Фараби атындағы Қазақ Ұлттық



Pdf көрінісі
бет2/53
Дата14.05.2020
өлшемі1,55 Mb.
#68471
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
treatise12053

 
 
 



 
1-ТАҚЫРЫПХVІІ ҒАСЫРДАҒЫ АҒЫЛШЫН БУРЖУАЗИЯЛЫҚ 
РЕВОЛЮЦИЯСЫ
 
 
Ағылшын
  абсолютизмі  жəне  оның  ерекшеліктері.  Англияда 
абсолютизм тюдорлар династиясы тұсында құрылып, ХV ғасырдың аяғынан 
ХVІІ  ғасырдың  басына  шейін  (1485-1603  жылдар)  билік  етті.  Еуропаның 
басқа елдеріндегідей, Англияда абсолютизм бастапқы кезде ілгерішілдік рөл 
атқарды,  ең  реакцияшыл  феодалдық  топтарды  əлсіретіп,  буржуазиялық 
элементтердің  күшеюіне  əсер  етті.  Англияны  түгелдей  феодалдық  былыққа, 
бытыраңқы  елге  айналдыра  жаздаған,  қызғылт  жəне  ақ  раушан  соғысы  деп 
аталған  ұзаққа  созылған  (1455-1485  жылдардағы)  шонжарлардың  өзара 
соғысы  аяқталғасын  билікті  өз  қолына  алған  тюдорлар  Батыс  пен 
солтүстіктегі  соңғы  феодалдық  көтерілістерді  біржолата  басты.  ХVI 
ғасырдың 30-40-жылдарында Генрих VIIІ Тюдор шіркеу реформасын жүзеге 
асырды.  Ол  ағылшын  шіркеуін  Римнен  бөлді,  жаңадан  құрылған  ағылшын 
шіркеуін  король  басқарды.  Монастырлардың  мүлкі  мен  жерлері  тəркіленді, 
кейін  олардың  көбі  жаңа  дворяндар  мен  буржуазияның  қолына  түсті. 
Сонымен  бірге  тюдорлар  өздеріне  түсетін  табыс  пен  тəждің  қуатын 
нығайтуға тырысты, ағылшын өнеркəсібінің дамуын қолдады, ағылшын кеме 
жолдарының  көбеюін  көздеді,  ағылшын  көпестеріне  пайдалы  шетел 
мемлекеттерімен 
келісім 
жасады, 
ағылшын 
буржуазиясының 
бəсекелестерімен  дипломатиялық,  əрі  əскери  күрес  жүргізді.  Елизавета 
тұсында 1588 жылы «Жеңілмес Армаданы» қиратумен аяқталған Англияның 
Испаниямен  соғысы  осыған  айғақ  бола  алдаы.  Жаңа  дворяндардың 
күшеюіне,  дамуына  жағдай  жасап,  олардың  қатарларын  буржуазия  ішінен 
шыққандармен  толықтыра  отырып,  тюдорлар  өздерінің  əлеуметтік  негізін 
нығайта түсуі, бұл əулеттің айтарлықтай мықты болуына ықпал етті.  
Тюдорлар  билік  етіп  тұрған  бастапқы  кезде  буржуазия  мен  жаңа 
дворяндар  оған  қанағат  тапса,  ал  олар  өскен  сайын,  өздерінің  таптық 
мүдделері  кеңейген  сайын  өкіметті  қатты  сынға  ала  бастады.  Бұндай 
наразылық  Елизаветаның  билік  етуінің  екінші  жартысында  үдей  түсті: 
көптеген  мəселелер  бойынша  парламент  мүшелері  өкіметті  сынға  ала 
бастады.  ХVІ  ғасырдың  аяғында  басталған  мұндай  қақтығыстар  жаңа 
буржуазияның жəне жаңа дворяндардың өсіп, күшейгенін білдіреді, олардың 
өкіметті өз бақылауына алуға талпынғанын көрсетеді. 
Тюдорлар  билігінің  соңғы  кезінде  абсолютизмге  қарсы  оппозиция 
Англияда  діни  формаға  ауысты.  Елде  кең  əлеуметтік,  діни-саяси  қозғалыс 
өріс алды, оның аты – пуританизм (puruj – таза). Яков І таққа отырған шақта 
«пуритан» деген сөздің мағынасы əлі тұрақталмаған еді.   
Жаңа  шіркеу  құрылысының  формасына  байланысты  пуритандар  ХVI 
ғасырдың өзінде бірнеше ағымдарға бөлінді. 
1)  Пуритандардың  ең  бай  бөлігі  –  ол  ірі  буржуазия  мен  жаңа 
дворяндардың  ең  ауқатты  тобы  –  шіркеу  ұйымының  келесі  құрылысын 
қолдады:  басты  рөлді  пресвитериандар  –  ақсақалдар  атқаруы  керек  жəне  


10 
 
олар  пасторлармен  бірге  кальвиндік  шіркеу  қауымының  істерін  басқаруға 
тиіс. 
Пресвитериандар  ұсынысы  бойынша,  шіркеу  мемлекет  билігіне 
бағынбай,  қауым  ісіне  пресвитериандар  арқылы  дербес  мүшелер  шешуші 
ықпал  жасап,  мəселелерді  мезгілімен  шақырылатын  шіркеу  съезі  –  синод 
шешіп,  қалған  католиктік  салттарды  жою  керек.  Пуритандардың  осы  бөлігі 
ХVI  ғасырдың  70-жылдарында-ақ  «пресвитериандар»  деген  атқа  ие  болды. 
Əу  бастан  пресвитериандар  мемлекеттік  ақсүйек  –  дворяндық  ағылшын 
шіркеуіне  ғана  қарсы  шығып  қойған  жоқ,  сонымен  қатар  олар  басқа 
пуритандық  секталардың  радикал,  батыл  жəне  демократиялық  бағыттарына 
қарсы болды.  
2) Екінші елеулі пуритандық бағыт, біріншіден кешірек құрылған – ХVI 
ғасырдың  80-90-жылдары  –  бірнеше  атқа  ие  болды:  «браунистер»  (негізгі 
қалаушылардың  бірі  Роберт  Браун  есіміне  байланысты)  «конгрегацистер» 
(конгрегация  –  шіркеу  қауымы),  «индепенттер»,  яғни  тəуелсіздер,  өйткені 
олар əрбір діни қауымның толық автономиясын жəне мемлекеттен де, жалпы 
шіркеу  басшыларынан  да  тəуелсіз  болуын  қолдады.  Индепенденттер 
көптеген  ұсақ  секталарға  бөлініп,  ұйымдасуы  жағынан  бытыраңқы  болды. 
Индепенденттерге  орта  жəне  ұсақ  буржуазия,  дворяндардың  бір  бөлігі, 
шаруалардың  бір  бөлігі  жатты,  қысқасы  индепенденттік  бағыт  діни  жəне 
əлеуметтік жағынан күрделі құбылыс болды.  
Англияның  тағына  1603  жылы  Елизавета  кезінде  басын  шаптырған 
Шотландия королевасы болған Мария Стюардтың ұлы Яков VI отырды, енді 
ол  Яков  І  деп  аталды.  ХVII  ғасырда  Франция  мен  Испанияда  король  билігі 
толық орнады. Ағылшын қоғамының жаңа таптарының (буржуазия мен жаңа 
дворяндар)  король  билігін  теже  үшін  ағылшын  парламентін  пайдалануға 
бағытталған талаптары сөзсіз Яков І қарама-қарсы əрекеттерін туғызды. Яков 
І  тпікірі  бойынша,  парламенттің  заңдар  қабылдауға  құқы  жоқ,  тек  король 
бекіткеннен  кейін  ғана  парламент  заң  шығара  алады  деген.  Ағылшын 
абсолютизмі туралы жалпы айтсақ, тюдорлар абсолютизмі  таптық күштердің 
уақытша  тепе-теңдігіне  сүйенді,  оларға  көпестердің  жəне  ұсақ  жериеленуші 
дворяндардың көпшілігі толық қолдау көрсетті. Бұл тепе-теңдік тұрақсыз еді, 
өйткені  монархия  ХVI  ғасырда  феодализмнің  қалдықтарымен  күресті. 
Осындай рөлді атқарып, феодалдық бүліктерді жойып, тұрақты өкімет құрып 
жатқанда  буржуазия  мен  ұсақ  жер  иеленушілердің  озық  жақтастары  билік 
жайында мəселе қозғаған жоқ – ескі тəртіп тұсында да олар өркендей берді. 
Осы таптармен біріге отырып, тюдорлар шіркеу мен шонжарлардың тəуелсіз 
билігін  қиратты,  капиталистік  шаруашылықтың  дамуына  алғы  шарттар 
жасады.  
Дегенмен  монархия  феодализмнің  көптеген  сарқыншақтарын  сақтап 
келді,  сондықтан  белгілі  сатыға  жеткесін,  ол  революцияның  басты 
кедергісіне  айналды,  оның  маңайына  реакцияшыл  күштер  топтасып, 
революцияға соққы беруге əзірленді. Бұл жағынан ХVII ғасырдың бірінші он 
жылдығында католиктер мен пуритандардың тəжіне теріс бұрылғандарының 
ерекше  мəні  болды.  Енді  буржуазия  корольмен  одақтасып  емес,  керісінше 


11 
 
оған оппозицияда тұрып қана дами алатын жағдай туды. Осындай жағдайда 
абсолютизм  ағылшын  қоғамының  кертартпа  феодалдық  топтарына  сүйене 
бастады.  
Дворяндардың  бір  бөлігі  (əсіресе  солтүстік  пен  батыста)  өздерінің 
экономикалық  жағдайларын  жақсарту  үшін  қоршауды,  шаруалардың  жерсіз 
қалуларын  немесе  капиталистік  фермерлікті  пайдалана  алмағандықтан, 
«бағалар  революциясы»  салдарынан  рента  төмендегендіктен  табыстарының 
бір  бөлігінен  айрылды,  оның  орнын  басқа  феодалдық  салықтарды  өсіру 
арқылы  толтыра  алмады.  Оның  үстіне  дворяндар  үшін  корольге  қызмет 
етудің үлкен маңызы болды, олар жалақы беретін əкімшілік, соттық, əскери 
жəне  сарай  ішіндегі  қызмет  орындарына  ие  болатын,  сондықтан 
дворяндардың  көпшілігі  (буржуазияның  ықпалына  түспегендер),  корольдің 
айналасына топтасты.  
Яковтың  тұсында  шақырылған  парламенттер  (1-ші  –  1604  жылдан  ара 
үзіп  1611  жылға  дейін,  2-ші  –  1614  –  екі  ай,  3-ші  –  1621  ж.)  оның 
абсолютистік «теориясына» сирек қарсы шықты, оның кертартпа, Испанияны 
қолдайтын  ішкі  жəне  сыртқы  саясатына  да  қарсы  болмады.  1625  жылы 
қайтыс  болған  Яков  І  тағын  Карл  І  басты,  ол  əкесі  сияқты  корольдің  билігі 
шексіз жəне құдайдан берілген деп сенді (Яков І айтуы бойынша, «монархтар 
құдайға  ұқсас»,  «монархиялық  тəртіп  жер  бетіндегі  ең  жоғары  тəртіп»  т.т.). 
Карл  І  сыртқы  саясатының  сəтсіздікке  ұшырағаны  парламент  ішінде  қатты 
сынға тап болды. Қауымдар палатасы Бэкингемді орнынан алуды, корольдің 
қаражатын  кемітуді  талап  етті.  Толық  қаржылай  күйреу  нəтижесінде  1628 
жылы  ІІІ-парламент  (І-парламент  –  1625,  ІІ-парламент  –  1626)  шақырылды, 
ол ерекше оппозициялық бағытта болды. Осы парламент ішінен парламенттік 
оппозицияның  басшылығы  құрылды.  Джон  Элиот  (Девоншир  графтығы), 
Томас Уентворт (йоркширлік джентри), Джон Ним, Джон Гемпден (екеуі де 
Орта  Англиялық  джентриден).  Өкіметтің  шіркеу  саясатын  парламент  қайта 
сынға  алды,  корольдің  парламент  бекіткен  салығына  қосымша  бекітілмеген 
алымдар жинауына қарсы шықты. 
1629  жылы  2  наурызда  Карл  І  парламентті  таратып  жіберді,  мұны 
парламент  оппозициясы  мемлекеттік  төңкеріс  деп  түсінді.  Бірақ  бұл  кезде 
елде  əлі революциялық  жағдай  болмаған.  Парламенттің өзімен  жəне  наразы 
болып жүрген  қалың  бұқарамен оппозицияның байланысы əлі  тұрақсыз  еді. 
Феодалдық-абсолютистік  тəртіпті  ұнатпаса  да,  қала  мен  ауылдың  қалың 
жұрты əлі шешуші, батыл күреске көтерілмеді.  
Карл І үшін халықаралық жағдай қолайлы бола бастайды. Франция мен 
Испания  отыз  жылдық  соғысқа  қатысу  үшін  қызу  дайындалып  жатты, 
сондықтан олар Англиямен бітім жасасты (1629 ж. сəуір – Франция, қараша 
1630 ж.-Испания). Бұл корольдің жағдайын əжептəуір жеңілдетті, оны үлкен 
шығыннан  босатты.  Еуропалық  мемлекеттердің  бəрі  дерлік  қатысқан  соғыс 
Англия үшін пайдалы болды. Англияның шұға, дəнді-дақылдарына сұраныс 
өсе түсті, оның орнына Лондонға алтын мен күміс əкелініп жатты. Бұл сəтте 
буржуазиямен  сауда  жүргізетін  дворяндар  (джентри)  абсолютизммен 
қатынасты  шиеленістіруді  пайдалы  деп  таппады,  олар  заңды  да,  заңсыз  да 


12 
 
салықтарды  төлеуге  көнді,  тек  сауда  жүргізуге  бөгет  жасалмағанын қалады. 
Бұл жағдайды пайдаланып Карл І қарсы шабуылға шықты, соның барысында 
оппозиция  екіге  бөлінді.  Оның  Томас  Уенворт  бастаған  кейбір  көш 
басшылары  король  жағына  шықты,  жоғары  лауазымдарға  ие  болды. 
Уендворт  Англияның  пэрі  дəрежесіне  көтерілді,  Страффорд  Солтүстікті 
басқаратын Кеңестің төрағасы болып тағайындалды. 1633 жылы Страффорд 
Ирландияда лорд-басқарушы болып тағайындалды. 
Парламент беретін қаржыға қараған король енді түрлі жолдармен керек 
қаржыны  жұрттан  алуға  көшеді,  жаңа  салықтарды  шығаруға  бата  алмай, 
Карл І ескі, ұмытылып қалған салықтарды қайтадан енгізіп, айып-пұл салуға 
кіріседі.  Өнеркəсіптік-сауда  монополияларын  кеңінен  сата  бастайды.    Бұл 
өнеркəсіп пен сауданың тоқтап қалуына əкеліп соқтырды. Карл І тұсында кең 
тұтынатын тауарлардың көпшілігі: тұз, сабын, темір, көмір, шыны, былғары, 
кірпіш, оқ дəрі, шарап, сыра жəне басқалары монополияға айналдырылған.  
30-жылдары  шаруалар  көтерілісі  көбейді,  себебі  қауымның  жерін 
қоршау,  батпақты  құрғату  нəтижесінде  шаруалар  жайлаудан,  шабындықтан, 
балық аулау, құстарды ұстау құқынан жəне басқа табыс көздерінен айрылды. 
Бұл  көтерілістер  революция  кезінде  де  жүріп  жатты.  Англиядағы 
революцияның  басталуына  түрткі  болған  1637  жылғы  Шотландиядағы 
көтеріліс пен Карл І соғысы. 1637 жылы Лод Шотландияда шіркеу жұмысы 
ағылшын  дұғалығы  бойынша  жүрсін  деген  нұсқау  берді,  демек  шіркеулік  – 
салт жағынан Шотландия Англиямен толық үйлестірілді деген сөз. 
Стюардтарға  қарсы  1637  жылдың  23  шілдесінде  Эдинбургта  басталған 
көтеріліске  сылтау  ағылшын  дұғалығын  Шотландияға  тарату  болды.  Қазан 
айында  қозғалыс  бүкіл  ұлттық  көлемге  жетті.  1638  жылдың  басында 
Шотландия Лордтары басқарған ерекше комитет (кейін мемлекеттік комитет) 
құрылды.  1638  жылы  қарашада  Глазго  қаласында  генералдық  ассамблея 
жиналды,  оған  дворяндар,  қала  тұрғындары  жəне  шаруалар  қатысты.  22 
мыңдық  армияны  ұйымдастыру,  жаңа  ағылшын  шоқыну  кітабын  жойып, 
Женевадағы  кальвинистік  шіркеу  үлгісі  бойынша  «таза  пресвитериандық» 
шіркеу енгізу ұйғарылды.  
Карл  І  не  шіркеу  саласында,  не  саяси  жағынан  ешбір  келіспегендіктен, 
Шотландықтар  шабуылға  шықты.  1639  жылдық  ақпанында  олар  шекарадан 
өтті.  Карлдың  қарамағында  асығыс  жиналған,  нашар  қаруланған  əскер 
болатын,  ол  айтарлықтарй  қарсылық  көрсете  алмады.  Көп  ұзамай 
Шотландықтар  Бервиктен  Йоркке дейін  Англияның бүкіл  солтүстігін басып 
алды,  Карл  І  бітімге  баруға  көнді.  Бервик  бейбіт  келісімі  бойынша:  
Шотландияға  толық  рақымшылық  жəне  талас  мəселелерді  өздері  шешу 
құқын  беруге,  яғни  шіркеулік  мəселені  бас  ассамблеяда,  мемлекеттік 
мəселені  –  шотландия  парламентінде  шешілуіне  Карл  І  уəде  етеді.  Алайда 
Король  бітімді  орындауға  асықпай,  ол əскер  жинай  бастайды,  тек  қаражаты 
болмағандықтан  13  сəуірде  жаңа  парламент  шақырады.  Король  ақша  беруді 
талап  етті,  оған  қарсы  парламент:  министрлерді  жазалау  туралы,  соғысты 
тоқтатып,  шотландықтармен  келісімге  келу  туралы  өз  талабын  қойды.  1640 
жылы 5 мамырда Король парламентті таратты. Бұл қысқа парламент болды. 


13 
 
Парламентті  тарату  елдің  жағдайын  одан  сайын  қиындата  түсті.  Жазда 
шотландықтардың жаңа шабуылы басталды. Карл І жағдайы қиындады. 1640 
жылдың  күзінде  парламентті  қайта  шақыруға  мəжбүр  болды.  1640  жылдың 
қараша  айында  жаңа  парламентті  шақыру  революцияның  басталғанын 
көрсетті. 
Англиядағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет