Фармакотерапия пәні бойынша емтихан сұрақтарының тізбесі


Квинке ісінуі (ангионевротикалық ісіну, ірі есекжем)



бет55/61
Дата07.06.2022
өлшемі122,83 Kb.
#146167
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   61
Байланысты:
отв.Фармакотерапия сессия

Квинке ісінуі (ангионевротикалық ісіну, ірі есекжем).
– тері, теріасты шел қабаты және шырышты қабаттардың айқын ісінуімен мінезделетін жедел аллергиялық ауру. Квинке ісінуі көп жағдайда бетте, мойында және дененің жоғары бөлігінде, қол және аяқ басының сыртқы жағында кездеседі. Сирек жағдайда Квинке ісінуі ми қабықтарын, буындарды және ішкі мүшелерді зақымдайды. Квинке ісігі кезінде дерманың терең қабаттары да қосылады. Ісіну дененің барлық жерінде болуы мүмкін. Ісік ассимметриялы. Ісіктер бірнеше сағаттан бірнеше күндерге дейін сақталуы мүмкін. Қызу, қозу, артралгия, коллапс тәрізді жалпы симптомдар болады. Клиникасы:

  • Бет, алақанның сыртқы беті, мойын, аяқ басының сыртқы беті тіндерінің жедел дамитын ісінуі. Ісіну аймағында тері түсі бозғылттанады. Ісіну қышыну сезімсіз, бірнеше сағат немесе бірнеше күнде ізсіз жоғалады.

  • Ең қауіпті түрі – жұтқыншақ, көмей, кеңірдек ісінуі (әр төртінші науқаста). Кенеттен мазасыздық, тыныстың қиындауы дамиды, сана бұзылуы мүмкін. Жұмсақ таңдай және таңдай доғашықтары ісінеді, аңқа өзегі тарылады. Науқас тұншығудан қайтыс болуы мүмкін.

  • Ішкі мүшелердің Квинке ісінуі іштегі қатты ауру сезімімен, іш өту, құсумен көрінеді.

Жедел жәрдемі:

  • Көмей ісінуі кезінде шұғыл түрде тері астына 0,1%- 1,0 адреналин ерітіндісін енгізу қажет;

  • Көктамырға немесе бұлшық етке антигистаминді дәрілер (димедрол, супрастин, тавегил) енгізіледі, гидрокортизон (125 мг) немесе преднизолон (60 — 90 мг)

  • Ылғалды оттегімен тыныс алдыру

  • Диуретиктер енгізу: фуросемид (к/т немесе б/е 1% ерітіндісі 1—2 мл), 15% маннит ерітіндісі (к/т ағызып немесе баяу тамшылатып 1,5 г/кг дене салмағына есебі бойынша)

  • Науқастың жағдайы нашарлай түссе шұғыл коникотомия жасау көрсетілген

  • Интенсивті терапия немесе реанимация бөліміне шұғыл тасымалдау.

Есекжем – теріні қызартып, күлдіретіп, қышытатын бөртпе түріндегі аллергия. Есекжемнің негізгі белгісі – денеде бөртпелердің пайда болуы және олардың қатты қышуы. Әдетте бөртпенің пішіні дөңес, түсі қызғылт болады. Кей адамның аллергия кезінде дене қызуы көтерілуі мүмкін. Есекжемнің 3 түрі бар. Ауру ұзақтығы боынша:
- Жедел
- Созылмалы
Патогенетикалық классификациясы:
Иммунологиялық есекжем
- аллергиялық (тағамдық, дәрілік, шағудың әсерінен болған, трансфузиондық реакциялар).
Анафилактоидтық есекжем
- жалған аллергиялық ( тағамдық, дәрілік)
Физикалық жүктемелік есекжем
- дермаграфиялық
- қысымның, дірілдің, күннің әсерінен, холинергияның, жылудың, суықтың әсерінен шақырылған түрлері.
- пигменттік есекжем. Дірілдік тұқымқуалаушылық есекжем.
Жедел– кейбір өнімнің ағзаға кері әсер етуінен пайда болатын есекжем түрі. Бұл жағдайда денеге бөртпелер бірден қаптап шығады, бірақ тез қайтады. Есекжемнің жедел түрі 1 аптаға созылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет