45) Жедел респираторлық вирустық аурулар. ЖРВИ фармакотерапиясы.
ЖРВИ-жедел респираторлы вирусты инфекция.Өте кең таралған,тыныс жолдарының зақымдануы және интоксикациямен көрінетін,антропонозды,ауалы-тамшылы жолмен берілетін жедел респираторлы вирусты инфекция болып табылады.Ол озінде тұмау,мұрын-жұтқыншақ жолдарының инфекцияларының асқынуы және ЖРВИ бактериямен асқынуымен жүреді.Осы терминмен тыныс жолдарының локализациясына байланыссыз,яғни риниттен пневмонияға дейінгі жедел спецификалық емес инфекциялық ауруларын біріктіру болып табылады. ЖРВИ көптеген қоздырғыштар- мен шақырылады. Оның ішінде парагрипп,грипп,аденовирусты инфекция,риновирус,реовирус және т.б.
Жедел ринит - мұрынның сілемей қабатының жіті катаралді қабынуы, ол негізінен вирустар туындатқан түшкірумен, жас ағумен жəне сулы сілемейдің бөлінуімен қатар жүреді.
Назофарингит – хоан жəне жұтқыншақ жоғарғы бөлігінің селемейлі қабатының қабынуы
Жедел тонзиллит (баспа) – стрептококктар, стафилококктар, сирек басқа микроорганизмдер туындататын жұтқыншақтық лимфалық сақина компоненттерінің, көбінесе таңдай бадамшаларының жедел қабынуы түріндегі жергілікті көріністермен өтетін жедел инфекциялық ауру.
Жедел ларингит(ларинготрахит)көмейдің жедел тарылуы - тез пайда болатын (бірнеше секунд, миунт, сағат немесе күн) саңылауының тарылуымен байланысты, көмей арқылы тыныс алудың қиындауы.
ЖРВИ-мен көбінде жас балалар жиі ауырады,осы ауруға сезімталдық 6 айдан 3 жас аралығында жоғары болады,өсе келе антидене қалыптасып ауыру қауіпі төмендейді.Сонымен қатар 1 жас пен 5 жас аралығындағы балаларда жиі ауырады,себебі аналық және қалыптасқан иммунитеттін жоғалуына байланысты.
ЖРВИ жылдың суық мезгілінде дамиды,яғни қазан айынан сәуір айы аралығында және ақпан айында өршумен.Микоплазмамен шақырылған инфекциялар күз айының басында,ал пневмококкты және стрептококкты А тобының инфекциялары көктем айында өршиді.
ЖРВИ классификациясы:
Клиникасы бойынша
-симптомсыз
- жеңіл
- орташа ауыр
- ауыр
Достарыңызбен бөлісу: |