы оқушының әдебиеттен, қоршаған ортадан алған әсері негізінде жүргізіледі. Неше түрлі тақырыпта жазылған туынды, шытырман оқиға, кейіпкер әрекеттері шәкіртке әсер етеді. Сол әсер ойлануға әкеліп, ой қозғап, бейнелі сөз тілге оралады. Бұл адамның психикасында өтетеін үрдіс. Мұғалім әрбір оқушыға жаңадан танылған бейнелі сөздің мән-мағынасын ашып, толық меңгертуге жол, әдіс іздейді; тіл мәдениеті бір күнде жасалмайды. Оқыту үрдісін де жүйелілікті, дағдыландыруды қажет етеді. Ауызекі сөйлеу тілі,әдеби тіл бар. Олардың қағидаларын теориялық жағынан білу бір басқа да іс жүзінде орындау қиыншылығы бар. Осы қайшылықты жойып теорияны өмірде, күнделікті оқыту үрдісінде дағдыландырса, оқушының тіл мәдениеті артып шығармашылық жұмысты еркін орындайды. Ол оқушының теориялық білімі мен дағдысына тәуелді. Тіл мәдениеті – жүйелі сөйлеу, жаза біліп, терең мазмұнда ой-толғап, көркем туындыға терең талдау жасай алу.
№30 дәріс сабақ. Тақырыбы: Тіл дамыту – шығармашылық жұмыс.
Тіл дағдылары – ауызша, жазбаша қалыптасады. Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру тіл дамыту жұмысында ерекше маңызы бар. Әдеби тілде сөйлей алмаған бала, әдеби тілде жаза алмайды. Жаза білмеген балада жүйе, тұжырым, дәлелі жоқ, ойы шашырап жатады. Ауызша да, жазбаша да қатар дамыса, тілдік жаттығуларды жүйелі жүргізгенде ғана мақсатқа жетеді. Ауызша тіл дамыту – тыңдай білуге, әңгімелей, мазмұндай алуға байланысты. Сабақ үрдісінде екеуін қатар жүргізген жөн. Әдеби тіл – сөз байлығы, сөздің суреттеме, көркемдегіш құралдары, сөздің грамматикасы, лексикасы. Әдеби тілде дұрыс сөйлеп жаза білудің негізі – тілдің лексикасында, фонетикасында, грамматикасында, орфоэфиялық құралдарын терең меңгеруге байланысты. Тілдегі сөздердің қыр-сыры мол. Ғылыми тіл - әдеби тіл қолданысында, тіл дамыту жұмыстарында ғылыми тілді пайдаланады. Тіл дамытудағы грамматиканың рөлі. Оқушылардың сөйлеу тілі мен жазу тілін дамыту. Мәтінді тіл дамыту. Көрнекілік тіл; композициялық тіл; фрозологиялық тіл, сөздік тіл жұмыстары негізінде тіл дамыту жұмыстары жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |