Алтай тілдері — Азия және Шығыс Еуропада, Балқаннан Мағадан облысына дейін және Таймырдан Иран және Рюкю аралдарына дейін таралған, 60-қа жуық тілден тұратын ұя.
Алтай тілдерінде сөйлейтін халық саны шамамен 380 млн адам (2004 ж. санақ бойынша). Құрайтын бұтақтарының генетикалық туыстығы дәлелденбеген. Кейбір ғалымдардың пікірінше, олар ежелгі замандағы тілдердің терең қарым-қатынасынан алынған.Кең таралған көзқарас бойынша, алтай тіліне түркі тілдері, моңғол тілдері, түнгіс-манзу тілдері, максималды нұсқамен корей тілдері жатады.
Глотохронология мәліметтері бойынша, ежелгі алтай тілінің бөлінуі б.з.д. 5000 жыл бұрын басталған.
Жалпы, алтай тілінің оңтүстік тармағында алтай «алтай-кижи» , төлеңгіт және төлеуіт деп аталатын үш диалект топтасқан. Алтайлар тілі мен тегі жағынан қазаққа жақын халықтың бірі.Ал , тарихта олардың өздерінше бір ізді атаулары жоқ.Өйткені, алтайлықтар құрамында деп саналатын кейбір тайпалар өздерін әлі күнге дейін бөтен қауым өкілі деп біледі. Біздің ойымызшы, бұған ең алдымен олардың тілдеріндегі ерекшеліктері болса керек .Сонымен қатар Алтай халқының біртұтас ұлт ретінде толық қалыптасып болмағандығын байқатады. Академик Ә.Қайдар мен М.Оразовтың пікірінше, «Олар түркі тілдерінің шығыс хун тармағының қырғыз – қыпшақ тобына енеді. Тілдерінде моңғол тілінен енген сөздердің саны мол» деген пікіріне біз олардың моңғол тіліне де жақындығын байқаймыз.
Алтайлықтар тілінде «Алтайдың чолмоны» («Алтай жұлдызы», 1922 жыл) республикалық газет т.б басылымдар шығады. С.Пірназар пікірінше, «Алтай тілі, ішкі қайшылықтарының соншалықты молдығына қарамастан, Алтай Республикадағы «алтай» деп аталатын халық туының астына біріккен туыстас тайпалардың төл тілі болып саналды». Оның 1922 жылы негізі қаланған әдеби тілі оңтүстік алтайлардың фонетика-морфологиялық құрылымы жағынан қырғыз тіліне жақын диалектерінің ауқымында жинақталатын. Белгілі ғалым Н.Баскаковтың классификациясы бойынша ол қазіргі қырғыз тілімен бірге түрік тілдері шығыс бұтаағының қырғыз-қыпшақ тобын құрайды.
Ал, солтүстік алтай тілінің әдеби тілден айтарлықтай айырмасы бар. Ол өзінің генологиялық ерекшелігіне орай түрік тілдері шығыс бұтағының ұйғыр-оғыз тобына, соның ішінде хакас шағын тобына жатады. Ғалымдар Алтай баурайындағы осы алтай, тыва, хакас, тофа, туфа, шор, шұлым, қарағас, бараба тілдерін кейде ортақ бір атаумен «алтай тілдері» деп те атайды.
Алтайдың жазба тілінің тарихы өткен ғасырдың қырқыншы жылдарынан бастау алады. Ол орыс графикасымен жасалды. Содан бері дамытылып,осы заманға жеткізілген қазіргі әліпбеінде 37 таңба бар. Олардың 33-і орыс фонемаларымен үндес келсе, 4 әріп тілдің спецификалық дыбыстарын білдіреді. Алтай әліпбиіндегі үндес келсе, 4 әріп тілдің спецификалық дыбыстарын білдіреді. Алтай әліпбиіндегі 26 дауыссыз дыбыс 23 таңбамен белгіленеді, ал 8 дауысты жалқы түрінде және қосарланып келулері арқылы 16-ға жетеді.
Қорытындылай келе, алтай әдеби тілі алтай халқының тілі, ол тілде 53 мың шамасында адамдар сөйлейді. 1993 жылдан бастап алтай тілі мемлекеттік мәртебесін алып АЛТАЙ АВТОНОМДЫ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТІЛІ деп жарияланған осы тілде ұлттық мектептер, алтай тілі мен әдебиеті пәні пед университеттер мен коледждерде оқытылады. Ол тілі бірнеше газеттер «Алтайдыпт Чолмоны», «Ажуда», «Ойдшг уни» журналдар «Эл Алтай» и «Кан Алтай» балаларға арналған журнал «Солоны» шығып тұрады. Іс-қағаздары, оқулықтар, ғылыми, көркем әдебиеттер шығады. Алтай тілінің тарихы мен тілі С.Суразаков атындағы ҒЗИ алтай тілімен айналысады (Горно – Алтай қ-сы). Ол тілдің келешегі бар деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |