Фараби атындағы Қазақ Ұлттық



Pdf көрінісі
бет7/53
Дата14.05.2020
өлшемі1,55 Mb.
#68471
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53
Байланысты:
treatise12053

2-ТАҚЫРЫПХVІІХІХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ 
ЖАРТЫСЫНДАҒЫ
 АНГЛИЯ 
 
Х
VІІ  ғасырдағы  Англияның  сыртқы  саясаты.  Жаңа  кезеңнің 
басындағы  Англия  тарихының  ең  маңызды  оқиғасы  ретінде  1640-1660 
жылдардағы буржуазиялық революцияны айтуға болады. Бұл революцияның 
нəтижесі  Англияның  алдағы  екі  ғасырдағы  халықаралық  қатынастар 
жүйесіндегі алатын орны мен рөлін айқындап берді. Ағылшын революциясы 
мемлекеттің  сыртқы  саяси  бағытын  айқындап,  британ  дипломатиясының 
жаңа  қағидатының  қалыптасуына,  оның  жаңаша  сипатқа  ие  болуына  əсер 
етті.  Монархияға  қарсы  ұзақ  күрес  нəтижесінде  ағылшын  буржуазиясы 
билікке  келіп,  парламентте  орынға  ие  болумен  қатар,  мемлекеттің  сыртқы 
саясатын  қалыптастыруына  араласты.  Буржуазия  мен  джентри  атты  жаңа 
дворяндар  тұрақты  тəртіпті  жəне  Еуропа  құрлығындағы  державалармен 
сауда-саттық,  дипломатиялық  қатынастар  орнатуды  көздеді.  Қомақты 
қаржыға ие бола отырып, өндірісті капиталистік негізде дамыта отырып, олар 
Еуропа  нарығына  соғыс  арқылы  емес,  экономика  арқылы  келуге  талпынып, 
Еуропаның британ өнімдерін пайдалануына ықпал етті. 
Ағылшын 
революциясы 
кезіндегі 
британ 
дипломатиясының 
ерекшеліктері  қарапайымдылық,  биік  мақсат  қоя  білу,  батылдық  болып 
табылады.  Осы  жетістіктер  оның  абсолюттік  монархия  кезіндегі 
дипломатиядан  айырмашылығы  еді.  Абсолюттік  монархия  кезіндегі 
дипломатияда құпиялық, тартыс, қастандық, күрделі мəселелер белең алды.  
Англияның  сыртқы  саясаты  ХVІІ  ғасырдың  40-50-жылдары  алғашында 
парламент  арқылы,  кейін  1653  жылы  парламент  тараған  соң  Оливер 
Кромвельдің  араласуымен  жүргізілді.  Король  мен  парламент  арасындағы 
тартыс  кезінде  Англия  Еуропадағы  жағдайға  араласпады.  Флот,  буржуазия 
мен  сауда-саттықпен  тығыс  байланыста  болғандықтан,  парламент  пен 
революция  жағын  қолдады,  бұл  революцияны  Еуропа  державаларының 
интервенциясынан қорғап қалды.  
Бұл  кезеңде  Еуропа  монархтары  Англиядағы  жағдайдан  бейхабар 
болғандықтан,  британ  мəселелеріне  қызығушылық  танытпады.  Ағылшын 
революциясының алғашқы жылдарында Еуропа мемлекеттерінің билеушілері 
оған  дұрыс  баға  бермей,  континент  үшін  жасайтын  əсерін  түсінбеді, 
сондықтан  Англиядағы  азамат  соғысы  сыртқы  елдердің  кедергісінсіз  жүріп 
жатты.  Алайда  британ  монархы  І  Карл  Стюарт  Франциядан  қолдау  табу 
мақсатында құпия хат алысқанмен, сəтсіздікке ұшырады. 1645 жылы Нейзби 
түбіндегі  шайқастан  соң  құпия  хаттар  парламенттің  қолына  тиді.  Король  өз 
мемлекетінің  жауы,  сатқын,  өз  халқына  қарсы  еуропалық  мемлекеттердің 
басқыншылығын ұйымдастырғысы келген деп айыпталды.     
Сауда-саттықпен  айналысатын  топтарды  жақтай  отырып,  Ағылшын 
республикасының сыртқы саясатының негізгі басымдығы ретінде парламент 
Еуропа  елдерімен  дипломатиялық  жəне  сауда-саттық  қатынастарды 
орнатуды санады. Революция кезінде осы елдердің дипломатиялық агенттері 
Лондонда тұрып жатты. Дегенмен, монархия кұлағаннан кейін ірі державалар 


30 
 
Англияның  жаңа  билеушілерімен  дипломатиялық  қатынастарды  орнатуға 
асықпады,  сондықтан  олардың  дипломатиялық  өкілдерінде  сенім 
грамоталары болған жоқ.   
Алғашқы  болып  Ағылшын  республикасын  мемлекет  ретінде 
Британияның  бұрынғы  қарсыласы  Испания  таныды.  Испанияның 
Лондондағы  елшісі  дон  Алонсо  Карденья  өз  монархынан  сенім  грамотасын 
алмаса  да,  республика  үкіметімен  жасырын  түрде  байланысуға  өкілетті 
болды.  Испанияның  бұл  əрекетінің  бірінші  себебі  –  өзінің  қарсыласы 
Франциядан  бұрын  Англиямен  одақтас  болу  жəне  Британ  республикасын 
оған  қарсы  қою.  Екінші  себеп  –  1640  жылы  Испаниядан  бөлініп  шыққан 
Португалияға 
сес 
көрсету. 
Буржуазиялық 
революциядан 
кейін 
португалдықтардың Англиямен қарым-қатынасы шиеленісіп кеткен еді. 
Ағылшын-француз 
қатынастары 
революцияның 
бас 
кезінен-ақ 
нашарлады.  1649  жылға  дейін-ақ,  яғни  І  Карлдің  өлім  жазасына  кеспей 
тұрып,  Англия  мен  Франция  арасындағы  кедендік  соғыс  белең  алды.  1648 
жылы  француз  үкіметі  Англия  азамат  соғысы  салдарынан  əлсіреді  деп 
ойлағандықтан,  Францияға  ағылшындық  жібек  жəне  жүн  өнімдерін  əкелуге 
тыйым салды.  
Ал  ағылшын  парламенті  өз  кезегінде  өз  жеріне  француз  шараптарын 
əкелуге тыйым салды. Францияның Англиядағы сенімді өкілі Круллеге олар 
былай  деп  мəлімдеді:  “корольге  деген  бұрынғы  сенімділігіне  қарамастан 
ағылшындықтар  онсыз  да  күнін  көре  алады,  француз  шарабынсыз  да  жеңіл 
өмір сүреді”. Кедендік соғыс шынайы əскери соғысқа ресми хабарланбастан 
ұласты,  сауда  кемелерін  жаулап  алу  басталды.  Ағылшын-француз 
қатынасының  шиеленіскенін  пайдаланған  Карденья  Испан  үкіметінен  жаңа 
сенім  грамотасын  алды.  Ол  өз  королін  Англия  республикасын  ресми  түрде 
таныса,  зор  табысқа  жетуге  болады  деп  сендірді.  Англияны  антифранцуз 
одағына  қосуға,  оны  Испанияның  теңіздегі  қарсыласы  емес,  керісінше 
Францияға қарсы тұрған Испанияның одақтасына айналдыруға болатын еді. 
1650  жылдың  желтоқсанында  дон  Алонсо  Карденья  салтанатты  жиында 
парламентке  сенім  грамоталарын  ресми  түрде  тапсырып,  ұлы  əміршісі 
атынан палатаны ұлттың жоғарғы билігі ретінде танитындығын жариялады.  
Ағылшын  республикасын  Испанияны  ресми  танығаны  жөніндегі  хабар 
Франция  үшін  жағымсыз  еді,  алайда  осының  нəтижесінде  Франция 
Англиямен жақындасып дипломатиялық қарым-қатынастарды орнатты. Жаңа 
қалыптасып  келе  жатқан  француз  буржуазиясы  болса  Англиямен  тек  қана 
дипломатиялық емес, тұрақты сауда-саттық қарым-қатынастардың орнауына 
мүдделі  еді.  Буржуазия  екі  ел  арасындағы  кедендік  соғыста  зор  шығынға 
батты.  Ағылшын  корсарларының  тонауына  ұшыраған  француз  саудагерлері 
өз  үкіметінен  Англия  республикасын  танып,  сауда-саттық  қарым-
қатынастарды орнатуға итермеледі.  
Мазарини  1652  жылы  сыртқы  істермен  айналысып  отырған 
Кромвельмен келіссөздер жүргізуге келісті. Кромвель өз кезегінде Францияға 
бірнеше  шарт  қойды.  Біріншіден,  Франция  республикасы  дипломатиялық 
тұрғыдан мойындап, Англияға ресми елші жіберуі керек. Екіншіден, теңізде 


31 
 
жасалған қарақшылық үшін ағылшындарға сыйақы төлеуге тиіс. Өз кезегінде 
Кромвель  Фронда  табысқа  жеткен  жағдайда, корольдік билікті  шектеу  үшін 
халық  қозғалысын  жəне  Францияда  Бас  Штаттары  құрылған  кезде 
Мазариниге өз елінде жасырынуға ұсыныс жасады.  
Фронда  қызметінің  күшеюі,  испандықтардың  Францияға  қарсы 
ағылшын-испан  келісіміне  қол  қоюға  арналған  іс-əрекеттері  Мазариниді 
О.Кромвельдің  шарттарын  мақұлдауға  жəне  Ағылшын  республикасын 
дипломатиялық түрде тануға мəжбүрледі.  
1655  жылы  Франциямен  ресми  келісім  жасалды.  Франко-испан 
қайшылықтарын  пайдаланып,  Кромвель  Франция  тарапынан  біраз 
жетістіктерге қол жеткізді. Англияның сыртқы саяси маңызды мəселелерінің 
бірі  –  ХVІІ  ғасырдағы  Еуропалық  держава  Голландиямен  қарым-
қатынастарды  орнату  еді.  Ол  кезде  Голландия  Англияның  ең  қауіпті 
қарсыласы болды. Ол Голландияның теңіз жолдарындағы жəне сауда-саттық 
істеріндегі  үстемдігін  мойындағысы  келмей,  осыған  қатысты  өз  саясатын 
жүргізді. Бұл саясат бір-бірін мақұлдамайтын екі қағидатқа келіп тірелді: екі 
теңіз  державасының  Англия  туының  астында  бір  мемлекет  болып  бірігуіне 
дейін  апаратын  мықты  одақ  құру  немесе  британ  үстемдігін  орнату 
мақсатында Голландияға қарсы ашық соғыс жариялау.  
1651 жылы ақпан айында ағылшын парламентінің екі төтенше өкілі, Сен 
Джон  жəне  Стрикленд  Гаагаға  келіп  салтанатты  түрде  қабылданды. 
Республика  провинциясының  жеті  комиссары  ағылшын  республикасымен 
достық  қарым-қатынас  орнауын  қолдап,  елшілерді  достыққа  шақырды. 
Ағылшын  елшілері  бұған  жауап  ретінде  тым  жақын  одақ  құруға 
келісетіндіктерін  мəлімдеді.  Ағылшындардың  шынайы  ойы  мынадай  еді: 
Голландияның  өз  еркімен  Англияның  қол  астына  өту,  ал  бұған  келіспеген 
жағдайда,  барлық  қатынастарды  үзіп,  оны  сауда  жəне  теңіз  қарсыласы 
ретінде  толығымен  жою.  Голландиядағы  қоғамдық  пікірі  елдің  Англияға 
қосылуы туралы ойды теріске шығарды.  
Екі мемелекет арасында қақтығыстар болып, сауда кемелерін басып алу 
белең алды. Сен-Джон жəне Стрикленд парламенттен Голландияға келісімге 
келуді  ультиматум  түрінде  қоюға  жаңа  бұйрық  алды.  Бұл  ультиматум  7 
тармақтан  тұрды,  онда  Англия  мен  Голландия,  соғыс  жəне  бейбіт 
мəселелерінде,  одақтастық  құрғанда,  халықаралық  келісімдерде  біріккен 
мемлекет ретінде қатысуы тиіс делінген. Кейбір жағдайларда Голландияның 
Бас Штаттары ішкі істерінде де ағылшын парламентінің қаулыларына сай іс 
жүргізу  керек  делінген.  Голландияның  Бас  Штаттары  бұл  шарттармен 
келіспеді, олар бұл шартты Голландияның беделін түсіру деп қабылдады. Екі 
ел  арасында  байланыс  шиеленісіп,  Кромвель  Навигациялық  акт  жариялады. 
Бұл  ХVІІ  ғасырда  меркантилизмнің  экономикалық  доктринасының  жемісі 
еді.  Осы  Навигациялық  актіде  көрсетілгендей    Англияға  шет  ел  өнімін  тек 
қана  ағылшын  кемесімен  тасу  керектігі  жəне  ол  кемені  ағылшындықтар 
басқарып,  ондағы  матростардың  төрттен  үш  бөлігі  ағылшын  матростары 
болуы 
шарт 
еді. 
Голландықтар 
көбінесе 
делдалдық 
саудамен 
айналысқандықтан енді Англияға сауда-саттық жасай алмады.  


32 
 
1652-1654  жылдары  Англия  мен  Голландия  арасында  соғыс  басталып 
кетті,  нəтижесінде  Голландия  жеңіліп  Навигациялық  актімен  келісуге 
мəжбүр  болды.  Голландия  енді  Англиямен  енді  теңізде  бақталас  бола 
алмады.  Голландияның  саяси  қайраткерлерінің  бірі  Корнеллий  де  Витт 
Құрама  провинциялардың  Бас  штаттарының  отырысында  былай  деді:  “Енді 
біз  де,  теңіз  де  Англияның  билігінде  екендігімізді  айту  менің  міндетім”. 
Ағылшын  –  Голландия  соғысынан  кейін  Англия  ХVІІІ  ғасырдың  басында 
теңіз  бен  сауда-саттықта  үстемдік  ететін  алғашқы  ірі  державаға  айналды. 
1645  жылы  Кромвель  бір  мезгілде  Голландиямен  бейбіт  келісімшартқа  келе 
отырып, Швеция, Дания, Португалиямен де сауда-саттық келісімін жасады.  
Ал Англия мен Испания арасында қарым-қатынас ағылшын-голландтық 
соғысынан 
кейін 
шиеленісті. 
Испания 
бірінші 
болып 
Англия 
республикасымен  қарым-қатынасын  жасауға  келіскеніне  қарамастан,  оны 
дипломатиялық  қолдау  туралы  келісімге  қол  қоймады.  Испания  болса, 
Англияны  Францияға  қарсы  кою,  сөйтіп  антифранцуздық  келісім  жасау 
мақсатында  Кромвельге  протектор  ретінде  билігін  сақтап  қалуға  көмек 
колын  созуға  ұсыныс  жасады.  Карденья  өз  королі  атынан  өлім  жазасына 
кесілген  корольдің  баласы  Карл  Стюарттың  британ  тағына  келуіне  қарсы 
болатындығына уəде берді. Франция Кромвельге біршама тиімді ұсыныстар 
жасады,  себебі  ол  ағылшын-испан  одақтастығынан  қауіптенді.  Ол 
Франциядан  І  Карл  Стюарттың  жанұясын  қуғындап,  Кромвельге  қаржылай 
көмек  көрсетіп  жəне  одақтас  болатындығын  астарлап  білдірді.  Кромвель 
болса,  өзіне  протектор  титулынан  өзге  ешқандай  титул  керек  еместігін 
мəлімдеді. 
Ол Испания мен Францияның қайсысымен одақтасу керектігін ойланып, 
уақыт  созды,  нəтижесінде  Францияны  таңдады.  Франция  қарсылас  ретінде 
мықты  жəне  қауіпті  болғандықтан  онымен  соғыс  жүргізу  Англия  үшін  өте 
ауыр болатын еді. Ал Испанияның экономикалық құлдырау үдерісі басталған 
еді,  сондықтан  оны  жаулап  алған  жағдайда  комақты  табыс  табуға  болатын. 
Сонымен  бірге,  ағылшын  буржуазиясы  Испаниямен  одақтасуды  қолдамады. 
Кромвель Испаниядан Вест-Индияға теңіз жолы арқылы бару үшін еркіндікті 
жəне  инквизициялық  тергеуді  тоқтатуды  сұрады.  Бұл  талапты  қойғаннан 
кейін  Испаниямен  соғыс  басталатыны  анық  болды.  1655  жылдың  24 
қазанында  Карденья  Англиядан  қуылып,  Испания  мен  Англия  арасында 
қатынастар  үзілді.  Бұл  уақытта  Кромвель  Франциямен  бейбіт  жəне  сауда 
келісім  жасасты.  Ағылшын-испан  соғысы  1658  жылы  Кромвель  қайтыс 
болғаннан  кейін  Испанияның  жеңіліс  табуымен  аяқталды.    Англия  құл  сату 
саудасының орталығы – Ямайка аралын басып алып, осыдан қомақты қаржы 
тапты.  
Британия  тарихында  ХVІІ  ғасыр  өзгерісті  кезең  еді.  Ағылшын 
буржуазиялық  революциясы  кезінде  ағылшын–голландық,  ағылшын–испан 
соғыстары арқасында Англия теңіздерде жəне сауда-саттықта үстемдік етуге 
қол  жеткізді.  ХVІІ  ғасырдың  аяғы  –  ХVІІІ  ғасырдың  басында  Франция 
Англияның  ең  қауіпті  бақталасы  болып,  онымен  əскери  қақтығыстың 
нəтижесінде Англия Еуропада жəне теңіздерде өз үстемдігін орнатты. 


33 
 
Х


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет