5 Тақырып. Экологиялық қозғалыс түрлері (3 сағат)
Экологиялық қозғалыс түрлерінің сипаты, мақсаттары, міндеттері мен экологиялық қозғалыс іс-әрекет әдістері. Табиғат қорғау қозғалыстарының типологиясы. Қазақстандағы экологиялық қозғалыс түрлері. «Жасыл ел» бағдарламасы. Оның міндеттері, жүзеге асыру жолдары.
Сарамандық жұмыстар:
Қыста құстарға қамқорлық жасау (2 сағат)
Мектепшілік қабырға газетін даярлау (2 сағат)
Табиғаттың байлығы және құқығы. Ғаламдық экологиялық қозғалыстар және Қазақстан Республикасындағы экологиялық қозғалыстар.
Рефераттар дайындау және қорғау. (2 сағат).
Реферат тақырыптары:
Экологиялық қауіп-қатер және экологиялық дағдарыс.
Қоғам және табиғат ара-қатынастарының кезеңдері.
Адам мен табиғаттың өзара қатынас формалары.
Экологиялық қарама-қайшылықтар мен кикілжіндер.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру принциптері мен бағыттары.
Экологиялық құндылықтар мен экологиялық талаптар.
Халықаралық экологиялық ұйымдар.
Қазақстандағы экологиялық қозғалыстар.
Ноосфера – ғаламдық әлеуметтік-экологиялық жүйе.
В.И. Вернадскийдің ноосфералық тұжырымдары.
Қорытынды.
«Экологиялық әдеп»
бағдарлы сыныптарға арналған қолданбалы
курс бағдарламасы.
Қолданбалы курс бағдарламасы адам экологиясының әдіснамалық негізі болып табылатын әлеуметтік экология пәні мен оның зерттеу объектісін талдауға арналған.
Бағдарламаның мазмұнында жалпы экологиялық проблемалар, экологиялық дағдарыс, экологиялық қауіп-қатер мәселелері және оны шешудің жолдары қарастырылады. Сонымен қатар, экологиялық тұжырымдарға сүйене отырып, оқушылардың сана-сезімі мен мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне көп көңіл бөлінген.
Қолдаңбалы курстың мақсаты адам-қоғам-табиғат жүйесінің өзара байланысының біртұтастығы тұрғысынан жоғары сынып оқушыларының дүниетанымын экологияландыру.
Қолданбалы курстың оқу материалдары 34 сағатқа арналған. Курсты оқыту формасы дәріс-семинар жүйесі түрінде жүргізіледі. Оқытудың дәріс-семинар жүйесі оқу процесінде дәстүрлі емес оқыту формаларын кеңірек қолдану арқылы жоғары сынып оқушыларының оқу процесінде саналы түрде белсенділікпен қатысуына, олардың өз іс-әрекеттерін өздері жоспарлауына мүмкіндік туғызады. Нәтижесінде жоғары сынып оқушыларының өзіне қажетті мәліметтеріді іздестіру және жинастыру, қажеттісін алып, өңдеу, оны пайдалану, жазбаша қарым-қатынас, елдің алдында сөйлей алу, топпен жұмыс жасау, т.б. іс - әрекеттері (коммуникативтік), іс-әрекетті жоспарлау, талдау жасау, түзету, бағалау (шешім қабылдай алу), оқу мәселерін айқындау, мақсатын анықтау, оқу тапсырмаларын қоя білу (зерттеу жүргізе алу) компетентіліктері (біліктері) қалыптасады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Бейсенова Ә.С. және т.б. Экология – Алматы, 2001.
Әділов Ж.Д. Тұрақты даму және айналадағы орта. – Алматы, 1998.
Жатқанбаева Ж.Ж. Биосфера – Алматы, 1978.
Экологическое состояние окружающей среды в Казахстане. – Алматы,1992.
Шилова В.С. Социально-экологическое образование школьников. – М.,1999.
Вернадский В.И. Биосфера и ноосфера. – М.,1989.
Достарыңызбен бөлісу: |