Фараби атындағы Қазақ Ұлттық



Pdf көрінісі
бет6/53
Дата14.05.2020
өлшемі1,55 Mb.
#68471
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
treatise12053

 таптық сипатыПротектордың арқа сүйері, тірегі əскер 
болғандығы  жоғарыда  айтылды.  Өкімет  басында  тұрған  əскери  басшылар 
əлеуметтік  құрамы  жағынан  ірі  жериеленушілердің  жаңадан  құрылған  тобы 


27 
 
еді.  Олар  Англиядағы  тəркіленген  жерлерді  алудан,  Ирландия  мен 
Шотландиядағы жерлерді басып алу мен тонаудан байыды. 
Оның бір ерекшелігін айта кету керек. Бұл жаңа жериеленушілерде ескі 
феодалдық шонжарларға, монархияны қайта орнатуды жақтаушыларға деген 
бітіспес  дұшпандық  сақталып  қалған  еді.  Мұның  мəнісі  –  революция 
нəтижесінде алынған жерлерден айрылып қалу қаупі еді. Міне сондықтан да 
жериеленушілердің  əлеуметтік  жағынан  туыстас  осы  екі  тобы  бір-бірін  өте 
жек көрді. Өзара дұшпан екі күштің арасында қалған Кромвель мемлекеттік 
өзгеріс  жасау  үшін  ол  екеуінің  ешқайсысына  арқа  сүйей  алмады.  Бұл 
күштердің əрқайсысы Кромвельді біршама қолдағанымен, оны ең алдымен өз 
бақылауында  ұстағысы  келді.  Əскери  топ  ол  үшін  өзінің  əскерге  ықпалын 
пайдаланды,  ал  парламент  тобының  қолында  елдің  қаржысы  болды.  Олар 
соны пайдаланды. Парламенттің келісімінсіз салық алынбайтын.  
Мұндай  жағдайда  үкіметтің  бірден  бір  міндеті  –  сол  кездегі  тəртіпті 
қорғау болды.  1655 жылы Кромвель левеллерлердің, радикал сектанттардың 
жəне роялистердің бас көтеруін пайдаланып, Англия мен Уэльсті 11 əскери-
əкімшілік  округқа  бөлді.  Оларды  генерал-майорлар  басқарды.  Олардың 
қолында  шексіз  билік  болды:  олар  ең  алдымен  полицияның  қызметін  жəне 
саяси  бақылау  қызметін  жүзеге  асырды.  Жергілікті  басқаруды  қолдарына 
алды.  Салық  жинады.  Диктатураның  дұшпандарын  аяусыз  түрмеге  қамап 
отырды. Халықтан əртүрлі жолмен қаржы жиналғанымен ақша жетіспеді. 
Сондықтан  Кромвель  екінші  парламент  шақырды.  Испаниямен 
басталған соғысты жүргізу үшін Кромвельдің парламенттен қаржы алуы өте 
қажет  болды.  Парламент  үкіметтің  соғысты  жүргізуін  жақтап,  біраз  ақша 
берді.  Ал  Кромвельден  генерал-майорлар  жүйесін  жоюды  талап  етті.  Одан 
əрі парламент реставрациялық саясат жүргізді.  
1656  жылы  парламент  лорд-протекторға  петиция  тапсырды.  Онда 
лордтар  палатасын,  король  өкіметін  жəне  мемлекеттік  шіркеуді  қалпына 
келтіру туралы ұсыныс жасалды. 
Кромвельдің  өзі  де  король  болғысы  келген  еді.  Бірақ  оған  əскер  қарсы 
шықты. Офицерлер протекторат тəртібін, əскери диктатураны жақтады. Бүлік 
шығудан  қорыққан  Кромвель  тəжден  бас  тартты.  Ал  бірақ  1657  жылы 
лордтар палатасын қалпына келтірді. 1658 жылы 4 ақпанда Кромвель өзінің 
екінші  жəне  ең  соңғы  парламентін  таратты.  Ал  3  қыркүйекте  Кромвель 
қайтыс  болды.  Кромвель  қайтыс  болған  соң  өкімет  билігі  офицерлердің 
қолында  қалды.  Кромвельдің  баласы  –  Ричард  Кромвель  жаңа  лорд 
протектор  болды.  Ол  енді  офицерлер  кеңесі  арқылы  басқарды.  Əскердің 
талабына  сай  Ричард  Кромвель  1659  жылы  22  сəуірде  парламентті  таратты. 
Көп  ұзамай,  1659  жылы  25  мамырда  протектордың  өзі  тақтан  түсті.  Өкімет 
билігі  ұзақ  парламенттің  қолына  көшті.Тұрақты  үкіметті  іздеген  ірі 
буржуазия  мен  жаңа  дворяндар  роялистермен  келісім  жасамақ  болды. 
Парламент болса Карл ІІ-ге таққа отыру туралы ұсыныс жасады. Олар 1660 
жылы Бред декларациясында айтылған шарттарды негізге алды. 
Азамат соғысы кезінде роялистерден, корольден жəне шіркеуден тартып 
алынған  жерлер  жаңа  дворяндар  мен буржуазияның  қолында  қалды.  Екінші 


28 
 
жағынан,  Бред  декларациясында  монархияға  қарсы  шыққандарды  діни 
сенімдері  үшін  қудалауды  тоқтату  жəне  кешірім  жасау  туралы  уəде  бар 
болатын.  
1660  жылы  дворяндар  стюарттардың  монархиясын  қайта  орнатты, 
Корольдер  Карл  ІІ  (60-85)  мен  Яков  ІІ  (85-88)  Англияда  революциядан 
бұрынғы  тəртіптерді  қайта  орнатқысы  келді,  бірақ  мұнан  ешнəрсе  шыққан 
жоқ.  1689  жылы  қаңтарда  парламент  ресми  түрде  Яков  ІІ  өкімет  билеуден 
босатты  жəне  таққа  отыруға  оның  жездесі  –  Нидерландтың  басқарушы 
Вильгельм  Оранскийді  шақырды.  1688-89  жылдары  болған  төңкерістің 
нəтижесінде  ірі  жер  иелері  мен  капиталистердің  үстемдігі  нығайды.  1689 
жылдан кейін қалыптасқан конституциялық монархия бұл үстемдіктің саяси 
түрі болды. 
ХVII ғасырдың 40-жылдарында болған ағылшын революциясы тек қана 
Англияның  тарихында  емес,  бүкіл  дүниежүзілік  тарихта  жаңа  кезең  ашты. 
Бұл  революция  Англияда  феодалдық  үстемдікті  жойып,  капиталистік 
үстемдікті бастады. Капиталистік қоғамның негізгі таптары – буржуазия мен 
пролетариаттың  біржолата  қалыптасуы  болды.  Революция  Англияны 
өндіргіш  күштерінің  дамуын  тежеген  феодалдық  тұсаулардан  босатса  да, 
еңбекшілер  бұқарасына  жеңілдік  бермеді,  бостандық  əперген  жоқ. 
Революцияның  нəтижесінде  Англияның  соғыстық  қуаты  өсті,  бұл  отарлық 
империя құруға мүмкіндік берді. 
 
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. ХVI ғасырда пуритандар қандай ағымдарға бөлінді? 
2. Англиядағы алғашқы қорлану қалай жүзеге асты? 
3. Англия халқының əлеуметтік құрамы қандай еді? 
4. Англияда азамат соғысының шығу себебі неде? 
5. Протектордың əскермен қарым-қатынасы қандай? 
 
Өзіндік жұмыс тақырыбы
1. Ағылшын тарихындағы Кромвельдің рөлі 
 
 
 


29 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет