Жағымсыз жанама әсерлері: Асқорыту жүйесінен: диарея, іш қату, жүрек айну, іштің ауыруы. Тірек-қимыл жүйесі жағынан: бұлшықет әлсіздігі, бұлшықет спазмы. Тері және тері асты тіндері тарапынан: терінің қышуы; жекелеген жағдайларда - псориаз көріністерінің күшеюі, псориаз тәрізді бөртпелердің пайда болуы.
Қарсы көрсеткіштер:- Бисопрололға, препараттың басқа компоненттеріне және басқа β-адреноблокаторларға жоғары сезімталдық, - инотропты ем жүргізуді талап ететін декомпенсация сатысындағы жіті жүрек жеткіліксіздігі,-шок (оның ішінде кардиогенді),- өкпе ісінуі,- синатриялық блокада, - синус түйінінің әлсіздік синдромы, - брадикардия (ЧСС 60 уд./мин. кем), - ауыр артериялық гипотензия (систолалық артериялық қысым (АҚ) 100 мм рт. ст.), - бронх демікпесінің ауыр түрлері және созылмалы обструктивті өкпе ауруы (ХОБЛ) анамнезінде, - перифериялық қан айналымының айқын бұзылуы, Рейно синдромы, - метаболикалық ацидоз, - 18 жасқа дейін - лактозаға төзбеушілік, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбция синдромы.
22) Ангиотензин-II рецепторлары антагонистерінің клиникалық фармакологиясы, әсер ету механизмі, қолдану көрсеткіштері, жағымсыз жанама әсерлері. Қарсы көрсеткіштер. Ангиотензин-II рецепторлары антагонистерін АГ және жүрек жеткіліксіздігі ауруында қолданады. Бұл топ препараттарына Лозартан және Валсартан препараттарын жатқызамыз. Лозартанның тәуліктік дозасы 0,7 мг/кг (50 мг/тәул дейін) құрайды. Ал, Валсартанның тәуліктік дозасы 80 мг/тәул дейін құрайды.
Әсер ету механизмі: