1
ƏЛ
-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Халықаралық
қатынастар факультеті
ЕУРОПА
ЖƏНЕ АМЕРИКА ЕЛДЕРІНІҢ
ЖАҢА
ЗАМАН ТАРИХЫ
(І бөлім 1640-1870)
Дəрістер жинағы
профессор Қ.Е. Байзақованың жалпы редакциясымен
Алматы
, 2013
2
ƏОЖ 327 (07)
Ə55
Баспаға əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
халықаралық қатынастар факультетінің Ғылыми Кеңесінің 2013 жылғы № 8
хаттамасымен ұсынылған
Пікір жазғандар:
тарих ғылымдарының докторы, профессор Ф.Т. Кукеева
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Е.С.Чукубаев
Авторлары:
тарих ғылымдарының кандидаты, профессор КазНУ Жамбатырова Г.Ш.
тарих ғылымдарының докторы, профессор Байзақова Қ.И.
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Əліпбаев А.Р.
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Бюжеева Б.З.
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Балаубаева Б.М.
Еуропа жəне Америка елдерінің жаңа заман тарихы. (І бөлім 1640-1870). –Алматы,
2012. - 157 б.
ISBN
Дəрістер жинағында жаңа тарихтың бірінші кезеңін қамтығандықтан халықаралық
қатынастар жүйесінің вестфальдік жəне веналық кезеңдерін қарастырады.
Халықаралық қатынастар, аймақтану мамандықтары бойынша жоғарғы оқу
орындарының студенттеріне арналған
ƏОЖ 327 (07)
ISBN 2013
3
КІРІСПЕ
«Жаңа тарих» ұғымы еуропалық тарихта тіпті Қайта өркендеу дəуірінде
озық ойшылдардың тарихты құрамдас бөлік ретінде ежелгі, орта жəне жаңа
деп «үшмүшелікке» бөлуді ұсынуынан пайда болған. Жаңа тарихтың
басталуын олар Қайта өркендеу дəуіріндегі (Ренессанс) ақсүйектік ғылым
мен мəдениеттің гүлденуімен ұштастырады. Кейінгі тарихнамада
қабылданған бұл ұғым тарихи ғылымда беки түсіп, бүгінгі күні де кең
қолданыста. Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша жаңа тарих дəуірі 1640
жылдан бастау алады, яғни ағылшын буржуазиялық революциясының
басталуы жаңа қоғамдық-экономикалық құрылыстың Англияда ғана емес,
сонымен бірге басқа да елдерде дамуына түрткі болды.
Жаңа тарих екі кезеңге: 1640-1870 жылдар – индустриалды қоғамның
қалыптасуы мен нығаю кезеңі жəне 1870-1918 жылдар – алпауытты
капитализмнің пайда болу кезеңі деп бөлетін тұжырымдаманы оқу
құралының авторлары да ұстанды. Мұндай кезеңге бөлушілікті пайдалану
сонымен бірге халықаралық қатынастар жүйесінің қалыптасуымен
дəйектеледі.
Ұсынылып отырған оқу құралы жаңа тарихтың бірінші кезеңін
қамтығандықтан халықаралық қатынастар жүйесінің вестфальдік жəне
веналық кезеңдерін қарастырады.
Жаңа тарих кезеңіндегі тарихи үдерістің негізгі мəні капиталистік
қоғамдық-экономикалық құрылыстың қалыптасуы, нығаюы болып табылады.
Капитализм жаңа дəуірде буржуазиялық революцияның нəтижесінде
феодализмді жеңе отырып, өзінің кемеліне жетіп өндіргіш күштерді қауырт
дамытты.
Жаңа тарих барысында капитализм тек Еуропа елдерінде, Солтүстік
Америкада жəне Жапонияда ғана жеңді. Əлемдік тарихи үдеріске тəн
əрқилылық пен мерзімдік əртүрлілікке орай капиталистік пен қоса
капиталистікке дейінгі қоғамдық-экономикалық құрылыс та бірге өмір сүрді.
Жаңа дəуірде ұзақ уақыт бойы əлемнің көптеген өңірінде, ең алдымен
Азияда, Африкада, əсіресе Латын Америкасында бір-бірімен жəне
капитализммен өте күрделі өзара əрекеттестікте болған феодалдық,
құлиеленушілік, тайпалық қатынастар үстемдік етті.
Дегенмен капитализм жаңа дəуір барысында əлемдік деңгейде жетекші
қоғамдық-экономикалық құрылыс болды. Əлемдік дамудың шешуші күшіне
айналған капитализм капиталистікке дейінгі əртүрлі қатынас түрлерін
ығыстырып өзіне бағындыра алды.
XVII-XVIII ғасырларда батыстық Еуропа елдеріне тəн негізгі даму
үрдістері қандай еді. в XVII-XVIII ғасырдың екінші жартысы – Еуропа мен
Америка елдерінің капитализмге өту үдерісіндегі маңызды кезең.
XVI ғасырда айқындалып, біржарым ғасыр бойы бұл үдеріс əлдеқайда
жеделдетіліп, əсіресе XVIII ғасырда өзіне тəн сипаттарға ие болды. Бұл
мануфактуралық капитализмнің өрлеу дəуірі еді, алайда көптеген елдерде
капиталистікке дейінгі қатынастардың басым болу жағдайында (Еуропада –
4
феодалдық) жүзеге асты. Сонымен қатар бұл ғасыр мануфактуралық
капитализмнің аяқталу дəуіріне де сай келеді. Дəуірдің өтпелі сипаты
көптеген елдердегі қоғамдық құрлымның феодалдық негізінің болуымен
жəне қолданылуына жəне сонымен бірге бірқатар экономикалық тұрғыдағы
жетекші елдерде буржуазиялық қатынастарға негізделді.
Дегенмен дамудың негізгі үрдісін капитализмнің кейінгі даму үдерісі
белгіледі. Ең соңында қоғамдық өмірдің барлық саласының – экономикалық,
əлеуметтік, саяси, нанымдық-мəдени дамудың заңдылықтары мен
ерекшеліктері айқындалды.
Алғашқы қорлану деп аталынатын – еңбекші халықты қанау, өндіріс
құралынан капиталистікке дейінгі қоғам еңбекерлерінің (шаруалар,
қолөнершілер) бөлінуі – əр елге тəн өзіндік жолмен жүріп жатты. Ол
капитализмнің пайда болуына қажетті жағдайды тудырды. XVII-XVIII
ғасырлардың екінші жартысында бұл өзекті үдеріс экономикалық алдыңғы
қатарлы елдерде мемлекеттің нақты бағытталған саясатымен, яғни Англияда
- бөлектену жəне басқа да көптеген шаралардың заңдастырылуымен,
Голландия мен Францияда – салықтық ауыртпалықтың күшеюімен,
мемлекеттің ұлттық экономиканы қатаң түрде қолдауымен жеделдетіле
түсті.
Мемлекеттік билік «алғашқы қорлануға» қолдау көрсетуде, билеп-
төстеушілердің қолына байлықтың ағыла түсуі үшін мемлекеттік несие бөлу,
оның сыйақысы өзі де ауқатты несие берушілердің қалтасына түсетін, əсіресе
XVIII ғасырда арта түскен отарлық өктемдік жүргізу сияқты басқа да
тетіктерді пайдаланды.
Отарларды айуандықпен қанау жəне XVIII ғасырда өз шегіне жеткен құл
саудасы «алғашқы қорланудың» қуатты тетіктерінің бірі болды. Ол
метрополия-елдерінде үстем тап байлығының шоғырлануына мүмкіндік
туғызды.
Отаршылдықтың бекуі - капитализмнің қалыптасуындағы əлемдік-
тарихи үдерістің ажырамас құрамдас бөлігі. Отарлардағы, тəуелді елдер мен
аумақтардағы миллиондаған адамдарды қатыгездікпен қанау капитализм
жолына түскен азғана метрополия-елдерінің жедел дамуын қамтамасыз етті.
XVII-XVIII
ғасырларда кейбір елдердегі капитализмнің даму
үдерісіндегі екпіні мен деңгейінің үдемелілігі тым əртүрлі болып қала берді.
Эльбаның батысында орналасқан Еуропа елдерінде капитализмнің даму
үдерісі ерте басталғандықтан (мұнда капиталистік қатынастар XIV-XV
ғасырларда кездейсоқ пайда болды) капиталистік жолмен бұлжытпай алға
жылжыды. Жаңа дəуірдің басында, XVII ғасырдың ортасына таяу, бұл
аймақта əлдеқашан Голландық республика деген бір буржуазиялық
мемлекет бар болатын. Англия капиталистік өндірістің елеулі дамуымен
ерекшеленсе, баяу болса да Франция да сол бағытта болды.
Капитализмнің ерте даму үдерісі аймақтың басқа елдерінде - Италия,
Испания, Португалия, батыс германдық өңірлерде жəне империяның
батысындағы австриялық шет аудандарда – капиталистік құрылыстың
қалыптасуы бірыңғай болған жоқ.
5
Мұнда капиталистік қатынастардың алғашқы бүршігі кейінгі
ортағасырларда күш жинап (Англия мен Франциядағыдай, ал Италияда тіпті
XIII ғ.), кейін, XVII ғасыр бойы – XVIII ғасырдың бірінші жартысында, əр
елдегі əртүрлі себептермен жетіле қоймады, тіпті кей жерлерде басылып та
қалды. Тек XVIII ғасырдың екінші жартысында бұл елдерде жаңа
капиталистік құрылыс беки түсіп түпкілікті орнады. Орталық жəне Шығыс
Еуропадағы Эльбаның батыс жағындағы аумағы негізінен капитализмнің
кейінгі даму үдерісінің аймағы болып табылады.
XVII-XVIII
ғасырдың
екінші
жартысында
мануфактуралық
капитализмге тəн сауданың өндірістен, сауда капиталының өнеркəсіптен
басым болуы сақталды, алайда өндіріс, ең алдымен өнеркəсіп қоғамдық
өрлеудің негізін қалады: «... шындығында мануфактуралық кезеңде сауда
үстемдігі өнеркəсіптік басымдылықты қамтамасыз етті». Сауда капиталының
басымдылығы ұсақ пайдакүнемдік (меркантилизм) ілімі мен тəжірибесінде
көрініс табады. XVII-XVIII ғасырдың екінші жартысындағы капитализмнің
даму үдерісі жағдайында терең əлеуметтік өзгерістер орын алды.
Бұл кезеңдегі негізгі қаналушы тапты феодалдық-тəуелді шарулар, оның
ішінде басыбайлылықтың «екінші басылымдағы» аудандарының басыбайлы
шаруалары құрады. Жаңа Əлемдегі отарлық плантациялық шаруашылық
жүйесінде құлдардың саны ұдайы өсуде болды. Дегенмен өнеркəсіптегі жəне
ауыл шаруашылығындағы капиталистік құрылыстың бекуімен қатар
жалдамалы еңбек жүйесі де кеңи түсіп, жұмысшы табының қалыптасу үдерісі
жеделдетілді. XVII-XVIII ғасырдың екінші жартысындағы кең өріс ала
бастаған капиталистік қатынастарда жəне «алғашқы қорлану» жағдайында
сандық басымдылықта болған ұсақ тауар өндірушілер мен жеке меншік
иелері əлеуметтік-экономикалық құрылымның төменгі қатарындағы
жұмысшы табынан бір саты жоғары тұрды. Бірте-бірте жəне баяу болса да
жіктелу үрдісі тоқтамады.
Жұмысшы табының қалыптасуымен қатар жаңа қоғаммен пайда болған
келесі негізгі тап – буржуазия да қалыптасты. Өнеркəсіптегі буржуазия –
мануфактура мен тікелей өндіріспен айналысатын басқа да кəсіпорындардың
иелері, экономикалық тұрғыдан əлдеқайда болашағы зор жəне алдыңғы
қатарында тұрды. Экономикалық байланыстың əрі қарай дамуы барысында,
ішкі нарықтың пайда болуына орай бірқатар елдерде XVII-XVIII ғасырдың
екінші жартысында да ұлттың қалыптасу үдерісі жалғаса түсті.
Батыс Еуропа елдері үшін біртекті мемлекеттердің (Англия, Франция
жəне т.б.) болуы тəн еді. Саяси бытыраңқылықтағы Германия мен
Италиядағы мемлекеттік бірліктің болмауы ұлттың қалыптасуын біршама
баяулатты.
XVIII ғасырдағы Еуропаның экономикалық дамуының ерекшелігі оның
екі жақ полюсінде өнеркəсіптің əлдеқайда жедел дамуында байқалды - қиыр
Батыстағы, ертебуржуазиялық Англия мен Голландия мемлекеттерінде,
сонымен бірге буржуазиялық құрылысы дамып қойған Францияда, екінші
жағынан – қиыр Шығыста, Ресейде, онда феодалдық құрылыстың
үстемдігіне қарамастан басыбайлы мануфактура жедел даму үстінде болды.
6
Англия өнеркəсіптік қатынаста əлдеқайда дамыған Еуропалық ел еді.
Голландиямен экономикалық жарысындағы Англияның жеңісі ағылшындық
өнеркəсіптік капитализмнің голландық сауда капитализмінен, капиталистік
үй өнеркəібінің - оның бəсекелесі қалалық мануфактурадан басым
болғандығының айғағы. Арзанқол жұмысшы күшін пайдаланатын
Англиядағы ауылдық шашыраңқы мануфактура əлдеқайда бəсекелестікке
қабілетті болды.
Отын-энергетикалық базасының қажетті деңгейде дамымауының
нəтижесінде Голландия металлургия бойынша Англиядан артта қалды. XVIII
ғасырдың
ортасында
Англия
мануфактураның
шоғырлану
жəне
мамандандырылу үдерісі бойынша ерекше даму үстінде болды. Еуропаның
бірде бір елі онымен өнеркəсіптік өндіріс саласының əртүрлілігіне қатысты
бəсекелесе алмайтын. Пруссия, Саксония, Төменгі Рейін аудандары мен
Чехияны есептемегенде, жалпы Орталық Еуропада баяу даму екпіні
сақталынды. Осман империясының құрамына кірген Оңтүстік Шығыс
Еуропада, сонымен бірге Польшада жалпы экономикалық тоқырау
жағдайында өрлеудің кейбір қырларын айқындау өте əлсіз еді.
XVIII ғасырдың басында Еуропадағы мануфактуралық өндіріс өз
дамуының соңғы сатысына, тікелей өнеркəсіптік төңкеріспен аяқталатын
кезеңге өтті. Бұл жағдай ең алдымен Англия мен Францияға қатысты болған.
XVIII ғасыр бойы жаппай мануфактуралық пролетариаттың қалыптасу
үдерісі жүрді. Əр елде бұл үдеріс əрқилы сатыда өткен еді. Шаруаның
ауылдық мануфактура жұмысшысына айналуы жалпы еуропалық
құрылықтың дамуының маңызды қадамын білдірді. XVIII ғасырдың
ортасында мануфактура Англияда ғана ұлттық көлемде кемеліне жетіп, осы
орайда оның техникалық базисі өзі құрған өндірістік мүмкіндіктер мен ішкі
жəне сыртқы нарықтың қажеттілігімен қарама-қайшылыққа келді. Сол ретте
тек Англияда ғана өнеркəсіптік төңкерістің басталуы үшін экономикалық
жəне əлеуметтік алғышарттар пайда болды. Өнеркəсіптік төңкеріс – қол
еңбекті мануфактураның машиналарды пайдалануға негізделген фабрика
мен зауыттарға өтуі. Бұл жалпыəлемдік құбылыс, тек ол əр елде əртүрлі
уақытта өтті. Англия оның отанына айналды.
Мануфактураның жетілуі өздігінен өнеркəсіптік төңкеріске əкеле
алмайды. Өнеркəсіптік төңкерістің басталуы үшін қажетті жағдайдың пісіп
жетілуі мануфактураның басым болуымен айқындалмайды, ол оның ішкі
жəне сыртқы ортасының сипатымен, яғни мануфактура капиталистік
экономиканың бір бөлігі болып табыла ма немесе феодалдық елдің
шеңберіндегі капиталистік құрылыстың тек бөлігі ме, сонымен айқындалады.
Буржуазиялық
ел
көлемінде
белгілі
бір
сатыдағы
дамуда
мануфактураның техникалық тұғырының тарлығы сезілсе, ал феодалдық
елде – феодалдық қатынастарды сақтау мақсатындағы капиталистік
кəсіпкерліктегі əртүрлі шектеуліктердің нəтижесінде ішкі нарықтың
тарлығы байқала басталды.
7
Онсегізінші ғасыр сауда ғасыры болған еді. Басында ішкі нарыққа
бағытталған мануфактураға қарағанда XVIII ғасырдың алғашқы үштен
екісінде сыртқы сауда əлдеқайда тез дамыды.
Капиталдың
саудада
шоғырлануы,
əдеттегідей
өнеркəсіптегі
шоғырланудан асып түсетін. Еуропалықтардың Азия елдерімен саудасы
кірістен шығыстың басымдылығына əкелетін. Ұзақ уақыт бойы онда
шығыстық қолөнерінің бұйымдары, темекі, шəй, кофе, татымдылықтар
басым болды. Америкамен болған саудада оларға ең алдымен құлдыққа
айналған африкалықтарды тасымалдау кең етек алды.
Бəсекелес елдер арасындағы күрестің негізгі түрі – сауда соғыстары,
əрине олар тек саудадағы мүдделер үшін ғана болған жоқ, сондай-ақ көп
жағдайда
оның
дамуы
мен
саудадан
түсетін
табыс
есебінен
қаржыландырылуын дамытуға мүмкіндік туғызды.
XVIII ғасырда Еуропа əлі де басым деңгейде аграрлы құрлық болып қала
берді. Ауылшаруашылығының дамуы, тиімділігінң артуы, бұрынғыша
қоғамның қалыпты өмір сүруі үшін қажеттілік еді. Еуропаның əртүрлі
аймағы
тарихи
тұрғыдан
қалыптасқан
ауылшаруашылығының
əрқилылығымен бір-біріне ұқсамайтын. Батыс Еуропаның көптеген елдері
үшін XVIII ғасыр ауылшаруашылығындағы мүлдем жаңа құбылыстарға
толы ғасыр болды.
Еуропалық елдер үшін капиталды қорландыруда олардың отарлық
иеліктері үлкен мəнге ие болды. XVI-XVII ғасырлардағы дəуір Еуропа үшін
ғана емес, Ресей үшін де түбірлі өзгерістер əкелді.
Мұнда бірыңғай мемлекеттің қалыптасу үдерісі аяқталып, көпұлтты
орталықтандырылған мемлекет ретіндегі оның жаңа түрі белгіленді.
Мемлекеттік басыбайлы құқық жүйесі құрылды. Сонымен бірге Ресейде
шаруашылықтың заттай түрінің ыдырау үрдісі күшейіп, бірыңғай
бүкілресейлік нарықтың қалыптасуы басталады.
Мемлекет өз аумағын кеңейтіп, жағрапиялық ашуларға белсенді
араласуының нəтижесінде енді жалпыеуропалық саясат пен сауда кеңістігіне
кеңінен тартыла түседі. XVII ғасырда Ресейдің өндіргіш күштері жалпы
толығымен бірте-бірте даму үстінде болды. Ресейде өнеркəсіптік
кəсіпорындарын құру үшін жеңілдік жағдайында шетелдік капитал
тартылады. Біртіндеп қоғамдық еңбек бөлісі үдерісі кең етек алады. Ресейде
капиталдың алғашқы қорлануы басталады, алайда оның Англиядан
айырмашылығы
феодалдық
түрде
өтуінде,
яғни
байлық
ірі
жериеленушілердің қолына шоғырланады. Ресейлік нарық əлемдік нарық
жүйесіне, əлемдік экономикалық байланысқа қосылады. Дегенмен
өнеркəсіптік төңкеріс техникалық-экономикалық мəнімен қатар кең
көлемдегі əлеуметтік мəнге де ие болды. Өнеркəсіптік төңкеріс барысында
фабрикалар əртүрлі еңбекші халықты – жалдамалы жұмысшыларды,
қаналған жəне күйзелген дербес еңбекшілерді өзіне жұмылдырды. Мұнда,
фабрикаларда, олар орталықтандырылған өндірістің негізінде бірікті жəне
бірдей жағдайға тап болды: басқадай барлық жан бағу құралынан айырылды
(кезінде мануфактуралық жұмысшылардың көбінде болған жер телімінен,
8
еңбек құралынан, қосымша шаруашылығынан), олар енді өзінің жұмыс
күшін сатумен күнелтті. Фабрикалық жүйе жағдайында жұмысшылар алғаш
рет барлығы тұрақты тап құрды.
Капиталистік өндірістік қатынастардың өзі төңкеріс барысында қарама-
қайшылыққа тірелді: өндіріс үдерісі кезінде машиналар қатынасты еңбек пен
капитал арасындағы ашық қарама-қайшылыққа жеткізді. Бұл мануфактура
кезінде болмаған еді.
Еңбек пен капитал арасындағы алшақтық ұлғайғаны соншалықты, бір
жағында – қожайын, капиталист, екінші жағында жүздеген жəне мыңдаған
жұмысшылар қалды. Өнеркəсіптік төңкеріс əлеуметтік негізде жұмысшы
табының ғана емес, сондай-ақ өнеркəсіптік буржуазияның да қалыптасуын
білдірді. Мануфактура иесінің, алып-сатардың, үйінде істеушіні қанаушының
орнын фабрикант басты. Өнеркəсіптік буржуазия саны жағынан өсе түсіп,
төңкеріс барысында алғаш рет ел тарихында тап ретінде əйгілі болды.
Өнеркəсіптік төңкеріс қол еңбегіне негізделіп, тамырын кеңінен жайған
ескі қоғамдық қатынасты түбірімен өзгертуді білдірді. Өнеркəсіптік төңкеріс
барысында елдің бүкіл əлеуметтік-экономикалық келбеті ауысты. Ірі
орталықтар жəне тұтастай фабрикалық өндіріс аудандары пайда болды.
Өнеркəсіптік төңкеріс өнеркəсіпті ауылшаруашылығынан түбегейлі
бөліп, сол негізде ішкі нарықтың қалыптасуын аяқтады. Байланыс құралдары
жетілдірілді. Өнеркəсіптік төңкерістің маңызды нəтижелерінің бірі фабрика-
зауыттық жұмысшылардың таптық күресінің негізінде пролетарлық бұқара
қозғалысының шығуы.
Өнеркəсіптік төңкеріс, бұл ғасырға таяу уақытқа созылған ауқымды
қоғамдық-техникалық үдеріс, еуропалық елдердің дамыған, фабрикалық
капитализм сатысына енгендігін білдірді.
Достарыңызбен бөлісу: |