«Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері»



бет31/64
Дата07.02.2022
өлшемі0,74 Mb.
#91597
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   64
Байланысты:
Фармацевтикалық-қызметті-ұйымдастыру-негіздері

Дәріс тезистері:

Қазақстанда фармацевтикалық жүйенің қарқынды дамуы ел тәуелсіздігін алған 1991 жылдан кейін басталды. Елімізде орналасқан фармацевтикалық кәсіпорындар негізінен галенді препараттар мен дәрілік заттар субстанцияларын, оған қоса инфузионды ерітінділер өндірілетін. Кеңестер одағының басқа одақтас республикаларына өңдеуге жіберілетін табиғи түрде өсірілетін дәрілік шөптер жиналатын.
1996 жылғы «Фармация» АҚ Холдингіні тарату туралы ҚР Үкіметінің қаулысы, кейінгі 1997 жылғы 20 тамыздағы 3621 ҚР Президентінің «Медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Жарлығы елімізде жеке мемлекеттегі фармацевтикалық сектордың қалыптасуына және отандық фармацевтикалық өнеркәсіптің дамуына жол ашты.
1999 жылы өндірілетін отандық дәрілік заттардың үлесі 11%, көлемі 11,3 млн. АҚШ долларын құрады, дәрілік заттардың отандық номенклатурасы 270-ке жетті, фармацевтикалық өнім өндіруші кәсіпорындар саны 40-тан асты.
2000 жылы дәрілік заттардың отандық өндірісінің көлемі 19 млн. АҚШ долларын құрап, дәрілік заттар номенклатурасы 800-ге жуықтады, оның ішінде 600-дәрілік заттар, 200-ге жақын медициналық жабдықтар мен бұйымдар.
2005 жылы отандық дәрілік заттар өндірісі 47 млн. АҚШ долларына жетті.
Қазіргі кезде отандық фармацевтикалық өндірістің көлемі 70 млн. АҚШ долларынан асты, дәрілік заттар өндірісі кәсіпорындары 120-асты, олардың ішінде АО «Химфарм» Santo жылдық тауарайналымы 3 млрд. теңгеге жуық, өнімдерін алыс, жақын шетелдерге, атап айтқанда Англия және ТМД елдеріне экспорттайды. Алматы фармацевтикалық – «Нобель АФФ» АҚ‑ың жылдық өндіріс көлемі 160 млн. таблетка, 35 млн. капсула, 4,5 млн. кремдер және 5 млн. аса сироптарды құрайды.
Павлодар қаласында «Ромат» фармацевтикалық зауыты Ақтөбе «Ақтөберенген» зауыты, Қарағанды фармацевтикалық зауыты, Алматы қаласы жанында «Нұрмай» АҚ инфузионды ерітіндідер зауыты, Степногорск фармацевтикалық кәсіпорны жұмыс істейді.
Қарағанды қаласында «Фитохимия» ғылыми өндірістік орталығының Қарағанды фармацевтикалық зауыты базаларында республикалық фармацевтикалық кластер ұйымдастырылды, оның жұмысына Қарағанды облысының 16‑дан астам кәсіпорындары таратылған.
Фармацевтикалық нарықтың әлемдік экономика салаларындағы алатын орнын анықтау, фармацевтикалық компаниялардың нарықтық капитализацияларының (шығарылған акцияларының нарықтық құнымен есептелген бағалары) көлемімен анықталады.
Дамыған әлемдік 500 компаниялардың ішінде 20-ан аса фармацевтикалық компаниялар кіреді, олардың капитализацияларының көлеміне қарай фармацевтикалық сектор банктер, телекоммуникациялық компаниялар мен олардың бағдармаларын жасаушылар және компьютерлік техникаларды өндірушілерден кейінгі орынды алады.
Фармацевтикалық нарықтың әлемдік рейтінгіндегі компаниялардың жартысынан астамын АҚШ фармацевтикалық компаниялары иемденеді. Мұның өзі әлемдік фармацевтикалық нарықта американдық компаниялардың көшбасты рөлдерін көрсетеді.
Әлемдік фармацевтикалық нарықта американдық фармацевтикалық компаниялармен Англия, Дания, Швеция, Ирландия, Германия және Италия көпұлтты еуропалық компаниялар бәсекелеске түседі.
Еуропалық фармацевтикалық өндіріс ассоциясы федерациясының (EFPIA-European Federation of Pharmaceutical Jndustries Associations) ғылыми зерттеулерінің негізінде еуропалық фармацевтикалық нарықтың дамуын жақсартуға бағытталған келесі шаралар жүзеге асырылуда:

  • тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қажеттілігіне жұмсалатын қаражат көлемін ұлғайту;

  • тұрғындардың денсаулығын сақтауға қолданылатын дәрілік заттарды пайдалану тиімділігін жоғарлату;

  • фармацевтикалық нарыққа жаңа дәрілік заттардың енгізілуін жылдамдату;

  • тұтынушыларды ауру терапиясы және басқада қажетті болатын мәліметтермен ақпараттандыру;

  • дәрілік заттарды фармацевтикалық нарыққа шығарудағы кедергілерді мейлінше азайту;

  • Еуропалық кеңестің шығыс бағытына қарай кеңейюінде еуропалық фармацевтикалық нарыққа өзге тауарлардың енуін болдырмау.

Фармацевтикалық индустрияның әлемдік көшбасшылары нарықтың бәсекелестікке сәйкес фундаменталды және прикладты сипатта ғылыми зерттеулерді жүргізеді. Генетика, органикалық синтез, биотехнология, нанотехнология т.б. бағыттарында жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелерінде фармацевтикалық нарыққа жаңа активті субстанциялар енгізіліп, инновациялық дәрілік заттар жасалуда. Соңғы жылдарда әлемдік көшбасшы фармацевтикалық компаниялардың ассортименттік саясаттарында мегабрэнділерді (блок-бастерлерді) шығару стратегиясы кеңінен қолданылуда.
Мегабрэнділерге (немесе блокбастерлер) – бүкіл әлемдегі сатылу көлемі жылсайын милиард АҚШ долларынан асатын және шығарылған уақытынан бастап 50-ден аса елдерде сатылатын өнім, тауарлар жатады. Фармацевтикалық нарықта мегабрэнділердің шығарылуы қатерлі ісік, остеопороз, тромбоз, жүрекқантамырлары т.б. ауру түрлерінің таралуына байланысты анықталады.
Әлемдік фармацевтикалық нарықта АҚШ фармацевтикалық компанияларына – 68% мегабрэділер, еуропалық компанияларға-28% және Жапония компанияларына - 4% жатады.
Тәуелсіз елдер достығы (ТЕД) мемлекеттерінде жалпы фармацевтикалық нарықтың, оның ішінде фармацевтикалық өнеркәсіптің дамуына келесі факторлардың әсерлері болды:

  • кеңестік дәуірде тұрғызылған және белгілі бағыт бойынша жұмыс істейтін фармацевтикалық кәсіпорындардың жоспарлы түрде жұмыс істеуімен байланысты фармацевтикалық тауарлар ассортименттерін қалыптастырудағы қиыншылықтар;

  • жоспарлы экономикалық саясаттың негізіндегі әр мемлекеттің ғылыми-текникалық потенциялына байланысты өндіріс күштерінің қалыптасуы мен технологиялық процестердің игерілуі;

  • Кеңестер одағы территориясында өндірістік күштердің тиімді бөлінбеуі, Қазақстанда фармацевтикалық индистрияның даму деңгейі өте төмен деңгейде болды.

Фармацевтикалық өндірістің дамуының өте ауыр кезеңі ТМД елдерінде өткен ғасырдың 90-жылдарында байқалады. Себебі, бұл кезеңде ТМД елдері экономикасының нарықтық қатынастарға қайта бағытталуы жүзеге асты.
ТМД елдерінің отандық фармацевтикалық өндірістерінің алдына өндірісті дамыту үшін инвестициялар көлемін ұлғайту міндеттері қойылды. Қазіргі кезеңдегі отандық фармацевтикалық өндіріс кәсіпорындарының стратегиясын қалыптастыруда менеджмент және маркетингтік жүйелерін енгізу-фармацевтикалық нарықты дамытудың басты факторына айналды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет