Шортанбай шығармашылығының ғылыми зерттелуі.
Қ.Жұмалиевтың құрастыруымен «Қазақ әдебиеті» (Орта мектеп-
тердің 8-класына арналған оқу құралы. Алматы: 1942).
С.Мұқанов. «Қазақтың ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тари-
хынан очерктер» 1-бөлім. (Алматы:1942) Ы.Дүйсенбаев.
«Шортанбай Қанайұлы. Қазақ әдебиетінің тарихы. ІІ том, 1-
кітап (Алматы: 1961), М.Әуезов. Жиырма томдық шығармалар
жинағы. 15-том. (Алматы:Жазушы, 1985), Мәдібаева Қ. Зар за-
ман ағымы және Шортанбай мұрасы: фил. ғыл. канд. ...дисс. –
Алматы, 1995. – 141б. Б.Омарұлы. Зар заман поэзиясы (Алматы:
Білім, 2000), Шортанбай Қанайұлы. Қайран халқым. (Құраст.
Қ.Жүністегі. Алматы: 2002)
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.
Шортанбай Қанайұлының өмірі.
2.
Шортанбай және заман өзгерістері.
3.
«Бала зары» мен «Зар заман» толғауларының идеясы.
4.
Шортанбайдың діни көзқарастары.
5.
Шортанбайдың тіл ерекшелігі.
Мұрат Мөңкеұлы
(1843-1906
)
Қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауы-
лында дүниеге келген. Жырау, термеші, зар заманның айтулы
ақыны Мұрат Мөңкеұлы жасынан жетім қалып, ағасы
Матайдың қолында тәрбиеленген, ауыл молдасынан білім алған.
Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алып, өзі Мұрын жырау
Сеңгірбайұлына ұстаздық еткен. Мұрат Мөңкеұлы Жылқышы,
Жаскелең, Жантолы, Шолпан, Тыныштық, Бала Ораз сынды
ақындармен айтысып, жеңіске жеткен. Өжет мінезділігі, қағыт-
паға жүйріктігі, сөзге тапқырлығы айтыс өнерінде оны үнемі
жеңіске жеткізді.
35
Мұрат Мөңкеұлының да өлеңдерінің басты бағытының
бірі ел тәуелсіздігі, орыс патшалығының бодандығымен келген
келеңсіздік.
Замана қайтіп түзелсін,
Қоңсыдан туған би болды...
Азамат ердің баласы,
Айдарына малы жоқ,
Топ көрерге зар болды.
Қоспақтан туған қортықша,
Қатарға шығып нар болды...
Ақылсыздың баласы,
Ақшасына сүйеніп,
Айтқан сөзі пұл болды,
Заманың мұндай сұм болды [24,238 б].
Заманның бұзылғанын өз пайдасына шешетін бұзық топ-
тың адамдары қашанда болған. Оларға керегі елдің мұң-мұқ-
тажы емес, қарақан басының пайдасы. Кері кеткен заманмен
таласа, елін қанаған ақылсыздардың ісі ақынның өлеңінің басты
тақырыбының бірі. Осы ретте ақын:
Заман азып не қылсын,
Ай орнынан туады,
Күн орнынан шығады,
Бұның бәрі адамнан-деп қайырады.
Мұрат ақын осындай адамдар мінезінен қорқады, қоны-
сының отарлаушылар талауына түскеніне налиды да өзі туып
өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алады. Оның
«Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін
алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап
шалынғаны», «Қазақтың жер-мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп
таптырады?» деген жыр жолдары ақынның биік рухына дәлел
болады.
Ақынның басты шығармасы - «Үш қиян». Қ.Жұмалиевтың
пікірінше «Үш қиян» Мұрат поэмаларының ішіндегі мазмұны
жағынан болсын, түрі жағынан болсын ең күштісі. «Үш қиянда»
сол кездегі ел тілегі толық қамтылады» [31,258 б] Мұнда ақын
ескі дәстүрдің іргесі сөгіліп келмеске кеткенін, басқа жұрттың
36
келуімен бірге түрі бөтен дәстүрлердің жол алып адамдар ние-
тінің бұзылуын сөз етеді. Құнарлы қоныстарды тартып алған
отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел
тағдыры ақынды тебірентпей қоймайды. «Үш қиян» жырында
ноғайлы дәуірі жырларының сарыны да анық байқалады.
Еділдің бойы – қанды қиян,
Жайықтың бойы – майлы қиян.
Маңғыстаудың бойы – шаңды қиян,
Адыра қалғыр, Үш қиян!
Үш қиянның ара бойынан,
Жеті жұрт кетіп жол салған.
Жеті құрттың кеткен жер,
Қайырсыз болған неткен жер?
Адыра қалғыр, көк Жайық,
Көпір салып өткен жер,
Асан Қайғы, Қазтуған,
Орақ, Мамай, Телағыс,
Шораның шұбап кеткен жер.
Мұраттың осы толғауы ақындық шеберлігінің жоғары
екендігін көрсетеді. Қоғамға көзқарас, көкейкесті ойлар, батыл
болжамдар жыр тілімен айшықты өрілген. Х.Сүйіншәлиев «Үш
қиян» Мұраттың шешендігін, суреткерлігін танытарлық таңдау-
лы толғауларының бірі. Онда ертедегі жыраулар тілі, шеберлігі,
образ жүйелері өзінің әсерін тигізген» [32, 220 б] «Үш қиян»
толғауымен «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған»
жырлары үндес. Мұнда айтылатын басты нәрсе - жер, атамекен,
құтты қоныс жайы. Ол «Қарасай-Қази», «Шәлгез», «Ғұмар
Қазиұлына айтқаны» атты жырларының өзегі діни аңыздар.
Білім алып, өнер үйренбейінше елінің өркендемейтінін «Оқудан
қайтқан азаматқа» өлеңінде көрсетеді. Ақын мұрасының бір
шоғыры - би-болыстарға, үстем тап өкілдеріне айтқан арнау
өлеңдері. «Жалғаншы фәни жалғанда» «Өлім», «Қыз», «Арғы-
мақ сыйлап не керек», «Аттан сұлу болар ма?», атты терме-
лерінде заман сырына үңіліп, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік,
сұлулық хақында толғанады. «Оқудан қайтқан жігітке хат»,
«Еліне жазғаны», «Бір досқа» атты хат үлгісінде жазылған үш
37
туындысы сақталған. Ақын «Қырымның қырық батыр» жырын,
Шалкиіз, Қазтуған шығармаларын жеткізушілердің бірі болған.
Әсіресе Махамбет өлеңдерін жеткізудегі еңбегі ерекше.
Махамбет жырлары Қуан жырау - Мұрат - Ығылман ақындар
арқылы біздің заманымызға таралған.
Ұлы қаламгер Мұхтар Әуезов зар заманның халықтың
басына төндірген қайғы-қасіретін, оның ақындар шығармала-
рында көрініс табуы жөніндегі ойларын баяндай келіп, «Мұрат
зар заман ішіндегі ірі ақынның бірі. Бұның сөз үлгісі баяғының
толғауы сияқтанып, қарсыға шапқан жүйріктей көсіліп, құла-
шын керіп келеді» [2, 215 -деп баға берді. Халықтың біртуар
перзенті Мұрат Мөңкеұлы ақындық өнердің шын мәнідегі
шынайы шебері болды. Ол қалың қазаққа жыраулық дәстүрді
жалғастырушы ақиық ақын, ел намысын қорғаған суырып салма
айтыскер, ескі жырларды көп білетін жыршы ретінде танылды.
Ол туралы ғалым Қ.Сыдиықұлы: «Алмағайып заманның ақ тү-
тек боранына ұшыраған аяулы ақынның бірі Мұрат еді
»
[9, 128 б] дейді.
Мұрат жыраулық дәстүрді берік ұстанғанына қарамастан,
ғалымдар оны ақындар тобына жатқызады. Оның бойындағы
өнер жырауларға да, ақындарға тән. Жыраулар секілді халықтың
басындағы хал-ахуалды арқау етіп, ағыл-тегіл жыр төгеді, ақын
болып, күнделікті өмірдің күйін де толғайды.
Дүниенің төрт бұрышын,
Қорқыт атаң шайқады.
Ажалға айла таба алмай,
Қайта айналып келді деп,
Бұрынғылар айтады.
Заманның болар тәрізін,
Асан Қайғы әулие,
Көзі көрмей байқады.
Қанша дәулет бітсе де,
Басыңнан ауса бақытың,
Алпыс күн тасқан дария,
Алты күнде қайтады...
Бұл дүниенің жарығы,
38
Туып, батқан күн мен ай.
Таңы атса, күн болар,
Күні батса, түн болар.
Екі жақты сөйлеткен,
Сайраған қызыл тіл болар, - деп төгілдіре жырлаған
Мұраттың толғауы да осыны дәлелдейді. Демек, ол – жыраулар
дәстүрін лайықты жалғастырушы, халықтың өнердің кәусар
бұлағынан сусындаған арқалы ақын деуімізге болады.
Мұраттың суырып салма ақын екенін ескерсек, ақықтай
асыл, ағыл-тегіл жырларынан сөз өнерінің шын мәніндегі ше-
бері екеніне көз жеткіземіз. «Топқа түскендегі толғауын» ақын
мынадай теңеу-салыстырулармен бедерлейді.
Жылы қылып сөйлейін,
Жазғы желдің лебіндей.
Анық қылып сөйлейін,
Ақ теңгенің мөріндей,
Шалықтатып сөйлейін,
Айдынның шалқар көліндей.
Ақын бұл шығармасында халықтың басына түскен ауырт-
палықты, елдің болашағына төнген қауіп-қатердің түп-төркінін
жыр тілімен баяндап, ашына ой толғады. Патшалы Ресейдің оз-
быр саясатына жан тәнімен қарсы болды.
Мыңнан-мыңнан жылқы айдап,
Ақтылы қойды өрген жер.
Шалқыған дәулет мол бітіп,
Қызығын жұртым көрген жер.
Емендей белін бүгілтіп,
Жібектей жалын төгілтіп,
Еріні төмен салынған,
Құйрығы гүлдей малынған,
Күдері бел, күпшек сан,
Бедеу атқа мінген жер.
«Үш қиянда» дәстүрлі әсірелеу, оқиғаны барынша байыта,
дамыта көрсету (градация) тәсілі де мол қолданылады:
Атқан оғы зырқырап,
Еділден өтіп жоғалған,
39
Еділде тұрып оқ атса,
Жайыққа оғын жоғалтқан.
Жайықта тұрып оқ жатса,
Еділге оғын жоғалтқан.
Ақын ата-қоныстың құтының қашып, елдің-жердің жау та-
лапайына түскені, дәстүр жалғастығының үзілгені жөнінде то-
рыға жырлайды.
Асылзада баласы,
Дәулеті кетіп қолынан,
Қоңсысына құл болды,
Асылсыздың баласы.
Ақшасына сүйеніп,
Айтқан сөзі бұл болды.
Шырқ көбелек айналып,
Замананың адамы,
Заманың мұндай сұм болды! –
деп күйзеліске түсіп, үмітсіз күй кешеді. Мұраттың жоға-
рыдағы ойлары зар заманның белді ақындары Дулат пен
Шортанбайдың, Әбубәкір мен Албан Асанның көзқарастарымен
төркіндес.
Олардың ой-пікірлерінің үндестігі қоғамда орын алған
қатынастарға ортақ көзқарасты білдіреді.
Ата-қоныстың қадір-қасиетінен айырылып, отарлаушы-
лардың талауына түскеніне налыған ақын өзі туып-өскен дала-
ның кешегі күнін сағынышпен еске алады. Елдің дәулеті тасып,
құт-берекеге кенелген кезін шынайы суреттейді:
Төртқұдық, Тұзжағасы, Алдаберген –
Қайран жұрт қонушы еді көлденеңнен.
Халқымның әр аулына түскен қонақ,
Жылқыдай болушы еді көлге келген.
Әр уақыт елімді айтып зарығамын,
Сағынып қайран жұртты шөлдегеннен.
Мұрат осындай сүттей ұйып отырған елді тайдай бүлдір-
ген отарлаушылардың ойранынан үдере көшкендерді санамалап
отырып жырлайды. Қазтуғаннан, Асан Қайғыдан басталатын ауа
көшу сарынына үн қосады. «Үш қиянда» отарлаушыларға
40
мойынсұнғысы келмеген өршіл
рух басым болса, «Сарыарқадан»
құдай салды, мен көндім» дейтін көнбестік, шарасыздық күйі
айқын сезіледі.
Алланың құдіретіне шара нешік,
Болад деп ойлап па едік мұндай қылық
Достарыңызбен бөлісу: |