Фармакотерапия пәні бойынша емтихан сұрақтарының тізбесі



бет32/61
Дата07.06.2022
өлшемі122,83 Kb.
#146167
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   61
Байланысты:
отв.Фармакотерапия сессия

Фармакокинетикасы:дигоксиннің сіңуі көбінесе препаратты ішектің люменіне "лақтыратын" гликопротеин Р энтероциттерінің ақуызының белсенділігіне байланысты.Бауырдағы жүрек гликозидтерінің метаболизмі дәрілердің полярлығына байланысты (липофильді препараттарда бұл көрсеткіш жоғары). Дигоксинді тамырға салғанда 5-30 минутта әсерін көрсетіп, әсері 1-4 сағатқа дейін созылады. Ал, ішке қолданғанда 1,5-3 сағатта әсерін көрсетіп, әсері 4-6 сағатқа дейін созылады.
Дозалау режимі-дигоксинді 0,25 мг тәуліктік дозадан бастап кешкі уақытта қабылдау керек. Емдеу жүрек соғу жиілігін ескере отырып жүргізіледі, оның мөлшері жүргізілген терапия аясында 60-70 уд/мин дейін төмендеуі керек.
ЖСЖ>80 уд/мин көрсеткіштері кезінде дигоксиннің тәуліктік дозасы 0,5 мг дейін ұлғайтылуы мүмкін. ЖСЖ<60 уд/мин сиреткен кезде препаратты қабылдауда 2-3 күнге үзіліс жасау керек, содан кейін дозаны 0,25 мг-ға дейін азайтып, емдеуді жалғастыру керек.
Жүрек гликозидтерін қолдану көрсеткіштері:
* Жүрек жеткіліксіздігі және атриальды фибрилляция (немесе діріл).
* Синус ырғағы кезіндегі жүрек жеткіліксіздігі.
* Атриальды фибрилляцияның тұрақты түрі (жүрек соғу жиілігін бақылау)


20) ААФ тежегіштерінің клиникалық фармакологиясы. Әсер ету механизмі, қолдану көрсеткіштері, жағымсыз жанама әсерлері.
ААФ ингибиторлары ангиотензин I- айналдырушы ферменттің әсерін басып, ренин-ангиотензин-альдостерон және калликреин-кинин жүйесінің функционалдық белсенділігіне әсер етеді. Олар ААФ құрамындағы мырыш молекуласымен байланысып, оны активсіздендіреді де, жергілікті және қан сарысуындағы ангиотензин жүйесінің белсенділігін басады.ААФ ингибиторлары АҚ деңгейін эффективті төмендетеді және бақылайды, сонымен қатар АГ кезінде нысана ағзаларға (миокард, қан тамыр, бүйрек) да жағымды әсер етеді. Осы себептен қазіргі таңда АГ кезінде қолданатын гипотензивті препараттар арасында ААФ ингибиторлары алдыңғы орынды алады.
ААФ ингибиторларын артериялық гипертензияда қолданады. Бұл топ препараттарына каптоприл және эналаприл жатады.
Ангиотензинге айналдырушы ферменттерді тежейтін препараттарға үлкен қызығушылық туындауда. Қазіргі кезде де қолданылып жүрген ангиотензинге айналдырушы пептидті емес ферменттің алғашқы тежегіші каптоприл . Оның ангеотензин I-ге қарағанда ангиотензинге айналдырушы ферментке туыстығы өте жоғарғы. Каптоприл орталық және вегетативтік жүйке жүйесіне әсер етпейді. Ангиотензинге айналдырушы ферментті тежей отырып, каптоприл тамыр кеңейткіш әсер шақыратын брадикининнің инактивациялануын баяулататынын ескеру керек. Брадикинин простациклиннің, простагландин Е2 және тамыр кеңейткіш әсер көрсететін басқа заттардың босап шығуына әкелетіні белгілі. Каптоприлдің гипотензивті әсерінде простагландиндердің атқаратын ролін былай дәлелдеуге болады:
простагандиндер мен простациклиндердің синтезіне қатысатын циклооксигеназаның ингибиторларын енгізгенде каптоприлдің гипотензивтік әсерін азайтады немесе қысқартады, бірақ бұл барлық әсерлердің маңызы шамалы. Ең басты ангеотензин II-нің синтезін тежеу болып табылады.
Каптоприл асқазан-ішек жолынан жақсы сіңеді. Тәуліктік дозасы 0,3–5 мг/кг. Гипотензия 30-60минуттан кейін дамиды және 4-8сағат сақталады. Каптоприл тез метобализмге ұшырайды. Ол ОЖЖ-не өтпейді. Плацента арқылы да өтпейді. Каптоприл және оның метаболиттері бүйрек арқылы бөлінеді.
Каптоприлді артериялық гипертензияда қолданады. Ол, әсіресе рениннің мөлшері жоғарылағанда тиімді. Каптоприлді диуретиктермен, в-адренблакаторлармен, миотропты тамыр кеңейткіш әсері бар заттармен бірге қолданады. Каптоприл жүрек жетіспеушілігі кезінде де қолданылады.
Әдетте препаратты науқастар жақсы көтереді. Жанама әсерлерінен аллергиялық реакциялар (тері бөртпелері, қызба), дәм сезудің бұзылуы, ангеоневротикалық ісіну, тахикардия, құрғақ жүтел, сирек жағдайда лейкопения (сирек жағдайда агранулоцитоз), протеинурия болуы мүмкін.
Эналаприл малеаты дәрі алдындағы зат (ізашары). Тәуліктік дозасы 0,1–0,5 мг/кг, тіл астына. Бауырда одан эналаприлат метаболиті түзіледі. Ол каптоприлге қарағанда анағұрлым белсенді және ұзағырақ – 24сағат әсер етеді. Эналаприлдің T1/2=1,3 сағ, ал эналаприлаттың T1/2=11сағ. Ас қорыту жолынан жақсы сіңеді. Препарат және оның метаболиттері бүйрек арқылы шығады. Анама әсерлері каптоприлмен бірдей, брақ сирек байқалады. Соңғысы каптоприлдің құрамындағы оның көптеген жанама әсерлерінің себебі болатын тиол тобы (SH) эналаприл мен басқа да келтірілген препараттарда жоқ болуымен түсіндіріледі.Жанама әсері:Гиперкалиемия, протеинурия, нейтропения, гиперазотемия, құрғақ жөтел.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет