Ыбырай Алтынсарин өзінің досы, түркітанушы ғалым Н.И.Ильминскийге 1864 жылы жазған хатында: «Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай өте қызу кірістім. Бұл балалар да менің айызымды қандырып, небәрі үш айдың ішінде оқи білетін және орысша, татарша жаза білетін болды. Мен әуелі оларға зат есімге ғана жататын заттарын үйретемін. Осылардан кейін зат есімді олардың сыны мен қосып: «ақ адам» деген сияқты сӛйлемдерді құрып үйретемін. Осыдан кейін келіп самоучительден сӛйлем аудартып үйретемін... Шәкірттерім аздап орысша сӛйлей бастаған кезде мен оларды осындағы орыс балаларымен араластырып жіберемін. Кейін парақор болып шықпаулары үшін оларға адамгершілік жағынан әсер етуге де бар күшімді салып отырмын. Күлсеңіз, күле беріңіз, мен кейбір оқытудан бос уақыттарымда оларға ресми түрде молда да болып қоямын. Сӛйтіп оларға дін тарихынан білгенімді айтып, оған басқа да пайдалы және түсінікті әңгімелерді де қосып айтамын» — деп ұстаздық әдіс-тәжірибесін баяндайды.
Әдіскер-ғалым В.В.Голубков өзінің «Методика преподавания литературы» атты еңбегінде педагогикалық шеберліктің негізгі қайнар көзі — өмірден кӛрген-түйген, оймен саралаған тұжырымдармен қоса күнделікті сабақты жүргізу екенін айта келіп, осындай тәжірибелік жолда әр оқытушының ӛзіндік жеке әдісінің пайда болатындығын айқындап береді. «Егер оқытушы ақылды, ойлы, дарынды адам болса, онда оның өз пәнін терең білетіндігін аңғаруға болады. Егер ол балаларды жақсы кӛрсе және педагогикалық тәжірибесі мол болса, ол оқытушының өз мамандығына шебер болғандығы және оның әрбір сабақтары оқушының жадында терең із қалдырады», - дейді . Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі тарихында ӛзінің ӛлшеусіз еңбегімен кӛзге түсетін ірі тұлға – Ә.Қоңыратбаев. Әдіскер-ғалым қазақ мектептерінің алғашқы оқулықтарын жазудан бастап қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасу тарихында үздіксіз еңбек еткен. Алғашқы мектепке арналған оқулықтар Қазақ әдебиетінің алғашқы оқу құралдары әрі оқулық, әрі әдеби, ғылыми, зерттеу еңбегінің нәтижесі болғаны белгілі. Алғашқы оқу құралдары жазылған тұста әдебиеттің тарихи курсы толық анықталмаған кез болатын. Қазақ әдебиеті оқулықтарының алғашқы қарлығаштары қатарында
Достарыңызбен бөлісу: |