7.1.3.1. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу.
7.2.5.1. Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру
7.3.3.1 Мәтін құрылымын кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру сақтай отырып, графиктік мәтін шартты белгі, сурет, сызба түрінде берілген процесті сипаттап жазу.
7.4.4.3. Шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану.
«Ғаламтордың пайдасы мен зияны» мәтіннің мазмұнын түсінеді;
мәтін бойынша факті мен көзқарасты кестеге түсіреді;
Мәтін бойынша 2 проблемалық сұрақ құрастырады;
Берілген суретпен танысып, мәтіннің құрлымын сақтап, «ғаламтордың пайдасы мен зияны» туралы шағын мәтін жазады;
Шылау түрлерін ажыратады, мәтінде орынды қолданады.
Тапсырма
Тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажыратып, кестеге түсіріңіз.
Интернет адамдардың өмірін едәуір жеңілдетті. Егер бұрын, соңғы жаңалықтарды білу үшін адамдар газетке жазылуға немесе теледидардан кешкі жаңалықтарды күтуге мәжбүр болса, қазір қалаған ақпаратыңды ұялы телефоннан көруге болады. Дәрігерге кіру үшін немесе киноға билеттар алу үшін – кезекте тұрудың қажеті жоқ. Өйткені, үйден шықпай, электронды түрде орын алуға мүмкіндік бар. Ғаламтордың көмегімен, басқа мемлекеттердегі адамдармен байланысуға болады. Кез-келген континентте жүрген танысыңызға, видеоқоңырау шалуыңызға мүмкіндік жасалған. Бұл технология – алыс қашықтықта орналасқан туыстарыңызбен хабарласу үшін өте ыңғайлы. Жоғарыда келтірілген дәлелдер бойынша, интернет желісі, қазіргі заманғы адам үшін өте қажет екеніне көз жеткізуге болады. Дегенмен, ғаламтордың зияны да бар. Ең біріншісі – ғаламторға тәуелділік проблемасы. Ғалымдардың айтуынша, олардың саны жыл сайын көбейіп келеді. Бұл адамдар – интернетсіз бір күн де өмір сүре алмайды.