Мәскеу үшін шайқастағы ерліктерін ерекше атап өтуге болатын батальон командирі кім ?
Сұрапыл соғыста қанша адам опат болды? Оның қаншасы
қазақстандықтар ?
Ұлы Отан соғысы тақырыбында жазылған қандай шығармаларды білесіңдер?
Мәнерлеп оқып беріңдер
Бауыржан Момышұлы (24.12.1910 Жамбыл обл.,Жуалы ауд.Көлбастау-10.06.1982 Алматы қ.)-
Әскери қайраткер,ержүрек қолбасшы, жазушы,Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы. Малшы отбасында дүниеге келіп, 13 жасқа дейін ауылда, одан соң интернаттарда тәрбиеленді.Мектеп бітіріп, біраз мұғалім болды.1932 ж. Әскер қатарына алынып,мергендік өнерін игерді.
1941 ж.Ұлы Отан соғысы басталысымен генерал - майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316-атқыштар дивизиясы құрамында майданға аттанды.Мәскеу үшін шайқастағы ерліктері мәңгі есімізде.Қазақстанда ауылдарға, көшелерге балалар мектебіне т.б. есімі берілген.
Төлеген Тоқтаров
Төлеген Тоқтаров
(19.12.1920,Шығыс Қазақстан обл. Ұлан ауданы, Қарақұдық ауылы-09.02.1942, Ресей, Мәскеу обл. Бородино с.) - Ұлы Отан соғысына қатысушы, қатардағы гвардия жауынгері.
1941 жылдың желтоқсанында щақырылып, Калинин майданы 3-екпінді армия 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы 1075-полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Қаһармандығы мен батылдығы үшін Төлегенге қаза тапқаннан кейін Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Өскемен,Риддер,Алматы қалаларының көшелері Тоқтаров есімімен аталды.
Мәншүк Мәметова (Шын есімі Мәнсия) Жиенғали қызы (1922, Батыс Қазақстан обл. Орда ауданы – 16.10.1943)- Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1.3.1944).Соғыста осы жоғары атаққа ие болған шығыстан шыққан екі қыздың бірі. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Алматы мед. институтында оқып жүрді.

1942 жылы тамызда Қызыл Армия қатарына алынып, 21 – атқыштар девизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің асқан мергендігімен және табанды батылдығымен көзге түсті.Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған. Ақын М. Хакімжанова «Мәншүк» поэмасын жазды (1945). А. Михалков –Кончаловскийдің сценарийі бойынша реж. М.Бегалин «Мәншүк туралы ән» атты көркем фильм түсірді.
Қанаш Қамзин
Қанаш Қамзин
1919 жылы Павлодар облысы Ермак ауданы Жолқұдық ауылында туған. 1941ж. Маусымда Алматы пединститутын бітірді, шілдеде әскер қатарына шақырылады. 152 рота командирі.
1944 жылы 13 сәуірге қараған түні ротасымен Бычок селосы түбінде(Молдавия) Днестрді алдыңғылар қатарында кешіп өтіп, плацдарм құрды да, батальонның негізгі күштері келіп жеткенше ұстап тұрды. 14 сәуірде Новоанненский ауданы ГураБыкулуй селосы түбінде плацдармды қорғау шайқасында қаза тапты. Сол жерде жерленген. Батыр атағы 1944 ж. 13 қыркүйекте берілген. Павлодар мен туған ауылында ескерткіш орнатылды. Ленин орденімен марапатталған.
Әлия Молдағұлова
Әлия Молдағұлова
1925 жылы Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ аулында туған. 1942 жылдан әскер қатарында,1943 жылғы қазаннан майданда болған. Ефрейтор. 54-ші жеке атқыштар бригадасының снайпері. Ондаған гитлершіні өлтірді.
1944 жылы 14 қаңтарда Псков обл. Новосокольники ауданы Казачиха үшін болған шайқаста автоматымен жаудың бірнеше солдаты мен офицерін өлтіріп, жауынгерлерді атакаға көтерген. Осы шайқаста қаза тапты. Сол ауданның Монаково деревнясында жерленген. Батыр атағы 1944 жылы 4 маусымда берілген. Оның өмірі мен ерлігі жайлы ақындар «Әлияның жүрегі»,«Әлия» дастанын,«Әлия Молдағұлова»,«Шығыс шынары» повестерін жазды. Әлия туралы фильм түсірілген. Ленин орденімен марапатталған.
Мәлік Ғабдуллин
Мәлік Ғабдуллин
Ұлы Отан соғысына қатысушы, подполк., жазушы, қоғам қайраткері, филол. ғыл. докторы.(1959), проф.,Пед. ҒА-ның акад. (1959). Қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық пед. университетін бітірген. 1935-37 ж. Кеңес әскері қатарында әскери борышын өтегеннен кейін «Социалистік Қазақстан» газетінде редактор болған. Ұлы Отан соғысына Калинин майданындағы 2-гвардиялық корпустың И.В. Панфилов атынд. 8 гвардиялық дивизияның 1075-полкі құрамында қатысқан.1942ж. қаңтар–наурыз айларында Торопец (Тверь обл.)-Холм (Новгород обл.) бағытындағы Новосвинухово дер.үшін болған ұрыста басқарған жауынгерлер тобы 2сағатқа созылған айқаста жаудың 80 әскерін жойып, 85 автокөлігін тұтқынға түсірген.Ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені және «Алтын жұлдыз» медалі тапсырылған.Қазақстан ҒА-ның Ш.Уәлиханов атынд. сыйл. иегері.
Рақымжан Қошқарбаев (19.10.1924 Ақмола обл. Целиноград ауд.) Ұлы Отан соғысына қатысушы, взвод командирі. 1942 ж. Кеңес әскері қатарына алынып, 1944 ж. Фрунзе жаяу әскер училищесін бітірді. 1944 жылда 1-Белорусь майданы 150-атқыштар дивизиясының құрамында Польшаны азат ету және фашистік Германия әскерін талқандау ұрыстарына қатысты. 1945 жылы 30 сәуірде жауынгер Г.Булатов екеуі күндізгі сағат оннан кешкі алтыға дейін жетіп, 1м-дей Қызыл туды Рейхстагтың кіре берісіндегі орталық есігінің маңдайшасына тікті. 1947-67жж. Ақмола обл. атқару қызметінде нұсқаушы, Қазақ КСР Мин. Кеңесі жанындағы қоныс аудармашылар жөніндегі инспектор,«Алматы» қонақ үйі директоры қызметтерін атқарды. ҚР Президентінің жарлығымен Халық Қаһарманы атағы берілді. 2010ж. Ұлы Жеңіске 65 жылдығы қарсаңында Мәскеуден Астанаға батырдың Рейхстагқа тіккен туы әкелінді.

(5.8.1922 ж.Ақмола обл. Ақкөл ауд. Майбалық а.) - Ұлы Отан соғысына қатысушы, әскери ұшқыш. Фрунзе қаласында орта мектепті және аэроклуб мектебін, Саратов және Орынбор әскери авиация училищелерін бітірген(1940-42). 1943 ж. ақпанынан Калинин майданына жіберіліп, жорық жолын 296-әуе дивизиясының 800-штурмдық әуе полкінде бастады. Сол жылғы 7 наурызда «Ил-2» шабуыл ұшағымен жаудың Еуропа аспанында 108 ұшақты жойған ұшағын атып түсірді. Соғысты барлаушы авиаэскадрилья командирі,капитан дәрежесінде аяқтады. Кеңес Одағы Батыры атағын екі рет алған 65 кеңестік ұшқыштардың алғашқыларының бірі болды.Қызыл Ту, 1-2 дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз», «Александр Невский» және 3-дәрежелі Данқ ордендерімен марапатталған.
Қасым Қайсенов 1918 ж. 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Асу - Бұлақ аулында дүниеге келді. Туған аулында орталау мектепті бітірген соң,1934 жылы Өскемен қаласы саяси-ағарту техникумына түсіп, оны 1938 жылы бітірген. Арнайы білім алып, инспектор болып қызмет істейді. 1939 жылы әскери мектепке түседі, 1941 жылы күзінде бітіріп шығады. Оңтүстік батыс майдан штабының қарамағына жіберіледі.Гитлершілер басып алған Украина жеріне, жау тылына аттанады. Қ.Қайсеновтің тұңғыш шығармасы 1954 жылы «Жас партизандар» деген атпен жарық көрді. Оған Қазақстан Республикасының «Алтын жұлдыз» белгісімен, «Чехославакия партизаны» Украинаның 3-дәрежелі «Данқ», 2 рет 1-дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен және медальдарымен марапатталған.