Ғарыштық геодезия жердің жасанды серіктерінің көмегімен жер беті нүктелерінің геометриялық арақатынастарын зерттейді


-кесте Жер қисықтығының әсерінен горизонталь ұзындықтарды өлшегенде кететін қателер



бет7/23
Дата20.06.2023
өлшемі5,5 Mb.
#179029
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
геод

2-кесте Жер қисықтығының әсерінен горизонталь ұзындықтарды өлшегенде кететін қателер.

D, км

10

15

20

25

50

100

∆d, м

0,008

0,028

0,066

0,13

1,02

8,14

∆d/D

1:1200000

1/54000

1/304000

1/95000

1/49000

1/12000

Бұдан мынандай қорытынды шығаруға болады: егер АВ доғасын АВ жанама кесіндімен аыстырсақ, онда 10км-ге дейінгі арақашықтықты өлшегенде, осы ұзындығынан 1/106 есе кем қате жіберіледі. Демек, радиусі 10 км-ге тең шеңбердің ауданында жердің деңгейлік бетінің қисықтығының горизонталь арақашықтар үшін іс жүзінде маңызы жоқ. Инженерлік есептерді шешкен кезде геодезида жазықтық үшін 20км-ге тең деңгейлік бет учаскесіналуға толық болады, өйткені жердің пішіні оның қисықтығының әсеріне қарамай, қатесіз кескінделеді. Енді 8-формуладағы D-ға әртүрлі шамалар бере отырып, ∆һ қателерініңде мәндерін анықтауға болады (3-кесте).


3-кесте Жер қисықтығының әсерінен биіктерді өлшегенде кететін қателер.

D, км

0,1

0,4

0,6

0,8

1

2

3

5

10

∆һ, см

0,078

1

3

5

8

31

71

196

780

Бұдан, инженерлік мақсаттар үшін жүргізілетін геодезилық өлшеулерде (техникалық нивелирлеу кезінде) жер беті нүктелерінің биіктігін көбіне 1км-ге 2см-ден аспайтын қателікті жобалап, салыстырмалы түрде жоғары дәлдікпен анықтау қажет. Демек, нүктелер биіктерін анықтамаған жердің қисықтығын, горизонталь арақашықтар - D аз болса да, ескермеуге болмайды.


4-лекция
Жер бетінде орналасқан заттарды, сызықтарды бағдарлау дегеніміз, олардың меридианнан бастап есептелген бағытын анықтау. Бағдарлау негізінде негізгі тұрақты бағыт географиялық, магниттік меридиан, сондай-ақ, осьтік меридиан (x-осі) немесе параллель сызықтар да алынады. Жергілікті жердегі заттарды компас немесе буссоль арқылы бағдарлауға болады. Компастың (буссольдық) шеңбері 360°−қа бөлінеді. Меридианың солтүстік басынан бір затқа қарай сағат тілінің бағытымен есептелген жергілікті немесе картадағы горизонталь бұрышы азимут деп аталады, ал азимут арабшадан аударғанда «бағытты» білдіреді.
Мысалы, егер бір зат (тригонометриялық белгі) біздің солтүстік шығыс – СШ жағымызда тұрса, онда азимут 60°−қа, оңтүстік шығысында ОШ болса, 150°−қа тең деп айтуға болады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет