Фил. ғыл канд., доцент Қ 56. Қожекеева Б. Ш. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы: Зар заман әдебиеті



Pdf көрінісі
бет14/36
Дата20.02.2023
өлшемі1,17 Mb.
#169452
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. 
Мұрат Мөңкеұлының өмірбаяны мен шығармашылығы. 
2. Мұраттағы зар заманның зары. 
3. Мұраттың толғаулары. 
4. «Қарасай- Қази» дастанының идеялық-көркемдік ерек-
шеліктері. 
Әбубәкір Кердері (1861-1905) 
 
Әбубәкір 1861 жылы Жайық маңайындағы Теректі деген 
жерде дүниеге келеді. Ауыл молдасынан сауаттанғаннан кейін 
Орынбор, Тройцкідегі мектеп, медреселерді бітірген. Одан кейін 
Орал, Ақтөбе, Орск, Орынбор, маңында бала оқытады. Қазан 
революциясына дейінгі дәуірде отарлаушылық әкелген орыс-
тандыру саясаты кесірінен заманның азып, адам құлқының бұ-
зылуына қарсы бірден бір құрал мұсылманшылық-имандылық 
жол деп насихаттаған ақындардың бірі және көрнекті тұлға 
Әбубәкір, Кердері еді.
 
 
Кете Жүсіп сияқты шыққан руына қарап 
Кердері атанып кеткен Әбубәкір он тоғызыншы ғасырдағы кі-
таби ақындардың бірі. Оның түп тегі Кіші жүздегі Жетіру тай-
пасының Кердері руынан тарайды. Соның ішінде ол Таран деген 
тұқымның тумасы. Ел арасында «Таран таранып тойға бармаса, 
той той болмайды» деген мәтел бар екен. Соған қарағанда, бұл 
әулеттен ойын-тойдың әрін кіргізер әнші-күйші, сал-серілер кө-
бірек шыққан тәрізді. Ақынның атасы Айтқұл батыр болған. 
Әкесі Боранқұл сауыққой әншілігімен қатар он саусағынан өнер 
тамған бесаспап шебер, зергер ұста болған кісі. Ұдайы қол-
өнермен шұғылданып ер шауып, етік тігіп, сақина соғып, шо-
қиып отыратын болғандықтан жеңгелері әзілдеп «Шоқан» атап 
кеткен. Оның зайыбы Жансұлудың әулетінде де шешен сөйлеп, 
өлең шығаратын өнерпаз, дарынды адамдар аз болмаған. Ата 
салты мен ана сүтінен нәр алған ақындық олардың үш ұлының 
үлкені Әбубәкірге дарыған. Әбубәкір Шоқанұлы Жайық бойын-
дағы Теректі өңірінде тауық жылы дүниеге келген. Патша өкіме-
тінің жарлығымен Теректі жері келімсек казак-орыс көшен-
деріне беріліп, жаңа қоныстанушылармен жанжалдасып ешқан-


46 
дай әділдік таппайтынына көзі жеткен Айтқұл ұрпақтары ауа кө-
шіп, Ақтөбе төңірегіндегі кердерілерге келіп паналайды. Бола-
шақ ақынның балалық шағы осында өтеді. Оның: 
Біз Кіші жүз ішінде, 
Кердері деген халықпыз. 
Су ішінде балықпыз. 
Аңдушы дұшпан көп болып, 
Оралдан келіп қалыппыз, – дейтіні де тегін емес. 
Әбубәкір Кердері – жастайынан білім қуып, Орынбор, 
Тройцкіде оқып, медресе бітірген, әдеби де, діни де сауаты мол 
ақын. Өз заманының оқыған-тоқығаны мол ұлағатты азаматы 
ретінде Орал, Ор, Ақтөбе қалалары маңындағы қазақ ауылда-
рында ұстаздық етіп, бала оқытып, молдалық құрған. Ел ара-
сында бала оқыта жүріп ол замана ағымы, діни тәрбие, өнер-
білім, қазақтың өткендегі және қазіргі хал-ахуалы жайында 
өлең-жырлар, толғаулар жазады. Замандас ақындармен айтысқа 
түсіп, ойы ұшқыр, пікірі ұтқыр жыр дүлдүлі екенін танытады. 
Жаны жақын, ой-өрісі өрелес адамдарға өлеңмен хат жазады. 
Ақын өзінің өлең-жырларында бір жағынан халықты оқу, 
білімге шақырса, екінші жағынан қазаққа шарапаты тиіп, мектеп 
ашып, жастарды оқуға тарта бастаған сол тұстағы билікті де ма-
дақтайды. Өнер-ғылымды, отарба сынды машиналардың шы-
ғуын мақұлдай отырып та ол өткенді аңсаудан арыла алмайды. 
Әбубәкірді өлеңмен сапарнама жазған («Орскіге келген 
сапар») алғашқы қазақ ақыны деуге болады. Шежірені өлеңмен 
жазу қазақта ежелден бар дәстүр. Әбубәкір де сол дәстүрден 
айнымай, Қазақ шежіресін өлеңмен өзінше түзген. Оның көпті 
көрген, көкірегі даңғыл қариялардан жазып алған, тарихтан сыр 
шертетін асыл қазыналары да аз емес. Әбубәкір Кердерінің 
өлеңдері оның көзі тірісінде, «Әдеби қазақия» деген атпен 
Қазандағы Кәрімовтер баспасынан екі мәрте жарық көрді. Ес-
телік-деректерге қарағанда, оның жай айтқан сөзінің өзі ұйқас, 
ырғаққа түсіп, құйылып отыратын көрінеді. 
Дос болмас сыртта жүріп мақтамаса, 
Бір-бірін жамандықтан сақтамаса. 
Бүгін тату болса да, ертең араз, 


47 
Достығы бүгінгінің таң-тамаша. 
Бұл күнде шоқ асылдың базары жоқ, 
Жүйріктен мәстек озды тамағы тоқ. 
Аузыңмен құс тістеген би болсаң да, 
Басыңнан бақыт тайса тарқайды топ. 
Ақын туған елі ғана емес, қырғыз, қарақалпақ, түрікмен, 
өзбек, ұйғыр, татар, башқұрт арасына да мәлім болған. Ақын 
шығармалары 1902, 1905 жылдары Қазан қаласында екі дүркін 
жарияланды.
Қазақ жырларының ақпа-төкпе ақындық дәстүрінен, әрі 
шығыс елдерінің жазба әдебиетінен өнеге алған Әбубәкір шы-
ғармалары дін, инабаттылық мәселелерін насихаттауымен, әрі 
сол уағыздарын ақындық шабытпен еркін, келісті, қисынды жет-
кізуімен халық жүрегіне жол тапқан еді. Демек, осы жайлар 
Әбубәкір атын Қазақстан, Орта Азия аумағына мәшһүр етті. 
Ақын ұзақ жылдар бойы ауырып, дүние салған. Әбубәкір ақын 
зираты Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Жаманағаш атанған кол-
хоздың, Жабасай төбесіндегі қорымда.
Әбубәкір поэзиясының негізгі идеясы мен көтерген тақы-
рыбының аясы мен шығармашылық өмірбаяны туралы сөз ет-
кенде оның өмір сүрген ортасы мен уақытын ескеру керек. Бұл
Ресей империясының қазақ жерінде отаршылдық пен орыстан-
дыру саясатының асқынып тұрған кезі болатын. Патша үкіметі 
Жайықтан өр Алтайға дейінгі аралықты өз мүддесіне пайдалану 
мақсатында өнеркәсіп орындарын ашты. Аймақта сауда өркен-
деді. Қарқара, Қоянды, Никольский, Ойыл сияқты барлығы жет-
пістен аса жәрмеңкелер, тұрақты және көшпелі сауда жүйелері 
дамыды. Ресей империясының қоныстандыру саясатының сал-
дарынан ауыл өмірі күрт өзгерді. Еркіндікпен көшіп-қонып, 
шаруашылығын жүргізген қазақ халқының ғасырлар бойы 
пайдаланған шүйгін де шұрайлы ата қоныстарынан, шөл - 
шөлейтті далаларға ығыстырылды. Патша өкіметі 1893 жылдан 
1905 жылға дейінгі он екі жыл ішінде қазақ халқынан 4 млн. 
десятинадан артық жерді тартып алды. Бұл жергілікті халықтың 
ғұрыптық шаруашылығына үлкен нұқсан келтірді, 1868-1891 


48 
жылдары қазақ даласында әкімшілік өзгерістерді іс жүзіне 
асырды.
Осының бәрін көріп, сезіп отырған қашан да ел қамын 
жеген ақын-жыраулар бұл өзгерістерді қабылдай алмай қинал-
ды. Сол себепті де Әбубәкір де осы тақырыпта былай деп жыр-
лайды: 
Жалған сөз азаматқа болды оңай,
Замана болды халқым, әлде қалай?.. 
....Құдайым өзі сақтап оңғармаса, 
Болып тұр бұл замана судай лай. 
Бұрынғы өткен билер сондай еді 
Қақ жарған қара қылды қандай еді? 
Қызығып дүниаға жолы айтпаған, 
Ақылы жанып тұрған шамдай еді. 
Ақын осылай деп қинала келіп, бұрынғы ел бірлігін қа-
зақтың халық ретінде тұтас болып тұрған, ешқандай алауыз-
дыққа бой алдыра қоймаған кезін аңсайды: 
Арқаның алпыс екі саласын, 
Қазағым тегіс орнаған. 
Ақсүйектен хан қойып
Ақсақалдан би қойып, 
Төресін ғаділ жолдаған. 
Жердің шегі Жайық деп, 
Жайықтан өтсең ғайып деп,
Қырға қарай дұшпандар 
Аттың ізін салмаған. 
Баланы таза өсіріп, 
Құдайым сөйтіп оңдаған. 
Жүзден бие байлаған. 
Атаны бала құрметтеп, 
Ағаны іні сыйлаған... 
....Заманның түбін барлаймын, 
Бұрынғының бірі жоқ, 
Жақсылардың күні жоқ, 
Соларды жоқтап зарлаймын! 
Халық ұстаған хандарды, 


49 
Жас балалар тергеді. 
Не жамандар түзеліп, 
Жоғары қарап өрледі. 
Жүрегі ат басындай ерлерім. 
Басқа ақындарға қарағанда
 
Әбубәкірдің ой – пікірі, бағы-
ты, көзқарасы жағынан өзгешелігі болды. Ол өзі сөз еткен та-
қырыптардың кейбірі туралы біріне – бірі қайшы екі түрлі пікір-
лер айтады. Ақынның «Заманның халіне айтқан сөздері» өлеңін-
де басынан - аяқ Александр патшаны марапаттайды.
Азырақ бұл қағазға шиғыр жаздым, 
Осылай ақсақалдар жаз деген соң – дегенінен ақсақалдар 
тарапынан тапсырылған іс болғандықтан амалсыз жазып отыр-
ғандығы айқын көрінеді. Әйтеуір ауыл ішіндегі тапсырманы 
амалсыз орындап отырғандығын жасырмайды. 
Сақталған деректерде Әбубәкір бірнеше жыл болысқа 
хатшы болып қызмет істеген. Болысқа хатшы болу басының 
билігі өзінде еместігін білдіреді. Мүмкін бұл өлең сол жылдар-
дың еншісінде шығар. Ақынды қазақ қоғамында отарлаушы-
лардың әсерінен әділетсіздік етек алып, қазақ психологиясының 
өзгеріп, үлкенді - кішінің сыйламауы, менмендік пен өсек - өті-
ріктің өршуі, халық ұйыған дін, имандылықтың аяқ асты болуы 
қатты ойландырды. 
Қалай қарап жел соқса, 
Солай қарап майысқан. 
Біздің қазақ балдырған 
Атқа мінген жақсыға
Патшалы жұрт шен беріп, 
Сыйлап есін тандырған. 
Ел ішіндегі бас көтерер жандардың да өзі шен - шекпенге 
сатылып, өзге жұрттың етегінде жүріп, айтқанына көнді. 
Астрахан елі осы күн, 
Патшаға қылар қызмет. 
Бәрін бағындырып алған соң, 
Біздер қайда барамыз. 
Шарқ айналып шахардың, 
Бәрін де құрсап болған соң? 


50 
деп ақын шарасыздыққа маңдай тірейді:
Аруақты туған ерлер таусылды, 
Дұшпанды көрсең қайғырған – 
деп қысыла аһ ұра күрсініп, бұл шарасыздықтан шығар 
жол іздеді. Тәңірінен көмек болмаса амалы құрыған ол: 
....Орысқа болып қамқоршы. 
Мұсылманның ұлынан, 
Қызыр Ілияс шегінген. 
...Алладан жәрдем болмаса,
Пенде ғаріп не қылсын? 
Адамзаттың бұл дүниеде сүйенер соңғы тірегі – дінге бай-
ланыстыра толғайды. Өлең - жырларының бастауын әр кезде де 
халық ұйып, сенген дін, шариғат жолымен бастап, жалғастырып 
әкетеді. 
Жараңдар кеңес жазайын, 
Үшбу дәптер қағазға, 
Ақымаққа таяқ деген бар. 
Ақылы қысқа сабазға. 
Мұсылман болсаң – іждат қыл, 
Иман, ораза, намазға. 
Әбубәкір де жыраулар жолымен өмір туралы өзінің түй-
гендерін жыр жолдары арқылы өрнектеген. Бұл айтқанымызға 
ақынның: «Жараңдар кеңес жазайын», «Азырақ кеңес жазайын», 
«Ауырып жатқанда айтқан екінші сөзі» т.б. шығармасы мен тол-
ғаулары дәлел бола алады. Үзінді келтірсек: 
...Өзекті жанға өлім бар, 
Уақыты жетсе құдайым, 
Кім-кімді де алады. 
Өзімнен бұрын күнәм көп, 
Соған бір ішім жанады. 
Ләйләтіл қадр түнінде, 
Аспаннан жауған айқын нұр, 
Таңдайға қайтсем тамады?[24,306 б] 
Осы өлеңі арқылы ол адамдардың дені сау кезінде Аллаға 
тәубе келтіруі керектігін айтады және қандай да бір күнә болар 
нәрселерден сақтанып жүруге шақырады. 


51 
Әбубәкір шығармаларында дін тағылымына деген адал-
дық негізгі діңгек болғандығы шындық. Біреудің ала жібін атта-
мау, иманды болу, өтірік айтпау тәрізді Мұхаммед хадистерін 
берік ұстаған ақыннан күрескерлік рух жетіспеді деу күпіршілік 
болар. Ақын заманының бұзылуының сыртқы әсерін патшаның 
отаршылдық орыстандыру саясатынан көрсе, ішкі әсерді 
адамдардың дін қағидаларымен ұштасып жататын имандылық-
тан айырылуынан деп білді. Бұл тұйықтан шығар жол – елдің өз 
салт – санасынан, тіл, діл мен дінінен ажырамай, білім, ғылым – 
ілім үйрену арқылы ғана жетуге болады деп түсінді. 
Сол себептен: 
....Оқып, біліп, жолдаңыз, 
Орысша, ғылым білмесе. 
Еш пайдаға аспады, 
Мұсылманша молдаңыз, 
Алашқа пайдаң тимесе, 
Өз басыңды қорғаңыз. 
Шекесіне тиген соң, 
Айтып, айтып сөйледі, 
Әбубәкір молдаңыз. 
Әбубәкір ақынның өмірінен көп мағлұмат беретін «Ауы-
рып жатқанда айтқан» өлеңіндегі адамның туғаннан бергі жа-
сын, тізбектей жырлау қазақ әдебиеті дәстүрінде бұрыннан бар. 
Ал, Әбубәкір өлеңінде әр жаста өзінің істеген іс, қызметтерін 
көрсете келе, көңілге қонымды әсем теңеулермен жеткізе білген. 
Осы өлеңнен білгеніміздей ауыл молдасынан (тоғыз жасынан) 
хат танып, түркі, араб тілдерін игерген Әбубәкір зейінді, білімді 
мінезіне көркі сай адам болған. Әлбетте, Әбубәкірдің сипаты 
мен ақылдылығы талайларды сұқтандырса керек. Сондықтан да 
ақын өзінің жазылмас дертке ұшырауын Ахмет пен Аққұлдың 
тілі тиген деп күдіктеніп былайша сипаттама береді: 
Тап болдым Қарақамыс базарында, 
Өзіне таныс едім өз алдына. 
Көзі тік, түсі сұрғыл, тілі қатты, 
Жоқ екен игесіні ажарында. 
.... Солардың тілі болды маған найза, 


52 
Болмайды шешендіктен жанға пайда. 
Ақын жиырма жеті жасынан бастап осы ауруға шалды-
ғады. Әбубәкір ақын өзі де «Ауырып жатқанда айтқаны» атты 
өлеңінде; 
Ұшырадым бұл дертке, 
Қоян жылдың жазына. 
...Қатыным алған өлген соң, 
Алып бер деп бір қызды. 
Шонтыұлы Құлбатыр 
Айттым соған базына. 
Алып берді себептеп – дейді. 
Өлеңде келтірілген Шонтыұлы Құлбатыр Қаба Қобда бо-
лысында (Ақтөбе уезінде) бірнеше жыл болыс болған. Заманмен 
бірге адам да өзгерді, қазақты енді қандай өмір күтіп тұр деген 
ой қаумалайды ақынды. Оның белгісі:
Қарттардан кетті ауырлық, 
Сопыдан кетті сабырлық, 
Төмен басты заманды, 
Біз заманға не қылдық [6,274 б].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет