Курстың құрылымы және мазмұны.
(барлығы 34 сағат,
Аптасына 1 сағат)
1 Тақырып. Экологиялық әдепке кіріспе. (6сағат)
Курстың пәні мен мәндеттері. Экологияның туындауы мен даму кезеңдері. Экология кешенді ғылым саласы. Экология салалары: биоэкология, адам экологиясы, ғаламдық экология, синэкология.
Экологиялық әдептің әдістері, міндеттері.
Табиғат құқықтары. Табиғи ресурстарының түрлері. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану. Қоршаған орта және адам денсаулығы.
Табиғи ресурстар адамның тұрмыс-тіршілігінің көзі, маңыздылығы. Адамның табиғатқа әсерінің салдары мен табиғат заңдылықтары. Жануарларды қорғаудағы заңнамалар негізі.
2 Тақырып. Экологиялық әдеп және мәдениет. (7 сағат)
Қазақ халқының экологиялық әдебі. Жан-жануарларды ғылымда және әр түрлі қызықтыру мақсатында пайдаланудың әдептілік проблемалары. Әлемдік халықтың мәдениетіндегі жануарлармен өсімдіктердің алалтын орны.
Экологиялық білім, экологиялық сана-сезім, экологиялық мәдениет ұғымдарының сипаты. Адам мен әлеуметтің қоршаған ортаға бейімделу процестері мен формалары. Экологиялық сана-сезім принциптерін қалыптастыру. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Экологиялық өмір салты.
3 Тақырып. Жануарларға, өсімдіктерге және жабайы табиғатқа экоәдептілік қарым-қатынас. (5 сағат)
Ұлттық парктер және қорықтар. Қорықтардың пайда болу себептері. Табиғатты қорғаудағы қорықтардың маңызы. Қазақстанның қорықтары, табиғи ескерткіштері. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы мемлекеттік заңы.
4 Тақырып. Дүниежүзілік қазіргі экологиялық жағдайлар. (7 сағат)
Ғаламдық экологиялық дағдарыстың себептері мен зардаптары. Дүние жүзі бойынша негізгі экологиялық көрсеткіштерлер.
Қазақстанның қазіргі экологиялық жағдайлары. Экологиялық қауіп-қатер, экологиялық дағдарыс ұғымдары. Экологиялық қауіп-қатер түрлері. Экологиялық қорғаныс деңгейлері және қазіргі экологиялық қауіп-қатерді шешу жолдары. Экологиялық саясат. Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастыққа экологиялық тұрғыда кіруіндегі негізгі бағыттары.
Достарыңызбен бөлісу: |