Ғазали ғибыраттары (Еркiн пайымдаулар)



бет11/26
Дата15.12.2016
өлшемі15,47 Mb.
#3874
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26

«Күнделікте» қамтылмаған, жолдың сәтін келтірген бір жайды шағын ілеспеде алдын-ала қамти кетейін. Малтөбе университетіндегі ғылыми конференция жұмысы мен үшін күтпеген жерден «Түріксой» деңгейіндегі наурыз салтанатына ұласты.

Күн жүйесіне қарасты ғарыш кеңістігінің көлеңкесі күнгейге ауысып, қара жердің бауырын жылытқан наурыз мерекесін исі түркі қауымы сонау әлмисақтан бері, нақты дерекке сүйенсек, Тарғытай заманынан бері қашан топырақтың тоңын ерітетін сәуірдің жаңбыры жауғанша тойлаған. Жер беті көгергенде «ұлыстың оңды, ақтың мол болатынына» көзі жеткен соң «Көктің құрметіне» тасаттық беріп, уызға тұз қосылып араластырылған дәнді мықтың үйіне шашатын болған. Ықылым заман өтсе де бұл дәстүр исі түркі қауымында бүгінгі күнге дейін сақталып келді. «Түріксойдың» ұйымдастыруымен 14 ұлттың өнер иелері қатысқан Түркиядағы наурыз мейрамы – бұл жұрттың түбі бір, тілі бір, ділі бір, қилы заманауи қопарылыстар мен төңкерістерге қарамастан тарихи танымдық тамырының үзілмегендігінің салтанатты дәлелі болды. Түрік дүниесінің мәдениеттерін байланыстырып, тамырын басатын ЮНЕСКО сияқты іргелі ұйымға айналуды мақсат еткен «Түріксой» халықаралық қауымдастығының бұл шарасына түрік, қазақ, қырғыз, азербайжан, татар, башқұрт, ноғай, қырымшақ, алтай, хакас, бурят, гагауыз, кібіріс (кипрлік түріктер) халықтарының әншілері, бишілері, күйшілері, қурайшылары, сыбызғышылары, сырнайшылары, қомызшылары, манасшылары, ашугтары қатысты. Солардың қатарында Ғылым министрінің, Мәдениет мнистрінің, Парламент төрағасы Көксал Топтанның қабылдауында болдық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет