52
4-ТАҚЫРЫП. ХVІІІ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫНДАҒЫ ФРАНЦУЗ
БУРЖУАЗИЯЛЫҚ РЕВОЛЮЦИЯСЫ
Революцияның басталуы. Францияның алдыңғы қатарлы адамдары
Францияның артта қалған, феодалдық құрылысын сынады. Экономикалық
жағынан қуатты, дамып келе жатқан сауда-өнеркəсiп буржуазиясы саяси
өкiметтi жеңiп алуға, феодализмдi құлатуға ұмтылды. əсiресе шаруалар мен
қала кедейлерi феодализмдi жоюға шын мүдделi болды.
Король айналасының жағдайы қандай едi? Король Людовик 16-ның
финанс жағы тым нашар болды. Мемлекет қазынасында ақша болмады.
Қарызға ешкiм бермедi. Мемлекет финанстық дағдарысқа ұшырау қаупiнде
тұрды. Мемлекеттiң борышы орасан сомаға – 1,5 миллиардқа жеттi.
Қиын жағдайға душар болған Король 1787 жылы Нотаблдердiң
(атақтылардың), яғни дворяндар мен дiн басыларының жиналысын шақырды.
Осы жиналыста король жеңiлдiк жасалған сословиеге бұдан былай да
салықтың бiр бөлiгiн төлеп тұруды ұсынды. Бiрақ дворяндар мен дiн басылар
бұл ұсынысты қабылдамады.
1788 жылы астық шықпай, аштық болуына байланысты шаруалар
толқуы əдетке айналып кеттi. Халық қаражатын бақылаусыз, жүйесiз жұмсай
беру елдi 1789 жылы финанс апатына ұшыратты. Бұл жағдайдан шығудың
жолын таба алмаған король ХVI Люд. 1789 жылы 5 майда Версальда барлық
үш сословия өкiлдерiнiң – Бас штаттардың жиналысын шақыруға мəжбүр
еттi Олар 170 жылдан астам жиналмаған едi (1614 ж.). Ондағы мақсаты –
жаңа заемдар мен салықтар жинауға келiсiм алу едi. Салық төлеуден бас
тартты.
Дəстүрлі түрде король жанында 1-2-ші сословие отыратын, ал 3-ші
сословие түрегеп тұратын. 3-ші сословие депутаттары дауыс беруді талап
етті. 3-ші сословие күшейіп келе жатқан соң король енді олардан 600 адам
депутат сайлады. 3-сословие буржуазияның мүддесін көздеді, олардың көбі
заңгерлер (200 адвокаттар), зиялы қауым, саудагерлер, банкирлер,
жериеленушілер болды. 270-депутат дворяндар өкілінен (оның 90 либералды
дворяндар) жəне 291 депутат дін басылары болды. Бірақ король өз мақсатына
жете алмады, 3-ші сословие салықтарға қарсы шықты. 17 маусым күні 3-ші
сословие депутаттары өздерін Ұлттық жиналыс деп жариялады. 20 маусымда
король өткізген мəжілісіне 3-сословиені кіргізбейді. Бұлар өздеріне жаңа
конституция қабылдамай тарамауға ант береді. 9 шілдеде 1789 жылы
Жиналыс өздерін Ұлттық Құрылтай жиналысы деп атады. Олар
конституциялық монархияны орнатуға тырысты жəне де корольдің қол
қоюын талап етті. 12 шілде күні король қаржы министрі Неккерді қызметтен
босатты.
Революцияның бiрiншi кезеңi. Қымбатшылықтан жапа шеккен халық
енді сақтық үшін əскерлердің кіргізілуін өздерінің көптеген үміттерін артқан
Ұлттық жиналысты тарату деп түсініп, əскермен қақтығыс басталды. 1-2
күнде король əскерін қуып шығып, 14 шілдеде король түрмесін құлатты. 14
шілде күні Париж көтерілісшілердің қолында болды. Көтерілістің шарықтау
53
шегі жəне аяқталу кезі деп Бастилияның алынуы. Бастилияның алынуы
Француз буржуазиялық революцияның басталуы жəне оның бірінші жеңісі
болды. Қалаларда “муниципальды революциялар” кең етек алды, халық ескі
өкімет билігін жойып, жаңа муниципалитеттер (кейбір елдерде қалалық
немесе селолық басқарма орны) құрды. Билікті біраз либералды
дворяндармен буржуазия қолына алды. Буржуазиялық милиция (Ұлттық
гвардия) құрылды. Ауылды жерлерде де шаруалар көтерілістері де кең етек
алды. Ол Францияның шығыс жəне солтүстік, батыс бөліктерінде болды.
1789 жылғы көтерілістің негізгі саяси қорытындысы буржуазияның
халықпен бірігуінің нəтижесінде шын мəнінде абсолютизмді құлатты десек
болады. Құрылтай жиналысы бүкіл Францияның уақытша өкіметі болып
қалды. Бір сөзбен айтқанда, Францияда мемлекеттік билік жаңа қоғамдық
тап-буржуазияға өтті.
Құрылтай жиналысы бұрынғы сословияларға бөлiнудi жойды. 19 июль
1792 ж. Ол жалпы мұрагерлiк праволарды жойды. Бұрынғы жорлдарды –
князь, герца, маркиз, граф. т.б., дворян гербалаларын жойды.
«Муниципалдық
революция» – Буржуазия халық көтерiлiсiнiң
пайдаланып қалалық басқару системасын өзгерттi. Муниципалдық
революция əрбiр түрлерiнде өттi. Кейбiр қалаларда ескi қалалық өкiметтi
құлатып, жаңадан құрды, басқа қалаларды бұрынғы мунициналдық
өкiметтерi жаңа өкiметiмен қосылды.
Аграрлы заңдардың қабылдануы. Адамдар мен азаматтар
құқықтары туралы декларация. Құрылтай жиналысы халық толқуларынан
қорқып 1789 жылдың тамыз айында жедел түрде екі маңызды заң шығару
актісін
қабылдады.
Француз
революциясының
басты
əлеуметтік-
экономикалық мəселесі болып табылатын аграрлы мəселелерді шешуге
кірісті. 4-11 тамыздағы Декреттер бұрынғы ежелгі қосымша феодалдық
салықтарды жойды, король жерлерінің бəрін Ұлттық меншік деп жариялады,
оларды сатуға құқық берді, оны ірі-ірі телімдермен сататын болды. Бірақ оны
тек ірі буржуазия өкілдері сатып алды.
26 тамызда 1789 жылы Францияда “Адамдар мен азаматтар құқықтары
туралы декларация” қабылданды. Декларация əр адам мен азаматтың табиғи
құқықтарын, яғни əрбір жеке тұлғаға тəн құқықтарын жариялады.
Декларацияда теңдік қағидасы көрсетілді: “Адамдар ерікті жəне құқық
жағынан тең болып туылады жəне солай қала береді, барлық адамдар заң
алдында тең, сөз бостандығына, баспасөз бостандығына, дін бостандығына
құқылы” делінген. Декларацияда мемлекет жеке меншікті қорғайтын, билік
бүкіл халық атынан жүргізілуі тиіс делінген. Адам құқын естен шығару
немесе елемеу бұл үкіметтің көргенсіздігі жəне азғындығы, бұл қоғамдық
апаттың бірден-бір себебі болып табылады деген. Декларацияның кемшілігі
құлдар туралы ештеңе айтылмады, құлдық сақталып қалды. Осы
Декларацияда келтірілген бірқатар əділ де, құнды қағидалар бүгінгі күнге
дейін өзінің өзектілігі мен мəнділігін сақтауда. Бірақта Людовик ХVІ осы
Декларацияны бекітуден бас тартты. Осыған орай 5-6 қазанда Парижде
халық көтерілісі болды. Олардың талабы корольді Версальдан Парижге
54
көшіру жəне осы декларацияларды бекіттіру еді. Король Парижге көшуге
жəне декларацияны бекітуге мəжбүр болды.
Құрылтай жиналысы дiнбасыларға жасалатын жеңiлдiк туралы мəселеде
неғұрлым батылырақ қимылдады. Бұл – феодалдық тəртiптiң басты тiрегiнiң
бiрi едi. 1789 жылғы 2 ноябрьдегi декрет шiркеу бұйымдарын бүкiл ұлттың
жеке меншiгi деп жариялады. Олар сатуға қойылып, оған төленетiн ақшаның
мерзiмi ұзартылды. Сату тəртiбi iрi буржуазия мен ауқатты шаруаларға
қолайлы болды. 1791 жылдың 1-шi ноябiрiне қарай «ұлттық бұйымдарды»
сатудан мемлекетке орасан ақша – 1,5 миллиард ливр түстi. Бұл қағаз
ақшаның құнсыздануын (ассигнаттарды) бiразға дейiн тоқтатты.
Достарыңызбен бөлісу: |