Созылмалы есекжем 6 аптаға дейін немесе бір жылға дейін жалғасуы мүмкін. Оның күшеюіне күн сәулесі, суық тию сияқты сыртқы факторлар әсер етеді.
Квинке ісігі– есекжемнің ең ауыр түрі. Ісіну тамыр қабырғасының өткізу процесінің жоғарылауына байланысты пайда болады. Науқас тері мен тері астының қалындап іскенін байқайды. Бұл өзгеріс көбінесе науқастың ернінде, қабағында, бетінде, жыныс мүшелерінде пайда болады. Ал тамақ, жұтқыншақ немесе кеңірдекке жақын жерде пайда болса, науқастың тыныс алуы қиындауы мүмкін. Квинке ісігі кезінде адам көп жөтеледі.
Патогенезі:
Организмде пайда болған антиденелер дерманың мес клеткасын активтендіреді және организмге аллерген түскенде пайда болған иммунды комплекс мес клеткасын ферментативті процесс арқылы бұзады
Иммунды комплекстен биологиялық белсенді заттар бөлініп шығады (гистамин, серотонин, брадикинин медиаторлар).
Гистамин әсерінен қан тамыр қабырғасының өткізгіштігі жоғарылайды, капилляр артериолалар кеңейеді.
Дерманың емізік тәрізді қабатында және эпидермистің мальпигиев қабатында шектелген ісіну пайда болады да, уртикаторлы бөртпе шығуына алып келеді.
Диагностикасы: Міндетті лабораторлық зерттеулері:
- Клиникалық қан анализі
- ЖЗА
- ҚБА ( Жалпы белок, жалпы биллирубин және тікелей, Алт,Аст, қандағы глюкоза)
- Копрограмма
- RW, Вич
- Ревмопробы (АНФ,АТ ДНК-ға, криоприципитиндер)
- паразитологиялық тексерістер
- Бактериологиялық егулер Фаунаға
- Нәжісті бактериологиялық зерттеу
Аллергиялық зерттеулер:
- Аллергологиялық, фармакологиялық, тағамдық анамнез
- Prick – тест және атопиялық аллергендермен терілік скарификациялық тесттер және инфекциялық аллергендермен теріішілік тесттер.
- Тесттер: суықтық (Дункан-тест), жылулық, жгутпен.
- Аллергометриялық гистаминмен титрлеу, ацетилхолинмен.
Емі: Диетотерапия
1-ші саты: жекеше диетаның жасалуы;
2-ші саты: диетаның қатаң түрде сақталуы;
3-ші саты: диетаның кеңейтілуі.
Антигистаминді терапия. Тәулігіне 0,002-0,05г.
- Тавегил
- Кларитин
- гисманал
Емдеу курсы 7 – 10 күннен аспауы керек.
Антилебаратор- мембранатұрақтандырушы препараттар. Оларға кетотифен ( задифен, кетасма) препараттары жатады.
Гистаглобулин препараттары.
Кортикостероидтар беру.
Иммунотерапия.
Жедел көмек: Аллергеннің ағзаға түсуін тоқтату. Аллергияға қарсы терапия (антигистаминді препараттар немесе глюкокортикостероидтар). Преднизалон көктамырға ересектерге – 60-150мг, балаларға 2мг/кг.
Есекжем – (лат. Urtica – есекжем) жедел пайда болатын аллергиялық ауру. Бұл ауруға теріде көпіршік тәрізді бөртпелердің пайда болуы тән.
20 – 60 жас аралығында өте жиі кездеседі, әсіресе әйелдер арасында. Балалардың қай жасында болсын кездеседі.
Ангионевротикалық ісік немесе Квинке ісігі көбіне есекжеммен қатар жүреді немесе бөлек дамиды. Дененің барлық жерінде болуы мүмкін. Ісінулер көбінесе ерін, тіл, қабақ, көз, қол-аяқ, жыныс мүшелерінде орналасады. Ересек жастағы балаларда жиі кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |