Фил. ғыл канд., доцент Қ 56. Қожекеева Б. Ш. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы: Зар заман әдебиеті



Pdf көрінісі
бет22/36
Дата20.02.2023
өлшемі1,17 Mb.
#169452
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36
Немесе: 
Арамнан тапқан тиынмен, 
Қабақшыға барады. 
Жығылып жатқан жерінде, 
Күшіктер аузын жалады. 
Мастықпенен ұрысып, 
Бірін-бірі сабады [50, Б.41-43].
А.Барманбекұлы да басқа ақындар сияқты әдепсіздікке 
қарсы шығып, қазақ қоғамындағы адамгершілікке жат қылық-
тардың өріс алу себебін надандық індетінің салдары деп түсін-
діреді. Сондықтан оқып, білім алған жастардың қоғам өмірінен 
алатын орындары өзгеше деп бағалаған. Адам бойындағы да-
налық пен жақсылықтың бәрі тәрбиенің, оқу мен білімнің нәти-
жесі. А.Барманбекұлының заманында білімнің таралуы екі ба-
ғытта: діни және азаматтық бағытта жүргізілді. Ақынның оқу 
туралы алғашқы ойлары осы діни бағыттағы қадымдық оқудың 
жайы болса, кейінгі Қ.Қожахметов ақсақалдың сақтап келген 
«Жол ашылды білімге» деген өлеңінде азаматтық білім беру 
жүйесіне негізделген көріністерді байқаймыз. Осындай заман 
тудырған сорақылықтардың ең алдымен жастардың санасын 
улайтыны белгілі жайт, ал, жастар елдің болашағы, ертеңгі 
тірегі екендігін ойлаған ақындардың бұл өрескелдікке тыныш 
қарап жатуы мүмкін емес еді. Бұдан ақындардың қайраткерлік 
мінез-құлқын да тануға болады. Осындай жағымсыз істерді тіз-
белей келген ақын жастарға ақыл-кеңес беріп, келер ұрпаққа 
ғибратты сөздер де қалдыра білді: 


104 
Жаманға жақсы болғанша жақсыға ерген жаман бол, 
Жүгері дәні болғанша ақ бидайға сабан бол. 
Шалағай жүйрік болғанша көтермелі шабан бол 
Зәлім молда болғанша түзу жүрген надан бол. 
Уадасынан кетпеген аумайтұғын табан бол, 
Білімсізден ит артық білімді жақсы адам бол [50, Б. 103]. 
Осы тақырыптағы өлеңдер М.Мөңкеұлы өлеңдерінен де 
көрінеді. Ақын: 
Кейінгі туған баланың
Шашын, мұртын қойдырып. 
Ащы суға тойдырып, 
Бұза ма деп реңін, 
Адыра қалғыр заманның, 
Жаратпаймын сүреңін [84, Б. 10] 
– деп қайғы ойлайды. Міне, мұның бәрі XІX ғасыр ақын-
дары басына түскен жауабы қиын сұрақтар болатын. Ақырзаман 
орнарда адам, заманмен қатар табиғаттың өзгеруінің өзін соның 
айғағындай етіп көрсету біршама ақындарға тән. 
Б.Омаров сөзімен айтсақ: «…зар заман ақындары өздері 
азды-тозды деп есептеген кезеңдегі табиғат апаттарын ақырза-
манның
хабаршысындай көреді. Ә.Кердері мен А.Барманбекұлының
Жетісу өңірінде болған жер сілкінісінен секем алып, ой толғауы, 
Қашаған Күржіманұлы мен қырғыздың зар заман ақыны Молда 
Қылыштың өз жеріндегі алапат апат жайында арнайы дастан 
жазуы – осындай түсінік-танымның нәтижесі. Мәселен, 
Ә.Кердері төмендегідей ой толғайды: 
Бұл да ақырдың мысалы: 
Жетісу деген облыста 
Жер астына жайылған, 
Мұны көрген адамның, 
Ішкен асы қойылған. 
Сондай, сондай ғаламат 
Өткен жылдың ішінде 
Құйрықты жұлдыз көрінген. 
Мұндай оқиға болғанда 
Көңілім қатты бөлінген [7, Б. 97]. 


105 
Осы өлең жолдарынан, жер шалғайлығына қарамай басқа
да аймақтарда болып жатқан оқиғалардың ақын көзінен таса 
қалмай отыруы байқалады. Мұны да ақын ақырзаманның мы-
салы деп көрсетеді. А.Барманбекұлының пайымдауынша бұл 
оқиғаның болуына әсер еткен жағдай заманның, адам пейілінің 
бұзылуы: 
Күн тұтылып күзінде, 
Айдарлы жұлдыз көрінді 
Бес әлемет көрінді 
Сапар айдың ішінде.
Жетісінде тарс етті
Отырдым намаз ішінде. 
Жиырма бірінде күн тұтылып, 
Жарқырап кешке тарс етті. 
Жер тебіренді тағы да 
Жиырма сегіз кешінде [50, Б. 48] 
– деп беріледі. Осыдан барып заман бұзылуын табиғат өз-
геруімен байланыстыра, бояуын қоюлата көрсету үлгісі келіп 
шықты:
Асылы асқан заманда:
Шөп сұйылды жердегі,
Құс таусылды көлдегі
Бай таусылды елдегі. 
Бұл жайында Б.Омаров: «Заманның да, табиғаттың да 
азып-тозуы «Жалаң жерлер қуарып, Таусылды жердің құрағы, 
Ат суарға қанбады, Азайды таудың бұлағы», деп бірыңғай жұ-
таңдануы баяндау үрдісімен суреттелсе, ақынның замана туралы 
пайымдауы «бас аяқ болды деген сөз, осы күні рас болды» деген 
байламымен үндес. Мұндай түйіндеулер көнеден жеткен бол-
жамдардың ел тағдырымен өзектестігін, халықтың өмір тәжіри-
бесіне сүйеніп айтылатындығын аңғартатыны анық дүние», –
деп қорытады [7, Б. 131]. А.Барманбекұлының өлеңінде көбінесе 
«албан», «бұғы» рулары қатар аталады. Бұлар қазақ-қырғыздың 
қоныстас рулары. Албан – қазақ та, бұғы – қырғыз. 
А.Барманбекұлының өлеңдерінен қазақ-қырғыздың еншісі бө-
лінбеген туыстығын, жақындығын анық байқаймыз. Қазақ ба-


106 
сына төнген қауіп-қатердің көп ұзамай қырғыз халқының ба-
сына келерін қырғыз ақындары да ерте сезген. Мысалы, қыр-
ғыздың Қалығұл, Арыстанбек, Молда Қылыш, Балық, Солтобай 
сияқты сондай-ақ, ХVІІ-ХІХ ғасырлар аралығында өмір сүрген 
ақындардың ел тағдырына алаңдаушылығы, заманның қалай 
қарай бет түзегеніне деген терең ойлары қатар өрілген. Сондық-
тан қырғыз ақындарымен Асан Қайғы, Бұқар жырау, Дулат, 
Сүйінбай, Шортанбай, Құлмамбет, Жамбыл есімдері қатар 
аталады. Жетісу ақындарының бірін-бірі жақсы біліп, жақын 
араласқаны туралы ешқандай дау тумаса керек. Халық ақыны 
Жамбыл Албан елінде берілген ас, ат шаптырып жасалған той-
думандардан қалмай көп аралаған. Үлкен айтыстарда сөз жа-
рыстырған. А.Барманбекұлын Жамбылдың білгендігі туралы ой-
дың ұштығын тарата келіп, Жамбыл өлеңдерінде оптимизм жо-
ғары болса, Асан өлеңдерінде сары уайым басым дегенді әде-
биет 
зерттеушісі С.Медеубекұлы алға тарта отырып, Жамбылдың
мына бір өлеңін келтіреді:
Ақыр да, ақыр заманнан, 
Азғындаған адамнан, 
Түңіліп тынбай зарланған. 
Асан молда Албаннан, 
Өткенді айтып қарғанған [12]. 
Қырғыздың ең биікте саналатын суырып салма ақын-
дарының бірі – Қалығұл Байұлы. Ол 1875 жылы Ыстықкөлдің 
оңтүстігінде жатқан Қара-ой деген жерде дүниеге келген. Кедей-
кепшік, жарлы-жақыбайдың қорғаны болып, өзі де дүниеге 
сұғынбай орта ғана дәулетімен өмір сүріп, ешқашан мансап, 
билікке таласпаған. Атақты ырчының өлең өрімдері ата мекен, 
туған жер, замана түрі, адам өмірінің әр алуан тұстары, жақсы-
жаман мінез қылықтар турасындағы нәрлі туындыларынан тұ-
рады. Сол маңайдағы және одан кейінгі ақын-жыршылар 
Қалығұлды өзіне ұстаз тұтқан, қадірлеген. Соған орай, заман-
ның бет-бедерін, қазақ ақындарымен қатар Қалығұл да өзі куә 
болған тұстарын атап көрсеткен. Қ.Байұлының өлеңінің аты 
«Ақырзаман» деп аталса, І.Жансүгіровтің А.Барманбекұлының 
өлеңдерінің топтамасын «Ақырзаман» атымен шығаруы көрші 


107 
жатқан екі ел ақындарының ой өрімдерінің бір жерден шық-
қандығының анық белгісі дер едік. Соның айқын дәлелі ретінде
зерттеу барысында бұрын баспа бетінде жарияланбаған біра з 
өлеңдерін айтар едік. Оның бірі «Жол ашылды білімге» деген 
тақырыптағы Құрман Қожахметов ақсақал көшіріп алып сақтап 
келген өлеңі. Ақсақалдың айтуы бойынша 1893 жылы 
Тоғызбұлақта Жаңабай деген атақты кісі мектеп салдырған, осы 
кезде қонақ болған А.Барманбекұлының айтқан сөздері екен. 
Бұл Жаңабай (1866-1916ж) деген кісі Қарқара көтерілісі басшы-
ларының бірі болған, ұйғыр ауданына тұңғыш шыққан ағарту-
шы, сауатты адам болған. «Ол албан жұртынан түтін басынан 
ақша жиғызып, тоғыз жолдың торабы бау-бақшалы Тоғызбұлақ 
дейтін жерде төрт сыныптық мектеп, интернат, асхана, кітап-
хана, монша, спорт алаңы, төңірегін ағаш қоршаған он гектар 
бағы бар жай салғызған» [94, Б. 107]. Осы туралы 
А.Барманбекұлының өлеңі «Жол ашылды білімге» деп аталады. 
Онда: 
Қазақ, қырғыз, ұйғырдың 
Балалары оқиды, 
Білім алып әр қилы, 
Албан деген еліме, 
Тоғызбұлақ жеріне. 
Салғызған сарай төріне, 
Құдайым берген бұл сыйды, 
Мың рахмет айталық, 
Жаңабайдай еріме. 
Ойналық та, ойлалық, 
Жол ашылды білімге, 
Қазағым, бауырым, асылым, 
Мектебіңе-ордаңа, 
Болсын жырым шашуым [94, Б. 107]. 
Бұл жолдардан ақынның жаңа оқу жүйесіне оның берер 
жақсылықтарына қол соғып қуанатынын байқаймыз. Бұдан 
туатын түйін – ақын келген жаңалық атаулының бәріне қарсы 
емес, ол ел игілігіне жарар дүниеге қол соға қуанады, бірақ елге 


108 
кері әсер берер жайттарға басы ашық қарсы екендігі. Ол жаңа 
ашылған мектепті: 
Есігінен түйе өтер, 
Терезеден бие өтер 
Китабасы дүр жаңа, 
Бұлауы да әдемі [50, Б. 107] 
– деп сипаттай отырып «Бәрі де бар бұл жерде, бір 
жаныңа керегі» деп шаттана қуанады. Қазақ жеріндегі оқу орын-
дарының ашылуы ақын көңіліне дем беріп, рухани азық болар 
жылы сөз айтып, оны кейінгі жастарға үлгі-өнеге етеді. Елдің 
болашағы жастар екендігін түсінген ақын бар кесапаттан білімді 
болғанда ғана құтылатынымызға сенеді де оларды жаңаша білім 
алуға шақырады.
ХІХ ғасыр ақындарының шығармаларында орын алған 
үрдістің бірі – арнау өлеңдері. Олар кейде сынап-мінеу мақса-
тында айтылса, кейде мақтау, мадақтау үшін де айтылып отыр-
ған. Сондай өлеңдер А.Барманбекұлы шығармаларында да ұшы-
расып отырады. Оның Өскенбайға, Жаңабайға арналған өлең-
дері –осының айғағы. Асан өлеңіне арқау болып отырған Өскенбай
Шабданұлы 1846 жылдары дүниеге келген. Руы – Алжан ішінде 
Мөңке атадан тарайды. Алғашқыда кедей болып, күнін егін 
салу, аңшылық жасаумен көрген Өскенбайдың бай болып кетуі 
қызық оқиға. Қақпанына түскен қызыл түлкіні Қытайдағы 
Торғауыштан жылқы сатып алып келе жатқан Иран шахтың 
саудагері қалап алады да оны Иран патшасына тарту етпек бол-
ған 
ойын айтады. Ақысына
айдап әкеле жатқан шұбар жылқыдан 
500 жылқының ішінен 50 жылқы беремін дейді. Өскенбай ой-
ланбастан керегедегі қызыл түлкіні алып саудагерге береді. 
Осыдан бастап, Өскенбай кедейліктен құтылып, Албан ішіндегі 
атақты бай қатарына қосылады. Бұдан кейін Өскенбай байға 
арнап А.Барманбекұлы мақтау өлеңін жазады: 
Өскенбай байға рахмет 
Жоқ-жітікке қарады. 
Бір болыс елдің адамы 
Есігінен тарады. 


109 
Алыс жақын албанның
Қажетіне жарады [50, Б. 112]. 
Шын мәнінде де ел арасындағы адамдардың естелікте-
рінде Өскенбайдың тұрмысы нашар адамдарға көмектесіп, қол 
ұшын беріп отырғандығы баса айтылады. Сондықтан да ол ту-
ралы халық арасында жақсы ой қалыптасқаны анық. 
XІX ғасырдағы патшалық Ресейдің қазақ елін отарлауы 
А.Барманбекұлы шығармашылығының басты әрі негізгі тақы-
рыбы болғаны белгілі. Сондай-ақ, сол кезеңдегі ел тұрмысына 
отарлық езгінің қаншалықты әсер еткенін көрсетуге тырысқан 
ақын ғасырға жуық уақыт бұрмаланып бұра тартылып келген 
ащы шындықтың, нақтылы тарихи шындықтың көркем көрініс 
беруіне барынша тер төккендіктен, ғылыми еңбегімізде ақын 
өмір сүрген дәуірдің тарихи ахуалын тарихи болмысында жан-
жақты барлай қарастыруға тырыстық. Ақын шығармаларының 
мазмұндық мәні өзімен бір заманда өмір сүрген Дулат, 
Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір, Нарманбет сынды ақындармен 
салыстырыла зерттелді. Ондағы мақсат – сол тұстағы өмір шын-
дығын ақындардың қалай жырлағандығы мен ұстаған мақсат-
тарын ашып көрсету. Аталған ақындардың шығармаларымен 
салыстыру барысында Асанның қазақ поэзиясына қосқан үлесі 
сараланды. 
Зар заман әдебиетінің соңғы өкілдерінің бірі, бар өмірін 
елінің қамын ойлауға сарп еткен, өз заманының озық ойлы 
ақыны Албан Асан Барманбекұлының өмірі мен шығармашы-
лық ғұмырын сөз ету барысында оның ХХ ғасыр басындағы 
қазақ әдебиетіне біршама үлес қосқандығына көзіміз жетті. Ол 
қазақ поэзиясында өзіне дейін қалыптасқан дәстүрді жалғастыра 
отырып, оған өз үлесін қосты. Оның қаламынан туған өлеңдерін 
саралай отырып өз ішінен тақырыптық жағынан былайша топ-
тауға болады: отаршылдық зардаптары, жер мәселесі, адамның 
жас мөлшеріне қатысты, адамның жақсы-жаман қасиеттері ту-
ралы, өмірден түңілу, жәрмеңкенің зиянды жақтары, ел басқару, 
жер мәселесі, дін, өнер-білім туралы.
Бодан елдің арман еткен тәуелсіздігін жырға қосқан ақын-
ның мұрасын тәуелсіз елдің ұрпағы ешқашан ұмытпақ емес. 


110 
Оның бір жарқын мысалы ақынның туып-өскен жері Алматы 
облысы, Райымбек ауданына қарасты Қарасаз ауылындағы орта 
мектепке есімі берілуі. Елінің сауатты болуын арман еткен ақын 
есімін мектепке беру оған жасалған құрметтің бір белгісі екені 
анық. Мектеп ауласындағы ақынға арналып қойылған ескерткіш 
халқының тәуелсіз ел болып, бостандықта өмір кешуін мақсат 
тұтқан, болашақ жастардың ар-иман, адалдық, тәрбие-тағылы-
мын көксеген ақынның арман-мұратына деген тағзым. Қарасаз 
ауылының орталық көшесінің біріне ақын атының берілуі де 
азаттықты аңсаған ақын жырларының мәңгілік жасайтынды-
ғының дәлелі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет