Фарабиге арнау. (Әні бар) 1 Оңтүстіктің арайланған ақ таңы, Бұлбұл үні естіледі бақтағы



бет1/6
Дата25.12.2016
өлшемі1,05 Mb.
#4776
  1   2   3   4   5   6
Фарабиге арнау.

(Әні бар) 1

Оңтүстіктің арайланған ақ таңы,

Бұлбұл үні естіледі бақтағы.

Мәдениеттің өркендеген өр шыңын,

Емес бекер Отырардан тапқаны.
Отырарда ғасыр үні тұншыққан,

Қатты тағдыр көзден жасты ыршытқан .

Фарабиім жол іздеді қаншама,

Өлімдерден , жойқын қырғын , қырсықтан .
Фарабиім әрбір сәтте естесің ,

Халқың сенің қара түнек кешпесін .

Ғасырларға бақыт нұрын себетін ,

Әсем үнің бар мағынаң өшпесін !
Әр заманда әр мағына әр ұғым ,

Фарабиім сырын ұққан жарлының .

Ұлы жерде ұлы достық үйлессе ,

Фарабидің туысысың барлығың !
Жалған өмір кімдер сенен өтпеген ,

Уа қара жер кімдер саған жетпеген .

Фарабиім шарықтасын күлімдеп ,

Ұрпғына қарамасын өкпемен !
О туған жер қандай ыстық кең едің ,

Шалқып әндер жайқалады көп егін .

Ұлы жерде ұлы достық үйлессе ,

Фарабидің ақ арманы дер едім !

1989жыл

))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))


Сұлулыққа сұқтанбаған жан бар ма?

Сезін мені сезімімді аңғар да.

Сағыныш боп түстеріңе енемін ,

Ұйқысыз боп аласұрған таңдарда .
Біржандай боп мұң жыры боп Сараның ,

Ақандай боп арманы боп даланың ,

Түйіспеген бұл тағдырға амал не?

Мен мәңгілік жүрегіңде қаламын!

«»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»

Бар әлемге тұрғандайсың елжіреп ,

Көңілімнің ақ туы едің желбіреп ,

Жүрегімде назың қалды сұлуым ,

Елес болып қалдың мәңгі мөлдіреп.
Өзіңді ойлап сағынамын ,сарғайдым ,

Өмірі өткен қызығы өткен жандаймын .

О сұлулық ,мен өзіңе бас идім ,

Жүрегімнің жыр шуағын арнаймын!
Сен сұлусың! 2

Сен сұлусың мүсінің қандай әсем ,

Сен биіксің бейнебір күндей көсем .

Сен мөлдірсің бұлақтай таудан аққан ,

Желкенім бол самал боп желпіп есем.
Сен көркемсің жанарың от шарпыған ,

Сен ыстықсың ынтық боп мен талпынам .

Сен еркемсің еліктің лағындай ,

«Сен!»деп жүрек тулаумен мың шалқыған .
Ғашықтықтың белгілі шарты маған ,

Түн болсам сен жұлдызсың жарқыраған .

Алыс кетсең мен саған жақындаймын,

Жақын келсең мен сені тартып алам.
Сен нұрсың өміріме өң беретін ,

Сен жырсың көңіліме сән беретін .

Сен күйсің жанды тербеп жадыратар,

Әлемде саған жан жоқ тең келетін.
Сен тұнықсың дидарың қандай ашық ,

Бір көрген жан өзіңе болар ғашық.

Бақ сынасса сенімен мың сұлу қыз,

Ақыл көркі кете алмас сенен асып.
Сен аққусың көлдегі сылаң қаққан ,

Әдепті боп әдемім болдың мақтан .

Жүрегіңнің дүрсілін сезінемін ,

Сағынышта сарғайып осы жақтан.

Көтеріл көңіл...

Көңілді көтер қуаныш күн ғой бүгінгі ,

Сөнгенім жанып ,өлгенім қайта тірілді .

Қуаныш ,шаттық ,бақыт пен байлық ,мол ырыс ,

Сезіне білсең адамға керектігіңді.!!!

(((((((((((((((((((((((((((((((((((((((((((((((((((((
Қиылған қасың ,жазық бір маңдай ,

Дидарың нұрлы ашық бір таңдай.

Сұлусың неткен ,талбойың әсем ,

Жұмақта жүрген бейкүнә жандай !

«»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»

Мөлдірім менің ,сұлуым менің сымбаттым ,

Өзіңді аңсап ,жүрекпен саған үн қаттым.

Сыр толы жырым ,айтылмас сырым ,әдемім ,

Қалған бұл өмір өзіңмен әсем ,қымбат тым .
Қуаныш сыйлап ,шаттыққа ,нұрға бөлейін ,

Жұлдызға балап ,айыма сені теңейін . 3.

Шалқыған әнсің ,бақытты жансың гүлімсің ,

Қасиет тұнған тектісің басқа не дейін?
Күйімсің менің , күмбірлеп шығар үн болып ,

Биіксің маған , қаласың мәңгі шың болып .

Шалдығып шаршап ,өзіңді аңсап жетермін ,

Шығарсың алдан күлімдеп күліп , күн болып...
Анаммен әкем ,атам туралы сырласу . (Поэма)

Аяулы анам ,жүрсеңіз екен ауырмай ,

Әкесіз өмір кетті ғой тіпті ауырлай.

Көкем бір барда бақытты өмір кешіп ем ,

Өмірдің мынау жаманын жақсы айырмай .
Түсіндім анам әкесіз өмір қиын ақ ,

Отыратын жеке арман құстарын жиып ап .

Есіңізде ме женше тәткмді оқып газеттен ,

Балаша мәз боп қуанып еді ау қиып ап .
Сүюші еді топырағын туған мекеннің ,

Ешкімге жоқ еді қиянаты асыл әкемнің .

Армандаушы еді ау «Тойларын бір көрсем»- деп ,

Перзенттерімнің Нұрғиса ,Жеңіс ,Сәкеннің .
Кештерде кейде домбыра алып қағатын ,

Бар ынтасыменен қонақтың көңілін табатын .

Білмедік қалай ,қайда асықты екен жан әкем ,

Ылғи да сұрап іздей беруші еді ау сағатын .
Өтеді екен бар өмір лезде ағындап ,

Ой салсам бір сәт балалық кезім шағымды ап .

Қалаға барсақ , зәулім үй көрсе , жан әкем ,

Ұмытып бізді , кететін өлшеп қадымдап .
Армандаушы еді зәулім үй бақтың тұрғанын ,

Жанымен әсем , сүйетін батыр жырларын .

Қонағын күтіп , ашылар еді жан көкем

Алдына жайып бар асы менен сырларын .
Қалайша кетті бал қызық мынау мекеннен ,

Аяқтан шықты , қалайша жара төтеннен ?

Қария көрсем жаутаңдай женше қарадым ,

Құрдас та шығар деп біздің асыл көкеммен.
Дастархан басы , жайласар молда соқынып ,

Тұрмаушы едік біткенше бата оқылып .

Ашуға мініп , тез қайтып , қайта күлетін ,

Көкемнен маған ұнайтын тіпті сол қылық.
Сезетін едік жүрегінің отын жарқылын ,

Қалайша сіздер кездескендеріңізді сұрасақ , 4

Тартатын күйін сезімнің басып әр қылын .
Балғасын алса мінетін күшке қайратқа ,

Мал табу үшін кетіпті әкем айлап та.

Теріні өңдеп ,ер -тұрман жасап ,арманы ,

Мінгізу екен әр перзентін бәйге атқа .
Насихат сөздер жүретін жаттап ,жазып ап ,

Жүрекке жақын домбыра үнін сазын ап ,

Әр жастың сырын беріле көкем жырлайтын ,

Соғыста көрген азапқа тоқтап азырақ
Балалық кезім , білерім тіпті азырақ ,

Келетін ылғи жұмыстан темір қазық ап ,

Көкеммен бірге ыстық екен-ау қазақы үй

Көкемсіз міне суық боп тұр-ау азынап .
Азапты көкем көріпті-ау женше жастай тым ,

Бауырын аңсап , әңгіме сөзін бастайтын .

Қамығып кейде , еске алса туған анасын ,

Түйіліп қабақ , күн бойы ауыз ашпайтын.
Еркөңіл еді-ау сүйетін атты , күресті ,

Өнерлі жанға перзенті үшін ілесті .

Алақанының сезінсем деймін жылуын ,

Тауып бір алып заттарын мүлдем тым ескі.
Өнерлі еді-ау темірден түйін түйетін ,

Қайратты еді-ау темірді қолдан иетін.

Құдашалармен билеп те кейде кетуші еді

Әзіл-қалжыңды жанындай жақсы сүйетін.
Елемей жолдың ауырын , алыс , шалғайын ,

Қайғылы жанға баратын ерте әрдайым.

Үлкен тілегімен қуантып досын қайтушы ед

Нұрлы жүрегімен көтеріп көңіл жағдайын.
Арманмен биік аққумен көкте самғай ма ?

Күтетін ойлап , перзентін жүрген шалғайда.

Асқар тау биік панамыз болған жан көкем ,

Сыймапты-ау женше пешенемізге мынау маңдайға...
Жүретін жинап түйіншектерге жеміс дәндерін ,

«Егемін дейтін ,жеп жүрсін перзент сәндерім»

Дастархан басы отырушы едік жағалай

Ашатын сырын , адамдық , ақыл кендерін.
Ұйықтаушы едік қазақы үйде аласа ,

Қойнына алып жатушы еді қаласа ,

Жұмыстан шаршап ,қалжырап келген көкемнің ,

Көрпесін қымтау мәртебе , қандай тамаша!

Ұнатып кейде жұмысқа алып баратын , 5

Ыстық-ау тіпті ауырлау мұнда ауа тым.

Бұлшық еттері ойнап ,жұмысқа түсер жан көкем ,

Ауыр балғаны соғып ,түнеріп бұлттай жауатын.
Ойлаумен бізді анашым бейнет еттіңіз ,

Еңбекпен бірге көктем де ,жаз да, өтті күз

Намысты бермей ,ойлаумен ар мен ұятты ,

Болғансыз қандай «Асыл жар ,ару ,текті қыз»
Түсіндім женше , көп істі әттең кеш біліп ,

Тұратын бақтан қобыздың үні естіліп ,

Жылаймын «Тұз» деп ,күн бойы болып арқада ,

Болса да мейлі ерте ме ,түс пе ,кешкілік.
Естіліп әсем бұлбұлдар үні жан-жақтан ,

Қобыздың сазы , қосылар ғажап ән бақтан .

Айрандай ұйып , ғажайып сырлы нұрлы әлем ,

Айналар едім атамдай асыл әруақтан!
Баласы болдым атамнан көрдім ғажайып ,

Аурушыл жандар жазылды мүлдем азайып.

Қошқар қып қойып өркөкірек пасық пендені

Күнәсі барға жазасын берген лайық.
Көріпті елі кеудеге қанжар сұққанын ,

Зуылдап өтіп арқадан бір-ақ шыққанын ,

Шоқ темір жалап ,шаңырақтан өтіп , қарғыпты ,

Әкемнен есітіп , осы еді женше ұққаным.
«Бір қора жанға кішкене жерің жетер ме?

Қасымнан ұлым алысқа кетпе бекерге ,

Ұлдарың өссе ұя боп қалсын осы жер ,

Ризалық айтсын өмірден мен де өтерде»!!!
Депті де атам ұлына бата беріпті ,

Жөн сөзді тыңдап ақылға әкем еріпті

«Ұрпағым» деумен өмірі өткен баба ,атам ,

Перзенті үшін ардақты ,әр сәт көрікті!!!
1991ЖЫЛ
Бақилық Манас досым мен Күләнда аруға

арнадым.

Досты аңсау.

Жанымды қинап сағыныш ,

Сол күндер естен кетпейді -ау.

Бұл сұмдық түс пе жаңылыс ?

Сендерге ешкім жетпейді-ау
Екеуің неткен дарасың ,

Өзгеше едің елдегі .

Тырнаймын жүрек жарасын , 6

Сенбеймін , сенгім келмеді.
Қостра-жұмақ мекеннен ,

Қалайша мұнда келгенсің?

Кезіктің жайға төтеннен ,

Қимадым , ағам жеңгемсің .
Найзағай болып жарқ еттің ,

Жұлдыздай болып ақтың да .

«Мектеп»-деп өттің нар -тектім ,

Білімнің отын жақтың да .
Досым ең ту боп желбірер ,

Егіздей едік , бір болдық.

Ұмытылмас ісің , ел білер!

Жазылар әлі мың томдық !!!
09.07.2003жыл
Үмітім бір күн ақталар .

Жүректің таппай бір емін ,

Қиналған сәттер көп менде .

Сарғайды ағаш , гүл , егін ,

Қоңыр күз тағы жеткен бе ?
Қалайша өмір сүремін ?

Ойлана берем өткенге .

Өзгерген мінез , реңім ,

Орта жас келіп жеткен бе ?
Тұйықтау болып мінезім ,

Арзандау күлкі жоғалды .

Кешегі қайда гүл-сезім?

Жүруші ем ылғи топ алды .
Кешегі қайда серілік ?

Жалынды жастық өң берген.

Шырқасақ әнді беріліп ,

Арулар көзін төңкерген .
Жаттықтым суық қарумен ,

Шынықтым жетіп қалпыма .

Сыйластым асыл арумен ,

Тағдырын салмай талқыға .
Жекпе-жек шыққан шығыстан ,

Бір-бірін жан-тән ұғысқан .

Болсам деп алда тырысқам ,

Көп болды досым туыстан .
Үйренем деумен өнерді ,

Қинадым қатты жанымды . 7

Киманом термен көнерді ,

Таппадым күн-түн дамылды .
Кетпеші жүрек күйреліп ,

Өнермен жастар бақ табар.

Ұрпағым өнер үйреніп ,

Үмітім бір күн ақталар!!!

31.08.2003жыл

Қазақ қызы...

Қазақ қызы сырыңды айтшы жасырма ,

Мен өзіңді теңеп жүрмін асылға .

Тектілігің тал бойыңнан есіп тұр ,

Жаутаңдама , ешкімге де бас ұрма .
Көтерілші , тапталмашы , басылма ,

Асыл едің басыңнан сөз асырма .

Өздеріңнен шуақ-нұр боп тарадық ,
Өздеріңмен жеттік жаңа ғасырға.

Сендер барда қазақ мәңгі көгерер ,

Әдемі боп ай сәулеңді төге бер.

Шаңырақтың біз ұстыны болайық ,

Сендерсіңдер мол байлыққа егелер .
Бота көзің айдын көлдей , тұнық тым ,

Көрген сайын көргім келіп құнықтым .

Қиялдаған , қия алмаған көзіңнен ,

Назын артқан , жақын тартқан сыр ұқтым .
Мөлдір едің ,бақытыңды таптың ба ?

Бұлақ едің өзен болып ақтың ба?

Жыр арнадым ,биік болып жүргейсің ,

Естелігі болсын сол бір шақтың да .

03.09.2003 жыл.

О сұлулық ...

О сұлулық , жаулап алған жер көкті ,

Шуақ шаша жүрегімді тербетті .

Айдын көлге аққу қонған секілді ,

Қиялдадым , қия алмадым келбетті.
Елжіредім , мөлдіредің наздана ,

Жеткізетін домбырада саз ғана.

Дұрыс түсін , асыл мүсін , кетпеші ,

Құшағымда сая тапшы аз ғана .
Сен қиылдың , мен тиылдым , ұялғансып ,

Ұғындырды көздеріңде қалған шық .

Мені ұнатсаң , шын құлатсаң көңіліңді ,

Құшақ жая , күлімсірей алдан шық
Күндерімнің сағынышпен өткені ,

Шыдамның да өз шегіне жеткені. 8

Түсінерсің , кінәләма тек мені ,

Тергеп алар , өмір өзі өтпелі ,

Екшеп алар өмір өзі өтпелі .

19.09.2003жыл.

Қадірін сірә білдік пе ???

Атаның қадірін білдік пе ?

Перзент деп өтті-ау өмірден.

Ұсталық етіп күндікке,

Темірді түйген темірден .
Бір ауыл елдің бірлігін ,

Бір ауыз сөзбен ұстаған.

Көрсеткен тағы ірілігін ,

Сұсынан шыбын ұшпаған.
Ағаштан ою өргені ,

Ел жүгін өтті-ау арқалап .

Қиындық болды-ау көргені ,

Жатпады-ау бір күн шалқалап.
Атамыз «Әулие» атанды ,

Қобызбен әруақ тербетті.

Сүюші еді Отанды

Қария еді келбетті.
Әженің қадірін білдік пе?

Бой ұрған күн-түн тірлікке.

Ай болып қарап түңлікке,

Ұйтқысы болған бірлікке.
Арқалы болған әжеміз

Намысшыл , текті жан болған.

Қанымыз содан сеземіз,

Беделі елде ән болған.
Әжелер әруақ тербеткен ,

Қорғапты барлық ырысты.

Бақытын тауып еңбектен ,

Арды ойлап , ұят деп тырысты.
Немере жақын ұлынан ,

Сүйегін берер етін жеп.

Әжімдерінен сыр ұғам ,

Өмірдің күйі шертілмек.
Әкенің қадірін білдік пе?

Қаталдау болды сұсымен .

Ақылын сірә ілдік пе?

Ұшқанда бақыт құсымен ,

Жастықтың жалын күшімен.

Өмірге бейімделсін деп ,

Суықтау күйге түсті анық. .9

Қадірімді кейін білсін деп ,

Қалдырды өнер ұсталық. .

Жалғасын тапқай ұшталып.
Жүрегін бізге арнапты ,

Ұйықтасақ барлап өтетін.

Ақылды бопты жан жақты ,

Кімім бар оған жететін?

Түсіндім кештеу өте тым.
Жігіт боп өтіп өмірден ,

Қиналған сәтін айтпапты.

Түйінді түйіп темірден,

Бір алған беттен қайтпапты.

Көңілі қай кез жай тапты?
Ашуға мінсе , қайту тез,

Әкеміз асыл , кең еді .

Сағыныш екен сол бір кез ,

Жүрегім аңсай береді.

Асқар тау әке керегі.
Шежіре айтты нұсқалық ,

Біз үшін ұлы , тұлғалы...

Әкеміз біздің күшті -алып,

Қыранға арман шыңдары...

Өзіне тартар ұлдары....
Ананың қадірін білдік пе?

Жанының қиды-ау жартысын.

Көз ілмей тағы тірлікте,

Арнады-ау бізге бар күшін
Кезіміз бар ма елеген?

Бағыштап құран жүрміз бе?

Беріп еді асын жемеген,

Әйтеуір жүрген тіріміз бе?
Отқа да түсіп , су кешіп ,

Намысты , ұятты жақтады.

Жабылмасын деп қу есік ,

Отанын адал сақтады.
Жалаңаш етке сым киіп,

Ерлердің ісін атқарды.

Анамыз әулие , тым биік ,

Жүрекке ұрпақ сақтар-ды.
Ағаның қадірін білдік пе?

Еркелеу өстік ес кірмей . 10

Жөн айтса тағы күлдік те ,

Ақылын әркез еш ілмей.
Үлкен ұл әке есебі ,

Бауырдың қамын ойлаған.

Ер жетсе «ерке» кешегі ,

Тойын да бірге тойлаған.
Кешкілік сәтте саз үні ,

Баурап ап бойды кететін.

Бәлкім ол аққу қаз үні ,

Жаныңды жайсаң ететін.

Толқынсың қандағы...

Cол бір кез жадымда ,

Мәңгілік қалғаны.

Айналып сағымға ,

Әуреге салғаны.

Ең әсем ару қыз,

Биіктеу талғамы.

Бағынтты қарусыз,

Қиыла қалғаны.

Күлімдей күн болды,

Бас шіркін айналды.

Жымиса түн болды,

Шешен тіл байланды.

Өн бойы сұлулық,

Сусынын ұсынды ,

Қарадым құнығып ,

Қия алмай мүсінді.

Көздерін төңкеріп ,

Назданды нұрлана .

Көрместі көз көріп ,

Қараймын ұрлана .

Жүзіңде мейірім ,

Ақ көңіл жаным-ай.

Ерекше кейіпің ,

Сен тұрдың танымай.

Тіл қату мұң еді ,

Аты да белгісіз .

Бір өзі мың еді ,

Мың қызға бергісіз .

Сүйкімді сымбатты ,

Барады тартып-ай.

Қылығы қымбатты ,

Өлтірді жартылай.

Бейнебір гүл едің ,

Жүзіңді жасырма.

«Бақыт» қой тілегім ,

Жете бер ғасырға.

Сусынын ұсынған ,

Сол мөлдір кезің-ай. 11

Ұялған , қысылған ,

Сол бір пәк сезім -ай.

Өтті өмір аңсаумен ,

Жырыма бөледім.

Шөлдеумен , шаршаумен ,

Сені іздеп келемін .

Айқын ғой тілек те ,

Толқынсың қандағы...

Тым жақын жүрекке ,

Ауырлау салмағы...

Студенттік өмір -ай...

Кешегі жас білім қуып талпынды

Қадір тұтты дәстүрімді , салтымды.

Оқушы еді , талантымен танылды ,

Студент боп жүр халқымды.
Студенттер , шығар шыңы биік-ті ,

Тәңірім өзі оларға бақ үйіпті .

Бай халық ол ақылды да білімді ,

Қылығымен , сымбатымен сүйікті.

Студенттің әрбір күні қызықты ,

Білім алып , той думаны қызыпты .

Студентке күнді түнді білмеуге ,

Тәңір өзі маңдайына сызыпты .
Бұл бір өмір кейін түске кіретін ,

Қиындық пен қызық бірге жүретін .

Махаббатпен , сыйластықпен , достықпен ,

Сезімменен бірге өмір сүретін .
ОЙЛАН ҚАЗАҚ...

Оян қазақ , ұйқың мәңгі қанбады ,

Көре алмаудан бағың мүлдем жанбады .

Күндеуменен бір-біріңді келесің ,

Сан соқтырар сатқындықтың салмағы .
Ойлан қазақ , арды аяққа басқанда ,

Төр бересің елін тастап қашқанға.

Ана тілдің аянышты халі бар ,

Шетел тілін көтересің аспанға .
Ойға ал қазақ , таланттарың тұншықты ,

Жан түршігер түрмелерден үн шықты .

«Халқым» десе «Халық жауы» атадың

Өлтіріп ап көзден жасың ыршыпты.
Ойлан қазақ , бір-біріңді тілдедің ,

Құлап жатып сүрінгенге күлмегін .

Жайнап тұрған жауқазынды жайратып ,

Келеді тағы сол орында гүлдегің . 12

Оян қазақ , естисің бе жат үнді ?

Сәбилерің шет елдерге сатылды.

Қара көздер шетелдікпен мәз-мейрам ,

Соншалықты былғармысың атыңды.
Оян қазақ ,намыс қайда , ар қайда ?

Суайт болдың Құдай берген жан қайда ?

Болбыраған балапандай болдың-ау,

Аузын ашқан аждаһалар арбай ма?
Оян қазақ ,ерікті едің , ер едің ,

Ынтымақ пен бірлік екен керегің .

Қиындықта қайыспайтын қайтпайтын ,

Батпақтағы биік өсер терегім !
Ойлан қазақ , не боп кетті нар қоғам ?

Ертегі боп қала ма деймін мәрт адам ?

Әсем табыт дайындауда жезөкше ,

Көр қазуда СПИД ,алқаш , наркоман .
Ойлан қазақ , нарық заман белсенді ,

Ар мен ұят таразыда өлшенді.

Ашаршылық , сұм соғысты көргенсің ,

Тектілікпен көтеріп жүр еңсеңді .
Ойлан қазақ , ойланып жүр әрдайым ,

Қазаққа жау қазақ болған дапдайын.

Ой өрісті түзетпесең ағайын ,

Ешқашанда түзелмейді жағдайың .

Ойлан қазақ , ойланып жүр әрдайым ...
03.04.2004жыл.

ГҮЛ – ҒҰМЫР...

Ыдысқа келдің нұр гүлім ,

Тұр едің бақта жайқалып.

Жүрегім менің мың тілім ,

Мұңыңды бірге айталық .
Ұқпаймыз өмір мың сырын ,

Тұрса да көзге байқалып.

Үзілді күлкі сыңғырың,

Ес түссіз қалдың шайқалып .
Аруға сыйлап қуаныш ,

Сындырды сені аямай .

Бұл қандай қатал сұраныс,

Келіп ең елді саялай .
Адамды түсін , құрметте,

Жанына үңіл иіліп .

Қуанту үшін бір сәтке , 13

Гүл-ғұмыр кетер қиылып.
Нәзіктік тұнған қыз жаны ,

Пір тұтқан ақыл ұятты .

Өмірдің жұмбақ мың заңы ,

Адам да сол гүл сияқты .
Ыдыста тұрсың жыр гүлім ,

Нұр едің бақта жайқалып .

Жүрегім менің мың тілім ,

Бар сырды бірге айталық...
Естіртпей гүл де сыбырын ,

Тырнады жүрек жараны .

Аяқтап мүлдем ғұмырын ,

Солғындау тартып барады.
Өмірдің қымбат екенін ,

Ар,намыс,иман , ұятты ,

Сыйластық , сымбат не екенін,

Айта алмай кеткен сияқты ...

Айта алмай кеткен сияқты...

23.05.2004жыл.

Ақ арман (Әні бар)

Сенімен кездеспегем

Сыртыңнан таныстырған.

Жүректі сезгіш деген ,

Жақынсың , алыс тұрған .
Жанымды қиял тербеп ,

Көңілім көкке өрлеп ,

Тартады өмір өрнек ,

Келісті , керім , келбет .
Аққусың айдындағы...

Көзіңде сағыныш бар ...

Көңілімнің көркем бағы...

Тазаға мәңгі құштар...
Ажарлы ай екенсің ,

Жан дүниең қандай әсем .

Рухани бай екенсің ,

Тек жүрші аман есен .
Бәрі де жететіндей ,

Мың сұрақ мазалайды .

Бұл өмір өтетіндей ,

АР-УАҚЫТ жазалайды .
Шаң тұрған далаларды ,

Ақ жауын тазалайды .

Жандағы жараларды , 14

Ешкім де жаза алмайды.
Бәріне уақыт емші ,

Жайнаған гүлсің дер ем.

Жүрегім бәрін жеңші

Жанымда дүрсіл неден ?
Көңілің алаңдайды...

Жаныңды жұбатар кім?

Қуаныш ,уайым ,қайғы ,

Жүреді бір қатар тым.
Көріндің тым ертерек ,

Бәйшешек қар астынан .

Өсіпсің гүл-бәйтерек ,

Қанаты талмас қыран .
Баянды бақытыңды,

Тіледім сезінерсің.

Ақ арман ағытылды ,

Жырымды өзі дерсің...

06.06.2004жыл.

ӨТПЕЛІ ӨМІР...

Кімге сенем , кімнен сүйеу табамын?

Жаным жүдеу, аузын аштым жараның .

Қадым сайын сатқындықпен арбастым ,

Күншілдермен күле алмай да барамын .
Сағат соғып , сыртылдайды сыр тілеп ,

Көктем көңіл кідіреді күркіреп.

Алыстағы аңсары ауған адамға ,

Жетпей жүрер бір жылы сөз , бір тілек.
Жұмыс бітсе қуанамыз күн өтіп ,

Қысқарды өмір , білмейміз-ау зыр етіп .

Жаны жайсаң ,болды лайсаң , арақтан ,

Жүрегімен кім ойланар дір етіп.
Құйтырқылау , алмағайып заман да,

Бірінші тұр қызмет ,байлық ,шамамда .

Мықты болсаң көтереді аспанға ,

Әлсіз болсаң жаныштайды табанда .
Қараңғылық тұманданды байлықпен ,

Күн көру де қиын жалғыз айлықпен .

Оңай боп тұр дос болу мен қас болу,

Екі жүзден қара бетті айырып па ең?
Нарық заман ажыратты араны ,

Айқындатты ақ пен және қараны.

Ескілікке есі кеткен есіл ер ,

Ұятты қойып «Базар» боп тұр жаңа әні.

15

Нарық келді , халық көзің ашылды ,

Мына өмір жақтырмайды масылды

Байығанмен , мал көбейтіп ,үй салып ,

Жан дүниеңнен жоғалттың көп асылды .
Көп жағдайда шашыласың бекерге ,

Өтпелі өмір , не айтасың кетерде ?

Рухты тербет ,иманды үйір , арды ойла ,

Адамдыққа ұлылығың жетер ме?
Жаның бұлақ , тәнің шырақ өшірме ,

Жайнап жүргін , жалғандықты кешір де .

Қатты күлме , жылап тұрған адам бар,

Кесапаттық ұрындырар кесірге .
Тірі кезде қаланады мүсінің ,

Үлкен болып қамын жесең кішінің .

Халқым -қуат, елім-жұмақ , төреші ,

Азаматтың әрбір мәнді ісінің .

24.06.2004жыл.

БҰЛ ЖАЛҒАН ЖЫЛДАМ ЖАРЫСТАЙ...

Ең әлсіз жан пенде екен ,

Ақылға адам кенде екен .

Байлыққа баттым демеңіз ,

Бейшара болу демде екен.
Дүние кезек дембе дем ,

Өмірге екі келмеген .

Азғындатар адамды ,

Арақты ешкім жеңбеген .
Нан тәтті тапсаң терменен ,

Езілме қайғы шерменен.

Жүгіруге қызықпас ,

Аяңдап жүріп , желмеген .
Күй туады пернеден ,

Үміттің оты сөнбеген .

Су қадірін біледі ,

Апталап , айлап шөлдеген .
Адамға қиын сенбеген ,

Рухани азық термеден .

Іштегі шерді басатын,

Күй қымбаттау көмбеден .
Жарысқан жүйрік желменен ,

Ешкімге бәйге бермеген .

Мың қауіп күнде төнгенмен ,

Ажалсыз пенде өлмеген.

16

Алдыңа келген кісінің ,

Бітуін ойла ісінің .

Кезікпеймін деген кезігер,

Түседі тағы ісі мың .
Көргенің қызық елменен

Байланысты өмір теңгемен .

Ағаның жақсы тұруы ,

Сыйлайтын сұлу жеңгеден .
Жылы сөз жанды емдеген ,

Екі сөйлемес ер деген .

Қыңырлау , қарау , қисықты

Бір Алла өзі жөндеген .
Сөз семсер -шешен сермеген ,

Бір өлген қайта келмеген .

Бұл жалған-жылдам жарыстай ,

Тоқтаусыз өрге өрлеген.

25.06.2004жыл.

СЕЗІМ-ӨРНЕК ...

Тұңғиықта талықсыдың тұнжырап ,

Күйкі тірлік көңілсіздеу күн өтпей .

Жан жүрегің жылу іздеп , тұр жылап ,

Білдірмейсің неткен жансың бір беткей?
Таудың ескен самалындай көктемгі ,

Кеудеңде күй , жүрек соғып , туладың .

Қара сия ақ параққа төкті енді ,

Саған деген сағыныштың шумағын .
Мөлдір пәксің , жаның таза , асылсың ,

Үндестігің жүрегімді жібітті .

Жанарың -ай сырды қалай жасырсын ?

Үкіленген , үлбіреген үмітті.
Тастан қашап ойылғандай мүсінің ,

Сені айтар ем ең ғажайып туынды .

Үлкен болып , жолын жасап кішінің ,

Бекзаттықпен биіктеттің туыңды .
Тал бойыңды тұншықтырма қиялға ,

Бетіңде әр , кеудеңде әл , жан барда .

«Ақыл -дәрі , сұлулыққа сый алда»

«Өмір-базар , өссең , өшсең таң қалма»
Өрмекшінің жібіндейсің жалғанған,

Жан дүниемнің тапқандаймын бір емін .

Сезім-өрнек , жырым болдың таңдалған ,

Сені ойлап ,сағынумен жүремін.

01.07.2004жыл.

17



ҚАЙРАН ӨМІР ҚЫМБАТСЫҢ-АУ СЕЗІММЕН !!!

Мөлдіредің таңғы шықтай ертеңгі ,

Жапырақтай дірілдедің талдағы .

Көзбен көріп кереметтей көркемді ,

Жүрек тулап еш дегбірім қалмады .
Бәйшешек пе ең қар астынан көрінген ?

Биік сенде ой өріс те , талғам да .

Қайран өмір , бір ақ рет берілген ,

Күннен ыстық , суық аяз қардан да .
Күн аймалап жігіттей боп жалыны ,

Жер аруды ес түсінен айырды .

Ай көрінді толықсыған , бал үні

Жігіт болған жұлдыздарды қайырды .
Сәуле сүйген сүйіктіден шайқалды ,

Алмалардың екі беті қызарды .

Бүкіл әлем тартылысы байқалды ,

Табиғаттың бар қызығы ұзарды .
Жер- ару да баса алмайды ентігін ,

Күн -жігіт те қызуы мол қайтпады .

Жұлдыз -жігіт жұлмалайды жемтігін ,

Ай-ару да тіс жарып дым айтпады .
Өзен -ару жәй ағады бұралып ,

Үміттеніп ол да асылын күткендей .

Бар арманы көктен түссе бір алып ,

Жігіт-бұлтқа көзін қадап тіккендей.
Жеміс ағаш ару болып майысып ,

Жігіт желге жар құшағын жаяды .

Саясында кемпір мен шал шай ішіп ,

Сөз қылады махаббатты баяғы .
Үйдегі гүл құлпырғанмен жаутаңдап ,

Қолымызға су ма екен деп қарады

Құмырсқа жүр мың ішінен жар таңдап ,

Сүйіктіге дән әкетіп барады.
Қайран өмір , қымбатсың-ау сезіммен ,

Құдірет бар ,бар тіршілік бағынған .

Заңдылық бар сезінбейтін сезінген,

Қандай ғажап бірін -бірі сағынған!!!

03.07.2004жыл
ҚАЙРАН ЖҮРЕК ...
Жүрегімде бір дүрсіл бар , сезінем ,

Жаралыпсың жауқазындай тек гүлден .

18

Сағыныштан сия болып езілем ,

Жабыққанда жырға айналып кеттім мен ...
Жан дүниемде алай-дүлей толғаныс ,

Аңсауменен ,армандаумен келемін.

Мен дағы бір жараланған жолбарыс ,

Ешкімнің де керек етпес көмегін .
Мақсат -биік ,қиял-қашық , үміт-көп ,

Сұлулығың көзді өртеп ,шарпыды .

Қысыласың құпияңды бүгіп көп ,

Қыздар қымбат мың қылығы арқылы .
Ай қарады , айнала дажарық боп ,

Байқалады құмар қанбас жас жаны .

Өзен бойы махаббатқа қарық боп ,

Түні бойы айтылар жыр , дастаны .
Арыс өзен еркелікке ерте еніп ,

Қамыстары шайқалады желменен .

Естен танып , қыз жігіттен өртеніп ,

Қайран жүрек ойға ырық бермеген .
Бәрін көріп ай өзі мас болғанда ,

Құшақ жайған бұлт астына құлады .

«Сыйластық пен сезім -егіз жалғанда»

Қайран жүрек қашан , қайтіп тынады ?

ТАБИҒАТТЫҢ СҰЛУЛЫҒЫ СЕН ДЕДІМ. (Әні бар)

Неге сені ылғи аңсай беремін? ,

Сағыныштан сарғаюмен келемін .

Келеді сені қуанышқа бөлегім ,

Текті қыз-ау таза ,мөлдір , тереңім .
Айды көріп сен екен деп қалдым да ,

Тербелісі саған ұқсас талдың да .

Табиғаттың сұлулығы сен дедім ,

Көркемдігін сақтап қалған қалпында .
Тағдырыңа қарсы жүздің қаймықпай ,

Жан дүниең тұнып тұрған байлықтай .

Сарғалдақтай сұлулардың сымбатын ,

Бір өзіңе көшіріпті айнытпай .
Көңілді боп күліп жүрші өтінем ,

Мұңлы зарын маздатпасын жетіген.

Қорғаның боп , қамқоршың боп жүрейін ,

Ұлы жердің көшкенімше бетінен .
Жақын тартып жолдап жырдың нөсерін ,

Жеткізе алмай әсемдіктің әсерін.

Қуат тұтып , қанаттанып кеттім мен ,

Әлемдегі ең әдемі , әселім!!! 19

01-02.2004жыл.

ДОСТАРЫМ-ЖАЛЫН ӘНІМ .(әні бар)

Достарым сағыныштар

Аман-сау жүрсіңдер ме?

Сендерге жаным құштар ,

Жүректе гүлсіңдер ме ?
Достарым дарасыңдар,

Жанымнан табылатын .

Сезімтал данасыңдар ,

Пір тұтып табынатын .

ҚАЙЫРМАСЫ:

Достарым сағынамын ,

Нұр шаштың бағыма мың .

Сырласым шағынарым ,

Мәңгілік жалын әнім !!!
Достарым , ақылсыңдар ,

Көңілді гүл ететін .

Ерекше жақынсыңдар ,

Мәнді өмір бірге өтетін .

12.08.2004жыл.

ЕРКЕ ҚЫЗ (ӘНІ БАР)

Күлші ерке қыз ,

Білші ерке қыз ,

Ел аңсайтын сенде ғажап үн

Қайырмасы:

Жаздай ажарың ,

Қыстай таза арың ,

Бұлақтай мөлдір , ғажабым.
Биле ерке қыз ,

Елік-көркем қыз ,

Ақылдысың ,аққусың айдай.

Қайырмасы:

Күн боп күлімде,

Әсем үнің де ,

Арайлысың ататын таңдай .
Әнсал ерке қыз ,

Жар сал ерке қыз ,

Бақыттысың арман -өмірде.

Қайырмасы:

Күй қос көңілге ,

Ырыс жеріңде ,

Береке-байлық еліңде .
Жайна ерке қыз ,

Ойла ерке қыз ,

«Ел»-деп өскен биік шынарым .

Қайырмасы:

20.

Сенсің , жыр әнім ,

Текті қырағым ,

«Болашақ»-сенің ұраның .

15.08.2004жыл.

Ғажап мүсін .

Қара шашың самал желмен есілген ,

Жазық маңдай кең даладай көсілген .

Қиылған қас , қайқы қылыш секілді ,

Мөлдір көзің сезімімді өсірген .
Сыршыл құлақ , қыр мұрынмен үндескен ,

Қызыл ерін көз тартады бірдестен .

Аққу мойын , жылы қабақ мейіріммен ,

Тектілігің білініп тұр бірлескен .
Сүйрік саусақ , әппақ білек , иық тең ,

Қос Алатау баурап алар биіктен .

Жазира бел әсемдікпен әрленіп ,

Ғажап мүсін аумай қалған киіктен .
Көздеріңде бір сиқыр бар тартымды ,

Сөздеріңмен қоя білдің шартыңды .

Күлкілерің күмбірлесе күй болып ,

Жан дүниеңнен сезем таза жарқылды .
Ішіндеміз өмір атты ағынның ,

Бір әдемі кезі нұрлы шағымның .

Дауысыңды естігім кеп алаңдап ,

Мен әрбір сәт тек өзіңді сағындым ,

Ай дидарлы , күн келбетті сағындым .

29.08.2004жыл.

БІР ӘДЕМІ КЕЗІ НҰРЛЫ ШАҒЫМНЫҢ .

Жан жағыма шаттанумен қараймын ,

Жүрегім де қатты соғып кетер ме?!

Аялауға аңсары ауған араймын ,

Дей алмаймын :»Өмір сүрдім бекерге»
Сұлулықтың сырын ашу мүмкін бе?

«Махаббаттың жалын оты сөнбейді»

«Сырлы түнің татиды екен мың түнге»

«Жылы сөздер өмір бақи емдейді»
Жақын жанның сезіледі шуағы ,

Сағынышы , армандауы , ойлауы .

Шарықтатар шабытымның шумағы ,

«Қыран текті -қуаныштың қойнауы»
Самал соқса сенің лебің сезіліп ,

Күн шуағын алақаның деп білдім.

Қоштасарда жүрек тұрар езіліп ,

Ерекшесің арасында көп гүлдің .

21.

Заңғар тауға көп қарадым көз алмай ,

Биіктігі көңіліңмен үндес пе?

Шынын айтсам сағынышқа төзе алмай ,

Жүрегімнен жарып шықты жыр десте .

06.09.2004жыл.

Іңкәр боп іздедім сені .

Жан жаққа алаңдап қарап ,

Жанымды мың уайым талап .

Мен сені сағынып жүрмін ,

Көркіңді көруді қалап .
Елеңдеп , есімді жимай ,

Сезіммен жүректі қинай.

Іңкәр боп іздедім сені ,

Ән болып әлемге сыймай .
Күрсіндім күле бастап -ақ ,

Дүрсіл мың жүрек ашқарақ.

Ажарың айдай , аңсатты ,

Баурады жылы қас қабақ
Теңгедей күлкің сыңғырлап ,

Тым таза жаның шын бұлақ .

Ұйқысыз бейжай күй кештім ,

Түзелмей ойлар мың құлап .
Көркемсің керім келбетпен ,

Тектісің төрге төрлеткен .

Шабытты шайқар шұғыла ,

Өрнекті өлең өрлеткен .

11.09.2004жыл.

СҰЛУЛЫҚ -АЙ ...

Сұлулық-ай ...неткентәтті шырын ең ,

Құпиясың сырлы әлем түрімен .

Туылғансың таңғажайып тылсымнан ,

Жаралғансың ең әдемі гүлінен .
Сұлулық-ай ...жалын отың өртеді ,

Сұлу сүю серілерге серт еді .

Еріксізден елеңдедім елпілдеп,

Еркін едім , жүрек қайда елітеді?
Сұлулық-ай ...сенен бәрі үмітті ,

Жұмбақ жаның небір сырды бүгіпті .

Бұлттар арбап , асқар алатауымды ,

Тебірентті қыз тау тасындай жігітті .
Сұлулық-ай ...сазың сайрап санада ,

Шырай бердің шексіз көңіл далаға .

Жарық жұлдыз жалындаттың жанымды

Тым беймаздау ұқсап кеттім балаға

22.

Көркем күйсің көкіректі кернеген ,

Гүлден иісің , өміріме өрнек ең .

Жақсылыққа жаным құмар болған соң ,

Сұлулыққа өмір бойы шөлдегем !!!

17.09.2004жыл.

КӨРКЕМ ҚУАТ.

Сұлулығың жан дүниеме енуде ,

Алаулаған ажарлы екен дидарың .

Сезім сәуле тиісті емес сөнуге ,

Еркем сезсе көркем қуат сыйладым.
Қиындықты тиістімін жеңуге ,

Тағы айтарым ешкімді жоқ қинағым .

Жол таппаймын алып-ұшып келуге,

Қарақаттай құлпырасың , қимадым.
Жүрегіңнің құлпын кілтім ашпады ,

Құштарлықтың қаны ойнайды бетіңде .

Адамдардың бақытының бастауы ,

Сезімінің шын оянар сәтінде.

19.09.2004жыл.

СҰЛУЛЫҚ СЫРЫ -САЯ БАҚ.

Жүрегіңе үңілем құлақ түріп ,

Сыр айтпаймын сыртыңнан сынап тұрып .

Көңілің -көктем , күйініш күнделігің ,

Жан дүниеңмен жазасың жылап тұрып .

Тазалықты , жаныңнан сымбатты ұғып ,

Өн бойыңнан сеземін, бір шат қылық

Сағыныштың самалы саған соқса

Кездессем” - деп қинайды мың тәтті үміт


Тал бойыңнан тарайды шаттық арай

Аяқталды аңсаумен апта, әр ай

Күміс күлкің, назың-бал, елітесің

Бастап бірге барар ма ем баққа қарай
Сол бір бақтың сұлуы-ай, көп дарағы-ай

Жан демалып, бар уайым тоқталады-ай

Шаттанасың шыршалар шақырғанда

Қол бұлғап қарсы алады топ қарағай
Осы маңда ғашықтар топталады-ай

Жанарымен бір-бірін жеп барады-ай

Сұлулығын сыйлаған сол сая бақ

Еске түссе көзге жас келіп қалады-ай.

19-20.09.2004ж.

23

Тоқырау.



Ақ парақ саған сырымды тағы жазамын

Сыр берді жүйке, мәнісі кетті мазаның

Қателіктерден құралар қайғы қасірет

Алдансаң алда азабың

25.09.2004ж.
Қызғалдақ құрбым қайдасың?

Сен көрінсең, шаттандым ,

Көңілдің күйі күмбірлеп,

Аққуымысың ақ таңның?

Шуағын шашты шын бір леп .
Жанарың жаздай жайнаған ,

Қызғалдақ құрбым қайдасың?

Қыз едің серттен таймаған,

Ажарлы болмау айға сын”.


Кірпігің-найза, от-жанар,

Данақыз, дархан, дарасың .

Жымисаң жүрек тоқталар,

Құлатар қарсы қарасың .
Сүйгенді сезу – сәттілік”,

Сүйікті болмау – сергелдең”.



Жүректе жүрер тәтті үміт,

Өмірде мәңгі дем берген”.
Сымбатты, сұлу сырымен,”

Ырғақты әнсің қалықтар.

Сағындым сені шынымен ,

Жанымда аңсау анық бар.

29.09.2004ж.
Ақкөңіл айналайын...

Мен сені қинап жүрмін ,

Еркелеп, естен танып .

Жүрегі жиақ жырдың ,

Сезіндім өзің анық.
Тағдырға амал қанша?

Жүрегің жараланар.

Төзесің басқа салса ,

Данасың дараланар.
Сеземін сезіміңді ,

Айтпадың іштен тынып .

Тауысып төзімімді ,

Ашылмас болдың құлып .

Қиналсам қия лдайтын , 24

Сағынсам сағым болдың .

Ұяң боп, ұялмайтын ,

Күй кештім, ысып, тоңдым .
Еркінсің, еркелеші ,

Қиналдың, қинамайын .

Көңілімнің көркем кеші ,

Сыйлайын, сыйланайын .
Жүрекке әмір жүрмес,

Жаңарып, жиналайын .

Өзімсің, мәңгі үндес,

Ақкөңіл айналайын.

3.10.2004ж.
Жаныңдамын сезерсің...

« Өлмес өлең өнегемен өлшенер»

Табиғатым тамырымен теңселер .

Жанартаудай жарылдым да жабықтым,

Өзің едің мен сенер ...
Бұлттай болдым , қабағымды қарс жауып ,

Мың мыңдаған ойлар маған өш қауіп .

Жанарыңда жарық жұлдыз жарқырап ,

Қуанғанмын дос тауып ...
Өмір-керуен , көшпен бірге кезерсің ,

Базарларсың , балбырарсың , безерсің .

Қиналсаң да , қамықсаң да , құлама ,

Жаныңдамын сезерсің ...

Жаныңдамын сезерсің...

08.10.2004жыл.
НАҒЫЗ ДОС МЫҚТЫ ҚАМАЛДАЙ .

Іздеймін сені , көргім де келіп тұрады ,

Мұңайса жүрек, көңілдің болдың шырағы .

Сағындым сені , қанат жоқ самғап ұшуға ,

Шабытты жырдың пырағы .
Ойладым сені , ерекше сезім биледі ,

Бақсыдай болдым құпия тылсым күйдегі .

Аңсатқан Арыс ағызып асыл арманды ,

Жәутеңдер жұпар жидегі .
Қимадым сені , өмір де мынау қас қағым ,

Адамдық ардың айқара аштың аспанын .

Сағыныш -сезім , сыйластық -сәнді салтанат ,

Достықтың жазам дастанын .
Сыйлаймын сені , серпіле соқтың самалдай ,

Амалым қанша аңсаумен өтсем алаңдай .

25

Достықпен өмір мәнді де сәнді , әсерлі ,

Нағыз дос- мықты қамалдай .
Түсіндім сені түрленген түрлі себепті ,

Жабыққан жанар жанымды жайсаң жеп өтті .

Адамгершіліктен айырылмас үшін алдымен ,

Адал дос болу керек-ті .

12.10.2004.
ІЗДЕРСІҢ МЕНІ ...
Іздерсің мені ,

Құйыла төккен жауыннан .

Іздерсің мені ,

Дамылсыз соққан дауылдан .

Табиғатымның танырсың түпкі тамырын ,

Жүрегі сен деп ауырған .
Іздерсің мені ,

Бақшадан әсем баудан да ,

Күз келсін мейлі , көңілдің бұлты ауғанда .

Жылжыса жылдар , жүйткісе жылдамдықпенен ,

Санармын биік таудан да .
Алыстап кетсең ,

Танимын көзден күн күлген .

Уайымды шексең ,

Жарамас мұның тым мүлдем .

Жалынды жырым ,

Жаныңда жұлдыз жайнатсын ,

Өмірдің соңын кім білген ?

Өмірдің соңын кім білген ?

24.10.2004жыл .

КӨРКЕМ КҮЗ , КӨҢІЛ АЛАҢ , ЖАН ЖАБЫРҚАУ .

Қарайсың маған ерке қыз ,

Шұғыла шашқан шағыңда .

Жүрекке түскен ерте сыз ,

Албыртты асқақ ағымда .
Шыдайды жүрек өртеңіз ,

Санада сан ой сағым ба ?

Шешілгін , шерден шертеміз ,

Көзге ілме шаштың ағын да .
Кездестік орта жолда біз ,

Сәтсіздеу болды сынақ та .

Біздер де сіздей болғанбыз ,

Көңілдің туын құлатпа .
Табынтатындай жас мүсін ,

26.

Шуағын шашқан арайлым .

Жүрек пернесін басты шын ,

Қызыға тағы қараймын .
Аққу ма ең айдын көлдегі ?

Алаңдап жаным іздеді .

Шарқ ұрып шабыт шөлдегі ,

Көркемді күтер күздегі .

27.10.2004жыл.
ӨЗІҢСІҢ ТАУСЫЛМАС ТҰНЫҚ ЖЫР .

Ғашықпын өмірге , тамсандым ,

Әр таңды сеніммен қарсы алдым .

Жаныма шуақсың , жар салдым ,

Өйткені сен барсың .
Сарғайдым сары ала күзден де ,

Тырналар тізбегін тізгенде .

Жымиса жығылар біз пенде ,

Жүрекпен ұғарсың .
Бақытты сәтіңді көрсем деп ,

Өлеңді өрнекпен өрсем деп ,

Қасиет , тегіңді терсем деп ,

Сағынып жүремін .
Мүсінің аумаған киіктен ,

Көрінші әрдайым биіктен .

Жаныңа ізгілік үйіп пе ең ?

Адалсың білемін .
Ажарлым арманға асыққан ,

Талпынып талабын тасытқан .

Жауқазын жәудірер қашықтан ,

Ең нәзік гүл едің .
Сүйетін күн нұрын ашық таң ,

Қайсарсың қайтпайтын тасып қан .

Өмірдің бар сырын жас ұққан ,

Не деген ірі едің !
Шаршама , шалдықпа , күліп жүр !

Бақытың баянды біліп жүр !

Өзіңсің таусылмас тұнық жыр !

Аман бол , тілегім !

30-31.10.2004жыл.
АҢСАДЫМ АШЫҚ АРАЙ ДЫ...

Сен білесің бе ?

Жүрегім нені қалайды ?

Көңілім көк толқын болып ,

27.

Көзіме қызыл қан толып ,

Аңсадым ашық арайды .

Жаңартып жанда жаңа айды ,

Сәнді еттім сенім сарайды ,

Жылылық неден тарайды ?

Ұға алсаң соны жарайды .
Сен түсінесің бе ?

Шаттандым ,шалқи алмадым ,

Мақтандым , балқи алмадым ,

Сақтандым , сыр беріп мүлдем ,

Аттандым , бас бәйге жүлдем ,

Ақтардым , елес ол күндер ,

Тапталдым , солғандай гүлдер ,

Жатталдым , жауқазын жырда ,

Сақталдым , құпия сырда .
Сен қуанасың ба ?

Үнімді естіген шақта ,

Кездессем әсем гүл бақта ,

Жүргенде шалдығып ,шаршап ,

Жолықсам ойда бір жоқта ,

Барлық ой өзіңді қоршап ,

Аңсарың ауғанда әр сәт ,

Мен саған қарап тұрамын ,

Жалт бұрыл , тоқта !

02.11.2004жыл.
ТІРШІЛІКТІҢ МӘҢГІ КӨЗІ .

Әрбір жанда сағыныш бар ,

Өкініш бар өртеген .

Жүректерде жарылыс бар ,

Екпіндетер ертеден .
Кейбір жанда қуаныш бар ,

Көкіректі кернеген .

Сұлулыққа сұраныс бар ,

Бедел бәйге бермеген .
Кейбір жанда қызғаныш бар ,

Күйініш бар шерменен .

Көмек үшін көз таныстар ,

Бітсе қолын сермеген .
Адал жанда асыл сезім ,

Күндей нұрлы келбетті .

Тіршіліктің мәңгі көзін ,

Махаббатпен емдепті .
Сұлулыққа басын иіп ,

Қаншама жан құлады . 28.

Күлімдейміз іштен күйіп ,

Жүрек байғұс жылады .

05.11.2004 жыл .
СЕН МЕНІҢ БІР БӨЛІГІМ СИЯҚТЫСЫҢ ...

Жаныңның тазалығы құлатты шын ,

Құпия , жауабы жоқ сұрақпысың ?

Жүргенде жаным жүдеп , уайым үдеп ,

Сен менің бір бөлігім сияқтысың .
Өзгермес , өзгешесің , тұрақтысың ,

Сұңғыла , семсер сөзді сынақпысың ?

Ұмытып күз келгенін , іздегенмін ,

Жаныма жақын бірақ , жырақ мүсін .

24.11.2004жыл.

МӨЛДІРЛІКТІҢ МӨЛТІЛДЕГЕН ТАМШЫСЫ ...

Уақыт-емші , жан жарасы жазылар,

Үндемедің , үлбіредің , үрпиіп ,

Өмірдің де күз , қыс , көктем , жазы бар ,

Сәбидейсің бұртиып .
Еңкеймеші , еркелеші , еркінсің ,

Шаттана бер ,шарықташы , самғашы .

Шырайыңда шынайылық шертілсін ,

Тектіліктің жалғасы .
Мені өзіңе бір алып күш тартады ,

Жан дүниемді түсінбей -ақ келемін .

Әрбір адам ертеңге үміт артады ,

Адал доссың сенемін .
Арайында алаулаған ақ таңның ,

Сарайыма нұр шұғыла төккендей .

Сені көрсем тым ерекше шаттандым ,

Жұлдыздардың жұлдызына жеткендей .
Жаңбыр құйса , жан дүние тазарар ,

Күй көсем де , құдыреттей ән күші .

Сенде намыс , керім-келбет , ғажап ар ,

Мөлдірліктің мөлтілдеген тамшысы .

20.11.2004жыл.
ТАҒДЫР...

Қаншама тағдыр тұманды ,

Шешілмей қалған сұрақтар .

Күйзелтер күдік күмәнді ,

Күтеді қанша сынақтар .
Уайыммен кетем теңселіп ,

Жарқырар күнім қайда екен?

Бақытты болып белсеніп ,

Шаттықта күлер қай мекен? 29.

01.12.2004жыл.
СЕН ШАТТАНСАҢ ...

Қар жауып тұр , көңіл құсы бүрсеңдер ,

Әр ұшқыны жерге түспей езілер .

Жабырқаулы жанды жеді жыр-шеңгел ,

Сағыныштың суықтығы сезілер .
Қатал қарап әрбір іске басталған ,

Биік қойдың әз басыңнан ұятты .

Төгіледі әппақ ұшқын аспаннан ,

Сенің шексіз мейірімің сияқты .
Қырандардың самғауы да тым бөлек ,

Шын жүйріктен тұлпар туар тұяқты .

Сен шаттансаң , сәби күлкің , үн бөлеп ,

Бүкіл әлем күліп тұрған сияқты !!!

03.12.2004жыл.
МЕН СЕНІ ІЗДЕЙ БЕРЕМ ...

Мен сені іздей берем :

Шуақ нұр шашқанымда ,

Күн болдың аспанымда ,

Іздеймін ...

Жоғалтып алам ба деп ,

Қас-қағымда .
Мен сені іздеп жүрмін :

Ән болып «Ақ таң » ілдім ,

Керемет баққа үңілдім .

Қасиетің қайталанбас ,

Шұғылалы шақта ұғындым .
Мен сені іздегенмін :

Жаным бір жабыққанда ,

Көруге зарыққанда ,

Дауысыңды сағынғаннан ,

Тарыққанда .
Мен сені «Сіз» дей берем:

Тұрамын елең етіп ,

Өзіңді өлең етіп ,

Іздеймін , іздей берем ,

Жан дүнием керек етіп .

06.12.2004жыл.
МЕНІ ЖАҚСЫ КӨРГЕН ЖАНҒА АЛҒЫСЫМ !

Мені жақсы көрген жанға таңбысың ?

Кейбір сәтте мың уайымға салды шын .

Қуат берді , қуантты да қыз құрбым ,

Шуаққа ендім таусылғанда әл күшім

Жаратушы жазғандай-ақ жарғысын 30.

Толғантты да төгілтті күй тал-мүсін .

Шалқытты да шырай берді шабытпен ,

Жүйрік жүрек қалай шыдап , қалғысын .
Жан дүниені жаралайтын жанбысың ?

Шырын сәтті сыйлап кеткен балмысың ?

«Сүйікті де бола білу гүл-бақыт» ,

Мені жақсы көрген жанға алғысым.
Биік көрдің намыс , ұятты , арды шың ,

Сүйіп қалу жазылмаған заңбысың ?

Сағыныш пен сезім сырлас болғанда ,

Аңсататын , айтылмайтын әнбісің ?
Азаматты аңдып тұрар алда сын ,

Жүрегіме салған ару таңбасын .

Жақсы көрген жақын маған жандар бар ,

Бұрмаса өмір басқа жаққа арнасын .
«Аңсайтын ,жанға жақын , алыс тұрар»

«Тиыннан байлық болып табыс құрар»

Жақсы көру бейнебір бұлақ тектес ,

Өзеннен теңіз , мұхит ағыс құрар.
Сұлудан жаңбыр сезім себеледі ,

Өн бойың қуанышқа кенеледі .

Бір-бірін жақсы көрсе барлық адам ,

Жақсылық жер бетінде жеңер еді .

09.12.2004жыл.

ӘР ЖАНҒА БІР КҮН СҰРАУ БАР...

Жалтағы болып жалғанның ,

Ақкөңіл болып алдандың .

Өмірдің көп қой өксігі ,

Торыққан тағдыр талдандың .
Ақ дәрі ішіп азғансың ,

Өзіңе көрді қазғансың .

Ақиқат алыс , шындық аз ,

Сағымды қуған жазғансың .
Еркелігі өткен елессің ,

Кертартпа , кердең , кеңессің .

Адам боп көмек етпедің ,

«Қол ұшын берші» демессің .
Өтпелі өмір жалғансың ,

Әуреге небір салғансың .

Сөйлемес жерде шешен боп ,

Бармайтын іске барғансың .
Ұят қалды беттің ішінде ,

Ұятсыздық бүгін күшінде 31.

Әр жанға бір күн сұрау бар ,

«Еленбес іс «-деп түсінбе .

Самғаудың соңы құлау бар ,

Есепсіз күлсең жылау бар.

Бүтінге болыс бүлдірсең ,

Қиындық толы құрау бар .
Жүрегін жанның жаралап ,

Ақ таңды жүрсің қаралап .

Зорлыққа тиым бола ма ?

Пендені пенде қанамақ .
Сыр берме істе , сөз келер ,

Адаммен заман өзгерер .

Әділдік жеңер айбарлы ,

Шындыққа жетер кез келер .
Не ұттық , неден ұтылдық ?

Күн өтсе болды , құтылдық .

Жалған да жарты , жарыңды ,

Бермеген мәңгі бүтін қып .
Жабықса жаның жайнамас ,

Қалайша қаның қайнамас ?

Ербиген езбе , ездер бар ,

Перзентін туған ойламас .
Сұлумын деп те сыланба ,

Жарлымын деп те жыланба .

Алланың оғы дайын тұр ,

Жететін жүйрік құланға .
Тау -тас та бір күн шағылар ,

Жақсыға жайсаң табылар .

Шапағат , мейірім болсыншы

Сезім , серт , жүрек , ақыл , ар ,

Еркіндік , елдік сағынар.

16.12.2004жыл .



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет