Фил. ғыл канд., доцент Қ 56. Қожекеева Б. Ш. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы: Зар заман әдебиеті



Pdf көрінісі
бет12/36
Дата20.02.2023
өлшемі1,17 Mb.
#169452
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36
Байланысты:
1153299, abenova.19gaskazad
немесе
Алланың құлы болсаң бізге күлме, 
Ісіне кім көнбейді бұл құдайдың 
не болмаса 
Алланың құлы болсаң, бізге күлме, 
Тап болар тасқан жұртқа мұндай лаң, -
деген өлең жолдары ақынның өрепкіген көңілінің басы-
лып, әбден титықтаған халқына жұбату айтудан басқа шарасы-
ның жоқтығын түсінгендігін көрсетеді.
Атақонысты тастап үдере көшкен бұрынғы бабалар мен 
батырларды еске алып, «Соларға пана болмаған бұл қоныс енді 
кімге опа береді» деген тұжырымға тоқталған Мұрат, тығырық-
тан шығудың жолдарын да өзінше болжайды. «Осы ауыртпа-
лықтан құтылудың бірден-бір жолы – жерді, құтсыз қонысты 
тастау керек» дейді. Мұраттың бұл идеясы өзге халықтардың 
аңыздарында кездесетін «Қоныс аудару, үдере көшу, қашу» 
сарынымен үндеседі. Мәселен, орыс фольклорында бұл сарын 
езілген халықтың таптық қанауға қарсылығының белгісі ретінде 
көрінеді.
«Қазтуған» жырынан Қазтуған Сүйінішұлының барша-
мызға белгілі өлең шумақтары көптеп ұшырасады. Ауызша көп 
айтылғандықтан болуы керек, біршама өзгеріске түскен.
Мысалы, Қазтуған жырау өз өлеңінде: 
Буыршынның бұта шайнар азуы, 
Бидайықтың көл шайқаған жалғызы, -
десе, Мұраттың «Қазтуған» жырында: 
Буыршынның жалғыз қырқар азуы, 
Бөкеннің желіп өтер төрт саны. 
Бұғының ауыр қара мүйізі, 
Бидайықтың жалғыз соғары,


41 
-деп өріледі. Сәл-пәл өзгеріске түскені болмаса, бір жырдың 
жолдары екені байқалып тұр. Ал, мына шумақтар тіпті жақын. 
Қазтуған жырау:
Жабағылы жас тайлақ, 
Жардай атан болған жер. 
Жатып қалып бір тоқты, 
Жайылып мың қой болған жер.
Мұраттың «Қазтуған» жыры: 
Жатып қалған бозтайлақ, 
Жардай атан болған жер. 
Жабағылы боз тоқты, 
Мың қой болып өрген жер.
Қазтуған: 
Ботташығы бұзаудай, 
Боз сазаны тоқтыдай. 
Балығы тайдай тулаған
Бақасы қойдай шулаған, 
Шырмауығы шөккен түйе таптырмас, 
Балығы көлге жылқы жаптырмас, 
Бақасы мен шаяны, 
Кежідегі адамға, 
Түн ұйқысын таптырмас, 
десе, Мұрат оны өзінің жырлау тәсіліне бейімдеп, түрлен-
діре түседі. Сәл-пәл өңдеп, өзгеше өң, өзгеше түр береді: 
Баттауығы білектей, 
Ботташығы жүректей, 
Балдырғаны соққыдай,
Боз сазаны тоқтыдай. 
Балығының көптігі, 
Суына жылқы жаптырмас. 
Бақасының көптігі, 
Адамға ұйқы таптырмас. 
Шырмауығының көптігі, 
Шөккен түйе таптырмас. 
Бұланы жырақ қараған, 
Бұғысы қойдай тараған. 


42 
Балығы тайдай тулаған, 
Бақасы қойдай шулаған... 
Қазтуған өз жырын Еділге бағыштай айтса, Мұраттың 
Қазтуғаны Жайыққа арналады.
Жырдың Қазтуғанның өз атынан баяндалатынын ескерсек, 
мұның ішінде Қазтуғанның өз өлеңі болуы да, Мұраттың жаны-
нан қосуы да мүмкін. Тіпті, бұл Қазтуған өлеңдерін Мұраттың 
түгелдей қайта жырлаған нұсқасы болуы да ғажап емес. 
М.Мағауиннің «Қаратоқай Мұрат ақынның атына телініп жүр-
ген «Қазтуған атты ұзақ толғау бар. Мұрат ешқашан оны өз шы-
ғармам демеген, ескіде өткен Қазтуған атты батыр айтыпты деп 
жырлаған. Бұл толғауда Қазтуғанның өз аузынан шыққан жол-
дар да ұшырағанмен, әртүрлі анахронизмдер, Мұраттың өз жа-
нынан қосқандары көп» [33,20б] деген пікірі осы ойымызға 
келіп саяды.
Мұраттың «Үш қиян» толғауында:
Еділді тартып алғаны –
Етекке қолды салғаны. 
Жайықты тартып алғаны –
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны –
Ойдағысы болғаны, -
деп жырлауы ноғайлы жырларының әсері, содан үйрен-
генінің жемісі екені түсінікті. Қазтуған поэзиясының әсері 
Мұраттың басқа өлең-термелерінен де байқалады. Қазтуған 
көшпенділердің көне жырларынан нәр алса, Мұрат Қазтуған 
көшін бастаған ноғайлы поэзиясының кәусар бұлағынан сусын-
дады. Ноғайлы дәуірінің мұрасы – Мұраттың ең басты мек-
тептерінің бірі екендігі дау тудырмайды. 
Ақынның өзі айтқандай «кейінгі туған баланың» қамы 
Мұратты да қатты алаңдатады. Ақын өз қара басының жайын 
ғана ойламайды, айнала қоршаған әлем, орта, қоғам, ел мен жер-
су бәрі де қырағы көзден тыс қалмақ емес. Осыны ойлаған ақын:
...Мен қауіп еткеннен айтамын: 
Ақ борықтай иілген, 
Кейінгі туған баланың, 


43 
Ұстай ма деп білегін, 
Шая ма деп жүрегін. 
Шашын, мұртын қойдырып, 
Ащы суға тойдырып, 
Бұза ма деп реңін... 
Адыра қалғыр заманның 
Жаратпаймын сүреңін [34,110 б]. 
Мұраттың ең көлемді шығармасы «Қарасай-Қази» жыры. 
Жырда Орақ батыр мен оның балалары Қарасай және Қазидың 
әкелерінің батырлық дәстүрін жалғастырған ерлік істері сурет-
теледі. Көре алмаған ағайындарының арам әрекеттерінен қапия-
да қаза тапқан Орақ батырдың өлімі оған сенген елін де, бала-
ларын да ойсыратып кетеді. Жырда Орақ батырдың өлер кездегі 
тілге келіп, досы Ақмырзаға айтқан сөзі ерекше баяндалады: 
Ақмырза досым келдің бе 
Орақты жатқан көрдің бе?.. 
Қос-қос орда, қос орда, 
Қосылып қонбас менен соң... 
Баса жайлап шет қонып, 
Ел қона алмас менен соң... 
Адам тілін білмеген
Басы шоқты қалмағың, 
Аузы түкті кәуірің 
Жан-жағыңды қамалып,
Қала салар менен соң... [4,635] 
Әкелері өлген соң жаудан елін азат ету міндеті Қарасай 
мен Қазиға серт болып қалады. Шешелерінің ақылын алған қос 
батыр жауға шауып
 
елін азат етеді. Жолдарында ұшыраған 
көптеген қиыншылықтар өте қызғылықты, батырлар жырына 
тән әсірелей көрсетіледі. Жырдың қысқаша мазмұны осындай. 
Жырдың тілі шұрайлы, образдылығы ақынның ақын ретінде 
өсіп, жетілгендігін білдіреді.
ХІХ ғасыр ақындарына тән түрдің бірі – арнау. Бұл та-
қырыпты да Мұрат айналып өтпейді. «Айжарыққа», «Есенғали 
болысқа», «Есентемір Тұрабай болысқа», «Қарақожа болысқа» 
деген өлеңдері осының дәлелі. 


44 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет