Фараби атындағы Қазақ Ұлттық



Pdf көрінісі
бет11/53
Дата14.05.2020
өлшемі1,55 Mb.
#68471
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   53
Байланысты:
treatise12053

  реформа  үшін  күрес.  1815  жылы  шетелдік  астыққа 
жоғары  салықты  бекіткен  астық  заңдары  «Астық  баж  салығы»  қабылданды. 
Егер ішкі нарықта астық бағасы бір квартер үшін 80 шилингтен төмен түсіп 
кеткен  жағдайда  елге  шеттен  астық  əкелуге  тыйым  салынды.  Бұл  астықтың 
бағасын  жоғары  деңгейде  сақтау  үшін  қолданылды.  Сонымен  бірге  бұл 
лендлордтар  мен  фермерлерге  жоғары  кірісті  сақтауға  мүмкіндік  берді. 
Жұмысшылар  үшін  нан  қымбатқа  түсті.  Елдегі  жағдай  шиеленісті. 
Радикалдар  арасынан  Уильям  Кобетт  (1762-1835)  шықты.  Халықтың 
қайыршылық  жағдайының  себебін  ол  ақылсыз  басқарудан  деп  есептеді.  Ол 
ерлер үшін жалпы сайлау құқын енгізуді жəне құпия дауыспен қауымдастық 
палатасын  жылда  қайта  сайлауды  ұсынды.  Радикалды  Гемпдон  клубтары 
құрылды.  Радикалдардың  талаптарын  мəлімдеген  петицияға  қол  жинау 
қарқынды  жүрді.  1817  жылы  қаңтарда  радикалдар  топтарының  өкілдері 
парламент үйіне ұзақ тізім күйіндегі петициясын кіргізді. Үкімет бұған жауап 
ретінде  іс-əрекеттеріне  тыйым  салды.  Қарсылық  қозғалыстары  мыңдаған 
митингілерден  байқалды.  1819  жылы  тамызда  Манчестерде  болған  үлкен 


38 
 
шеруге  150  мың  адам  қатысты.  Олар  парламенттік  реформа  мен  арзан 
астықты талап етті. Көмекке полициялық əскер шақырылды.  
Вигилер  ақсүйектік  үстемдікті  жоюға  мүмкіндік  беретін    парламенттік 
реформа жүргізуді талап етті. Виги партиясының жетекшісі Чарльз Грей осы 
реформаны  жүргізу  арқылы  ғана  Англияны  төңкерістен  құтқаруға  болады 
деп  есептеді.  1812  жылдан  1827  жылға  дейін  елді  лорд  Ливерпул-Каслри 
кабинеті басқарды. Осы кабинеттен Джордж Каннинг, Роберт Каслри, Джон 
Пальмерстон жəне Робер Пиль шықты. Ішкі заң шығару саласында біршама 
істер  атқарылды.  Р.Пиль  мырза  ішкі  істер  министрі  болғанда  парламент 
арқылы  қылмыстық  құқықтың  сипатын  жеңілдететін  бірнеше  актілер 
жүргізді.  1819  жылы  лорд  Ливерпул  кабинеті  əлеуметтік  заң  шығару 
саласында  маңызды  қадам  жасады.  Парламент  өзінің  актісінде  9  жасқа 
дейінгі  балаларды  жұмысқа  алуға  тыйым  салды,  ал  16  жасқа  дейінгілерге 
жұмыс күнін 15,5 сағатқа дейін қысқартты. 
1830  жылы  парламенттік  сайлау  реформа  жақтастарына  жеңіс  əкелді. 
1831  жылы  вигилер  қауымдастық  палатасына  заң  жобасы  мен  парламенттік 
реформа  енгізді.  Аталған  жобада  «жарамсыз  жерлер»  есебінен  жаңа 
өнеркəсіп  қалаларына  орын  беруді  ұсынды.  Сайлаушылар  үшін  мүліктік 
цензаны  төмендету  қарастырылды.  Тіпті  осындай  бірыңғай  реформалар 
ақсүйектер  тарапынан  қарсы  əрекет  тудырды.  1832  жылы  сайлау 
қорытындысы  бойынша  қауымдастық  палатасы  «реформа  туралы  заң 
жобасын»  қабылдады.  1832  жылғы  сайлау  реформасы  21  жасқа  толған, 
жылына 10 фунт стерлинг жылдық кіріс беретін қозғалмайтын мүлігі бар ер 
адамдарға  сайлау  құқығын  берді.  Реформа  нəтижесінде  сайлаушылар  
652 000- ға дейін жетті. Дегенмен, жұмысшылар мен ұсақ буржуазия сайлау 
құқығын  алған  жоқ.  1832  жылғы  реформалардың  маңызды  нəтижесі  саяси 
партиялардың  қайта  құрылуында  болды.  Торилер  консерваторлер партиясы, 
ал вигилер – либералдар партиясы деп аталды. Бүтіндей мемлекеттік басқару 
жүйесі қайта ұйымдастырылды.  
Чартистік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет