Ғаламдық проблемалар



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата29.04.2022
өлшемі113,37 Kb.
#141304
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ғаламдық экологиялық проблемалар — Уикипедия
468179, Экология ж не т ра ты даму
озон тесігі
» деген атау алды. 1987 жылдың көктемінде Антарктиданың
үстіндегі «озон тесігі» барынша үлкейіп, оның ауданы шамамен 7 млн км² -ді құрады,
яғни, ауадағы мөлшері қалыпты нормадан 30-50%-ға төмендеген. Антарктидадағы
бұл құбылыс қыркүйек- қараша айларында байқалып, маусымның басқа кездерінде
озонның мөлшері нормаға жақын болады. Кейін анықталғандай, атмосферадағы
озонның мөлшері Солтүстік жарты шардың орта және жоғары ендіктерінде қыс-
көктем (қаңтар-наурыз) айларында, әсіресе Еуропа, АҚШ, Тынық мұхит, Ресейдің
еуропалық бөлігінде, Шығыс Сібір, Жапония үстінде жылдан- жылға азайып келеді.
1992 жылы Оңтүстік Америка құрылығы мен оған жақын кеңістіктерде озон
құрамының айтарлықтай төмендегені (50%-ға) тіркелді. 1995 жылы көктемде
Арктиканың озонды қабаты шамамен 40%-ға дейін азайған. Сонымен бірге
Канаданың солтүстік аудандарында және Скандинавия түбегінің, Шотландия
аралдарының, Қазақстанның, Якутияның үстінде «мини-тесіктер» қалыптасқаны
тіркелген. Озон қабатының бұзылуы, яғни, «озон тесігінің» пайда болуы биосферада
елеулі өзгерістер тудыруы мүмкін. Сондықтан бұл жағдай күрделі экологиялық
мәселенің бірі. Озон қабатының бұзылу процесіне ғарыштық аппараттар, дыбыстан
да жылдам ұшатын ұшақтар және ондағы толық жанып бітпеген отын өнімдері және
ядролық жарылыстардан бөлінген заттар әсер етеді.
Алайда озон қабаты үшін ең қауіпті заттар - үй тұрмысы мен өнеркәсіпте
пайдаланатын мұздатқыштар мен аэрозольді баллондарда пайдаланатын фреондар.
Осы заттар атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтерілгенде қарқынды түрде
озонды бұзатын хлор немесе басқа галогендердің атомын түзетін фотохимиялық
ыдырауға ұшырайды, ал олар әрі қарай озонның оттегіне айналу процесін
жылдамдатады. Дүние жүзі бойынша шамамен 1,3 млн тонна озон ыдыратушы
заттар өндіріліп отырған. Оның 35%-ын АҚШ, 40%-ын Еуропа елдері, 10-12%-ын
Жапония, 7-10%- ын Ресей өндіреді.


Озон қабатының бұзылуы адам денсаулығы мен қоршаған ортаға өте зиян екендігі
ресми түрде де айтылуда. Озон қабатын сақтау үшін халықаралық келісімдер қажет.
1987 ж. Монреаль хаттамасында фреондарды өндіру және пайдалануды бақылау
жайында 70 мемлекет арасында келісім жасалды. Ол құжат бойынша озон қабатына
қауіпті фреондарды өндіру 2010 жылға дейін тоқтатылуы керек болатын.
Жанғыш қазбаларды өртеу және басқа да өнеркәсіптік процестер әсерінен бөлініп,
атмосферада жинақталатын көмір қышқыл газ (С0
2
), көмірсутектер, яғни, метан
(СН
4
), этан (С
2
Н
6
) және т.б. (жоғары концентрациясы болмаса бұл заттар жекелей аса
қауіпті емес) газдары парникті эффектінің пайда болуына алып келеді. Парникті
эффектінің механизмі қарапайым. Бұлтсыз ауа райы ашық кезде күн сәулелері Жер
бетіне оңай жетіп топырақ, өсімдіктер жамылғысымен сіңіріледі. Жер беті қызған
соң жылу энергиясын ұзын толқынды сәулелену түрінде атмосфераға қайта береді.
Алайда бұл жылу энергиясы атмосферада шашырамай жоғарыда айтылған
газдардың молекулаларымен сіңіріліп (С02 жылу энергиясының 18%-ын сіңіреді),
молекулалардың қарқынды қозғалысына және температураның көтерілуіне алып
келеді. Атмосфералық газдар (азот, оттегі, су парлары) жылу сәулелерін сіңірмей,
керісінше оларды шашыратады. С0
2
-нің концентрациясы жыл сайын 0,8-1,5 мг/кг-ға
көтерілуде. Зерттеулер бойынша СО
2
-нің мөлшері ауада екі есе көбейсе, орташа
температура 3°С-5°С-қа көтеріледі. Бұл өз кезегінде климаттың ғаламдық жылуына,
яғни, Антарктидадағы мұздықтардың жаппай еруіне, Әлемдік мұхиттың орташа
деңгейінің көтерілуіне, көптеген жердің су астында қалуына және басқа да
жағымсыз жағдайларға алып келеді.
Климаттың ғаламдық жылуы
- биосфераның антропогендік ластануының бір көрінісі.
Бұл климаттың және биотаның өзгеруі: экожүйедегі өнімділік процестерінің,
өсімдіктер қауымдастықтары шекараларының, ауыл шаруашылығы дақылдарының
өнімділігінің өзгеруінен білінеді. Әсіресе климаттық өзгерістер Солтүстік жарты
шардың жоғары және орта ендіктерінде қатты байқалады. Бұл аймақтардың
табиғаты әртүрлі әсерлерді қабылдағыш келеді, сондықтан да оның қайта қалпына
келуі өте баяу жүреді. Болжамдар бойынша, температураның көтерілуі дәл осы
жерлерде жоғары болады. Тайганың аумағы кей жерлерде солтүстікке қарай 100-200
км-ге, кей жерлерде одан азырақ жылжиды. Температураның көтерілуіне
байланысты мұхиттардың деңгейі 0,1- 0,2 м көтеріледі. Бұл өз кезегінде үлкен өзен
аңғарларының (әсіресе Сібір өзендерінің) су астында қалуына алып келеді.
Парникті эффект (жылу эффекті).


Мәліметтер бойынша келесі ғасырдың басына дейін Жер бетінің температурасы
1,4°С-қа көтеріледі. 1997 ж. Киото хаттамасына сәйкес, өнеркәсібі дамыған елдер
2008-2012 жылдары 1990 жылмен салыстырғанда парникті газдардың атмосфераға
бөлінуін 55%-ға дейін азайту керек. Алайда бұл хаттаманың шешімдері әлі күнге дейін
күшіне енген жоқ. Өйткені дамыған елдер бұл шешімнің дұрыстығына күмәнмен
қарауда. 2000 жылы Гаага қаласында өткен конференцияда әрбір индустриалды елде
зиянды заттарды атмосфераға бөлуді азайтудың ұлттық саясаты жүргізілу керектігі
туралы шешім қабылданды. Өкінішке орай, көптеген елдер көміртегінің
атмосферадағы азаюын ормандар мен топырақтың сіңіруінен емес өздерінің іс-
әрекеттері арқасында деп көрсеткісі келеді. Қазақстан да 2006 жылға дейін 2008-
2012 жылдар аралығында парникті газдарды атмосфераға шығаруды азайту
бойынша міндеттеме алып, анықталуы керек еді. Бірақ іс жүзінде бұл мәселе тек
қағаз жүзінде қалып отыр.
Ғаламдық негізгі экологиялық проблемалардың бірі атмосферадағы ластаушы
заттардың ұзақ қашықтықтарға тасымалдануы. Алғашында бұл проблема
радиоактивті заттардың үлкен қашықтықтарға таралуына байланысты пайда болды.
Негізінен 
күкірт диоксиді
және оның қосылыстары, азот оксиді және оның
қосылыстары, ауыр металдар (әсіресе сынап), пестицидтер, радиоактивті заттар
сияқты улылығы жоғары заттардың таралуына баса назар аударған жөн.
Күкірт диоксиді мен азот оксидтерінің жуылуы күкірт жөне азотқышқылдарының
түзілуіне әсер етеді. Бұл үлкен территориялардағы табиғи ортаның жалпы
қышқылдануына, айтарлықтай экологиялық өзгерістерге алып келді. Түзілген
қышқылда р және олардың қосылыстары жауған жауын- шашынның құрамында,
қардың, жер бетіндегі су айдындарында және топырақтың құрамында кездесіп
экожүйелерге жағымсыз әсер етуде. Күкірт диоксиді және азот оксидтерімен
болатын қышқыл жаңбырлар орман биоценоздарына үлкен зиян әкелуде. Қышқыл
жаңбырлардан жалпақ жапырақ ты ормандарға қарағанда қылқан жапырақты
ормандар қатты зардап шегеді. Қышқыл жаңбырлар топырақ қышқылдығын
тудырады. Нәтижесінде минералдық тыңайтқыштардың пайдасы азаяды. Әсіресе
бұл шымды күлгін топырақтарда қатты байқалады. Адам организміндегі алғашқы
жағымсыз реакциялар ауа құрамындағы сульфаттардың концентрациясы 6-10 мкг/
м3, күкіртті газ - 50 мкг/м3 - ге жеткенде пайда болады. Бұл қосылыстарды әсіресе
өсімдіктер өте сезгіш. Қыналардың кейбір түрлері күкірт қышқылының
концентрациясы 10-30 мкг/м3, қылқан жапырақтылар - шекті мөлшерден бар
Қышқыл жаңбырлар.


болғаны 3-4 есе көбейгенде тіршілігін жояды. Тұщы сулардың қышқылдығы рН < 5,5
(табиғи суларда 5,6-ға жақын) көрсеткіште балықтардың көбеюі төмендеп, рН = 4,5
жағдайда көбею жүрмейді. Қазіргі таңда антропогендік әсерден бөлінетін күкірт
диоксидінің мөлшері жылына 150 млн тоннаны құрайды. Көмірді пайдалану күкірттің
көп бөлінуіне алып келеді. Жер шарының кейбір аудандарында, әсіресе Еуропада,
Солтүстік Америкада антропогендік күкірттің түсуі көп мөлшерге жетті. Жер бетіне
түскен қышқылдар мен сульфаттар топырақ құрамына (топырақтың
қышқылдануы), өсімдіктер жабынына, су айдындарының қышқылдануына алып
келуде.
Атмосфераны күкірт диоксидінен қорғау, оларды ауа бассейнінің жоғары
қабаттарында шашырату арқылы жүзеге асыруға болады. Ол үшін жылу электр
орталықтары мұржаларының биіктігі 180, 250, тіпті 370 м биіктікте болуы керек. Одан
басқ а жолы - отынды пайдаланбас бұрын құрамындағы күкіртті отынды бөліп алу
қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет