Фараби атындағы Қазақ Ұлттық



Pdf көрінісі
бет9/53
Дата14.05.2020
өлшемі1,55 Mb.
#68471
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   53
Байланысты:
treatise12053

 жəне аграрлық қатынастарӨткен ғасырларда 
тауарлық  өндірістің  дамуы  Англияда  ауылшаруашылығының  жіктелуін 
көбейтті.  Ауылшаруашылықпен,  егіншілікпен  шұғылданбайтын,  қалалық 
тұрғындардың 
саны 
өскен 
сайын 
ХVІ 
ғасырдың 
бас 
кезінен 
ауылшаруашылық өнімдерінің  қажеттілігі  арта берді, бұл  ауылшаруашылық 
өндірісінің  жаңа  капиталистік  формаларға  көшуін  тездетті.  ХVІ  ғасырға 
қарағанда  ХVІІ  ғасырда  дəнді  дақылдар  өсірудің  маңызы  арта  түсті,  қой 
шаруашылығынан басқа, сүт өнімін жəне мол ет беретін ірі қараны дамытуға 
көп күш жұмсала басталды. Ірі қалалардың айналасында өз алдына жеміс пен 
бау-бақша өсіру кең етек алды, техникалық дақылдар кең тарай бастайды. 


36 
 
Егер  солтүстік  жəне  солтүстік  батыс  графтар  жерлерінде  ішінара 
барщиналық  жұмыстарды  қолданғанды  былай  қойсақ,  Англияның 
ауылшаруашылығында  ХVІІ  ғасырда  басыбайлы  барщина  жоққа  шықты. 
Поместьеде  лорд  шаруашылығын  өзі  жүргізгенде  барщиналық  еңбектің 
орнын  жалдамалы  еңбек  басты.  Жұмысшы  мен  оның  жанұясының 
жалдамалы  еңбегін  помещик  өзіне  керек  уақытында  жəне  өзіне  жалдаушы 
ретінде  қолданады.  Елдің  капиталистік  дамуына  ауылшаруашылығында 
сақталып  қалған  феодалдық  қатынастар  үлкен  кедергі  жасағанымен,  ХVІІ 
ғасырда  Англияда  бидай,  ұн  жəне  жүн  саласында  ұлттық  нарық  күшейді. 
Астық  нарығы  Лондонның  ықпалына  көшті,  ол  елде  ең  ірі  тұтынушылар 
орталығына  айналды.  1661  жылы  Лондон  тұрғындары  460  мың  адам  болды 
(1534 жылы 60 мың еді).  
Астық  нарығы  бүкіл  Англияны  қамтыды,  сонымен  бірге  жүн  нарығы 
қалыптасты. Капиталистік өндіріс тарихында, оның алғашқы даму кезеңінде 
жүн өнеркəсібі басты рөл атқарды. Бұл өнеркəсіп жаңа капиталистік өндіріс 
жүйесіне  қарай  алғаш  қадам  жасаған  елдерде  пайда  бола  бастады.  Астық 
жəне  жүн  нарықтарымен  өсіп  келе  жатқан  ағылшын  өнеркəсібінің  үлкен 
топтары мен жаңа дворяндар байланыста болды. Бұл нарықпен əсіресе тығыз 
байланыста фермерлер, дəн мен жүнді сатып алушылар жəне алып-сатарлар 
болды. Сол кездегі жұмысшылардың қалыптасу үдерісіне тоқталатын болсақ,  
Англияның ауылды жерлеріндегі көптеген кедейлер ауылшаруашылығы мен 
капиталистік  өнеркəсіпке  тартыла  бастады,  олар  қалаларда,  өнеркəсіп 
орталықтарында, əсіресе Лондонның маңында шоғырлана бастады.   
Англияның  шығысында  батпақ  пен  дымқыл  жерлерді  құрғату  үшін 
қыруар жұмыстар – каналдар қазу, ескі арналарды тазарту сияқты жұмыстар 
жүргізілді. Сонымен, Англияда қалыптасып, дамып келе жатқан капитализм, 
дəстүрлі шаруашылық өмірді бұзып, ауылшаруашылығына тарай бастады, ол 
қоршау, байырғы орман заңдарын барлық аумақтарда тоқтату арқылы жүрді, 
соның салдарынан халық бұқарасы тоналып, қайыршыланып кетті. 
ХІХ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет