Ауру тарихы (амбулаторлық карта)- науқас туралы мәліметтер, анамнезі, стоматологиялық статусы,тексеру әдістері, диагнозы, емделуі мен емдеу күнтізбесі толтырылатын құжат. Сонымен қатар амбулаторлық карта заңды құжат, әр түрлі келеңсіз жағдайлар болғанда, соттық үрдістерде қолданылады. Амбулаторлық карта толық, таза, дұрыс толтырылуы қажет.
Клиникалық диагностика әдістері: Диагноз қою үшін дәрігер әртүрлі техникалық әдістерді қолданатыны белгілі, оның көмегімен науқасты зерттеп, сау адамды науқастан ажырататын белгілерді, яғни патологиялық процестің белгілерін анықтайды. Клиникалық диагноз туралы айтатын болсақ, науқасты зерттеудің барлық әдістері (тексеруден бастап зертханалық және аспаптық әдістерге дейін) клиникалық болып табылады.
Симптом-бұл науқасты зерттеу кезінде дәрігер анықтаған және диагноз қою және аурудың болжамын анықтау үшін қолданатын ішкі патологиялық процестің сыртқы белгісі (аурудың өзі сирек кездеседі).
17) Формулярлық жүйе. ҚҰФ. Емдеу мекемесіндегі дәрілік формуляр.
Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ - 41 бұйрығы.
«Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды қалыптастыру қағидаларын, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-326/2020 бұйрығы бар. Одан бөлек, «Халық Денсаулығы және Денсаулық сақтау жүйесі» туралы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексінде 7-бабының 47 тармақшасына сай әзірленеді және 263 бабында да дәрілік формуляр туралы айтылады. Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр - клиникалық қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденген дәрілік заттардың, сондай-ақ орфандық (сирек) дәрілік препараттардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық ұйымдардың дәрілік формулярларын әзірлеу және дәрілік заттарды сатып алу тізімдерін қалыптастыру үшін міндетті негіз болып табылатын тізбесі. Негізгі функциялары:
науқастарды сапалы емдеумен әлеуметтік қамтамасыз ету;
медициналық-ауруларды ұтымды фармакотерапия әдістерін анықтау және дамыту;
экономикалық-клиникалық және экономикалық ең тиімді және қауіпсіз дәрілік препараттарды анықтау;
фармакологиялық-препараттарды пайдаланудың дұрыстығын бақылауды қамтамасыз ету және фармакотерапия қателерін болдырмау және түзету бойынша шаралар қабылдау;
ақпараттық-дәлелді медицина қағидаттарына негізделген денсаулық сақтау процесінің барлық қатысушылары арасында объективті медициналық-фармацевтикалық ақпаратты кеңінен тарату;
кәсіптік – білім беру-жүйелі кәсіптік білім беруді жүргізу және әртүрлі бейіндегі дәрігерлердің, клиникалық провизорлардың, орта медициналық және фармацевтикалық персоналдың құзыреттілігі мен біліктілігін арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: |