14 апта
№27 дәріс сабақ. Тақырыбы: Көркем шығармаларды тереңдетіп оқыту.
Әдеби-тарихи өлкетану деректерін тереңдетіп оқытудың психологиялық негіздері. Көркем шығармаларды тереңдетіп оқытуда әдеби-тарихи өлкетану дерек-мағлұматтарын сабақта пайдалану арқылы оқушыға терең де жан-жақты пәнаралық байланысты білімді меңгерту-әдебиет пәнін оқытуда ерекше маңызы бар процесс. Оның үш түрлі арнасы бар. Біріншісі-педагогикалық процесс. Көркем шығарма арқылы оқушыға берілетін тәрбие. Екіншісі - әдебиет әдіснамасы. Әдебиетті оқыту әдістерінің негізгі принциптері. Үшіншісі-психология жетістіктері. Жаңаша оқыту процесінде оқушылардың қабылдау психологиясы. Оқушылардың деректерді жүйелі меңгеруі оқу процесіндегі түрлі әдістерді дұрыс пайдалана білуіне байланысты. Деректерді оқушыларға меңгертуде әдебиет пәнінің өзіндік ерекшелігін ескеріп, өлкетану-мағлұматтарын оқыту әдістерін психология ғылымдарының жетістіктері мен принциптеріне негіздеп іздестіру қажет. Әдеби-тарихи өлкетану дерек мағлұматтарын оқытудың мақсаты.
№28 дәріс сабақ. Тақырыбы: Көркем шығармаларды тереңдетіп оқыту.
Тереңдетіп оқыту әдістері. Оқу материалының жоғары теориялық деңгейі – абстракциялы ойлауға бейімі бар балалардың дамуына тереңдетіп оқыту қоллайлы. Тереңдетіп оқыту үшін әр шәкірттің жеке оқу ерекшеліктері туралы дәл анализі керек. Оқушының тақырыпты меңгеру сапасына күн сайын бақылау жүргізіледі. Бақылаудың барлық міндеттері мен мүмкіндіктерін іске асыру – дәстүрлі сабақта жүйеленіп, барлық оқушы жаңа сабақты қабылдай алатындай жоспарда меңгеріледі. Жаңа тақырыпты бір сабақта түсініп, практикамен байланыстырып, жаңа сабақ бекітіледі. Қазақ әдебиетін оқытудың басты проблемасы – Ү-ІХ, Х-ХІ сынып арасындағы сабақтастықты (әдістер жүйесі), шешеді. Жеке (индукциялық) оқыту, ойлау әдістерінен жалпы (дедукциялық) ой қорытындысын қорытуға, практикалық әдістерді шығармашылыққа құрып, нәтижесінде терең білім алады. Терең білім алу ақыл-ой еңбегімен, өзіндік жұмыс істеудің дағдыларына байланысты қалыптасады. Бірінші – кітаппен жұмыс істеу: жаңа тақырыптың теориясын екшеп алу; кітапта берілген мысалдарға сәйкес мысалдар тауып, өз еңбегін тиімді ұйымдастыру. Екінші – шығармашылықө жұмысқа дағдыландыру. Мұғалімдер сабақ үрдісінде оқушыны субъект роліне қойып, олардың өзімен бірге қатар жұмыс істеуін талап етіп, бірте-бірте оқушының өзі басқаратын дәрежеге жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |