Фараби атындағы Қазақ Ұлттық



Pdf көрінісі
бет12/53
Дата14.05.2020
өлшемі1.55 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53
 
қозғалыстар
. 
1832 
жылғы  реформа  Ұлыбритания  
еңбекшілерін  қанағаттандырмады.  Ол  1836-38  жылдардағы    экономикадағы 
дағдарыс жұмысшы саяси қозғалыстарының пайда болуына ықпал етті. ХІХ 
ғасырдың  30-50-жылдары  Англиядағы  пролетариаттың  алғашқы  бұқаралық, 
саяси  революциялық  қозғалысы  «чартизм»  деген  атауға  ие  болды.  Чартизм 
ағылшын  сөзінен  шыққан,  онда  əлеуметтік  таптар  мен  топтардың  саяси 
талаптары  көрініс  тапты.  Олардың  талаптары:  тұрғылықты  жерінде   6  ай  
тұрып  жатқан  21  жасқа  толған  ер  адамдар  үшін  сайлау  құқығын  беру; 
парламент  депутаттығына   үміткерлерге  мүліктік  цензді  алып  тастау;  тек 
өкілдік жəне сайлау округтерін теңестіру;  парламентке жыл сайынғы сайлау; 
депутаттар еңбегіне сыйақы беру; құпия дауыс беруді ұсынды. 
1839  жылы  Лондонда  Хартияның  табысқа  жетуі  үшін  күрестің  түрлері 
мен  əдістері  талқыланған  бірінші  чартистік  (құжат)  конвент  жиналды.  Олар 
петиция  немесе  көтеріліс  сияқты  екі  жолды  талқылады.  1839  жылы  6 
мамырда 1 млн 250 мың адам қол қойған хартия парламентке жіберілді. 1839 
жылы 2 тамыз күні ереуілге ешкім келмегендіктен, үкімет күдікті адамдарды 


39 
 
жазалады.  Чартистер  арасында  алауыздық  белең  алып,  радикалдар  тастап 
кетті.  1840 жылы Манчестерде ұлттық чартистік одақ құрылды. 1842 жылы 
мамырда 3,3 млн адам қол қойған петицияны парламент қабылдамады. 1848 
жылы  10  сəуірде  5  млн  адам  қол  қойған  хартияны  О’Коннор  парламентке 
ұсынды.  Бұл  петицияны  да  парламент  қабылдамады.  Жұмысшылардың 
алғашқы жеке бас көтерулері болған чартистік қозғалыс бəсеңдеді. Чартистер 
күресінің сəтсіздігіне, жұмысшылардың жалпы сайлау құқығына қол жеткізе 
алмауына  олардың  басқа  таптар  тарапынан  қолдау  таппағандығы  себеп 
болды. 
Чартизм   жеңілгенген  кейін  Англияның  жұмысшы  қозғалысы  таза  
экономикалық   бағыт  алды.  Арнаулы  білімді  жұмысшылардың  кəсіподағы-
тред-юниондар  құрылып,  олар  күшейе  бастады.  Олар  жұмысшы-
сайлаушылардың  санының  өсуі  олардың   көпшілік  палатасына   ықпалы 
күшейтілді деп үміттенді. Екі партия да, жұмысшы қозғалысының кең қанат 
жаюын назарға ала отырып, реформа жолына түсті. 1867 жылы  Б. Дизраэли 
консервативті  кабинеті  мынандай  реформа  жүргізді:  депутаттық  орындар 
өнеркəсіптік  қалалар  мен  графтықтар  пайдасына  үйлестірді.  Салық  
төлеушілерге  мүліктік  ценз  төлетілді.  Осылайша  сайлаушылар  тізімі  ұсақ 
буржуазия,  қолөнершілер   жəне  жұмысшылар  есебінен  кеңейе  түсті 
сайлаушылар  саны  миллионнан  асып  түсті.  Осылайша  кəсіподақтар 
пролетариаттың экономикалық жəне саяси құқығы үшін күрес жүргізу түріне 
айналды. Жұмысшы қозғалысы қуатты саяси күш болып есептелді. 
 
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Ағылшын революциясы мемлекеттің сыртқы саяси бағытына қалай  əсер етті? 
2. ХVІІІ ғ. 60-80-жылдарында Англияда өнеркəсiп төңкерiсiнің басталуының мəні? 
3. ХVІІ ғасырда Англияда ауылшаруашылығы қандай күйде болды? 
4. ХІХ ғасырдағы Англияның əлеуметтік-экономикалық дамуы қалай өрбіді? 
5. Чартистік қозғалыстардың мəні қандай? 
 
Өзіндік жұмыс тақырыбы
1. ХVІІ ғасырдағы Англияның сыртқы саясаты. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет