Ғалымда ежелгі адамдарды



бет5/10
Дата22.03.2022
өлшемі47,35 Kb.
#136522
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
-1905150657 2

&2 Тас дәуірі
А
Тас дәуірі
(б.з.д 2,6 млн-3 мың жылдық)


Палеолит (2,6-12мың жылдық)

Мезолит (12-5 мың жылдық)

Ерте(2,6-40мың жж)

Кейінгі(40-12мың )

Олдувэй (2,6-800)

Ашель (800-140)

Мустье (140-40)
дамзат тарихының дамуы 3 дәуірге бөлінеді-
тас дәуірі,қола дәуірі,темір дәуірі және өтпелі кезең-мыс-тас дәуірі (энеолит). Тас дәуірі деп аталу себебі-еңбек құралдарының тастан жасалуы.


Неолит (5-3 мың жылдық)

Палеолит(б.з.д 2,6млн-12 мың жылдық)
Тас ғасырында ұзаққа созылған кезең-Палеолит.Ерте тас дәуірінде адамдар тасты тасқа қашап от шығарды яғни от пайда болды.Ол Мустье кезеңіне тән.Палеолит кезеңінде мұз басу дәуірі жүрді.Мұз басу осыдан 100 мың жыл бұрын (Плестоцен) ал мұз еру (Галоцен) 13 мың жыл бұрын жүрді.Тұрақтарға келетін болсақ 1. Ерте палеолит дәуірінің ескерткіштері: ОҚО-Бөріқазған,Тәңірқазған,Қазанғап,Қарасу,Шабақты,Ш.Уалиханов,Арыстанды. ОрҚО-Құдайкөл,Жаманайбат,Обалы сай,Семізбұғы,Қос Мола. ШҚО-Қозыбай. БҚО-Шақпақ ата,Шабақты сай,Сары тас . 2. Орта палеолит ескерткіштері: ОҚО-Тоқалы,Қызылрысбек,Уалиханов,Үш бұлақ.ОрҚО-Обалысай,Мұзбел,Өгізтау,Үлкен Ақ Мая ОрҚО-Бөдене,Қызылсу,Қанай. БҚО-Өңіжек,Аққыр,Құмақаж. 3. Кеиінгі палеолит: ОҚО-Ащысай,Үсіктас,Соркөл. ОрҚО-Қарабас,Батпақ,Агренсор. БҚО-Аққыр,Өңіжек,Шақпақ ата. ШҚО-Шүлбі,Свинчатка,Пещеры,Новоникольский,Қанай.
Ашель кезеңіне жататын қоныстар-Бөріқазған,Тәңірқазған,Жаман Айбат,Обалысай,Қозыбай.Ескерткіші-Құдайкөл.Мустье кезеңіне жататын қоныстар-Қызылрысбек,Шақпақата,Ш.Уалиханов.Ең күрделі тұрақ-Ш.Уалиханов. Ерте палеолиттің көне ескерткіші-БҚО дағы Арыстанды және Шақпақата ескерткіші.Батпақ тұрағының жас мөлшері б.з.б 30-25 мыңыншы жыл. Ол жерде 300-ге таяу тас құрал шыққан.Жамбыл облсындағы Бөріқазған,Шабақты тұрақтарынан 5000 мыңға жуық қашау мен үшкір заттар табылған.ОрҚО Семіз бұғы жерінен жүзі түзу кейде ,қайқы тас пышақ қырғыштар табылған.

Мезолит(б.з.д 12-5 мың жылдық)
Мезолит дәуірі ең аз зерттелген кезең.Мезолит дәуірінің жаңалығы-Микролиттер(ұсақ тастар),садақ,жебе,бумерангтың дүниеге келуі,малды қолға үйрете бастауы,дәнді дақылдарды өсіруі.Ерлер мен әйелдердің арасында еңбек бөлінісі пайда болды.Қауым мүшелері Қариялар,Балалар,Ересектер деп бөлінді.Балалар тобынан ересектер тобына өту үшін Бағыштау(инициация) ғұрпы орындалдвы.Негізгі кәсібі-аңшылық.Егіншілердің құралдары-егін оратын Тас орақ және жер жыртуға арналған Тессе.Месолит ддәуірінің тұрақтары-Тельман,Әкімбек,Виноградовка,Дүзбай,Қызылсу,ал СҚО нан Мичурин, Боголюбова, Явленка.Қабырғалары терең көмілген , көлемі 40-60 шаршы метр болатын мезолиттік баспана Есіл аңғарынан табылды.
Неолит(б.з.д 5-3 мың жылдық)
Бұл дәуірде тас өңдеу биік деңгейге жетті.Адамдар азық-түлікті өздері өндірді,яғни өндіргіштік шаруашылық пайда болды.Климаттық жағдай бүгінгі күнге ұқсас болды.Егіншілік,мал шаруашылықтұрақты түрде қалыптасты.Еңбек құралдарының жаңа түрі-дәнүккіш,келі,балта,қайла пайда болды.Неолит дәуірін Қыш құмыралар заманы деп атайды,себебі адамдар саз балшықтан құмыралар жасауды үйренді.Неолиттік тұрақтардың саны 800-ге жуық.Ең көнесі б.з.д 5000 тән ҚАРАҮҢГІР тұрағы.Тұрақтар:ШҚОдағы –Усть-Нарым.СҚО-Пеньки.ОрҚО-Зеленая Балка,Қарағанды.Қызылорда обл-Сексеуіл тұрағы.Сексеуіл тұрағынан қой мен сиырдың сүйегі,Жезқазған өңірінен 150-ге жуық тұрақ,көне кен орындары табылды.Неолит дәуірінде кварцит пен яшмадан жасалған заттар Балқаштың оңтүстік-шығысынан табылды.

&3 Мыс-тас ғасыры-энеолит(б.з.д 3000-1800 мың жылдық)
Тас ғасырынан кейін өтпелі кезең –энолит.Мыс-тас ғасыры деп аталу себебі-мыс өте жұмсақ әрі иілгіш болып келеді,сондықтан ол тасты ығыстырып шығара алмады.Бұл дәуірде алғаш рет адамдар металл қолданды.Эно-мыс дегенді білдіреді. Энолиттің ең жақсы зерттелген тұрағы- Ботай.Оны алғаш рет ХХ ғасырдың 80-жылдары В.Зайберт зерттеді.1990-1995 жылы шетелдік ғалымдар тартыла басталды.Тұрақ б.з.д XXIV-XXII ғасырда,яғни 200 жыл өмір сүрген.Көше –көше болып салынған 158 үй табылды.Үйлер жартылай жертөле,ошақ үй ортасынна салынған.Қоныста көптегентас пышақтар,қанжар , найза, жебенің ұштары,шот,ине,балта,қашау табылған .Сонымен қоса ботайлықтар Еуразия даласындағы ең алғашқы бақташылар делінген, себебі- олар жылқы асырады 70 мыңға дейін.
&4 Қола дәуірі(б.з.б 2000-б.з.б1000 жыл)
Қола дәуірі мыс және тастан жасалған құралдарды ығыстырды.Қола мыс пен қалайының қосындысы, ол табиғатта таза күйінде кездеспейді. Қола дәуірінде теселі егіншілік,кен өндіру,еңбек бөлінісі,жеке меншік және мүлік теңсіздігі пайда болды. Тұрғын үйлер көбінесе өзен жағасында орналасты.Үйлері жартылай жертөле.Қоныстарда 5-10 кейде 20 шақты үй орналасты.Сүт,ет өнімдерін жер еден астындағы шұңқырда сақтады.Көзе құмыралар жасады.Кен қорыту үшін қазандықтар салынды.Мал бағудың көшпелі түріне көшті.Тебінді жайылымға байланысты жылқы,қойлардың саны артты. Қола кезіндегі жоғарғы дін басыларды абыздар деп атады.Олардың міндеті салт-дәстүрдің орындалуын қадағалау.Олар отқа табынды.Қола дәуіріне тән мәдиниеттер-Андрон және Беғазы-Дәндібай мәдиниеттері.Андон мәдениеті Еуразия даласын қамтыды.Оңтүстік Сібірдің Андронова қонысынан 1914 ж ескертткіш табылды.Ғалым Ә.Марғұлан Қазақстан жеріндегі қола дәуірін 1946 ж алғаш бастады.Қ.Сәтпаев Жезқазған өңірінен 1 млн тоннадай кен өндірілгенін айтты. 1 млн тонна кенінен 100 мың тонна мыс қорытылған. Нарым ,Қалба жотасынан 1100 тонна қалайы шығарылды.Зыряновск,Жезқазған,Қарқаралы жерінде металл кеніштері орналасты.Қола дәуірі әсіресе ОрҚО жақсы зерттелді. Қола дәуірі ОрҚО 3 кезеңге бөлінді: Ерте(нұра)-б.з.б.XVIII-XVI Орта(атасу)-б.з.б.XVI-XII Кейінгі-б.з.б. XII-VIII ғасырлар.
Қола дәуірінің қоныстары: Қостанай мен Челябі обл түйіскен жерінде-Арқайым СҚО –Степнияк,Боголюбов,Петровка дуалмен қоршалған. ШҚО-Мало-Кросноярка Көкшетаудаудан-Шағалалы қонысы. БҚО-Алексеев тұрағы. Сырдарияның төменгі ағысындағы-Түгіскен кесенесі. Кейінгі қола дәуіріне тән Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшелігі- жерлеу орындары құрылысының кеңдігі,жеке менші қалыптасуы.Бұл мәдениетке тән тарақ жүзді,үзік сызықты үшбұрыш салынған құмыралар табылды.Андрон мәдениетінен ОрҚО нан 30-дан астам тұрақ,150-ден астам қорым табылды.,ал БҚО-дан 80-нен астам қоныстар табылды.Қазақстан жерін мекендеген тайпаларды андроновтықтар деп атады. Олардың бет бейнесін жассаған-антрополог М.Герасимов,ал бет-пішінін жасаған Алексеев.О.Сұмағұловтың айтуынша андроновтықтарға сақ,сарман,үйсіндер ұқсас дейді.Андродардың нәсілдері-европоидтық.Андрон ескерткішін археолог Гриязнов 1927 ж тапты БҚ-нан. 1913 ж Оңтүстік Сібірдің Ачинск қаласы маңындағы Андрон селосынан алғашқы ескерткішті тапқан болатын.

& 5 Темір дәуірі(б.з.б VIII-б.з VI)
Адам баласы темірді ойлап тауып, одан құрал жасаған кезеңді темір дәуірі дейді.Жалпы табиғатта табиғи темір өте сирек кездеседі.Метеориттен пайда болған темір ғана балқыма түрінде ұшырасады.Ертедегі темір өңдеу пеш-көрік арқылы іске асқан.Пештің астынан бірнеше тесік жасап ,ауа үрлейтін көрік орнатқан .Ұөрікпен пештің температурасын 1200 гр жеткізуге болатын.Ал кен тасынан темірді шығару үшін 1530 гр қажет еді.Сондықтан пеш арқылы темірдің шала қорытылған шикі қиыршықтарын бөліп алуға мүмкіндік болған.Сондықтан да қып-қызыл темірді төске салып, балғамен біріктіріп, шыңдап,сом темір алған.

Темір дәуірі
(б.з.бVIII-б.зVI)






Ерте темір дәуірі
(б.з.б VIII-б.з.б III)

Кейінгі темір дәуірі
(б.з.б III-б.з VI)


Темір дәуірінде аамзат баласы көшпелі мао шаруашылығына ауысты.Оған себеп-1. Табиғаттың қуаңшылығы.2. металл ауыздықтың пайда болып ,жылқыны мініске үйрету. 3. Тебін малының көбейуі.Көшпелілердің жазда мал жаю орны-жалау,көктемде-көктеу,күзде-күзеу,қыста-қыстау деп аталды. Отырықшы шаруашылық Сырдария, Шу, Келес өзен аңғарларында дамыды. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы Алтай, Жетісу, Шығыс Қазақстанда дамыды.Ал Батыс және Орталық Қазақстанда түбегейлі көшпелі тұрмыс қалыптасты. Көшпелілер жылқының Ұшқыр тұлар тұқымын қатты қадірлеген.Көк тәңірге сыйынды.Киіз үйде тұрды.Киіз үй 3 бөліктен тұрды.Отқа табынды.Ошақ маңын киелі санады.Мемлекеттер пайда болды.
Темір дәуіріндегі қорымдар мен ескерткіштер
1.Бесшатыр қорымы-Іле өзенінің оқ жақ жағалауында,Желшалғыр тауының етегінде,Шалбыр қойнауында орналасқан.31 обадан тұрады,21 тас қорым,10 қыйыршық тас пен топырақ үйілген.Обалар солтүстіктен оңтүстікке 2 км, шығыстан батысқа қарай 1 км.Үлкен Бесшатыр обасы-алып обаларды патша қорғандары деп атайды.Диаметрі-104 м,биіктігі-17 м,төсінің диаметрі-32 м.Бірінші Бесшатыр –диаметрі-52м,биіктігі-7 м 60 см.Жалпы Бесшатыр қорымы б.з.б V-IV 5 салынған. 2.Есік қорғаны-Алматының күншығыс жағында 50 км жерде орналасқан.40 астам оба бар.Диаметрі-60 м,биіктігі-6 метр.Қабірден мәйіттің қанжары,сабы алтын таспамен оралған қамшысы,қол айна мен қызыл бояуы бар жібек қоржыны,алтын түймешелер және 4000 астам қола тенгелер табылды.Қабір ішіндегі ыдыстар қыштан қүмістен ағашпен металлдан жасалған.26 таңбадан тұратын күміс тостаған табылды.Қабір ішінен 17-18 жас шамасындағы сақ ханзадасы Алтын киімді адамды тапты.Адамды 1969-1970 жылы тапты. 3.Шілікті патша қорғаны-Шығыс Қазақстандағы Зайсан ауданында орналасқан. Қорымда 51 оба бар.Алып обалардың диамаетрі-100 м,биіктігі-7-8м.Бұндай обалар саны-13.Орташа есептелген обалардың диаметрі-20 дан 60 мдейін,ал биіктігі-2-5 метр.Шілікті қорғанының салынған уақыты-7-6 ғ.№1 обадан 3 алтын киймді адамды тапты.Қабір ішінен 13 қола жебе,биліктің белгісі -алтын бес жұлдыз,майлы бояумен салынған бұғы суреті бар тақтайшалар табылды.Бұл табылған заттар б.з.б 7-6 ғасырға жатады.№1зерттеген Ә.Төлеубаев.Қорым 1960 жылы зерттелген болатын,алғаш зерттеген ғалым-С.Черников. 4.Берел қорғаны- Шығыс Қазақстан обл Катонқарағай ауданында табылды.Бұнда 40 астам обалар кездеседі.Үлкен Берел обасының биіктігі-5 м, диаметрі-30м зерттеушілердің айтуынша бастапқы биіктігі-9 м, диаметрі-20м болған деседі.Қабір жер бетінен 6-7 м тереңдікте қазылған.Мәйітті астау-саркофагқа салған және қабығына қиял-ғажайып құстар бейнесіндегі қола мүсінше орнатылған.Астаудың жанында 16 ат 4 аттан 4 қатар болып жерленген.Олар құрбандыққа шалынып,ер-тұрманымен,алтынмен қапталған ат-әбзелімен жерленген.Иесімен қоса атын қоса жерлеу б.з.б 3 ғ жалғасып келді.Берел мәдениетіне тән ерекшелік-жайпақ түпті қыш ыдыстар.№11 оба 1998-1999 жылы З.Самашевтің басшылығымен жүргізілді.Одан астау табыттың ішінен екі мәйіт табылды,бірі-45 жастағы ер адам және одан егделеу әйел адам.Олар б.з.б 294 ж жерленген.Мәйіттерге інжу моншақтар мен алтын жапырақтар қадалып,әшәкейленген.Ең жарқын ескерткіш- әбзел-әшекейі ғана емес жүні мен терісі толықтай сақталған 13 жирен ат табылды. 5.Тасмола мәдениеті- Павлодар обл Екібастұз ауданындағы Тасмола өңірінде табылды.Тасмола мәдениетін қалдырғандар Исседондар. Ең басты ерекшелігі-мұртты обалар.Ол екі жерлеу орнынан тұрады,бір-бірінен 2-5 м қашықтықта тас немесе топырақпен үйілген орташа обалар. Мұрт сияқты обаның ені-50см-2м,ұзындығы-10м-40м дейін.Оның 4 түрі бар.1-үлкендеу обаның шығысына бір кішілеу оба салынған оба.2-екі оба солт оңт қараған бағытта салынған.3-алдымен бір үлкен қорған салып,оның үстіне тағы кішілеу оба тұрғызылған.4-үшіншіге ұқсас. Обалар солт,оңт,шығыс және батыс бағытын көрсетті. Мұндай обалар Солтүстік,Шығыс Қазақстаннан оңтүстікке таралған.Мәдениеттің дамуы 3 кезеңнен тұрады.1-б.з.б 7-6 ғасыр. 2-б.з.б 5-3 ғасыр. 3-б.з.б 3-1 ғасыр.Осы мәдениетке ұқсас-Ұлыбай мәдениеті.Бұл мәдениет аргипейлерге тән.
Ерте темір дәуіріне жататын қоныстар:СҚО дағы Қарлыға,Бөркі,Кеңөткел,Бірлік,Алыпқаш,Бектеңіз обалары.

& 6 Үйсін(б.з.б III-б.з V)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет