1.3. Әдістемелік талаптар:
- Дәріс және басқа сабақ түрімен логикалық байланысты қамтамасыз ету.
- Сұрақтарды талқылау және дұрыс жауапты табу.
- Студенттердің жеке жұмыстарын жүргізуде басшылық ету.
6. Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары.
№ 1 практикалық сабақ . Тақырып : Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы.
Практикалық сабақ мазмұны: Қазақтың ағартушы – демократтарының халық санасын оятуға қосқан тарихи үлесі. Шоқан, Абай, Шәкәрім, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, С.Торайғыров, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев т.б. 1917-1927 жылдары әдебиет пәнінің кеңестік идеологияны орнықтырушы қоғамтану құралы ретінде оқытылуы; 1928-1938 ж. әдебиеттің тарихи-әдебиеттік курс ретінде оқытылу себептері; 1931-1932 жылдардағы БКП (б) орталық комитетінің әдеби білім жетілдіру, арнайы бағдарламалар, оқулықтар арқылы оқу тиімділігін арттыру жөніндегі қаулыларының маңызы. 1939-1958, 1985-1990 жылдар. Білім беру жүйесіндегі реформалар, бұлардың әдеби білім беру ісін жетілдіруге тигізген ықпалы. 1990-2000 жылдардағы еліміздегі жалпы және орта білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер «Әдеби білім тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандарты; (Алматы 1998).
№2 практикалық сабақ. Тақырыбы: Әдеби базалық білім аймағы.
Достарыңызбен бөлісу: |