Фараби атындағы Қазақ Ұлттық



Pdf көрінісі
бет4/53
Дата14.05.2020
өлшемі1,55 Mb.
#68471
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
treatise12053

  халқының  əлеуметтік  құрамы.  Англияда  жер  феодалдық 
меншік  еді  жəне  ол  дворяндардың,  шіркеу  мен  биліктің  қолында  болды. 
Ағылшын шаруаларының негізгі бұқарасында өздерінің жер иеліктеріне жеке 
меншік  құқы  болмады.  Еркін  ұстаушылар  –  фригольдерлер  лордтарға  жер 
телімдері  үшін  болмашы  ғана  рента  төлеп,  еркін  иемденуге  құқық  алды. 
Бірақ фригольдерлер шаруалардың шағын бөлегі еді, шаруалардың көпшілігі 
өздерінің  басыбайлы  шаруа  еркіндігін  өтеп  алған  копигольдерлер  болды. 


15 
 
Копигольдер  жер  телімі  үшін  феодалдық  рентаны  тəртіп  бойынша  ақшалай 
төледі.  ХVІІІ  ғасырдың  басында  Орталық  Англияда  капигольдерлер  жер 
ұстаушылардың 60 пайызы, ал Шығыс Англияда үштен бірінен екіден біріне 
дейін  болды.  Солтүстік  жəне  батыс  графтықтарында  копигольдер  жер 
ұстаушы  шаруалардың  басым  бөлегі  болды.  Копигольдерлердің  аз  ғана 
бөлегі ғана өз участогінің мирасқор ұстаушысы еді. Көпшілігі жерді 21 жыл 
ұстады.  Ұстау  мерзімі  біткеннен  кейін  баласы  əкесінің  үлесін  алу-алмауы 
лордтың еркіне байланысты болды. 
Рента  төлеуден  басқа  лордтар  копигольдерден  мүмкіндігінше  алымдар 
(нарықтық,  диірмендік,  қазалық  жиын,  жайылым  үшін  ақы)  алып  отырды. 
Копигольдер  лордтың  ықтиярынсыз  өз  жер  телімдерін  не  жалға  беруге,  не 
сатуға, не кепілдікке бере алмады. Яғни копигольдер шаруашылық ұстаудың 
неғұрлым  шектелген  жəне  құқы  жоқ  түрі  болды.  Ағылшындық  ауылды 
жерлерде  фригольдерлер  мен  копигольдерлерден  басқа  көптеген  (400  мың) 
жері  жоқ  коттерлер  болды,  олар  батрактар  сияқты  қаналып,  екіжақты 
(феодалдық жəне капиталистік қанауда) езгіде болды. 
Ірі  жериеленушілер  өз  қарамағындағы  жерлерін  жайылымға  айналдыра 
бастады.  Олар  мұнымен  қанағаттанбай  бұрын  жер  ұстаушы  шаруалармен 
бірге  пайдаланып  келген  қауымдық  жерлерді  ала  бастады.  Сонымен  бірге 
жерұстаушы  шаруаларды  қуып,  бұл  жерлерді  өздерінің  жайылымдарына 
айналдырумен  болды,  сөйтіп  олар  шаруа  жайылымдары  мен  ауылды 
мекендерді  тұтасымен  көшіріп  отырды.  Басып  алған  жерлерді  дворяндар 
қадамен,  ормен  қоршап  алды.  Ағылшын  шаруаларын  зорлап  жерсіздендіру 
үдерісі «қоршап алу» саясаты деп аталды. 
Жерлерінен  қуылған  шаруалар  қала  мен  ауыл  кəсіпкерлеріне, 
мануфактуралар  мен  фермалардың  қожаларына  өз  еңбек  күшін  сатуға 
мəжбүр болды. Дворяндардың ағылшын шаруаларын зорлап жерсіздендірген 
бұл үдерісі аграрлық төңкерістің алғышарты болды, бұл арқылы Англиядағы 
ескі,  феодалдық  жер  иелену  жаңа,  буржуазиялық  тұрпатқа  айналып,  ауыл 
шаруашылығын капиталистік жолмен ұйымдастыра бастады.  
Сонымен  ағылшын  шаруаларын  күштеп  жерсіздендіру  алғашқы 
қорланудың классикалық үлгісі болды, ауыл шаруашылығында капиталистік 
өндіріске  жол  ашты.  Англияда  капитализмнің  дамуымен  аса  маңызды 
əлеуметтік өзгерістер болды – буржуазия табы: қалалық мануфактура иелері, 
саудагерлер,  өсімқорлар  сияқты  ауылдық  (капиталистік  фермерлер)  тобы 
өсіп,  дамыды.  Осы  дəуірдегі  Англияның  əлеуметтік  құрылысындағы  екінші 
бір  аса  маңызды  ерекшелік  –  феодалдар  табының  «жаңа»  жəне  ескі 
дворяндарға жіктелуі болды. 
1) Ескі дворяндар – тіршілік етудің басты көзі ретінде шаруаларды ескі 
əдетпен қанаушы двояндар. 
2)  «Жаңа»  дворяндар  (джентри)  –  өз  иеліктерінде  тауарлы  өндіріске 
көшкен, яғни өз шаруашылығын капиталистік жолға бейімдеген (қой өсірген, 
жүнмен  пайдалы  сауда  жасаған,  жалдамалы  еңбекті  пайдаланған)  ұсақ 
орташа дворяндар өкілдерінен құралды. 


16 
 
3)  Ауыл  шаруашылығында  өндірістің  капиталистік  түріне  көшу 
жағдайында жер капиталды тиімді сақтау объектісі болды. ХVІ ғасырдың бай 
шаруалары, қалалықтар, шенеуніктер, көпестер жерді ынталана алды. Сөйтіп 
олардың көбі джентрилердің қатарына қосылды.  
Жаңа 
дворяндар 
Англияның 
оңтүстік-шығысы 
мен 
орталық 
графтықтарында  көп  кездесетін  еді,  мұнда  капиталистік  қатынастар 
бұрынырақ  жəне  тез  дамыған  болатын.  Артта  қалған  солтүстік  жəне  батыс 
графтықтарында,  керісінше,  ескі  дворяндар  көп  болды.  Буржуазияның  жаңа 
дворяндармен одағы капитализацияланған жаңа Англияның ескі феодалдық-
абсолюттік  құрылыспен  күресінде  маңызды  алғы  шарт  жасады.  Буржуазия 
мен  жаңа  дворяндар  күш  біріктіре  отырып  абсолютизмге  соққы  беріп, 
революция басталғанға дейін-ақ оны ауыр қаржылық жағдайға душар еткізе 
алды.         
 Англиядағы азамат соғыстары1642 жылы жаздың аяғында Англияда 
азамат  соғысы  басталды.  Ел  іші  қарама-қайшы  екі  лагерьге  бөлінді.  Бай, 
халқы  тығыз,  сауда-өнеркəсібі  жағынан  дамыған  Лондон  бастаған 
Англияның  оңтүстік-шығысы  парламент  тірегі  болды.  Солтүстік  пен 
батыстың  неғұрлым  артта  қалған  графтары  корольді  жақтады.  Парламентті 
қала буржуазиясының əртүрлі топтары, жаңа дворяндар, шаруалардың басым 
бөлігі,  кəсіпкерлер  мен  қаланың  жарлы-жақыбайлары  қолдады.  Олар 
парламент  партиясының  жеңісі  нəтижесінде  өз  жағдайларын  жақсартуға 
үміттенді. Корольдің əлеуметтік тірегі негізінен феодалдық дворяндар болды. 
Сондай-ақ  мемлекеттік  епископ  шіркеуі  корольді  барынша  қолдады.  Оларға 
пуритан парламенті жағынан шіркеу реформасы қауіп төндірген еді. Сондай-
ақ  осы  аудандардағы  шаруалардың  аз  ғана  тобы  қолдады.  Оңтүстік 
Шотландия  да  парламенттің  одақтасы  болды.  Бұл  абсолютизмге 
оппозициялық пиғылда болған дворяндар мен буржуазия еді. Экономикалық 
жағынан  артта  қалған  католиктік  Ирландия  мен  Шотландияның  таулы 
бөліктері король жағында болды. 
Өзінің сипаты мен мақсаты жағынан таптық негізде болған Англиядағы 
азамат  соғысы  жаңа  буржуазиялық,  капиталистік  элементтердің  ескі 
феодалдық-абсолюттік  құрылыспен  күресінің  айқын  көрінісі  еді.  Ол  діни 
идеологияны бетке ұстады. Парламенттік буржуазиялық партия «пуритандық 
партия» болды. Ол өз туының астына пресвитериан, индепендент жəне басқа 
көптеген  діни  секталарды  біріктірді.  Корольді  қолдаушылар  ресми  түрде 
ағылшын шіркеуінің туы астында күресті. Парламенттің экономикалық жəне 
қаржылай  байлығы  корольдің  материалдық  қаржысынан  едəуір  көп  болды. 
Себебі  өнеркəсібі  дамыған  ірі  қалалардың  бəрі  парламент  жағына  шықты. 
Парламенттің қолында маңызды порттар мен флот болды. Парламент Лондон 
банкирлері мен көпестерінен көлемді несие ала алатын еді. 
Алайда  азамат  соғысының  алғашқы  жылдарындағы  соғыс  əрекеті 
парламент  үшін  қолайсыз  болды.  Шабуыл  жасау  ұсынысы  түгелдей  король 
əскерлерінде  болды.  Олар  негізінен  соғыс  ісін  жақсы  білетін  дворяндар  еді. 
Парламент əскері алғашқы кезде өте нашар даярланған. Парламент əскерлері 
əлеуметтік  құрамы  жағынан  əртекті,  əрі  тəртіпке  салынбаған  еді.  Тек  қана 


17 
 
Лондон  кəсіпшілерінен,  кəсіпшілер  мен  сауда  шəкірттерінен  жəне  кіші 
шеберлерден  құрылған  Лондон  милициясы  ғана  айтарлықтай  əскери  күш 
бола алды.  
Алайда  азамат  соғысының  алғашқы  кезеңіндегі  парламенттің 
сəтсіздіктерінің  тек  əскери  емес,  саяси  себептері  де  бар  еді.  Парламент 
армиясына  басшылық,  корольмен  соғыстың  бүкіл  жоспары  пресвитериан 
партиясының  қолында  болды,  ал  ол  король  мен  оның  жақтастарын  толық 
жəне  тез  жеңуге  мүдделі  болған  жоқ.  Азамат  соғысының  барысында 
парламент оппозициясы екі партияға:  неғұрлым байыпты – пресвитериандар 
жəне  неғұрлым радикалды – индепенденттер партиясына бөлінді.  
Парламенттегі  басты  рөлді  пресвитериандар  атқарды.  Бұлар  жаңа 
дворяндардан  шыққан  көпес-монополистер,  банкирлер  мен  ірі  жер 
иеленушілер  еді.  Парламентте  үстемдік  етуші  пресвитериан  партиясы 
соғысты  батыл  жүргізе  алмады.  Ол  тіпті  корольмен  құпия  келісім  жасап, 
сосын  революциялық  толқынды  басып  тастауға  тырысты.  Парламенттің 
король  жөніндегі  батылсыз  саясаты  мен  парламент  əскерінің  сəтсіздіктері 
көп  ұзамай  ағылшын  қоғамының  радикалдық  топтарында  реніш  туғызды. 
Олар  индепендент  партиясының  төңірегіне  бірікті.  Олардың  көсемдерінің 
бірі  –  ағылшын  революциясының  аса  ірі  қайраткері  –  Оливер  Кромвель 
болды.  Кромвель  1599  жылы  шағын  жер  иелігі  бар  дворян  семьясында 
дүниеге  келді.  1640  жылы  ол  парламентке  сайланды.  Мұнда  ол  парламент 
қайраткері  ретінде  емес,  əскерді  ұйымдастырушысы  ретінде  сайланды. 
Кромвель  жауынгерлерін  «сауыт  кигендер»  деп  атады.  1644  жылы  шілдеде 
олар  Марстон-Мур  шайқасында  король  əскерін  –  «кавалерлерді»  жеңіп 
шықты.  Кромвельдің  аты  бүкіл  елге  əйгілі  болды.  1644  жылдың  аяғында 
Кромвель əскерге толық реформа жүргізуді талап етті. «Жаңа үлгідегі əскер» 
деп  аталатын  бұл  жасақ  негізінен  шаруалардан,  кəсіпкерлерден, 
жұмысшылардан,  көбінесе  индепенденттерден  құралды.    1645  жылы 
маусымда Нейзби маңында Кромвель король əскерлерін қиратып салды. 5000 
тұтқын  алып,  бүкіл  артиллерияны,  қыруар  соғыс  жабдықтарын  жəне 
корольдің  барлық  дипломатиялық  жазбаларын  қолға  түсірді.  Мұнда  король 
парламентпен  бітімге  көну  туралы  келіссөз  жүргізумен  бірге  Еуропа 
елдерінен көмек сұрап, жасырын сөз байласып жүрген болып шықты. Король 
үкіметінің беделі тез арада түсе бастады. Нейзби маңындағы шайқастан кейін 
король тағы да бірнеше рет жеңіліп, 1646 жылдың наурызына қарай король 
қамалдарының бəрі  дерлік парламент  əскеріне берілді.  1646 жылғы  сəуірдің 
аяғында король Шотландияға қашты, бірақ ағылшын парламентінен 400 мың 
фунт  стерлинг  алған  шотландықтар  1647  жылғы  қаңтарында  корольді 
ағылшындарға ұстап берді.  
Соғыс  барысында  парламент  əскері  табысқа  жетіп  жатқандықтан 
парламент  буржуазиясының  билеп-төстеушілеріне  тиімді  шаралар  жүргізіп, 
феодалдық  тəртіптің  қалдығын  жоюға  асықты.  Ол  король  мен  епископ 
жерлерін,  сондай-ақ  корольді  жақтаушылардың  жерлерін  тəркілеп,  бұл 
жерлер  сатылды.  Сөйтіп  жаңа  дворяндар  мен  буржуазияны  байытты. 
Дворяндар  өздерінің  феодалдық  төлемдеріне  тыйым  салып,  шаруалардың 


18 
 
бүкіл  феодалдық  төлемдерін  сақтап  қалды.  Парламент  сондай-ақ  «қоршауға 
алуға»  қарсы  барлық  заңдарға  тежеу  салып,  осыған  байланысты  енгізілген 
заң  жобаларының  бəрін  өзгертті.  Корольдің  тұтқынға  алынуымен  жəне 
Уэльстегі  соңғы  роялистік  тірек  пункттердің  құлауымен  1647  жылдың 
наурызында Бірінші азамат соғысы аяқталды. 
Пресвитериан  партиясының  жүргізген  саясаты  халықтың  əртүрлі 
топтарының  арасында  реніш  туғызбай  қойған  жоқ.  Бұған  1647  жылы 
қауымдар  палатасына  түскен  көптеген  петициялар  дəлел  болды. 
Пресвитериандар  азамат  соғысының  нəтижесінде  туған  орасан  зор 
экономикалық  қиыншылықтарды  жеңе  алмады.  Парламентке  түскен 
петицияларда  барлық  жердегі  мұқтаждық  туралы,  өнеркəсіп  пен  саудадағы 
тоқыраудың салдарынан көптеген кəсіпкерлердің Голландияға кетіп жатқаны 
туралы  айтылды.  Ауыл  шаруашылығында  жер  иеленуші  шаруалардың 
жағдайы  ауыр  болғаны  соншалық,  олардың  көпшілігі  лендлордтарға  рента 
төлей  алмады.  Осының  салдарынан  көптеген  қысқа  мерзімді  жер 
иеленушілер өз жер телімдерін лордтарға қайтарып берді.  
Мемлекеттік  шығындарды  жабу  үшін  парламент  жаңа  салықтар  салды.  
Ең  ауыр  салық  –  қажетті  заттарға  салынған  акциз  болды.  Оны  парламент 
алғаш рет 1643 жылы енгізді. Ол мемлекеттік шығындарды жабуда үлкен рөл 
атқарды.  Халық  əскерді  ұстаудан  қатты  зиян  шекті.  Өйткені  солдаттарға 
тұрғын  үй  мен  тамақ  беруге  тиісті  болды.  Парламент  офицерлер  мен 
солдаттардың  жалақысын  үнемі  кешіктіріп  отырғандықтан  əскер  де  ашулы 
болды.  Азамат  соғысынан  кейін  əскер  пресвитериандардың  емес, 
индепенденттердің жағына шыға бастады. 
Индепенденттер  король  үкіметін  құлатуды  талап  еткен  жоқ.  Сонда  да 
оған  айтарлықтай  шек  қоюды,  парламент  үкіметін  орнатуды  талап  етті. 
Мұның  мəнісі  жаңа  дворяндар  мен  буржуазияның  саяси  құқықтарын 
қамтамасыз  ету  еді.  Олардың  монополияны  жоюға  деген  талабын 
буржуазияның  билеп-төстеушілері  пайдаланды.  Сөйтіп  басқа  буржуазиялық 
топтардың,  сондай-ақ  шаруалар  мен  кəсіпшілердің  мүддесіне  нұқсан 
келтірілді.  Олардың  пресвитериандардың  салық  жөніндегі  саясатына 
наразылығы  мен  король  өкіметіне  шек  қою  мəселесіндегі  батыл  ұстанымын 
халық бұқарасы кеңінен қолдады. Индепенденттер партиясы əскерде, əсіресе 
офицерлер  арасында  кеңінен  белгілі  болды.  Оны  əскерінің  көрнекті 
қайраткерлері  –  Кромвель,  Айртон  басқарды.  Пресвитариандар  мен 
индепенденттер  арасындағы  күрес  –  парламент  пен  əскер  арасындағы  өрши 
түскен қақтығыс өз келбетін тапты. 
Əскерге,  ең  алдымен  оның  жауынгерлеріне  жаңа  саяси  топ  та  арқа 
сүйеді,  ол  левеллерлер  деп  аталды.  Бұлардың  ең  дарынды  көсемі  Джон 
Лильберн  болды  (1618-1657).  Ол  батыл  үгітші,  саяси  күрескер  еді. 
Левеллерлер индепенденттер саясатын сынады. Олар жалпыға ортақ теңдікті 
жəне  ер  адамдар  үшін  жалпыға  бірдей  сайлау  құқын  енгізуді  талап  етті. 
Шіркеуді мемлекеттен бөлуді, жеке басы мен үй-мүліктерінің, баспасөз, діни 
сенім бостандығын талап етті. 


19 
 
Сонымен, пресвитериандарға қарсы саяси күштер əскерге сүйеніп, соған 
үміт  артты.  Пресвитериандар  парламентіне  наразы  болған  левеллерлер 
индепенденттермен  жақындасты.  Индепенденттер  негізінен  əскердің 
офицерлер  құрамына  сүйенді,  ал  левеллерлерді  жауынгерлердің  көпшілігі, 
сондай-ақ  демократиялық  пиғылдағы  офицерлер  жақтады.  Кромвель  əскері 
революциялық  насихаттың  ошағына  айналды.  Енді  парламент  əскерден 
құтылуды ұйғарды. 
1647  жылы  19  ақпанында  қауымдар  палатасы  асығыс  түрде  армияны 
тарату  туралы  шешім  қабылдады.  Бұл  қаулы  армияда  үлкен  наразылық 
туғызды. Кромвель парламентпен келіссөз жүргізуді өз міндетіне алды. Бірақ 
парламент көнбейтін болған соң, Кромвель жауынгерлермен келісуге мəжбүр 
болды. Индепенденттер көсемдері жауынгерлерді белгілі шекарада ұстағысы 
келді,  бірақ  Кромвель  үгітші-жауынгерлермен  жанжалдасуға  бара  алмады. 
Өйткені,  біріншіден  пресвитериандар  əлі  қуатты  еді.  Ал  екіншіден  əскер 
ішінен  шыққан  «жауынгер  үгітшілерінің  кеңесі»  жауынгер  бұқарасымен 
тығыз  байланысты  екенін  индепенденттер  өз  көзімен  көрді.  Бұл  күшті 
зорлықпен 
жоюға 
тырысу, 
əскердің 
басым 
бөлігімен 
күресу 
пресвитериандарға қарсы күрес тұғырын əлсіретер еді. 
Сондықтан  Кромвель  «Жауынгер  үгітшілерінің  кеңесімен»  тиімді 
келісім табуға ұмтылды. Мұндай жол жалпы əскери кеңес болды. Бұл кеңесті 
құрғаннан  кейін  Кромвель  үгітшілердің  əрекетіне  бақылау  жасауды  өз 
қолына  алды.  Үгітшілердің  офицерлер  көпшілігіне  бағынуына  тура  келді. 
Үгітшілердің  қысымымен  индепенденттер  басшылары  тамыздың  басында 
Лондонды  алуға  бұйрық  берді.  Енді  елдің  бүкіл  саяси  өмірі  əскерге 
шоғырланды.  Əскерде:  офицер-индепенденттер  жəне  левеллерлер  идеясын 
жақтайтын  жауынгерлердің  екі  тобы  құрылды.  Офицерлер  тамызда  жаңа 
конституция жобасын жариялады. Ол «Негізгі ұсыныстар» деп аталды. Оның 
мазмұны: парламентті тарату, заттай салық цензасының негізінде парламент 
құру, тиісті салық төлемегендерді сайлау құқынан айыру болды.  
Əрине  бұл  жоба  буржуазияны,  джентрилерді,  болмаса  кедей  жəне  орта 
шаруа-капигольдерлерді, 
коттерлерді, 
кəсіпкерлерді, 
жұмысшыларды 
қанағаттандыра  алмайтын  еді.  Конституцияның  индепенденттік  жобасының 
шектелген сипаты əсіресе король мен лордтар туралы бабында айқын көрінді. 
«Негізгі  ұсыныстар»  монария  мен  лордтар  палатасын  сақтауды  көздеді. 
Конституция  жобасының  арнаулы  (ХІV)  бабында:  «мəртебелі  корольдіктің 
құқын, бостандығын, бейбітшілігі мен қауіпсіздігін белгілеп, қамтамасыз ету 
керек»  делінген.  Осы  жобаға  қарсы  əскер  өкілдері  левеллерлер  өздерінің 
əлеуметтік-саяси өзгертулері кеңейтілген бағдарламасын жасады. 1647 жылы 
15  қазаннан  бастап  «Əскер  ісі»  деген  бағдарламасын  халыққа  таратты. 
«Əскер  ісінің»  басты  авторларының  бірі  –  Джон  Уайлдман  болды.  Ол 
левеллердің  көрнекті  шешені  жəне  публицист  еді.  Олар  король  өкіметін, 
лордтар  палатасын  мойындамады.  Левеллерлер  жалпыға  бірдей  сайлау 
құқының негізінде сайланған бір палаталы парламентті жақтады. «Əскер ісі» 
бағдарламасы  бірқатар  əлеуметтік-экономикалық  талаптарды:  кедейлерге 
салықты  азайту;  банкирлерге  салықты  көбейту;    «Қоршауға  алу»  саясатын 


20 
 
тоқтату,  тартып  алынған  қауымдық  жерлерді  қайтару,  монополияны, 
десятинаны  жоюды  қарастырды.    Бұл  құжат  əскердегі  екі  лагерьдің  – 
индепенденттер  мен  демократия  лагерінің  батыл  жікке  бөлінуінің  айғағы 
болды.    Левеллерлер  «Əскер  ісі»  бағдарламасынан  басқа  «Халық  келісімі» 
құжатын  жасады.  «Халық  келісімі»  -  бұл  левеллерлердің  демократиялық 
конституциясының жобасы болды. «Халық келісімі» жалпыға бірдей сайлау 
құқын, мемлекеттің діни іске ешбір қол сұқпауын, лордтар палатасы, король 
өкіметі  сияқты  феодалдық  мекемелерді  жоюды  талап  етті.  Бұл  Англиядағы 
феодалдық  тəртіптерді  революциялық  жолмен  жою  ісінде  батыл  қадам 
болды.  Алайда  Кромвель  бастаған  индепенденттер  жалпыға  ортақ  сайлау 
құқы  мен  барлық  адамдардың  теңдігін  Заң  алдында  жеке  меншік  пен  өз 
сенімдері үшін қауіпті деп білді. 
Халық  бұқарасының  күшімен  абсолютизмді  жеңе  отырып,  ағылшын 
буржуазиясы  мен  джентрилер  феодалдық  монархиямен  күресте  өздерінің 
демократиялық 
одақтастарына 
бірден 
ноқта 
кигізбек 
болды. 
Индепенденттердің бұл талабының айқын көрінісі Патнидегі Əскер Кеңесінің 
мəжілісіндегі  жарыссөз  болып  табылады.  Бұл  1647  жылдың  қазан-қараша 
айларында  өтті.  Бұл  жоғары  офицерлер  құрамы  мен  левеллерлер  кездескен 
конференция  еді.  Ең  көп  талқыланған  мəселе  –  сайлау  құқығы  болды. 
Левеллерлер  жалпыға  ортақ  сайлау  құқының  енгізілуін  талап  етті.  «Біз 
соғыста  құқысыз  болып  қалу  үшін  шайқасқанымыз  жоқ»  деді  левеллерлер. 
Бірақ  индепенденттер  жалпыға  ортақ  сайлау  құқынан  қорықты.  Дегенмен 
ақыр  аяғында  левеллерлер  ндепенденттердің  бұл  ұсынысына  көнді.  Олар 
кіші  шеберлердің,  қызметшілер  мен  кедейлердің  сайлау  құқынан  айыруға 
келісім  берді.  Бірақ  олар  конституция  мəселесінде,  яғни  Англияның 
болашақтағы  саяси  құрылысы  жөнінде  өзара  келісімге  келе  алмады. 
Левеллерлер  мен  оның  жетегіндегі  əскерилер    заңдық  билікті  тек  өздеріне 
беруді  қауымдар  палатасының  басшыларынан  талап  етті.  Олар  лордтар 
палатасы  да,  король  де  қауымдар  палатасының  шешіміне  тыйым  сала 
алмайды, тіпті бөгет жасай алмайды деп санады. 
Бұған  керісінше,  грандтар  монархиялық  құрылыстың  сақталуын  қалап, 
елдегі  бейбітшілік  пен  тыныштықты  сақтау  үшін  «корольдің  көмегі»  керек 
деді.  Жарыссөз  қыза  түсті,  грандтар  мен  левеллерлер  арасында  келісім 
болмай  қалды.  Полктерде  көтеріліс  басталды.  Левеллерлердің  бірінші 
аттанысы  1647  жылы  15  қарашада  болды.  Полктердің  бірін  Джон 
Лильберннің  інісі  –  Роберт  Лильберн  басқарды.  Алайда  көтеріліс  тез 
басылды.  Тұтқынға  алынғандарды  əскери  сот  үкім  шығарып  үшеуін  өлім 
жазасына кесті. 
Бірақ  бұдан  кейінгі  оқиғалар  левеллерлер  мен  индепенденттерді 
уақытша  бірігуге  мəжбүр  етті.  Өйткені  корольді  жақтаушылардың  бас 
көтеруі  жəне  жаңа  екінші  азамат  соғысы  пісіп  келе  жатты.  Уэльсте,  Кентте 
жəне басқа графтықтарда роялистік көтерілістер бұрқ ете түсті. Жаңа азамат 
соғысының  үшінші  ошағы  бірте-бірте  Англияның  солтүстік  шекараларында 
пайда  бола  бастады.  Кенттегі  көтеріліспен  бір  мезгілде  флотта  да  көтеріліс 
болды. Көтеріліске шыққан кемелер Голландия жағалауына қарай бет алды, 


21 
 
мұнда  көтеріліске  шыққан  флотты  Карл  І  ұлы  ханзада  Уэльский  басқарды. 
Роялистерге  барлығы  10  кеме  қосылды.  Сонымен  екінші  азамат  соғысы 
роялистердің бірқатар табыстарымен басталды. Олар алғашында парламентті 
жақтаушыларға  қатты  қауіп  төндірді.  Бірнеше  айдан  кейін  революцияшыл 
əскер соғыстың үш жерінде де жеңіске жетті. 
1648  жылдың  мамыр-маусым  айларында  Кромвель  басқарған  7  мың 
адам  Уэльске  жіберілді.  Мұндағы  мақсат  –  осындағы  роялистердің  басты 
күшін жою еді. Маусым-шілде айларында əскердің 7 полктен тұратын басқа 
бөлімдері  Кентке  беттеді.  Мұнда  ханзада  Уэльстің  жағына  шыққан  соғыс 
кемелерінің  көтерілісшілерге  көмектесуі  мүмкін  еді.  Алайда  Ферфакс  пен 
Айртонның  Кенттегі  əрекеті  сəтті  басталды.  Бірнеше  күннен  кейін 
Колчестер, Дувр, Кентербери алынды. 
Тамыз-қыркүйек  айларында  Кромвель  Оңтүстік  Уэльстегі  роялистерді 
талқандап,  солтүстікке  қарай  асықты.  Ондағы  ойы  –  шотландықтарды 
Англия  аумағына  жібермеу  еді.  17  тамызда  Кромвель  Престон  түбінде 
шайқасқа кірді. Келесі күні ол шотландықтардың негізгі күшін талқандады. 
Престондағы  шайқас  революцияшыл  əскердің  тағы  бір  тамаша  жеңісі 
болды.  Кромвель  мұнда  да  өзінің  үлкен  қолбасшылық  өнерін  көрсетті. 
Кромвель  саны  жағынан  екі  есе  көп  шотландия  мен  ағылшын  роялистерін 
талқандап  шықты.  Престондағы  жеңістен  кейін  21  қыркүйекте  Кромвельдің 
əскерлері  Шотландия  жеріне  кірді.  Мұнда  оны  Шотландияның  жаңа 
билеушілері  салтанатпен  қарсы  алды.  Шотландықтар  Англиядан  қуылып, 
Колчестер  тізе  бүккеннен  кейін  екінші  азамат  соғысы  іс  жүзінде  аяқталды. 
Ол революцияшыл əскердің роялистерді толық жеңуімен аяқталды.  
Алайда  Лондонда  əскер  жоқ  кезде  пресвитериандар  парламентте 
қайтадан  басым  болды.  Парламент:  ағылшын  конституциясы  бұдан  былай 
өзіне  корольді,  лордтар  мен  қауымдар  палатасын  енгізуге  тиіс  деп 
жариялады.  Сөйтіп  парламент  корольдің  қайтадан  таққа  келу  жағдайларын 
ойластырды.  Осы  оқиғаға  байланысты  əскерилер  «Əскерді  қайта  құру» 
декларациясын  қабылдады.  Мұнда  корольмен  келіссөз  жүргізуді  тоқтатуды 
жəне корольді сотқа тартуды, сөйтіп парламентті таратуды талап етті. Алайда 
парламент  Карл  І-мен  келіссөз  жүргізуден  бас  тартпағаны  былай  тұрсын, 
əскерді  тарату  туралы  шешім  қабылдады.  Осыдан  кейін  əскер  Лондонға 
жетуге  асықты.  Кромвельдің  бұйрығымен  полковник  Прайд  парламентті 
пресвитиандар  депутаттарынан  түгел  «тазартты».  Тарихқа  «Прайдтың 
тазалауы» деген атпен енген осы оқиғалар кезінде қауымдар палатасының 47 
мүшесі  тұтқынға  алынды.  Прайдтың  тазалауы  нағыз  төңкеріс  болды.  Ол 
өкімет  билігін  индепенденттерге  алып  берді.  Пресвитериандардың  үстемдік 
ету  кезеңі  аяқталып,  Кромвель  мен  оның  партиясының  үстемдік  ету  кезеңі 
басталды.  Ақырында  1649  жылы  30  қаңтарда  «тиран,  опасыз,  кісі  өлтіруші 
жəне  мемлекеттің  жауы»  ретінде  корольдің  басы  алынды.  Сонымен,  халық 
бұқарасы  мен  левеллерлер  партиясының  ұзаққа  созылған  табанды  күресі 
индепенденттерді корольді өлтіріп, монархияны жоюға мəжбүр етті. 
1649  жылдың  ақпанынан  бастап  Англия  Парламент  басқаратын 
республика  болып  жарияланды.  Жаңа  республиканың  жағдайы  өте  күрделі 


22 
 
болды.  Жаңа  саяси  құрылысты  нығайту  үшін  оны  ел  ішінде  жəне  одан 
тысқары  жерлерде  əрекет  етуші  ескі,  биліктен  айрылған  феодалдық 
күштердің  қастандығынан  қорғау  керек  еді.  Екінші  жағынан  Англияның 
жаңа  билеушілері  өз  қолдарында  билікті  ұстап  қалуы  үшін  буржуазиялық 
республикаға  қанағаттанбаған  демократиялық  халық  бұқарасы  тарапынан 
келетін  қауіптің  бетін  бұруға  тиіс  болды.  Оңнан  да,  солдан  да  келетін 
дұшпандарына 
тойтарыс 
беру 
– 
республиканың 
индепенденттік 
басшылығының  басты міндетіне айналды.  
Монархияны  реставрациялаудың  қауіптілігі,  əсіресе  бірінші  кезеңде 
күмəнсіз  болды.  5  ақпанда  Эдинбургте  Шотландия  монархистері  ағылшын 
пресвитериандарымен  жəне  роялистерімен  бірігіп,  өлім  жазасына  кесілген 
Карл  І-нің  ұлы  Уэльс  ханзадасы  Карлды  король  деп  жариялады.  Бұл 
республикаға  жасалған  ашық  шабуыл  еді.  Əсіресе  солтүстік  жəне  батыс 
графстволарындағы роялистердің бүлігі шын қауіп төндірді. Бұл ұзақ уақыт 
бойы  корольдің  тірегі  болған  еді.  Сондай-ақ  Ирландия  теңізінің  бойына 
орналасқан,  Ирландияның  католиктік  жəне  роялистік  орталығына  неғұрлым 
жақын графстволар қауіп төндірді. 
Ұзақ  парламентке  бірқатар  репрессиялық  шаралар  қабылдауға  тура 
келді. Осылайша роялистік партияның аса қауіпті басшылары өлім жазасына 
кесілді.  Герцог  Гамильтон,  Голландия  лордтары  мен  Капельдің  бастары 
алынды.  Бұл  роялистік  контрреволюцияға  берілген  қатты  соққы  болды,  ол 
өзінің ең белсенді көсемдерінен айрылды. Роялистерді қуғындау тоқтамады. 
Белгілі  монархистердің  бір  бөлігі  Англиядан  қуылып,  жер  иеліктері 
тəркіленді,  екіншілері  түрмелерге  қамалып,  жер  иеліктерінен  айрылды. 
Роялистерге  қарсы  террор  өз  əрекетін  жандандырды.  Монархияны 
жақтаушылар ендігі жерде ел ішіндегі роялистік күштерге үміт артудан гөрі 
сырттан  көмек  күтуге  тиіс  болды.  Шетел  интервенциясының  қаупі  ол  кезде 
өте  күшті  еді.  Бұл  кезде  республиканы  бірде-бір  үкімет  мойындаған  жоқ. 
Көптеген  еуропалық  мемлекеттер  корольді  өлім  жазасына  кесуге  наразы 
екендіктерін ресми түрде мəлімдеді. 
«Патшаны өлтіруші» республиканы Франция, Испания, Австрия сияқты 
феодалдық  еуропалық  монархиялар  ғана  емес,  тіпті  буржуазиялық 
Голландияның  республикалық  үкіметі  де  мойындамай,  өлім  жазасына 
кесілген Карл І-нің ұлы – болашақ Карл ІІ  өздерінде қабылдауға жол берді. 
Голландия  ағылшын  роялистерінің  жаңа  ағылшын  мемлекетіне  қарсы 
күресте  құрылықтағы  аса  белсенді  қызметінің  тірегі  болды.  Ирландияда 
Англияға  жіберу  үшін  көрнекті  роялист  граф  Ормондтың  басшылығымен 
тұтас бір əскер дайындалып жатты. Роялистік қауіп Шотландия тарапынан да 
төнді.  Мұнда  республиканы  танудан  бас  тартып  қана  қойған  жоқ,  Уэльс 
ханзадасын Король де жариялады.  
Шетелдердегі  роялистік  агенттер  де  революцияшыл  Англияға  қарсы 
басараздықтарын  күшейтті.  Əсіресе  Францияда  Генриетта  –  Мария  əрекетін 
тоқтатпады.  Тіпті  Англияның  өз  отарлары  да  метрополияға  қарсы 
дұшпандық  ұстанымда  болды.  Интервенцияның  қаупі  республика  үкіметін 
сырттан  жасалатын  шабуылға  қарсы  теңіз  жағалауларын  нығайту  үшін 


23 
 
асығыс  түрде  шаралар  қабылдауға  мəжбүр  етті.  Флот  едəуір  күшейтілді, 
флотқа басшылық ету қайта құрылды. 
Индепенденттер 
республикасы 
үшін 
ел 
ішінде 
роялисттік 
контрреволюциядан  басқа  да  қауіптер  бар  еді.  Буржуазияның  барлық 
топтары  бірдей  республиканы  қолдаған  жоқ.  Ұзақ  парламенттің 
пресвитариандық  көпшілігінің  тірегі  болған  Ситидің  ақшалы  қапшықтары 
жаңа мемлекеттік тəртіпке қырын қарады. 
Алайда  ағылшын  республикасының  үкіметі  алдында  өте  қиын  ішкі 
міндет  тұрды:  ол  жеңген  тап  пен  қалың  еңбекші  бұқарасының  талаптары 
арасындағы  қайшылық  еді.  Бұл  қайшылықтың  күшті  болғаны  соншалық, 
Англияда  жаңа  революциялық  толқын  туып  келе  жатқан  сияқты  болды. 
Англиядағы қалың еңбекшілер бұқарасының жағдайы республиканың орнау 
кезеңінде  өте  ауыр  болды.  Азамат  соғысының  барысында  жəне  егіннің 
шықпай қалуынан  қатты  зиян  шеккен  ауыл  шаруашылығы халықты  қажетті 
тағам  өнімдерімен  қамтамасыз  ете  алмады.  Азық-түліктің  жетіспеуі  тағам 
өнімдерінің  бағасын  күрт  өсіріп  жіберді.  Ең  алдымен  нанның  қымбаттауы 
ағылшын халқының қалың бұқарасы арасында аштық туғызды, қайыршылық 
күйге  душар  етті.  Англияда  ешқашан  мұндай  ауыр  жағдай  болған  емес  еді. 
Ондаған  мың  кедейлер  аштыққа  ұшырап,  қырылып  жатты,  тіпті  орташа 
дəулеті  бар  адамдар  кедей  болып  шықты,  ал  бұрын  кедей  болғандар  енді 
құрып кетуге сəл-ақ тұрды.  
Алайда буржуазия халық қамын ойламады. Республика өзінің өмір сүруі 
үшін  соғыс  жүргізіп  жатты.Əскерді,  флотты  ұстауға  жұмсалған  орасан 
шығындар  қазынаны  қаңыратты.  Индепенденттер  парламентінің  осы 
шараларының  бəріне  қайтарылған  жауап  –  Джон  Лильберннің  тамаша 
памфлеттерінің  бірі  –  «Англияның  жаңа  бұғауларын  əшкерелеу»  деген 
памфлеті  болды.  Памфлеттің  атының  өзі  көп  нəрсені  аңғартады.  Мұнда 
индепенденттер  республикасының  құрылысы  «Англияның  жаңа  бұғаулары» 
ретінде алынады. Петиция түрінде жазылған бұл памфлет парламентке табыс 
етілді.  Мұнда  Лильберн  индепенденттер  республикасының  мемлекеттік 
құрылысын қатаң сынға алады.  
Лильберн  республика  басшыларын  «ұлт  мүддесі  үшін,  еңбекшілер  мен 
кедейлердің жағдайын жеңілдету  үшін ешнəрсе істеген жоқ»  деп  айыптаған 
кезде  памфлеттің  жалынды  күші  арта  түседі.  Лильберн  мемлекеттік 
қызметтерді  бір-біріне  жəне  өздерінің  туған-туысқандарына  бөліп 
бергендерді, жыл сайын түсетін мыңдаған жəне жүз мыңдаған фунт стерлинг 
қаржыны  жеке  мүддесі  үшін  талан-таражға  салып,  мемлекеттік  несиеге 
нұқсан  келтіріп,  көптеген  семьяларды аш  қалдырғандарды  жауапқа  тартуды 
талап  етеді.  Левеллердің  ойындағысы  мұндай  республика  емес  еді, 
демократияшыл  бұқара  –  шаруалар,  кəсіпкерлер,  қала  мен  ауыл  кедейлері 
король мен монархияға қарсы мұндай мемлекеттік құрылыс үшін шайқасқан 
жоқ 
болатын. 
Халық 
бұқарасының 
демократияшыл 
идеалдары 
индепенденттер  құрған  республиканың  болмысымен  мүлде  жанаспады. 
Лильберн мен оның жақтастары формальдық теңдікті, яғни барлық адамның 
заң алдындағы теңдігін талап етті, бірақ ұсақ буржуазияның өкілдері ретінде 


24 
 
жеке  меншікті  бұлжымас  нəрсе  деп  есептеді.  Левеллердің  жеке  меншікке 
мұндай  көзқарасы  қала  мен  ауылдың  жартылай  пролетарлық  жəне 
пролетарлық  элементтерін  қанағаттандыра  алмады.  Сондықтан  да 
левеллерлер  арасынан  «нағыз  левеллерлердің»  немесе  диггерлердің 
(теңгермешілердің) неғұрлым батыл ағымы бөлініп шықты. 
Қала  плебейлері  мен  ауыл  кедейлерінің  мүддесін  білдіре  отырып, 
диггерлер  жерге  жеке  меншіктің  болуына  қарсы,  сословиелік  теңсіздікке, 
феодалдық тəртіптерге, адамды адамның қанауына қарсы шықты. Диггерлер 
қозғалысының көрнекті басшысы мен идеологы Джерард Уинстенли болды. 
Оның  басты  памфлеттері:  «Əділеттіліктің  жаңа  заңы»  (1649  жылы  қаңтар), 
«1649  жылдың  сəуірі»,  «Англияның  кедей  езілген  халқының  декларациясы» 
(бұған  45  адам  қол  қойды).  Бұларда  диггерлердің  жалпы  идеялары  мен 
тікелей  мақсаттары  айтылды.  Памфлетте  құлдық  атаулының  басты  көзі  мен 
себебі  жерге  деген  жеке  меншікті  дəлелдеді.  «Жер  тек  сіздер  үшін,  сіздер 
оның  қожасы,  ал  біз  сіздердің  құлдарыңыз,  қызметшілеріңіз  бен  қайыршы 
болуымыз үшін жаратылған жоқпыз. Жер барлық адамдар үшін ортақ өмірлік 
қажеттілік  болуға  жаратылған»  –  деп  жазды  диггерлер  өзінің  памфлетінде. 
1649  жылдың  басында  диггерлердің  ашық  бас  көтерулері  басталды.  Олар 
бейбіт  сипатта  болды,  өйткені  диггерлер  өз  мақсаттарын  күш  қолданбай, 
бейбіт  жолмен  жүзеге  асырамыз  деп  есептеді.  Олар  сондықтан  игерілмеген 
қауымдық жерлер мен бос жатқан жерлерді күрекпен қазып, өңдей бастады. 
(Диггерлер  деген  ат  осыдан  шыққан.  Сөзбе-сөз  аударғанда  «қазушылар», 
ағылшынның todig – қазу деген сөзінен шыққан). Олар кедейлерді өздерінен 
үлгі  алуға  шақырды.  Кейін  неғұрлым  жетілген  жəне  əділетті  қоғамдық 
құрылысқа  көшпек  болды.  Онда  жеке  меншік  болмайды,  бəрі  бірігіп  еңбек 
етеді, бірге тамақтанады жəне өмірлік игіліктердің бəрін теңдей бөліседі деп 
ойлады олар. 
Алайда  диггерлердің  қауымдық  жерлерді  өңдеуден  əрі  баруға  батылы 
жетпеді. Олар күрес пен күштеу жолымен емес сендіру жолымен, «христиан 
рухының» сүйіспеншілігі мен жеңісі жолмен лордтарды олардың идеяларын 
қабылдауға,  сөйтіп  жерді  бүкіл  халықтың  пайдалануына  беруге  көндіре 
аламыз  деп  ойлады.  Левеллерлер  мен  диггерлердің  көтерілісін  басқаннан 
кейін  Кромвель  Ирландияны  бағындыруға  кірісті.  Ирландияға  жасалған 
əскери  экспедиция  ағылшын  буржуазиясына  экономикалық  жағынан  да, 
сондай-ақ саяси жағынан да қыруар пайда келтірді. Экономикалық жағынан 
ол буржуазияның Ирландия жерін тəркілеу есебінен, Ирландия халқын тонау 
мен құлдыққа айналдыру есебінен баюына мүмкіндік берді. 
Саяси  жағынан  –  Ферфакс  пен  Кромвель  бастаған  əскер  басшыларына 
левеллерлерден,  əскердің  революцияшыл  ниеттегі  бөлігінен  құтылуға,  оны 
Англиядан  қууға  мүмкіндік  берді.  Ирландия  соғысында  əскерді  өз  жағына 
қаратып  алу,  жауынгерлерді  Ирландия  жерлері  мен  мүліктерін  тонау 
мүмкіндігімен  еліктіру  –  олардың  назарын  ішкі  саясат  мəселелерінен 
аударып жіберу деген сөз еді. Ирландияға осы мақсатқа сай жабдықталған 12 
мың жауынгерді бастап Кромвельдің өзі аттанды. 


25 
 
Бұл жазалаушы экспедиция ирландықтарды 1641 жылғы көтерілісі үшін 
«жазалау»  деген  сылтаумен  жасалды.  Негізінде  бұл  басып  алу,  отарлау 
соғысы  болды.  Ол  өте  қатаң  жүргізілді.  Тек  жауынгерле  ғана  емес,  бейбіт 
тұрғындарға  да  аяушылық  болмады.  Қарттар,  əйелдер,  балалар  жасырынған 
үйлер  мен  шіркеулер  отқа  өртелді.  Ирландия  халқының  қарсылығын  жою 
үшін  Кромвель  ең  қатал  жəне  тағылық  əрекеттің  бəрін  жасап  бақты. 
Ирландия халқының үштен бірі қырылды. Көбі тұтқынға алынып Америкаға 
құлдыққа сатылды.  
1652  жылдың  мамырына  қарай  соғыс  əрекеттері  негізінен  аяқталды. 
Сосын  ағылшындар  Ирландияны  тонауға  –  яғни  Ирландия  халқын  жерді 
бөлісу  жолымен  тонауға  кірісті.  Ирландия  ағылшын  отарына  айналды. 
Тоналған  жəне  қысым  көрген  Ирландия  халқы  осы  күннен  бастап  өздерін 
құлдыққа  салушылар  ретінде  ағылшындарды  жек  көре  бастады.  Ситидің  ірі 
саудагерлері  жəне  республика  басшылары  мен  Кромвель  басқарған  əскерді 
байытқан  Ирландияның  таңдаулы  жерлерінің  орасан  бөлігін  тəркілеу 
Ирландияда  жаңа  жер  аристократиясын  құруға  алып  келді.  Ол  Англияның 
өзіндегі реакцияның тірегі болды. 
Ирландиядағы  көтерілісті  басқаннан  кейін  Кромвель  Шотландияға 
тиісті.  Ол  бірнеше  шайқаста  Карл  ІІ-нің  əскерлерін  талқандады.  Король 
қашып  құтылды.  Кромвель  Шотландияның  король  тағын  дарға  асуға 
бұйырды.  1654  жылы  Англияны,  Шотландияны  жəне  Ирландияны  біртұтас 
мемлекетке  біріктіру  туралы  заң  шығарылды.  Шотландия  мен  Ирландия 
парламенттері жойылып, олардың депутаттарына ағылшын парламентінен 30 
орыннан бөлінді. 
Республика  өз  қуаты  мен  күшінің  шыңына  шықты.  Шет  мемлекеттер 
Англиямен  дипломатиялық  жəне  сауда  қатынастарын  қайта  бастады.  Өзінің 
ішкі  жауын  талқандаған  соң  ағылшын  буржуазиясы  сыртқы  жауларымен 
жəне  бақталастарымен  күресуге  өзін  күшті  сезінді.  1651  жылы  парламент 
«Навигациялық  акт»  (теңізде  жүзу  туралы  заң)  шығарды.  Бұл  заң  бойынша 
тауарларды  Англияға  тек  ағылшын  кемелерімен  немесе  əкелінген  тауарды 
шығаратын елдің кемелерімен əкелуге рұқсат етілді. 
Бұл заң Голландияның аралық саудасына нұқсан келтіргендіктен ол бұл 
заңды  қабылдаудан  бас  тартты.  1652-1654-жылдары  Англия  мен  Голландия 
арасында соғыс болып, мұнда Голландия жеңіліп қалды. Англияның отарын 
кеңейтуге  ұмтылған  Кромвель  Испаниядан  Ямайка  аралын,  Вест-Индияны 
тартып алды. 
Протекторатқа


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет