42
жіктелуі нығайды. Францияның кейбір аймақтарында дворян-жер иеленуші
шаруашылықты жүргізудің капиталистік жолына түсті. Шаруаларға жердің
шамамен 40% цензива ретінде (шексіз мұра ретінде ұстау) тиесілі болды.
Сонда шаруа кете алмады, ал жер иеленуші (негізінен сеньор) оларды қууға
немесе жерді тартып ала алмады. Шамамен 90% шаруа жеке бас ерікті
болды, бірақ кейбір жерлерде шаруалардың тəуелділігі сақталды (яғни
серваж). Шаруалар – жеке бас еркілер, тəуелділер – көптеген дəстүрлермен
байлаулы болды. Төңкеріске дейін «өлі қол» (право «мертвой руки») дəстүрі
сақталынды, яғни мұраны берудегі төлем, сеньордың меншігінде нан пісірген
үшін жəне бидайдан ұн тартқан үшін төлем жəне т.б., алайда сол кездері пеш
те, диірмен де болмады, сеньорлар да басқа жақта тұрды. Тек цензива ғана
емес, шампар (табиғи салық), шіркеуге десятина салығы, көптеген жол, көпір
жəне т.б. салықтар түрлері сақталды.
Франция ауыл шаруашылық мемлекеті болып сақталғанымен, өнеркəсіп
экономикада елеулі роль атқарды. Француз өнеркəсібі үшін қолдан жасалған
бұйымдарды шығару сипатта еді. Бірақ мануфактуралар дамудың жоғарғы
сатысына жетті. Орталықтанған мануфактуралардың саны көбейе бастады.
Оларда машиналарды қолдана бастады. Жалпы француз нарығыны
қалыптасуы тездетілді, сыртқы жəне ішкі сауда дамыды.
Капиталистік қатынастардың дамуына байланысты сауда-өнеркəсіптік
орталықтар рөлі өсе бастады, олардың экономикалық жəне саяси
маңыздылығы арта түсті. Алайда сауда мен өнеркəсіптің əрі қарай дамуына
Франциядағы абсолютизм кедергі болды. Капиталистік қатынастардың
дамуына жол ашу үшін ауыл шаруашылығында сақталған тəртіп, цехтік
жүйелер,
монопольді
артықшылықтарға
ие
болған
«корольдік
мануфактуралар» сияқты болған тəртіпті бұзу қажет еді. Жалпы француз
нарығының құрылуына феодалдық бытыраңқылық кедергі болды: бірыңғай
өлшеу жүйесінің болмауы, ішкі кеден жəне т.б.
Азаматтық теңсіздік жүйесі жəне дворяндар мен діни қызметкерлердің
таптық артықшылықтары наразылық тудырды. Олар, мысалы, негізгі
салықтарды төлеуден босатылды, жоғары дəрежелерге ие болуға жəне
əкімшілікте, сотта, əскерде жұмыс істей алды. ХVІІІ ғасырдың екінші
жартысында абсолютизмге қарсы ірі оппозиция толқыны көтерілді.
Абсолютизмді қажет етпеген өнеркəсіпшілер оппозицияның басында тұрды.
Олардың əлеуетті одақтастары ренітнде халық массасы жəне шаруалар
болды. Буржуазиямен одақтасуға буржуазияланған дворяндар дайын болды.
Абсолютизм оппозициясында париж парламенті бастаған парламенттер
болды. Олар абсолютизмнің артықшылықтарға ие болған таптар пайдасында
шектелуін талап етті. Бұл аристократиялық оппозицияның ұстанымы еді.
Сонымен, ХVІІІ ғасырдың соңына қарай Франция өнеркəсіпшілердің,
либералды дворяндардың, шаруалардың жəне жалдамалы жұмысшылардың
наразылығы өсті.
Франциядағы
Достарыңызбен бөлісу: