Фил. ғыл канд., доцент Қ 56. Қожекеева Б. Ш. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы: Зар заман әдебиеті



Pdf көрінісі
бет18/36
Дата20.02.2023
өлшемі1,17 Mb.
#169452
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36
Немесе: 
Жаназам менің ақымды, 
Ұрықсатсыз неге көмдің? 
– деген жолдармен мысқылдайды. Ел ішіндегі молдалар 
салған ылаңға ақын көзі ашық сауатты адам ретінде төзбейді, 
көз жұмып қарай алмайды. ХХ ғасыр басындағы әдебиет ту-
ралы: «ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті өмірдің тарихи 
шындығын көркем бейнелеуші ретінде өз тұсындағы халықтың 
ой-пікірінің шежіресі бола біледі», – деген болатын С.Қирабаев 
[65, Б. 41]. Олай болса ақын қаламынан туған шығармалар өз 
заманының көркем шежіресін жасағаны анық. Себебі ХХ ғасыр 
басындағы әдебиеттің негізгі кейіпкеріне айналған «дүмше мол-
далар» барлық ақын-жазушылар шығармаларының негізгі кейіп-


79 
керлеріне айналды. Олардың барлығы да «шала молдалардың» 
типтік бейнесін жасады. Ислам дінінің хақ жолын бұрмалап, 
теріс насихаттаған шала молдаларды уытты тілмен сынаған 
ақын өлеңдері сол тұстағы қазақ әдебиетіндегі «дүмше молда-
лар» бейнесін толықтыруға қызмет етеді: 
Бұл заманның молдасы, 
Бопыраз тартып боза ішіп, 
Шайтан болды жолдасы.
Немесе: 
Кейбіреулері тағы бар, 
Апиын, наша сормасы. 
Арақ ішіп аят оқып,
Келісті ғой пормасы [50, Б. 51].
Осындай ауыр сәттерде ақиқат жолын Алладан іздеген 
А.Барманбекұлының сөздері халыққа әсері тиіп, рухани серпіліс 
алып келді. Ол Аллаға жүгіну, иманды болу қазақтың рухани 
деградацияға ұшырауынан аман алып қалатын күш деп есептеді. 
Осындай дүмше молдалар Шортанбайдың да қатты сынына 
ұшырағаны қазақ әдебиеті тарихынан белгілі:
Асылық азған заманда 
Қожа, молда көбейіп, 
Отырар төрде шөмейіп; 
Жамандығы ішінде 
Жан-жағына қарасып. 
Немесе: 
Өңкей арам залымдар 
Зәремізді алады
Арам берсең жымиып 
Қалтасына салады [66, Б. 170].
А.Барманбекұлының қисса жазуына біріншіден, орыс хал-
қының «зар заман ақындарын» зарылдатқан келеңсіз оқиға, ел 
басына бодандық бұғауын шырмалтқан отаршылдық ойранды 
алып келгендігі, екіншіден, имандылықты жамылған дүмше 
молдалардың ымырасыздығынан діннен безушілік әрекеттердің 
бой алдыруы белең ала бастағандығы себеп болған еді. Асан 
ақынның өлеңдерін жазудағы негізгі мақсаты – діннің берер 


80 
тазалығына, ғибратына халықтың назарын аудару. Тұйықтан 
шығар жолдың түйінін де осы жолдан іздегенін, қазақ халқының 
жарқын болашағы үшін Алладан жалбарынып араша сұрағанын, 
оны көмекке шақырғанын мына өлең жолдарынан көруге бо-
лады:
Намаз, ораза, зекет, қажы исламға тән дін үшін. 
Таңдағыны ойламай жүгіреміз күн үшін 
Көп тәрбие айтамыз арам нәжіс бұл үшін. 
Дүние жалған алдамшы қартбайды шын үшін. 
Үмметім деп қайғырған ойлаңыз расул кім үшін 
Қамқоршылық ойлаған біз күнәһәр құл үшін. 
Сүннетін тұт, расулдың бұйырғанын ақтық қыласың. 
Алдамаққа біреуді айтамыз құры тіл үшін. 
Шариғаттың жолына тура келмес бұл ісің. 
Дін ислам жолына бір құдайдың құлысың. 
Лә иләһә илла Алла мұсылманның ұлысың. 
Қисаймасаң ақ жолдан, таза бақтың гүлісің [67, Б. 26]. 
Осы сынды ақындар туралы В.Радлов: «Мұндай кітап 
өлеңді шығарушылар – моллалар, сауатты қазақтар. Олардың 
сөз оралымдарында исламның, кітаби тілдің әсері, табы айқын 
сезіледі» деп, орынды пікір айтқан [20, Б. 18]. Осылайша ақын 
жалған дүниеде желік қумай, арғы өмірді де ойлауға шақырады. 
«О дүниедегі тамұқ азаптарының бәрі бүгінгі қылған теріс қы-
лықтарыңнан» деп, адасудан сақтандырады. Дінді негізге алып, 
сөз ету зар заман ақындарының көпшілігіне тән. Оған бірер мы-
сал келтіруге болады.
Шортанбай:
Таңда мақшар күн туса, 
Таразыны түзетер. 
Жаһаннам деген дозақта
Шайтан болар жолдасың. 
Қыбыласын білмей құл, 
Сонда тартар жазасын. 
Кешірмейді құдайым
Бес намаздың қазасын. 
Құрт-құмырсқа жиылып, 


81 
Сонда алады мазасын [66, Б. 170]. 
Дулат: 
...Таңда махшар күнінде 
Құрылады таразы. 
Залымның қылған күнәсі, 
Кәлима- и шәһадат, 
Тәмәм кітап арасы [66]. 
А.Барманбекұлы: 
Елден қалып барады, 
Ертеңгі айтқан азаны.
Өлмейміз деп ойлаймыз,
Әр кімнің тұр мазары.
Алдымызда қазулы,
Мақшар күннің азабы [50, Б. 8],
– деп жырлаған. Көріп отырғанымыздай ақындардың 
барлығы да бұл өмір жалған, шын өмір о дүниеде деп түсінеді. 
Сондықтан да олар мәңгілік өмірге адал-пәк болып баруды жөн 
санайды. Өздерінің осы ойларын көпшілік бұқараға түсіндіруге 
тырысады. Осы өлеңдерді оқыған адам арғы дүниеде жұмақ пен 
тозақтың болатындығын, тозақ отына жанбау үшін ақ жолдан 
адаспау керектігін түсінсе керек. Алдағы келер мақшар күнінің 
азабын жырға қосу, Қазақстанның әр түкпірінде өмір кешкен 
ақындар Әбубәкір Кердері [68, Б. 144] мен Базар жырау 
Оңдасұлы [69, Б. 45] еңбектерінде де кездесуі – заңды құбы-
лыс. Бастауы арыда жатқан бұл дәстүр Қожа Ахмет Йасауи за-
манынан бері жалғасын тауып келе жатқаны мәлім: 
Мәңкүр, Нәңкүр: «Раббың кім?» деп сұраққа алғай
Е, сорлылар, сонда халің нешік болғай? 
Жан мен ділде хақ зікірін айтқан, достар.
Жаратқанға бойұсынбағандардың халі мүшкіл, 
Мақшар күні Құдайына таппас жауап. 
Жаппар ием қаһарын төксе ойран қылар, 
Дозақ ішінде азап берер, достарым-ә [70, Б. 80]. 
Осы ақындардың барлығы дерлік атадан балаға сан ға-
сырлар бойы ескірмей келе жатқан наным-сенімдердің жойылып 
кетпеуін басты назарда ұстаған. Өсіп келе жатқан ұрпақтың 


82 
бабалар салған сара жолдан ауытқымай жаман қылықтардан 
бойларын аулақ салуын, діл, дін тазалығының болуын тілек 
еткен.
Асан поэзиясында сопылық танымның белгілерінің көп-
теп орын алатынының себебін ақынның дін жолын ұстанып, ес-
кіше оқудың қағидаларына жетіктігінен іздеу орынды болатын 
сияқты. Ол ойымыздың дұрыстығын М.Мырзахметовтың: «Со-
пылық танымның қазақ даласындағы ең соңғы соғылған қоңы-
рау үніндей А.Барманбекұлының өлеңдерімен аяқталады», – 
деген пікірімен дәйектейміз [71]. Ол өзіне бағыт-бағдар ретінде 
түркі халықтарындағы сопылық ағымның ірі ұстазы Ахмет 
Йасауи хикметтерін негізге алады. А.Барманбекұлы: 
Мырзалардан сиық кетіп, 
Қыз- келіннен ұят кетіп, 
Жан ашыған сият кетіп, 
Әжеп сұмдық заман болды [50, Б. 72] – десе, Яссауи 
хикметінен: 
Үлкен-кіші адамдардан әдеп кетті, 
Қыз келіншек, нәзік жаннан ұят кетті [70, Б. 114]
– деген ұқсастықты аңғаруымызға болады. Бұл турасында 
белгілі ғалым Б.Омаров: «Зар заман поэзиясының негізгі арқауы 
болып табылатын өз төңірегіндегі құбылыстарға көңіл толмау-
шылық, бейберекет әрекеттерді ақырзаманға телу үрдісінің бас-
тау бұлағы сопылық әдебиеттің ірі өкілі Қожа Ахмет Йасауидің 
әйгілі ақыл кітабы–«Диуани-хикметтерінде» жатқаны сөз ту-
дырмайды», – деп атап көрсетеді [7, Б.71-72]. 
Асан ақынның Ташкент, Бұқара жерлерін аралап, ислам 
дінінің негіздерін сіңіруі Йасауи еңбектерімен таныс болған-
дығының тағы бір дәлелі. Ғалым С.Дәуітұлы өзінің «Диуани 
хикмет» және қазақ поэзиясы» деген еңбегінде ақын шығарма-
шылығындағы дін туралы айтылған ойлардың Йасауи хикмет-
теріне ұқсастығы мен үндестігін тани отырып, соның жолын 
жалғастырушы ретінде көрсетеді [72]. Ахмет Йасауидің өмір-
шең хикметтері түркі әдебиетін негіз еткен қазақ әдебиетінде 
дәстүр жалғастығын XIX ғасыр ақындарының шығармаларында 
тапты.


83 
А.Барманбекұлы өткен заманның артықшылықтарын тер-
мелеп келіп, содан соң патша билеген заманның халық басына 
келтірген залалдарына, алмағайып заман тудырған келеңсіздік-
терге тоқталады, оларды термелеп жырға қосады. Одан шығар 
жол қайсы дегенде жол тек бір Алладан тілеу, Аллаға сиыну, ақ 
сөйлеу, таза жүру дегенге келіп саяды. Адамның сөзге еруі де 
заманның бұзылуы да адамның пейілі бұзылғандықтан болып 
шығады. XIX ғасырдағы ақындар шығармашылығындағы өзге-
шеліктерге М.Әуезов: «Бұл ғасырда қазақ ақындары екі алуан 
болған. Біреуі: есі кірген ойлы ақындар нағыз зар заманның өз 
ақындары, екіншісі: елдің қызық-сауығын салт қылған айтыс 
ақындары», – деп тоқталады [2, Б. 19]. Демек, А.Барманбекұлын 
«зар заман» ақындары ішіндегі «есі кірген ойлы ақындар» қа-
тарына жатқызуға болады. Себебі, ақын өлеңді жас кезінен серік 
қылмаған. Заманның түрін көріп, елдің кері кетіп бара жатқан 
жолына көңілі толмағандықтан, қайғы мен шері ішіне сыйма-
ғандықтан есейген кезінде қолға алғандығын өлеңдерінде ес-
кертіп өтеді. Сондықтан Асан ақын өлең жазумен жасы ұл-
ғайыңқыраған шағында айналысқан.
«Доңыз жылы мизамда, Асан қалам сайлаған», «Көп 
ісінде жарылқа” деген және «Мың тоғыз жүз он бесте. Жаздан 
қоян жылымыз. Төртінші числа февраль. Тамам еткен күніміз» 
деп басталатын өлеңдерінде көрінетініндей оның өлең жазып 
қалдыруының да ең бірінші себебі заманның түріне шыдай ал-
мағандықтан, «іштегі дертін» шығарып кетудің бірден-бір жолы 
деп осы жолды таңдағанынан көруге болады. Көрнекті әдебиет 
зерттеушісі Е.Ысмайылов: «Ақындық таланттың оянып жарыққа 
шығуына адамның бар өмірінде ұмытылмай есте қалатын ересен 
оқиға себеп болуы ықтимал. Өлім, апат, ыза, намыс немесе 
тамаша ересен қуаныш, шаттық оқиғалар, қол жетпес махаббат-
тың үміті талант иесінің басынан көшетін болса, сөз жоқ, оның 
ашынған немесе өте шаттанған жанын, сезімін қозғайды, ол 
барлық жан дүниесін сапырылыстырған ерекше оқиға туралы 
өзінің сезімін өлең-жырмен сыртқа шығаруға тырысады», – деп 
пайымдаған[73,Б.79].Осы ретте ақын А.Барманбекұлының «жан 
дүниесін сапырылыстырған» мәселенің өзі – ел басына түскен 


84 
ауыртпалық, одан әрі төзуге болмайтын, жанын азапқа салған, 
өзі көріп куә болған келеңсіз оқиғалар тізбегінің тізіліп, буыр-
қанып шыққан тобы, өлеңдерінде көрсеткеніндей «заманның 
халі» көрінеді. Көре тұра шыдай алмаған ел басына түскен мә-
селелерді көзі тірісінде көрсетіп кетуді өзімнің міндетім, аза-
маттық борышым деп санаған ақынның мақсаты негізгі идеясы 
– халыққа рухани көмек беру.
Ел арасына шығып іздестірудің нәтижесінде бұрын-соңды 
жарияланбаған бірқатар өлеңдерін қолымызға түсірдік. Осы 
өлеңдердің бірсыпырасы: 
Көзім көріп тұрған соң қиса қылдым, 
Азамат айыптама болса мінім. 
Доңыз жылы мизамда жазып едім, 
Алғаш мұны қисаға жазған жылым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет