7- сурет. Көлденең масштаб
Түзу сызық жоғарыдағыдай «масштаб негізін» 2 см-ге тең етіліп, бірнеше бөліктерге бөлінеді. Оң жақтағы 0, 2, 4, 6, 8 нүктелерінен перпендикуляр тұрғызылып, , олар төменге түзу сызықтан бастап әрқайсысы 2 не 3 мм-ге тең 10 бөлікке бөлінеді. Бөлінген нүктелер арқылы бастапқы түзу сызыққа параллель сызықтар жүргізіледі. Сол жақтағы масштаб негізінің төменгі және жоғарғы қабырғаларға «10-ға бөлініп, масштабтың кіші негізі» алынады. Олар суреттегідей қиғаш сызықтармен қосылады. Осылай сызылған көлденең масштабтың ең кіші бөлігі «bo» кесіндісі «ВО» -ның 1/10 не, яғни 0,2мм-ге сәйкес келетін жер бетіндегі горизонталь ұзындықты көлденең масштабтың дәлдігі дейді. Масштаб дәлдігі мына формуламен анықталады:
(9)
мұндағы a-масштаб негізі 2 см; n- масштаб негізі бөліктерінің саны;
m-масштаб биіктігі бөліктерінің саны.
Мысалы: 1:1000;1:2000; 1:5000 масштабтарының графиктік дәлдіктері 0,2; 0,4; 1,0 тең болып келеді. Мұндай көлденең масштабтар топографиялық транспортирлер мен металдан жасалған сызғыштарға қондырылады. Оларды масштабтық сызғыштар дейді.
3-лекция
Геодезияда қолданылатын барлық координаталар жүйелері кеңістік және жазықтық жүйелері болып екіге бөлінеді. Координаталардың кеңістік жүйелерінің ішінде көпшілікке танымалысы – географиялық координаталар жүйесі. Бұл жүйеде нүктенің жер бетіндегі орны жалпы дүниежүзілік масштабта анықталады. Оларды географиялық ендік – φ және географиялық бойлық λ – дейді. (2-сурет). Геодезиялық (φ) экватор жазықтығы мен бекітілген Р нүктесі арқылы өтетін тіктеуіш сызық арасындағы бұрыш. Ендік экватордан бастап, берілген нүктеге дейінгі географиялық меридианның доғасымен өлшенеді де, экватордан екі жаққа солтүстікке қарай 0°-тан 180°-қа дейін салынады.
2-сурет. Кеңістік координаталар жүйесі.
Жазық координаталардың жүйелері ішінде геодезияда ең кеңінен тарағандары – тік бұрышты және полярлық координата жүйелері. Шағын аймақтары біршама қысқа арақашықтықтарға байланысты есептерді шешкенде, тік бұрышты х және у осьтерінен тұратын жазық координаталар жүйесі пайдаланылады. Бұл жүйеде координаталар басы шартты түрде алынады, яғни еркін бір нүктеден басталады (3-сурет).
Тік бұрышты координаталар жүйесінде х осі – абцисса, ал у – ордината осьтері болып белгіленеді. Горизонталь жазықтық координата осьтерімен төрт ширекке бөлінеді.
3 – суретте көрсетілгендей, кез-келген нүктенің орны, мәселен А нүктесінің орны координаталар басынан осы нүктелердің х, у осьтеріндегі проекциялары (ох,оу) яғни хА, уА координаталарымен анықталады. Ал, осы х пен у осьтеріндегі АВ сызығының проекцияларын координаталар өсімшелері деп аталып, оларды ∆х, ∆у деп белгілейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |