41
мемлекеттік орталықтандыру нығайды. Король тұлғасын ұлықтау,
салтанатты сарайдың рəсім жүргізу салты, шегі жоқ тойлар, Версальда
салтанатты король резиденциясын салу – абсолютизмнің салтанат құрғанын
дəлелдейді.
Мемлекеттің негізгі қаражаты соғыстарға кетті. Людовик ХIV 54 жыл
билігі кезінде 33 жыл соғыспен болды. Бірақ оның негізгі мақсаты –
Еуропада гегемонияға ие болу – жүзеге аспады. Францияның жеке
мемлекеттермен əрі мемлекеттер коалициясымен жүргізген үздіксіз ауыр
соғыстар елдің қаражаты мен қаншама адам өмірлерін əкетті. Людовик ХIV
төрт соғыс жүргізу нəтижесінде халық саны қатты қысқарды. ХVІІ ғасырдың
соңғы ширегінде Францияда 15 млн. астам адам болса, ХVІІІ ғасырдың
басында 12 млн. халық қалды. Əсіресе Испан мұрасы үшін соғыс (1701-1714)
ауыр болды. Осы соғыс барысында Севенн тауларында камизарлардың
(chemis сөзінен – көйлек: көтеріліске шыққан шаруалар киім үстінен ақ
көйлек киген) көтерілісі басылмады.
Соғыстар мемлекеттің экономикалық жағдайын бұзды. Паржиде жəне
басқа да қалаларда қарапйым халықтың, буржуазияның, тіпті дворяндардың
наразылығы үнемі сезіліп тұрды. Көтерілістер қалаларды шарпыды. Тіпті
талантты экономист Францияның өнеркəсіп, сауда жəне қаржыны бас
бақылаушысы Кольбер елдің ауыр экономикалық жағдайынан шығара
алмады. Кольбер белсенді түрде меркантилизм саясатын жүргізду. Ол
протекционистік баж салығын, ірі мануфактураларды субсидиялады жəне ір
түрлі артықшылықтар берді. Жаңа отарларды басып алу үшін мемлекеттің
қатысуымен Ост-Үнді, Вест-Үнді, Левантиялық сауда компаниялары
құрылды.
Француз
Достарыңызбен бөлісу: