Фил. ғыл канд., доцент Қ 56. Қожекеева Б. Ш. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы: Зар заман әдебиеті



Pdf көрінісі
бет9/36
Дата20.02.2023
өлшемі1,17 Mb.
#169452
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36
Байланысты:
1153299, abenova.19gaskazad
Немесе: 
Өңкей арам залымдар
Зәремізді алады. 
Арам берсең жымиып, 
Қалтасына салады [29, Б. 170].
Осылайша ақын жалған дүниеде желік қумай, арғы өмірді 
де ойлауға шақырады. «О дүниедегі тамұқ азаптарының бәрі бү-
гінгі қылған теріс қылықтарыңнан» деп, адасудан сақтандыра-
ды. Дінді негізге алып, сөз ету зар заман ақындарының көпші-
лігіне тән. Ғалым Б.Омаров: «Айналада болып жатқан құбы-
лыстарға баға бергенде дінді тірек етіп ұстанушылық 
Шортанбай, Әбубәкір Кердері, Албан Асанның жырларынан кө-
бірек байқалады. Заманның озығы мен тозығын имансыздықпен 
байланыстыру олардың қай-қайсысына да тән» [30, 243 ]екенін 
айтады. Оған мысал Шортанбайдың төмендегі өлең жолдары: 
Таңда мақшар күн туса, 
Таразыны түзетер. 
Жаһаннам деген дозақта.
Шайтан болар жолдасың. 
Қыбыласын білмей құл, 
Сонда тартар жазасын. 
Кешірмейді құдайым.
Бес намаздың қазасын. 
Құрт-құмырсқа жиылып, 
Сонда алады мазасын [21, Б. 170]. 
Шортанбай толғауларының ішіндегі көпшілікке кеңінен 
тараған туындысы “Келер заман сипаты” атты шығармасы. Онда 
халқының болашағын болжай білген ақын, елі үшін қабырғасы 
қайыса отырып, тығырықтан шығар жол іздейді. Келер заман-
ның кескін-келбетін көрегендікпен көрсете келіп, өз тарапынан 
тұжырым жасайды, баға береді: 


32 
Сауысқан, ала қарға – құстың құлы, 
Басталар ақырзаман жылқы жылы. 
Шақырып кәпірсоқты сұрап алдың
Түзетіп ала алмассың, сірә, мұны. 
Мешін-тауық жылдары, 
Жалғыз-ақ қара қалады, 
Ұялмастан бұл кәпір, 
Оған да салық салады [24,0118 б].
Шортанбай сонымен қатар айтыс ақыны ретінде Шөже
Орынбай, Асан ақындармен сайысқа түскен. Осылардың ішін-
дегі көлемдісі де, мазмұны жағынан толымдысы да Орынбаймен 
айтысы. Айтыстың өне бойынан ақынның тапқырлығын, сөзге 
шеберлігін, тілінің өткірлігін анық аңғаруға болады. Талай ай-
тыстарда шыңдалып, сан рет жүлде алған Орынбай сияқты ай-
тулы ақынмен сайысқа түскен Шортанбай өзінің алғырлығын, 
тілге тиек болар жағдайды бұрынырақ болжап, алдын орап ке-
тетін сезімталдығын танытады. 
Шортанбайдың өсиет түріндегі айтқан өлеңі өлер 
алдындағы сөзі.
...Билер пара жемеңдер, 
Жалғанды жолдас демеңдер. 
Ақырет қамын іздеңдер, 
Жалған бетті кезбеңдер. 
Кісі хақын алмаңдар, 
Аузыңа харам салмаңдар. 
Дүние жиып өткен жоқ, 
Бізден бұрынғы пайғамбар. 
Сөзін айтайын үлкендер: 
Құдайдан қапы кетпеңдер! 
Әлің келсе Мекке бар,[24, 206 б] 
...Енді есен бол елдерім! 
Құсымды салған көлдерім! 
Замандас құрбы теңдерім! 
Ғибрат менен алыңдар [120]. 
Шортанбай Қанайұлының шығармашылық мұрасын өзінің 
кандидаттық диссертациясына негіз етіп, ғылыми нысанына ай-


33 
налдырған ғалым Қ.Мәдібаева ол туралы: «Шортанбай баяғыны 
баяндап беруші ғана емес, өз дәуірінің шындығын нақты көрі-
ніспен өлеңге өзіндік өрнекпен көшірген ірі дарын. Ілгерідегі 
өлең дәстүрін дамытып, байытушы, заманға сай жаңа түске 
көшіруші» деп бағалайды. [11,125 б] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет