ҚЫРАН ТЕКТЕС ,БИІК ШЫНАР.
Жанарыңнан ұғамын сағыныш бар ,
Жабығады жасаурап жалыныштар.
Жымиясың жалындап жауқазындай ,
Жеп жатса да іштегі жарылыстар .
Сыртың күліп тұрғанмен , ішің жылап ,
Ойың сан сақ , жүдетер құмбыл сынақ .
32
Өмір -күрес , өмір -мән , өмір -жалған ,
Алда жүріп келесің мың бір құлап .
Аяз-өмір , ерекше қысқанында ,
Ұлылықты ұстадың ұстанымда .
Қарлығаштай қорғадың балапанды ,
Қателіктің қалмадың қыспағында .
Уайыммен қаншама түн көз ілмедің ,
«Перзентім «-деп шаршауды бір білмедің .
Ұятты түйіп ұстаған биік шынар ,
Өміріңе шуақ шашсын жыр-гүлдерім .
Жалғанда жан бар ма екен уайым шекпес ?
Өнегең өркен жаяр зая кетпес .
Самғай бер сұлулыққа сұқтандырып ,
Қамықпа , қалықтай бер қыран тектес !
18.12.2004жыл.
ТАҢ ШАПАҒЫ .
Сен көрдің бе таң шапағын арайын ?
Сұлулықтан нұр шашады маңайым .
Әсем әлем , сырлы сезім , мөлдір сәт ,
Тоқташы өмір , нәр алайын , қарайын.
Шың басында сәуле болып жанайын ,
Таза ауаға тойымсызбын , қанайын .
Тыңдашы өмір , сұлулық тұр сыр шертіп ,
Бір бөлігі болып соның қалайын .
Тау жігітті күн сүйеді жарқырап ,
Нұрлы сезім тарап жатыр қарқын ап.
Неткен шыдам , неткен төзім сезгенге ?
Сырлы дүние сыр бермейді салқын -ақ .
Шынайылық ,сабырлылық сап құрып ,
Шұғыламен шашырады шат қылық .
Өмір неткен ғажап едің , тәтті едің ,
Адам үшін оны сезу сәттілік .
Үміт таңы жақсылық бер , әр күннен ,
Сенім болса жан жадырап , жар күлген
Ерекше бір қайталанбас таңымды
Мейірім төккен сен екен деп қалдым мен .
Күн жарқырап сазды күйін төккені, 33
Самал соғып , санамды жыр өпкені .
Жылылыққа толып кетіп жан дүнием ,
Менің өмір сүргім келіп кеткені ...
Менің өмір сүргім келіп кеткені...
21.12.2004жыл.
Күн-көңіл.
«Алдымнан шыға келер»-деп,
Үмітті үзбей жүрсің бе?
«Күн-көңіл күлсең кенелмек »
Күлімде , кенет күрсінбе .
Сағынышпенен сарғаяр ,
Бейнебір сен де гүлсің бе ?
Жаны азап көрген кімді аяр ?
Уайым мен сезім бірсің бе ?
Жаныңды ұғу мүмкін бе ?
Жүректі сезу қиындау .
Заңдылық па әлде , ай күнге ,
Бұйырып тұрып бұйырмау ?
Айтатын сөзді айта алмай ,
Жететін жерге жетпедім .
Байқалып тұрып байқалмай ,
Көрінбес көзге көктегім .
Жырыммен жүрмін қалықтап ,
Тартымды , тұнық , тал-мүсін .
Қарайыншы тағы анықтап ,
Ішінде көптің бармысың ?
27.12.2004жыл.
СЫРЛЫ САҒЫНЫШ .
Сен ашылмайсың ,
Сырыңды бөліскің келер .
Бейнебір ғасырдайсың ,
Білімді , білікті жеңер .
Ақжарқын асылдайсың ,
Шуағың төгіліп тұрар .
Найзағай жасындайсың ,
Бетке ұстар ,намыс пен шын ар.
Ешкімге бас ұрмайсың ,
34.
Көңілімді көктем еттің де .
Шындықты жасырмайсың ,
Күлкіңмен нұрлар септің де .
Түрленіп тасынбайсың ,
Қызықтым қарапайымсың .
Мәңгілік досымдайсың ,
Нәзіксің , сұлу қайыңсың .
Бақытың мыңға ұлғайсын ,
Күндіз -күн , түнде -айымсың .
Өміріме бейне сындайсың ,
Қуаныш , кейде уайымсың.
Жақсыны жылдап жырлайсың ,
Қуандым өзің барыңа .
Жұмбақтау Жаңа жылдайсың ,
Айнымас , адал арыма .
Шырайлы шаттық , шыңдайсың ,
Жаныңа жырым дем берсін .
Мақсатқа жетпей тынбайсың ,
Еленсін еңбек , ел көрсін .
Сақталар мәңгі сырдайсың ,
Тұйықта тұрсам тірегім .
Алыстан қолды бұлғайсың ,
Сағынып әркез жүремін .
29.12.2004жыл.
АҚ ӘЛЕМ.
Кербез дала ақ көрпесін жамылып ,
Келіншек тал сырғаларын тағынып .
Тазалықта тербеліп тұр табиғат ,
Жүректегі жарасымы табылып .
Сырлы дүние бірін бірі ұққандай ,
Зейін салмау мүмкін емес сұқтанбай .
Сауысқан да сақылдады сан рет ,
Құтты қонақ дәл алдынан шыққандай .
Қара қарға қарқылдады қартайған ,
Ұзақ жасап өмірінен мән тайған .
Жасағанмен мың бір жасты не пайда ?
Шыға алмады күл қоқысты әр сайдан.
35.
Төрге шықты тәкаппарлау тұман да ,
Ұлылықты Жер анадан ұғам да .
Не көрмеді , неге көнбей келеді ?
Жаратушы жаратқандай шыдамға .
Күн көңілге жетпей тұр ғой төккенмен ,
Өмір-өзен өрнектелер өткелмен
Ақ әлемнен сен өзіңді танырсың ,
Есіміңді қарға жазып кеткем мен.
Ақ әлемге таба алмадым тең көрік ,
Мөлдіреді ерекше бір өң беріп .
Таңғажайып тәтті балға айналды ,
Ақ шекермен тасталғанда көмкеріп.
Қор қызынан жүрген жоқпын кем көріп ,
Күлімдейсің күн көзіңді төңкеріп .
Қуанарсың қалықтаса қар ұшқын ,
«Сезім»-деп біл мен жіберген жөн көріп .
30.12.2004жыл.
МАЗАСЫЗ ШАҚ.
Өз-өзімнен алаңдадым ,
Жүрегіммен сырластым .
Тыныштықта қала алмадым ,
Мазалайды бір тасқын .
Өмір шіркін зымырайды ,
Қырықтан жаңа қырға астым .
Тағдыр-тақсыр көп сынайды ,
Құпиясы мол бұл жастың .
Көңілімде болып көз ілгенмін,
Нұры болдың гүл жастың .
Сағынышты сезінгенмін ,
Ауырлығын зіл тастың .
Көтердім көп дос жалауын ,
Қадірін білдім құрдастың .
Адамгершілік , ар алауын ,
Жандырмай жанда тынбаспын .
Серілік құрдым сері көңілмен
Сыр бермей өтем , сынбаспын .
Іздерім қалсын мына өмірден ,
Бір ұйықтап кетсем тұрмаспын .
02.01.2005жыл.
36.
КӨҢІЛІМДЕ КҮНМЕН ТЕҢ ТҰРСЫҢ
Естідім тағы дауысыңды ,
Не сиқыр сенде сағыныш ?
Уайым да бірден таусылды ,
Тоқтады жанда жарылыс .
Жайнаған жүздің жарқылы ,
Жанымды кетті тербетіп .
Ақ көңіл алау арқылы,
Өзіңе тарттың шөлдетіп.
Дауысыңнан сезіп жылылық,
Тартыла түстім талпынып .
Салтанат құрды сұлулық ,
Сүйкімді сенде бал қылық .
Шырайың шаттық шырынын,
Беріле емген сияқты .
«Сұлудың әркез сыры мың»
Асау жүректі тулатты .
Бағымдай көрдім бағалап ,
Жүрегің нәзік мөлдірсің .
Таппадым теңеу , саған ат ,
Көңілімде күнмен тең тұрсың.
08.01.2005жыл.
АЛҒЫРЛАР,ТАПҚЫРЛАР,ОЙШЫЛДАР МЕКТЕБІНІҢ ӘНҰРАНЫ.
Біз дарынды балдырған ,
Ғылым отын жандырған .
«Білім шыңы-биік шың»
Бар әлемді таң қылған .
Қайырмасы:
Жан тәнімен үндескен ,
Білімдіміз бірлескен .
Жан жақты дамуға
Жаңалық тануға ,
Еңбек ет із қалуға
37.
Алғырлармыз алымды ,
Ойшылдармыз жалынды .
Тапқырлармыз табысты ,
Жүзден жүйрік , жағымды .
Қайырмасы
Білім жолды аша алар ,
Ғылым шыңнан аса алар .
Болашақтың бақыты ,
Біздерменен жасалар.
БІРІ КЕМ ДҮНИЕ.
Ойсыздарға ой керек ,
Жолсыз жерге жол керек .
Тойымсызға мол керек,
Қасқырларға қой керек.
Мыжыңдарға мән керек ,
Әлсіздерге әл керек .
Сауықшылға ән керек ,
Тірі адамға жан керек .
Байлықты кім жек көред ?
Жылы сөз де көп көмек .
Ақша қуған адамды ,
Ажал қуар шеткерек .
Сылқымдарға сән керек ,
Жөнсіздерге жөн керек .
Тебінгенге тең керек ,
Денсаулық қой ең керек .
Биікті аңсар бәйтерек ,
Кездеспесек қайтер ек ?
Сән беретін санаға ,
Сыйластық қой ең керек .
Кімде не жоқ сол керек ...
12.01.2005жыл.
АЛДАМШЫ ӨМІР...
Өмір қыз-ау сұлулығы жетерлік ,
Қылығы бар тәнті өзіне етерлік .
Назыменен , жазыменен жайнатса ,
Бақытың бал , тағдырыңнан шекерді ұқ .
Мәңгі емес , бәрі уақытша өтерлік .
Өмір-сынақ , тәңір өзі жіберген ,
Жалған жайнап , туралық тұр түнерген 38.
Жан азабын тартқызбайтын мәңгіге ,
Тазалықтың табиғаты білермен .
Имандылық туын ұста жігермен !
Өмір-арман , қызықтырып қоймаған ,
Өмір-тәтті , кәрі жас та тоймаған .
Өмір-ағыс , өмір-талас , өмір-дән ,
Тіршілігін ,заңдылығын жоймаған .
Бұл өмірге қонақпыз ғой ойлы адам .
Бұл өмірге қонақпыз ғой ойла адам !
15.01.2005жыл.
МӘҢГІЛІК НЕ БАР ӨМІРДЕ ???
Мәңгілік не бар өмірде ?
Темір де тозар түк қалмай .
Айналар ауыр жеңілге ,
Жақын да болар тым шалғай .
Өмірде бәрі жеңіл ме ?
Ертеңді жүрміз біле алмай .
Адамдық , биік көңіл де ,
Сыр бермес сірә сыналмай .
Аққудай әсем ажарың ,
Күн болар әжім басқандай .
Өлшеулі өмір базарың ,
Артықтау кетпе аспандай .
Жойқын күш -адал таза арың ,
Бастарсың істі жасқанбай .
Көрерсің өмір ғажабын ,
Халқыңмен болғын мастанбай .
Адамды түсін , біле біл ,
Байыппен сөйле астарлай .
Қайталап келмес бұл өмір ,
Жалындап жүргін жастардай .
Көңілің іске тола ма ?
Тәуекелменен басталмай .
Қадірі нанның бола ма ?
Апталап , айлап аш қалмай .
Батырлығың көрінер ,
Жауыңа шапсаң жасқанбай .
Елің де бір күн жерінер , 39.
Ойлай да берсең бас қамды -ай .
Өткір , бір болсаң өнерсің ,
Қиып бір түсер қылыштай .
Бәйгеден озып келерсің ,
Ентікпей , еркін тыныстай .
Елдікті ойлар ұл қайда ?
Шыныққан , шымыр ,құрыштай .
Бақытқа жетер күн қайда ?
Қиналмай , күн -түн тырыспай .
Ынтымақ жасап , бірлік қыл ,
Биіктер бедел асқардай .
Топтанып бірге тірлік қыл ,
Тамшылар қоймас тас жармай .
05.04.2004жыл.
МӨЛДІРЕГЕН МОНШАҒЫМ.
Қара суық ызғарлы ,
Беттен сүйіп қарыған .
Сықырлақ қарда із қалды ,
Сағыныш , аңсау , зар ұғам .
Күн күлімдеп күй төкті ,
Сен шығарсың сәулесі ?
Көктен көркем сый кепті ,
Сендей әппақ бейнесі .
Аспан жібі сөгіліп ,
Жаңбыр әлек салса мың .
Сен тұрсың ба егіліп ?
Мөлдіреген моншағым .
Суық желдің ескені ,
«Уілін сен»-деп қалдым.
Көңілімнің өскені ,
Шуақ күнді еске алдым .
Сыр бермей тұр тұман да ,
Сыйға тартып сынағын .
Шүкіршілік бұған да ,
Аман болшы шырағым !
Қара суық ызғарлы ,
Ақкөңіл болып арыдым 40.
Сағыныштан сыз қалды
Жалын бер жанға жарығым
Аспан жібі сөгіліп , Жаңбыр әлек салса мың.
Сен тұрсың ба егіліп ?
Мөлдіреген моншағым !!!
26.01.2005жыл.
ТАҒДЫРҒА СЕНЕМІН .
Елеңдеп тұрамын ,
«Көріп бір қаламын ба?»- деп
«Жылылық табамын ба?»-деп,
«Арманмен ағамын ба?»-деп ,
Өмірдің сабағынан тек ,
Сағыныш ұғамын .
Аяздың қыспағында қалып ,
Суықтың қысқанына налып ,
Бүрсеңдер бейкүнә торғай ,
Самғады серігін танып ,
Көктемдей көркем қыз көріп ,
Сенемін қуанам анық .
Сыр бермей келем , тулай алмадым ,
Мән бергем терең , сынай алмадым ,
Бас иіп тұрып , құлай алмадым ,
Әділетсіздікке шыдай алмадым ,
Жоғымды іздеп , сұрай алмадым ,
Жылағым келіп жылай алмадым.
Алаңдай беремін ,
«Сен келесің бе?»- деп
Соңғы сәт елесің де көп ,
Жылы сөз жүрсе де жебеп ,
Көресің , көнесің демек ,
Тағдырға сенемін !!!
13.02.2005жыл.
КҮЙ ТӨКТІ КӨКТЕМ...
Көктемнің күні-ай , бейнебір сендей жағымды,
Жүрегім неге өзіңді күтіп сағынды ?
Іздедім сені , қуансам және мұңайсам ,
Сезесің бе әлде бойдағы жойқын ағынды ?
Табиғат сырын өзіңсіз жүрмін ұға алмай ,
41.
Биік шың болдың , тайғанап түстім шыға алмай .
Бәйшешек көрдім , мөлдіреп тұрған қырдағы ,
«Өзің»-деп қалдым қия алмай қайттым , жұла алмай .
Күй төкті көктем , түскендей бейне қалыңдық ,
Жайнаса жұлдыз жарқырап жанған жанымды ұқ .
Өшпейтін өлең , сөнбейтін жалын жыр болдың ,
Күн көңілімнен жылуы кетпес жалынды ұқ !!!
08.03.2005жыл.
МӨЛДІР ТАБИҒАТ .
Кеудемде от сағынышым тарқамай ,
Мұң -зіл басты келем шыдап арқалай.
Жаным жүдеп , жарқырадым , жайнадым ,
Қандай күйге салып қойдың қалқам-ай .
Мөлдіреді табиғат та , бұлақ та ,
Елжіреді қыр мен сай да қырат та .
Сыңғыр қаққан өзен жатыр сыр шертіп ,
Сезіміңді бүгіп қалдың бірақ та .
Көк майсаға өрнек сапты ерінбей ,
Табиғаттан сыр қалған ба терілмей ?
Мың қыр асып қимай жерді күн батты ,
Қалай тұрсың балқып кетпей , берілмей ?
10.03.2005жыл.
ТАБИҒАТҚА БАРШЫ СЕН...
Табиғатқа баршы сен тазарасың ,
Жеңілдейсің қандай ой мазаласын .
Тіл жетпес сұлулыққа тойынасың ,
Жұмақтың сезінесің ғажап асын .
Тауға қарай аяңда тынығасың ,
Биік болу бақытын ұғынасың .
Самғап ұшқың келеді қыран болып ,
Сұлулыққа сұқтанып сұғынасың .
Сая бақты арала жайраң қағып ,
Мөлдірліктен қайтасың маржан тағып.
«Мендей таза болшы»-деп бұлақ айтар ,
«Сұлу бол»-деп сыңғырлар өзен ағып .
Сұлулыққа сыр беріп сиынасың ,
Құрбан болып жолына қиыласың ,
Тәуелсіз де , еркін де бұл табиғат ,
42.
Сән беретін санаға сыйы басым .
Өмір-күрес , сан құлап , сан тұрасың ,
Табиғатта жаныңды жандырасың .
Ауылыңнан ұзап шық ауырласаң ,
Уайым зілді сол жақта қалдырасың .
13.03.2005жыл
САҒЫНЫШ САЗЫ .
Жаныңа жылы сөз ғой бір ғана ем ,
Құпия ашылмайтын сыр ғана ма ең ?
Тәнімді мыңға бөліп тастасаң да ,
Жанымды қинамауды сұранар ем .
Әрдайым тән жарасы жазылады ,
Түк етпес дүниенің азырағы .
Дүниені дүр сілкінтіп , сәби келсе ,
Күн сайын қаншама көр қазылады .
Әттең-ай бәрі өткінші , бәрі жұмбақ ,
Жас қартаяр , бүтін де бір күн сынбақ .
Сағыныш сазым болдың сарқылмайтын ,
Жүректен орын алған қызсың сұңғақ .
Дидарың көктем еді , көркем еді ,
Бұл жүрек неге сонша өртенеді ?
Жап-жасыл жадыраған жайлауымсың ,
Күн-көңіл құмарланып , ентеледі .
Көз алмай қарай бердім келбетінен ,
Өзіме талай қызды шөлдетіп ем .
Сұлулыққа тоймадық , тоя алмадық,
Сағынып өтеміз -ау жер бетінен .
Еліксің елітетін елден ерек ,
Көңілімде өзің жайлы жақсы дерек .
Ой орманда адастым , аласұрып ,
Ойлаймын жан жарасын емдеу керек .
01.04.2005жыл.
ТАБИҒАТ АДАМ ...
Табиғатқа баршы сен көсілесің
Мерейіңді үстем қып өсіресің .
Тұңғиық боп талансаң тағдырыңа ,
Жұмбақ болсаң сол жақта шешілесің .
43.
Самал болып , сән болып есілесің ,
Тамсанасың , талықсып осы үлесің .
Сұлулықты сезбейтін өзімшілді ,
Аяйсың да сол сәтте кешіресің .
Табиғатта аялда ашыласың ,
Таң қаласың , түрленіп , тасынасың .
Жүректегі сөзіңді айт сырласыңа ,
Жақсы көрсең несіне жасырасың ?
Бұлақ сыңғыр қағады кеңес болып ,
Ару төсі көрінер дөңес болып .
Қадірін біл сол сәттің қайта келмес ,
Әттең бәрі қалады елес болып .
Әсемдікке қызықшы қайран қалып ,
Табиғатта жан жүйке жайланды анық .
Сұлу болып кетуің ғажап емес ,
Қол ұстасып бірге шық айнаңды алып .
08.04.2005жыл.
ТӘКӘППАР ТЕРЕК , АҚКӨҢІЛ АЛМА .
Бір бауда өсті қос ағаш ,
Айырылмас бірге дос ағаш .
Бір күнде келген өмірге ,
Көңілің қалай босамас ?
Жүйкесі жұқа желөкпе
Елпілдек елді елеп пе ?
Бойы өскенмен ойы өспей ,
Тәкәппар болды терек те .
Салмақты алма байсалды,
Жанына тартып жайсаңды .
Ақылы асқан азамат ,
Көрген жанға ой салды .
-«Көршінің бермей дұрысын ,
Көрген күнің құрысын .
Мендей биік өспейсің ,
Таусылған ба ырысың ?»
Теректің сөзі тым қатты
Алмаға мүлдем шын батты .
Сыпайы болды сыр бермей ,
44.
Күн өтіп жатты ырғақты .
Теректің күнде бойы өсіп ,
Күнменен кетті теңесіп ,
Үй салу жағын ойлайды
Балта мен шеге кеңесіп .
Жеміс көп салып дарағы ,
Ақкөңіл алма жарады .
Иіле түсіп именіп ,
Мейірлене қарады .
Ал терек жерді жерсінбей ,
Көзге ілмей тағы менсінбей .
Қияға кетті қиялы ,
Дегендей «Маған теңсің бе ей?»
Сандалып қуды сағымды,
Бармады іске жағымды .
Тәкәппар , түзу теректің ,
Түбінен балта шабылды .
Тасыған қазан төгілді ,
Ұмытпа текті тегіңді.
Тұрақсыз болған теректің ,
Орнына алма егілді .
11.04.2005жыл.
ДОСМАХАНБЕТ КӨКЕМНІҢ РУХЫНА АРНАУ .
Көтеріл көңіл , қуаныш күн ғой бүгінгі ,
Сөнгенім жанып , өлгенім қайта тірілді .
Бақ пенен байлық , қуаныш , бақыт , мол ырыс ,
Сезіне білсең адамға керектігіңді .
Сұрапыл соғыс қазіргі жасқа ертегі,
Қызғалтақ ғұмыр , өмірі қандай келте еді.
Он беске толмай , әруағы қолдай аттанған ,
Досмахан ағам жалындап туған өрт еді.
Жырымды арнап , бетімді жуған жасыммен ,
Он бесте болып , болыпсыз құрдас ғасырмен .
Қайнардан шыққан , қайнаған , қайтпас қыраным ,
Ел үшін туған асыл ма ең ?
Әттең-ай әттең окопта, сызда тоңдыңыз ,
45
Қыран боп туып, қызғалдақ гүлдей солдыңыз .
Жайнаған жас боп жалғастыра алар ма екенбіз?
Ерлікке бастар жолды біз .
Сағыныш сайрап , салмағын салып санаға ,
Теңедім сізді ержүрек батыр данаға .
Алты ұлы кеткен атаға басу кім айтар ?
Аңырап қалды-ау ана да.
Жау шебін бұзып , қайсарлықпенен күйретіп ,
Шинелмен бірге күн -түні үміт сүйретіп .
Бөріжардың суын , көк майса нуын аңсапсыз ,
Сағыныш хаттарды жиілетіп .
Рухыңыз биік , шұғылаңыз мәңгі шашылған ,
Ардақтар арды айналдық айдай асылдан
Намыстың туын көтеріп өткен ержүрек ,
Тектілігімен абыройын елдің асырған .
Ақ қырау шалған асқар тауларым , ағалар !
Аңсаса жүрек сіздерді іздеп таба алар .
Отқа оранғандарға оралып , тағзым еттік біз ,
Орнында барлар оңалар ,
Орнында барлар оңалар.
13.04.2005жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |