Фил. ғыл канд., доцент Қ 56. Қожекеева Б. Ш. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы: Зар заман әдебиеті



Pdf көрінісі
бет5/36
Дата20.02.2023
өлшемі1,17 Mb.
#169452
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
 
Дулат Бабатайұлы
(1802-1874) 
Дулат Бабатайұлы - патшалық Ресейдің қазақ өлкесін 
отарлау кезеңін, ол әкелген зорлық-зобалаңдарды көзімен көр-
ген, соған барынша қарсыласып, ел жайын ойлап, халықтың бо-
лашағына мейлінше алаңдаған адамдардың бірі.
Дулат 1802 жылы Аякөз өзенінің маңында дүниеге келген 
(Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы). Кедей отбасынан шыққан 
ол ауыл молдасынан оқып, мұсылманша сауатын ашқан. Өз за-
манының оқыған, сауатты адамы болғандығы өлеңдерінен кө-
рінеді. Өлеңдерін қолжазба ретінде тізіп, жазып жүрген. Бір 
жерде отырып қалмай ел аралап, жер көріп әр жердегі жағ-
даймен танысып, өлеңдерін айтып, басқа да ақындар шығарма-
ларымен танысу – сол кездің ақындарының көпшілігіне тән. 
Дулат та Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Арқа жерлерін 
аралап, айтыс, әзіл-қалжың ретіндегі өлеңдерімен ел көзіне ша-
лынып жүреді де, өсе келе ауыл арасы өлеңдерінен басқа, елдің 
жағдайынан сыр шертетін әлеуметтік мәселелерге, қоғамдағы 


17 
болып жатқан келеңсіздіктерге қарсы шығып өлеңдерінің та-
қырыбын сол арнаға бұрады. Өзі өмір сүріп жатқан қоғамның 
жағдайына көбірек алаңдайды. Ол атап көрсеткен «ақыр заман» 
белгілері де қадау-қадау. Олар: пайда қуған алыпсатарлар, ел 
билегіш күштілердің әділетті болмауы, кедей-кепшік жағдайы-
ның ауырлауы, алым-салықтың көбеюі, ақша мен сауда-сат-
тықтың өршуі, ел бастар азаматтың сатымпаздығы, дінді желеу 
етіп білгірсіген құр кеуде молдалар. Көркем шығармаға өмір 
шындығының арқау болуы жөнінде Қ.Жұмалиев: «Қай халық-
тың әдебиеті тарихына көз жіберсек те сол халықтың өмірі, 
әлеуметтік-тарихи жағдайларымен әдебиеттің тығыз байланыс-
ты дамитындығын көреміз», – дейді [21, Б. 153]. Олай болса, 
қазақ ақындарының шығармаларына сол тұстағы өмір шындығы 
арқау болғандығы рас. Ендеше қазақ елінің сол тұстағы тари-
хынан сыр шертер Дулат шығармаларына көз жіберсек ол бы-
лайша көрініс берер еді:
Кешегі бір заманда, 
Қайран қазақ, қайтейін, 
Қасиетті еді хан, қараң. 
Мынау азған заманда, 
Қарасы антқор-ханы арам, 
Батыры көксер бас аман; 
Бәйбіше тантық, бай-сараң; 
Бозбаласы бошалаң, 
Қырсыға туды қыз балаң,
Нары жалқау кер табан, 
Құсы күйшіл, ат шабан, 
Жырғалаң жоқ, жобалаң, 
Ебі кеткен ел болды, 
Енді қайда мен барам!? [22, Б. 198] 
-деп бұрынғы хандар билеп тұрған заманда тәртіп бар еді, 
мына жаңа заманмен бірге адам да өзгерді, ел билеушілер іштен 
шіріп заман солға кетті деп жар салады. Дулаттың: «Қазіргі 
қазақ ұлығы, жаман иттен несі кем?» деген ойы сол заман бас-
шыларының бет-пердесін ашып, мінез-құлқын беруге үндесіп 
жатыр. Ұлықтар мен бектерді өлтіре сынау көрінісі Дулатта


18 
«Азған елдің бектері, Қан шықса, елін жұлмалар, Қасқырменен 
аралас» деген тіркестермен беріледі. Ақын өзінің толғауларында 
Ресей отаршылдығымен бірге келген сауда, ақша, ел билеу 
тәртібінің өзгеруіне ашық наразы болады. Бұрынғы билер әділ 
еді қазіргі би дегеніңіз әуелі елді өзі алдайды, жағымпаздық пен 
сатымпаздықтың өрескел түрлеріне барады, елі үшін емес өз 
құлқыны үшін неден де тайынбайды деп қанына қараяды. 
Соның бір мысалы ретінде: 
Заманымыз бұзылды, 
Қияметтің төріндей. 
Аға сұлтан қазының, 
Ел сілкінді ісінен. 
Ауылдың атқа мінері, 
Жемтікке қонған күшіген. 
-деген өлеңін алуға болады. Осы тақырыптағы біршама 
өлеңдерінде ащы мысқыл, әжуа көрінеді
, бектер мен билердің
сұлтандардың типтік бейнесін көз алдымызға дәл бейнелеп 
әкеледі.
Майырдың алса бұйрығын, 
Борбайға қысып құйрығын, 
Ел пысығы жортады, 
Өзі елді қорқытып, 
Онан өзі қорқады...
Немесе 
Шен-шекпенге құмартқан, 
Қанталап көзі мұнартқан. 
Саудалап елін тиынға 
Құмартып патша сыйына...
- деп аямай сөгеді, күлкіге айналдырады, ащы сөздермен 
жеріне жеткізе қаралайды. Ойын еліне қорған бола алмаған 
бейшара билерді тілдеумен қорытындылайды: 
Би мен бектің сәні жоқ;
Елін қорғай алмаса, 
Тура жолға салмаса, 
Ыстығына күймесе, 
Суығына тоңбаса. 


19 
Қандай жағдайда еліміздің шетіне жауды кіргізіп алдық 
деген ой ақынның жанын жай таптырмайды. Ел сенген бас-
қарушының жау сөзіне алданып, аңдамай қадам басуының арты 
қандай күндерге әкелгенін тап басып көрсетеді. «Балық басынан 
шіриді» демекші ең алдымен басқарушы болыс, билердің таза 
болуының керектігіне баса назар аударады. Себебі, ол жалғыз 
емес артында өзіне сенген елі бар, ата-баба қанымен суарылып 
келген жері бар. Олардың ең бірінші міндеті халық игілігіне 
қызмет ету, тура сөйлеу, білікті билік айту, елді бірлікке ша-
қыру, ел шетіне жақындап қалған қандай да бір қауіпті алдын 
ала сезіп, елді одан дер кезінде сақтандырып отыру. Малға ал-
данып көздері мен саналары мұнартқан олар болса оның бәрін 
ұмытты, қисық жолға өздері ғана түсіп қоймай артынан ерген 
халықты адастыра бастады, жар астында жау бар екенін ұмыт-
ты. Осы кезде ел арасынан шыққан көзі қарақты ақындар оған 
төзе алмады, қамалаған ойлар мен ашындырған осындай жайт-
тар ақын өзегін өртеді. «Дулат жырауды XVІІІ ғасырдың екінші 
жартысы мен ХІХ ғасырдың 40-50 жылдарға дейінгі аралықта 
қазақ халқы басынан кешкен экономикалық, қоғамдық, тарихи 
жағдай туғызды», - деген Құлмат Өмірәлиевтің пікіріне сүйен-
сек, ащы запыран болып төгілген өлеңдер міне, соның айғағы 
дер едік. Осындай өкінішті Д.Бабатайұлы шығармаларынан кө-
руге болар еді.
 
Күнбатысқа көз салмай, 
Күншығысты еске алмай… 
Бізді алатын жау жоқ деп, 
Бізден мықты дәу жоқ деп, 
Алды артыңды байқамай, 
Маған не бар дескенсің. 
Болашақты болжамай, 
Жол сауданы олжалай, 
Ақбөкендей алданып, 
Жылқыдай делбе сандалып, 
Ортасына кәпірдің, 
Аңдамай келіп түскенсің [23, Б. 102]. 


20 
Елдің азып, өз жеріне қожалық қылудан қалғанына қазақ 
ақындары істерге айла таппай, дінді таяныш етеді. Дулат ақын 
өлеңдерінде «Құран кітаптарды оқыдым», «молдаға жүгіндім» 
деген сияқты сөз тіркестері көп қолданылады, сауатын мұсыл-
манша ашқан ақынның дін ілімдеріне жетіктігі байқалады. Елді 
алдаған молдалардың, ишандардың білімсіздігі мен құлқын қа-
мымен елді алдап, адастырып жүргендерін өткір сөздерімен 
түйрейді: 
Нәпсіге ерген моллаңыз, 
Кітапты жақсы білмейді, 
Кітап ұстап айтқан соң,
Жалған сөзі шынмен тең. 
Міне, иманды деген молдалардың сиқы! «Аңқау елге 
армза молда» деген осыдан қалса керек. Оларға да бір зауалдың 
барын, құдай алдына бір барарын, «тозақ оты» дегеннің бар 
екенін, «мақшар» күнінің боларын ескертеді. Қулық-сұмдықтың 
бәрі бір нәпсіні тыя алмағандықтан екенін баса айтады. 
...Таңда махшар күнінде, 
Құрылады таразы. 
Залымның қылған күнәсі, 
Кәлима- и шәһадат, 
Тәмәм кітап арасы [22]. 
Дулаттың: «Қазіргі қазақ ұлығы, жаман иттен несі кем?» 
деген ойы үндесіп жатыр. Ұлықтар мен бектерді өлтіре сынау 
көрінісі Дулатта ол «Азған елдің бектері, Қан шықса, елін жұл-
малар, Қасқырменен аралас» деген тіркестермен беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет