14
өнідірістің бастапқы сатысы – өзіне тəн еңбек бөлінісінің сипаты бар
мануфактура айқын көрінген еді. Мануфактуралық өндіріске көшу өнім
көлемінің айтарлықтай өсуіне ықпал етті. Мысалы, Англияда тас көмір алу
1560 жыл мен 1680 жылдар арасында 14 есе өсті, жылына 3 млн тоннаға
жетіп, сол кезде бүкіл Еуропада алынған көмірдің 80 пайызын берді. Көмір
барған сайын тек Англияда ғана емес, сондай-ақ құрылықта өткізудің
кеңейтілген нарығын табумен болды. 100 жыл ішінде (1540-1640) қорғасын,
қалайы, мыс алу 6-8 есе артты. Металлургия айтарлықтай дамыды. ХVІІ
ғасырдың басында Англияда темірді 800 пеш балқытқан, олардың əрқайсысы
жылына 20-дан 500 тоннаға дейін өнім берген.
ХVІІ ғасырдың бірінші жартысындағы ағылшын өнеркəсібі туралы
айтылғандарды қорытындылай келіп, мынадай тұжырым жасауға болады:
Англияда шұға жəне жүн өнеркəсібі жетекші сала болды, мұнда шашыраңқы
жəне орталықтанған мануфактурасы бар өндірістің капиталистік формалары
айтарлықтай етек алды, сондай-ақ меаллургия мен тас көмір саласында да
өндірістің капиалистік əдісіне көшу жүзеге асты (кедейлердің жалдамалы
еңбегін пайдалану) жəне өнеркəсіп буржуазиясының күшеюі байқалады.
ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында Англияның ішкі жəне сондай-ақ
сыртқы саудасының күшті қарқынмен дамуы көрініс тапты. Бұл кезде
ағылшын көпесін Батыс жəне Шығыс Еуропадан, Солтүстік Африкадан,
Азиядан, Үндістаннан, Америкадан кездестіруге болатын еді. Ағылшын
көпесі Англиядан шыққан тауармен де, оның ішінде шұға мен жүн
маталармен, сондай-ақ басқа елдерден, оның ішінде отарлардан əкелінген
тауарлармен де сауда жасады.
ХVІІ ғасырдың алғашқы 40 жыл ішінде ағылшын сыртқы саудасының
айналымы 2 есе ұлғайды. Одан шетел көпестері біржолата қуылды. 1598
жылы ағылшын үкіметі шетел көпестеріне жасалған жеңілдіктерге тыйым
салды. ХVІ ғасырдың аяғы мен ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында
монополияны жақтаушылар мен еркін сауда жəне қабылдап алушылар
арасындағы күрес барған сайын шиеленісе түсті. Монополияның өмір
сүруіне тюдорлар мен стюарттар үкіметі мүдделі болды, оларға
монополиялар мен патенттер таратып беруден үлкен табыс келіп отырды
жəне жоғары феодал шонжарлары мүдделі болды, олар монополия
компанияларының табысының бір бөлігін алып отырды. Еркін сауданы
көпестердің, өнеркəсіп иелерінің неғұрлым көлемді топтары жақтады,
бұлардың өкілдерін монополиялар қатты қысымға алған еді. Монополияға,
сондай-ақ озық экономикалық дамуға мүдделі болған жаңа дворяндар да
қарсы шықты.
Англия
Достарыңызбен бөлісу: