2-лекция
Жер бетінің және оның жеке бөлшектерінің кішірейтіліп, арнаулы деректері толық көрсетіліп, жазықтық бетке кескінделуін карта дейді. Ал, шағын аймақтың дәл осындай кескінін, яғни ірі масштабтағы картаны план деп атаймыз. План мен карталардың біздің халық шаруашылығымыздың қай саласында болсын атқарылатын рөлі зор. Жерге байланысты ғылыми және практикалық жұмыстар ең алдымен карта арқылы сол территорияны жете зерттеу қажет, яғни зерттеу объектісін белгілеп, жүретін маршруттарды, жолдарды, т.б. қағаз бетіне (планға) түсіру керек. Жергілікті жердің территориясын зерттеп, көптеген жаңалықтар енгізіліп, бұрынғы карта мен план толықтырылады.
Демек, барлық жүргізілген жұмыстар картадан, планнан шығады және картаға (планға) түседі, картадан (планнан) басталады да, картамен (планмен) аяқталады.
План мен картаның негізгі ерекшеліктері:
Планда жердің шағын аймақтары үлкен масштабпен алынса, 1:500, 1:1000, 1:2000, 1:5000 карталарда үлкен аймақтар ұсақ масштабпен 1:50000, 1:100000 алынады.
Картада меридиандар мен параллельдер міндетті түрде сызылады, ал план бетінде тік бұрышы координаталардың толық кескіні ғана болады.
Планда жердің дөңестігі ескерілмейді. Кескіндеу масштабы планның барлық бағытында тұрақты болса, картада ол тек меридиандар мен параллельдер бағытында ғана сақталады.
Жер бетін план мен картадан басқа профиль деп аталатын жердің вертикаль бағыттағы кесіндісі арқылы бейнелеп көрсетуге де болады (5,а сурет).
Жалпы алғанда профиль көлденең кескіннің (қиманың) дербес (жеке) түрі болып есептелінеді. Жер қыртысының бетінен оның терең қабаттарына дейінгі аралығының тік бағыттағы (вертикаль) көрінісін қима немесе көлденең кескінді дейді.
Қималар әрқашанда горизонталь және вертикаль масштабтарда сызылады. Жол және әртүрлі құрылыс салуда, сол жердің рельефі мен геологиялық құрылысы арасындағы байланысты анықтау қажет болғанда, қиманың вертикаль масштабы горизонталь масштабпен ондаған, кейде жүздеген есе үлкейтіліп (іріленіп) сызылады. Мәселен, горизонталь масштаб 1:5000 болса, оның 1:500 болып келеді.
Қималар(5,ә сурет). геологияда маркшейдер және тау-кен ісінде пайдалы қазбалардың орналасуын анықтауға, ізденіс және барлау, сумен қамтамасыз ету жұмыстарын жобалауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |