35
келе жатқан машиналық өндiрiске жаңа, жан-жақты, қуатты қозғалтқыштар
қажет болды. 1784 жылы ғалым-механик Джеймс Уайт су қозғалтқыштарын
біртіндеп ығыстыра бастаған бу қозғалтқыш-машинасын құрастырып шықты.
Бу машинасының жұмыс істеуі үшін көмір өнеркəсібі, металлургия
жетілдірілді. Ендi фабрикалар жұмыс күшi көп қалаларда, қатынасқа
ыңғайлы жерлерде салына бастады. 80-жылдары елде жүз елуге таяу тоқыма
фабрикалары болды, фабрикалық жүйе қалыптаса бастады. Англияда
машинамен жабдықталған iрi өнеркəсiп орындары пайда болды.
Англияда металлургия саласында да бiрқатар табыстарға қол жетті.
ХVІІ ғасырдың ортасына дейiн темiр мен шойын ағаштың күшімен
балқытылатын. Бiрақ бұл кезге дейiн Англияда ағаш кесiлiп, ағаш
тапшылығы байқала бастады. ХVІІІ ғасырдың басында-ақ ағаш қымбаттап
кеттi. Оны отынның басқа түрiмен – атап айтқанда тас көмiрмен ауыстыру
керек болды. Темiрдi Ресей мен Швециядан əкелуге тура келдi. 1735 жылы
ағылшын Э.Дерби шойын балқытуға тас көмiрдi пайдаланудың тəсiлiн тапты.
Шойын қорыту үш есеге көбейді. Iрi фабрикалық өнеркəсiптiң дамуы
Англияның экономикалық географиясын бiрден өзгерттi. Бұрын халық тығыз
қоныстанған, сауда-өндiрiстiк қатынасы дамыған орталық Лондон болса, ендi
елдiң солтүстiк-батысында өнеркəсiп басым бола бастады. Себебі елдiң осы
бөлiгiнде жоғары сапалы тас көмiр қоры бар едi. Сондықтан бұл жерде
фабрикалар, жаңа қалалар пайда болды. Өнеркəсiпке машинаның енгiзiлуi
өндiрiстiң барлық салаларында – көмiр қазу, шойын балқытуда – еңбек
өнiмдiлiгiн арттырды. 1720 жылы Англияда шойын өндiру 18 мың тонна
болса, 1802 жылы 250 мың тоннаға жеткен. Тас көмiр 1750 жылы 5 млн
тоннаға жуық, ал ХҮІІІ ғасырдың аяғына қарай 10 млн тоннадан астам
болды. Өндiрiске машинаның енгiзiлуi көлік жүйесінің дамуына түрткi
болды. Көлік ретінде паровоздар мен бу кемелерi қолданыла бастады. Бұл
жүк тасу талаптарын қанағаттандыруға сай келдi.
ХVІІІ ғасырдың екiншi жартысында басталған өнеркəсiп төңкерісінің
негiзгi мазмұны заманға сай фабрикалық жүйенің жасалуы жəне ең бастысы
өнеркəсiп пролетариатының қалыптасуы еді. Англияда басталған
өнеркəсiптiк төңкерiсінiң нəтижесiнде екi тап – қанаушы капиталистер табы
мен қаналушы пролетариат табы пайда болды. Капиталистiк қоғамның бұдан
былайғы тарихы осы таптар арасындағы кескiлескен тап күресiмен өттi.
Англия «дүниежүзілік шеберхана» атанды.
Ауылшаруашылығы
Достарыңызбен бөлісу: