«Федоров ауданы білім бөлімінің №2 орта мектебі» кмм


Жалпы тәлім алушының сабақтарының барысында мен мына мәселеге көңіл бөлдім



бет4/7
Дата05.02.2022
өлшемі1,28 Mb.
#18353
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Жалпы тәлім алушының сабақтарының барысында мен мына мәселеге көңіл бөлдім:
1. Мұғалімнің сұрақтарына (ашық, жабық, түрткі т.б.) оқушылар жауаптар бере білді. Мұғалім сұрақ түрлерін ұтымды пайдалана алды.
2. Әр оқушы өзінің ой пікірлерімен бөлісуге, ашылып сөйлесуге тырысты.
3. Үлгірімі өте төмен оқушы 6 ойлау шляпасын қолданғанда маңызды ой айта білді. Осы мәселе тек мені ғана емес, сонымен бірге тәлім алушымның өзін де таңқалдырды. Осының барлығы да тәлім алушының белгілі бір жетістікке жете алатындығын дәлелдейді.
4.Тәлім алушының топтық жұмыс бойынша өзіне деген сенімі пайда болғанына менің көңілім түсті.
5. Тәлім алушым, мен ең алғашқы отырыста айтқан «оқушының ойы маңызды» деген қағидатты бойына сіңіруге тырысқаны менің көңілімнен шықты. Тәлім алушыма әр сабақ сайын міндетті түрде үнемі ауызша кері байланыс ұсынып отырдым. Әрбір бақылаудан кейін міндетті түрде мақсат қойып отырдым. Оның көбі тәлім алушының оқушылармен жасайтын қарым-қатынасына байланысты болды.
Мұғалім З.Н. сабақтарына келсем, бағдарламаға сай, сабақ барысында «Сабақ беру мен оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдануда «диалогтік оқыту» тәсілін басшылыққа алды. Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып, мысалы: талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Әрбір сабақта оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын еркін айтуға мүмкіндік берілді. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір - бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетті. Постер жасап қорғау арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысты.

С.Б. сабағына қатысып мен көп деген ұсыныстарымды айттым, мысалы: сабақта өзі көп сөйлеуі, оқушыларға жабық сұрақтарды қою , тапсырмаларды түрлендірмеуі және оқушыларды дұрыс бағаламауы . Осыларды біз проблема деп белгілеп, жұмыс тәсілінің ыңғайына сәйкес келетін іс - әрекеттін оңтайлы бағыттарын таңдадық. Әрине мұмкіндігінше мұғалімнің басқа да менің сабақтарыма қатысып, тәжірибе алуымен қатар , маған іс - әрекеттегі зерттеуде көп көмек көрсетті және өзі де үйренді. Әрі қарай екеуіміз С.Б. сабақтарында нені, қалай өзгерту керектігін анықтап, келесі сабағын жоспарладық.


Мұғалім сабақта топтық жүмыс үйымдастырды, оқушылар сабаққа белсенді қатысты, жоспарланған тапсырмаларды бәрін орындап, бірақ сабақта уақыт жетпей қалды . Кері байланыста оқушылар сабақ тамаша болды деп жазды. С.Б. сабақтың мақсатына жеттім деп өзінің сабағын бағалады. Бірақ мен сабақтың табыс критерийлер толық орындалымағанына назар аудардым. Сөйтіп келесі сабағының мақсаты мен табыстылық критерийлерді қойдық , әрбір тапсырма үшін бағалау критерийлерді анықтадық . Мұғалімнің үшінші сабағы жақсы өтті өйткені жоспарлау дұрыс болды деп ойлаймын . Үшінші сабағында оқушылар жаңа тақырыпты "джиксо " әдісі арқылы бір - біріне түсіндірді, ал мәтінді оқуда "INSERT" әдісін пайдаланды. Сабақтың соңында оқушылар берілген критерийлер бойынша бір - бірін бағалады жұппен жұмыс істеген кезде бір - бірін бағалады, өзгерістерді еңгізуде жақсы нәтижеге жетті деп бағалаймын .

Әрбір сабақты бейне жазбаға түсіріп , мұғаліммен бірге отырып , талдадық. Бұндай талдау өзім үшін да өте пайдалы болды, себебі сабаққа қатысу үшін мүмкіндік болмаған жағдайда, кейін қарап талдауға болады және әр мұғалім сабақтағы өз іс-әрекетіне сыни көзбен қарайды, кемшіліктерін сырттай бақылай алады.
Мен өзім 11 сыныпта биология пәнінен «Жердегі тіршіліктің пайда болуы» тарауы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасын өткіздім. Сабаққа әріптестерімді шақырдым. Сабақ беру барысында өз тарапымнан курста үйренген барлық әдіс-тәсілдерді қолданылып, сабақты өте тартымды, әсерлі, қызықты өткіздім деп ойлаймын. Оқушыларды әр сабақта топтарға әр түрлі әдіспен бөлініп, мұғалімнің бағыт-бағдар беруі арқылы бірлесе жұмыс атқарды, сабақтың тақырыбын, мазмұнын өздері аша білді. Сабақ тақырыбына байланысты әртүрлі шығармашылық жұмыстар орындап, өз білімдерін толық көрсете білді. Менің оқушыларым өз ойын айтуда, жүйелеуде аса қиындық келтіре қойған жоқ. Осы бағдарламаның арқасында барлығымыздың оқушылары сыни ойлауға, өзін – өзі реттеуге үйренді және танымдық қабілеттері қалыптасты. Оны тәжірибеде байқадым және әріптестеріммен бөлістім.

Тәжірибе алдында және тәжірибеден соң балалардан, ата-аналардан сауалнама алынды, 11сынып оқушыларымен ой бөлістім.
Саулнама зерттелген сынып оқушыларының арасында жүргізілді. Саулнамаға 41 оқушы қатысты. Сауалнама 15 сұрақты қамтыды. Оқушылардың көзқарастары өзгергені, оқуға деген қызығушылығы артқаны жөнінде дәлел ретінде сауалнама диаграммасын келтірдім:

Сауалнама қорытындысы: 15 сұрақтардың ішінен кейбір сұрақтардың жауабын келіруді жөн көрдім, мысалы мынадай сұраққа (1)мен тапсырманы жақсы орындай аламын 41 оқушының 20-сы сенімдімін, 10-ны жартылай, 5-і онша сенбеймін, ал сенімді емес деп 6-ы оқушы ғана жауап берген, (3)тапсырманы орындай алатыныма сенімдімін 22-сі сенімді, 12 –і жартылай сенімді, 2-і онша сенімді емес, ал сенімді емес тек 5 оқушы, (6)тапсырманы орындағанда маған көмек қажет деген сұраққа сенімдімін 16, жартылай -12, онша емес – 13 деп жауап берген, (15) жеке жұмыс жасағанды ұнатамын 14оқушы болса,(14) топпен жұмыс жасағанды ұнады деп 36 оқушы жауап берген.
11сынып оқушыларымен да сабақтарда байқаған өзгерістері жөнінде сұхбаттастым (видео бар). Оқушылардың ойынша топпен жұмыс жасаған өте тиімді әрі қызықты болды. Олардың түйгені осы топпен жұмысты неге басқа сабақтарда қолданбасқа? Себебі бірлесіп жұмыс жасағанда білмегенді жаңындағы сыныптастарыңнан сұрау мүмкіндік пайда болатынын және өз бетімен ізденуде көп мәліметтер алатыны туралы, кері байланыс арқылы ауызша сұрай алмағаңынды, жазбаша түрде жеткізуге болатыны және мұғалімге ұсыныс қалдырып кетуге қол жеткізгендері жайлы ой бөлісті. Биылғы оқу жылында ҰБТ-ге дайындық барысында топпен жұмыс жасау арқылы дайындық жақсы деңгейде болатынына сенімдіміз деп ойларын жалғастырды.
«Оқушы үні» жобасы бойынша оқушылар жұмысқа тартылды. Бұл жобада оқушылармен мектеп өміріне байланысты көптеген мәселелер, соның ішінде мадақтау мен жазалау жүйесін өзгерту сияқты тақырыптар бойынша кеңестік. Сонымен қатар, ата-аналарға арналған кештерді өткізу, сыныптағы оқуға ықпал ететін немесе кедергі жасайтын жағдайларды айқындау бойынша сұрақтар қойылды.
Мұғалімнің еңбегі оқушының оқуына, оқығанын өмірде пайдалана білуімен өлшенеді.
Оқушылардың іс-әрекетін зерттеу кезінде байқағаным — олардың бойындағы өзгеріс, қуанышты жүздері мен құнды ойлары, белсенділігі, қызығушылығы мұғалімнің өзіне деген сенімін арттырып, мәртебесін өсірумен қатар болашаққа үлкен жүк артып, одан әрі шыңдала түсуге шабыт береді екен.
Сыни оқытудың маңыздығын, дағдылырын қалыптастыру үшін өз бетімен көп жұмыс жасау керек екенін тәлім алушымен талқылау жүргізу, әңгімелесу, бейнежазбаға кері байланыс жасай отырып, мұғаліммен бірге оқыту арқылы оқушыларды да өзгертуге болатындығына көзіміз жетті.
Әрине мұғалімдердің, әсіресе тәлім алушы тәжірибесінде оң өзгерістер болды, оқытудағы тиімді тәсілдерді меңгерді, формативті бағалаудың түрлерін білді.

Мектепті дамыту жоспарында көзделген мақсаттарға, яғни өз бетінше білім алуына бағытталған жаңа тәсілдерді пайдалану негізінде оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, мұғалімдерді сабақ беруді жаңаша жоспарлауға, жеті модульдың идеяларды, оқытудың сындарлы теориясын қолдануға итермелеу толықтай жепесекте, аз да болсын өзгеріс енгізе алдым деп қорытынды жасай аламын. Болжанған нәтижеге жету үшін коучинг, тәлімгерлік, Lesson stadu элементтеріне сүйене отырып оқу үдерісіне азғантай болса да өзгерістерді енгізе алғанымызды қуантады. Мұғалімдер тізбектелген сабақтар топтамасын өткізу нәтижесінде өздерінің кәсіби деңгейін көтерді, оқытудың жаңа тәсілдерді игере бастады, өздерінің ұстанымдары мен көзқарастары өзгергінің байқалды. Оқушыларды топтық жұмысқа тарту сыныптағы ынтымақтастық орнатуға пен психологиялық ахуалын жақсартуға септігін тигізді. Олар өзін-өзі бағалауға, өзара бағалауға, өзінің іс-әрекетіне сыни тұрғыдан қарауды үйрене бастады. Мектептің дамыту жоспарына өзгерістерді енгізу үдерісінде төмендегідей кедергілер кездесті:



  • Мұғалімдердің бойында сыни тұрғыдан ойлаудың дағдылардың төмен дәрежеде болғаны;

  • Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауда табыс критерийлерді құрастырудағы тәжірибелерінің жоқтығы;

  • Сабақ беру барысында өз бетінше жұмыс жасауға итермелейтін стратегияларды, уақытты тиімді пайдаланбауы;

  • «Lesson Studu» тәсілімен танысу, жоспарланған шараларға қатысу және талдау жасау мақсатымен, Lesson study өткізуді жоспарладым. Бірақ бұл үдерістің толық өткізілмеуі.

Аталған кедергілерден сәтті өту үшін жеті модульдің түйінді идеяларды меңгеруге мұғалімдер жүйелі, ұзақ мерзімде жұмыс жасауды қажет, сондықтан алдағы уақытта менің көшбасшы ретіндегі үлкен мақсатым, ол мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға қолдау көрсету және ықпалын тигізу.

Каталог: user-files
user-files -> С. И. Пискун Мектеп директоры м а. Ә. Е. Тасболатова “» 2014ж “» 2014ж «Федоров ауданы әкімдігінің «№2 орта мектебі»
user-files -> Оспанова сауле кусмановна
user-files -> Жұмыс тақырыбы: Өз өлкемізде өсетін дәрілік өсімдіктер жайлы білгім келді
user-files -> "Мемлекеттік тілде оқытатын орта мектеп"мм "Жасылдар" ұйымы
user-files -> «Федоров ауданы білім бөлімінің №2 орта мектебі» кмм
user-files -> Сабақ Біліп қана қойған аз, оны пайдалана білу қажет. қалап қана қойған аз, оны жасау қажет
user-files -> Шебер сынып жоспары Тақырыбы
user-files -> Жұмыс тақырыбы: Өз өлкемізде өсетін дәрілік өсімдіктер жайлы білгім келді
user-files -> Пәнаралық байланыс
user-files -> "Мемлекеттік тілде оқытатын орта мектеп"мм "Жасылдар" ұйымы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет